Материалдар / Ашық тәрбие сағаты: "Тәуелсіздік-ел тірегі"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық тәрбие сағаты: "Тәуелсіздік-ел тірегі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық тәрбие сағаты: "Тәуелсіздік-ел тірегі" 3 сынып Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған тәрбие сағаты.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қаңтар 2022
510
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: « Тәуелсіздік –ел тірегі»
Мақсаты:

- Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата - бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға - апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.
- Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.
- Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Кіріспе:
- Қазақстан Республикасының гимні. Хор.
Мұғалім сөзі:
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Жұртым менің не қиындық көрмеді?
Жылап тұрып аналарым бұл жолда,
Сан перзентін қара жерге жерледі.
- Тәуелсіздік таңы атты, тәуелсіздік күніне арналған 3 «А» сыныбының ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
-Қазақстан Республикасы- біздің туып өскен жеріміз, Отанымыз. Бұл жерде қазақ халқы ертеден тұрып келеді. Қазақтар мал өсіріп, жер игеріп, өз Отанын жаудан қорғаған, жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған, яғни біз үшін!

Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған.

Бұл далаға жылап келіп, уанғам,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.

Қазіргі кезде сен ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырсың, білім алуға сен үшін мүмкіндік мол. Сен көп уақытыңды достарыңмен, туған – туыстарыңмен өткізесің, көңілді мерекелерді асыға күтесің. Олардың арасында біздің мемлекетіміз үшін маңыздылары бар. Соның бірі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.Биыл тәуелсіздігімізге 30 жыл толып отыр.

Тәуелсіздікке 30 жыл видеоролик.


Дильназ

Шаттық нұры шашылып зеңбіректен

Шуағын күн төгеді енді көктен.

Шылбыр үзді даланың арғымағы,

Тәуелсіздік жалауын желбіреткен.

Дүбір қосып өзіңдей сәйгүлікке

Ақ боз аттың алдынан жанды үміт те.

Ту ғып ұстап аңсаған азаттықты,

Қазақстан бет алды мәңгілікке!


Алихан

Тәуелсіздік бостандығың еліңде

Желбіреді көк тұлпарың көгіңде

Жарқын болсын тәуелсіз ел әлемге

Теңесті халқың терезесі тең елге.

Нұрадин

Тәуелсіздік – елімнің шамшырағы

Тәуелсіздік – халқымның бәйге пырағы.

Тұрақты болсын , қуатты болсын әрқашан,

Шырағы мен пырағының тұрағы.

Тәуелсіздік – бабалардың ұраны,

Бейуақытта бойға таққан тұмары.

Тәуелсіздік – түнектерде тұншығып,

Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы


Айназ

Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл.

Он бір әріп не мағына береді,

Ал, толғайық жеткенінше қызыл тіл.

Т- білдіреді теңдікті,

Ә- әдептілік, әлдікті,

У-уайымсыз уақытты,

Е- егемендік елдікті.

Л-дейді лағып лепірме,

С-сенімділік секілді,

І-ілтипат пен ізетті

З- зиялылық тілек қой.

Д- шақырады достыққа,

І- ізденіс пен нәтиже

К- дейді күн боп көктегі

Көз алартып, көршілерге қол сұқпа.


Ән «Тәуелсіз-ел ұраны»
Ғалымжан

Құтты болсын мерейтойым мерейлі,
Бейбіт күннің нұры мәңгі сөнбейді.
Байрағымыз желбірейді биікте,
Мен қазақпын, қазақ атым өлмейді.
Егеменмін, тәуелсізбін, еркінмін,
Өсе берсін ұландары елімнің.
Қазақстан қарыштай бер гүлденіп,
Атамекен қастер тұтар киелім.

Ақсауле

Ардақтайтын ана тілім – бастауым,
Ата Заңым – арқа сүйер асқарым!
Армандаған болашақты баянды
Арландары – жалындаған жастарым!

Ажарында көгіміздің –
Тыныштығы жеріміздің.
Тәуелсіздік деген осы –
Азаттығы еліміздің!

Аида

Сенім жыры

Тәуелсіздік – тұмарым,
Бәйтерегім – шырағым.
Ел мерейін өсіріп
Менде шыңға шығамын!

Еңбек етіп табысты,
Жібермеймін намысты .
Мен – әлемге танытам,
Қазақ деген халықты!

Бекзат

Қасиетті Қазақстан мекенім, 
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің. 
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім, 
Болашағым, өнер - білім, өркенім.

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма 
Туған тілім шұбарланба жарқыра 
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.

Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана 
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.

Ерасыл

Тас еденде жатты қазақ баласы,
Ауырса да, қыңқ етпеді жарасы,
Жараланған жолбарыстай, ышқынып,
Айтып жатты соңғы сөзін ол ащщы!!!......

Қайрат атты атым бар,он сегізде жасым бар...
Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар!....

Сұранбады, жалынбады тік тұрды,
Барлық жендет қорықты одан тіксінді,
Тас қорғанда жалғыз өзі жатса да,
Қанышерлер айналада көптін-ді....

Бір қазаққа әлі келмей, жер болып,
Мойындатпақ, бір өлікті тергеулік,
Сенің ісің, сен өлтірдің дегенді,
Артпақты олар, өрен жасқа көлдей ғып .

Перизат

Қазақстан тәуелсіздігі мәңгілік.
Әнұраның бәрі айтады ән қылып.
Ту, Елтаңба тұр ортада
Бұның бәрі қалды саған сәттілік!

Тәуелсіздікті жалғастырар біздерміз.
Ешқашанда ажырамас іргеміз.
Тәуелсіздік барында,
Бақытты болып жүргенбіз.

Тәуелсіздік оңай бізге келген жоқ
Дайын ас қып бізге ешкім берген жоқ
Абылай хан атамыз билегенде,
Жоңғарлар басып кірген жоқ.

Әлихан да үлес қосты кезінде,
Би-шешендер ақыл айтып жүргенде,
Ақырында алдық біз тәуелсіздік.
Баянды болсын мәңгілік


Мансур

Тәуелсізбін!
Тәуелсізбін мен бүгін.
Келді, міне, азаттағым, теңдігім.
Бостандықта бойлығым мен ендігім.
Шешіл енді, шемен болған шерлі үнім!
Қарсы қарап қатал мынау заманға,
Айналдық біз қайтпас, қайсар қамалға.
Алды бүгін тәуелсіздік тау, тасым,
орман, көлім, далам менен балам да!

Ән «Еркіндігімнің айғағы

Әмір

Мұз жастанып азаттықтын жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Сойыл таяқ ойнаса да жанында.
Отан үшін жанын қиды ұлдарың,
Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың,
Күйініштен ауырады жүрегім,
Естігенде желтоқсанның ызғарын.
Желтоқсан-ау, ұмытылмайсың жүректе,
Ұрпақ өсер айналатын тірекке,
Егемендік тиді бүгін еншіме,
Желтоқсаным,жеткіздің ақ тілекке.


Гаухар

Тәуелсізбін,
Тәуелсізбін мен бүгін,
Азат болдым, еркін болдым мен бүгін.
Кең далам да, ағып жатқан өзен де,
Тау тасым да азат болып кел бүгін.

Тәуелсізбін,
Мақтанамын осыммен.
Жер жаһанға жар саламын сөзіммен.
Ата-бабам қанын төккен біз үшін,
Жаратушым мейірім бер өзіңнен.

Дидар

Тәуелсізбін,
Бақыттымын ризамын,
Алғыс үлкен батырларға мың тағзым.
Менің бұлай жерді басып жүргенім,
Арқасында Аллам менен солардың.

Тәуелсізбін,
Ұлы дала ұлымын,
Мұқағали, Абай, Ахмет жырым мың.
Рысқұлбеков, Бигелдинов, Ләззаттың,
Үміттерін ақтау үшін туылдым.

Нұрсая

Тәуелсізбін,
Келді міне теңдігім,
Азаттығым, еркіндігім, елдігім.
Қазық қағып, белгілеген жеріме,
Басып кіріп, қорқыта алмас енді ешкім.

Тәуелсізбін,
Жеттім ұлы арманға.
Жетті қазақ бейбіт мынау заманға.
Жетті елім биік шыңға аңсаған,
Енді халқым сол биіктен құлама.


  Ақниет
Тәуелсіздік – тартуы ол тәңірдің,
Тәуелсіздік – маңдайдағы бағым бұл.
Тәуелсіздік – сыбағасы халқымның,
Тәуелсіздік – таймайтұғын тағым бұл.

Тәуелсіздік – бабам берген аманат.
Тәуелсіздік келешектің кепілі.
Тәуелсіздік жүрмін сені бағалап,
Тәуелсіздік өткен күннің өтілі.

Тәуелсіздік – тәубе екен бүгінде.
Тәуелсіздік – тәубе сенің барыңа,
Тәуелсіздік әр сәбидің үнінде.
Тәуелсіздік әр қазақтың жанында!


Ән «Егеменді Қазақстан»

Мұғалім:
Қазақстанның болашағы сендерсіңдер. Отанымыз гүлденіп, жайнай берсін !Әр күніміз қуанышқа толсын! Тәрбие сағатымызды тамаша әнмен аяқтайық.

Ән «Көңілді күн»








Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!