400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "Тәуелсіздік ел тірегі-білімді ұрпақ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: «Тәуелсіздік ел тірегі-білімді ұрпақ» Мақсаты: а) Білімділік: Балаларға тәуелсіздік туралы түсінік беру Еліміздің рәміздері: Ту, Елтаңба, Әнұран ә) Түзету дамыту: Ой өрісін, сөздік қорын дамыту. б) Тәрбиелік: ҚР-ның басты жетістіктерімен таныстыру. Оқушыларды отан сүйюге тәрбиелеу, туған елін, жерін қорғау әрбір азаматтың міндеті екенін білгізу және ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру-көрсету, сұрақ-жауап. Көрнекіліктер мен құралдар: Ту,елтаңба,әнұран. Құрметті ұстаздар, кішкентай бүлдіршіндер, бүгін біз дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын алғаш көтерген әйгілі 1986 жыл желтоқсан көтерілісі жиырмасыншы ғасырдың айтулы оқиғасы қазақтың санасын сілкіндірген оқиға жылдар бойы арман еткен тәуелсіздіктің қайнар көзі болды, мәңгілік егемендікті алып келгеннің арқасында дүние жүзіне танымал болдық.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бейнеу психологиялық - педагогикалық түзету кабинеті»

мемлекеттік мекемесі











Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Тәуелсіздік ел тірегі-
білімді ұрпақ »









Дайындаған:Олигофренопедагог: Шодирова Г



Бейнеу 2018жыл





Тақырыбы: «Тәуелсіздік ел тірегі-білімді ұрпақ»

Мақсаты:
а)
Білімділік: Балаларға тәуелсіздік туралы түсінік беру
Еліміздің рәміздері: Ту, Елтаңба, Әнұран

ә) Түзету дамыту: Ой өрісін, сөздік қорын дамыту.


б) Тәрбиелік: ҚР-ның басты жетістіктерімен таныстыру. Оқушыларды отан сүйюге тәрбиелеу, туған елін, жерін қорғау әрбір азаматтың міндеті екенін білгізу және ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру-көрсету, сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер мен құралдар: Ту,елтаңба,әнұран.

Құрметті ұстаздар, кішкентай бүлдіршіндер, бүгін біз дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын алғаш көтерген әйгілі 1986 жыл желтоқсан көтерілісі жиырмасыншы ғасырдың айтулы оқиғасы қазақтың санасын сілкіндірген оқиға жылдар бойы арман еткен тәуелсіздіктің қайнар көзі болды, мәңгілік егемендікті алып келгеннің арқасында дүние жүзіне танымал болдық. Желтоқсан оқиғасы-ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір белесі. ҚР-сы 1991 жылы 16 желтоқсанында өз тәуелсіздігін алып, дербес мемлекет болды. Біз өзіміздің рәміздерімізбен мақтанамыз.

Айдана:
Мұз жастанып азаматтық жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Жеңіп шықты, бас имеді, қасарып
Сойыл таяқ ойнаса да жолында.



Шаттық:
Желтоқсан – ау, ұмтылмайсың жүректе,
Ұрпақ өсер айналатын тірекке
Егемендік тиді міне еншіме.
Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке.



Тәуелсіздігіміз баянды болсын дей отырып, кішкентай бүлдіршіндеріміз ертеңгілікті ән ұранмен ашады. Ән ұран айтылады.



Ерсұлтан:
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы.



Жансая:
Қатар шапқан қос тұлпар
Ай астында қазақ үй
Қалықтаған жас сұңқар.



Жеке ән: Менің Отаным

Би: «Батырлар» Исламбек, Бағжан, Айбын



Бағжан:
16-желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Мерекеде ел қуанып
Шаттанып ән салған күн



Іңкәр:
Тегеуріңді соққыларды жайратқан
Ақша қарда судай ақты қайнап қан
Қайдан білсін қызбаланған ерлерім
Айрыларын Ләззат, Ербол, Қайраттан



Балалар мұндағы суретте желтоқсан құрбандары. Осы аға, апаларымыздың арқасында егемен ел болып, көк туымыздың байрағы желбіреді. Ләззат, Ербол, Қайрат апа-ағаларымызға 1-минуттық үнсіздік жариялайық.

Хор: Желтоқсан желі



Мекке:
Жасасын азат ерлік күн
Жасасын бейбіт елмен жер
Бостандық алған қазақтың
Мәртебесін көрсін ал



Хор: «Ел қорғауға әзірміз»





Тәуелсіздік – жастар қанымыздағы,

Өрімдей жас ұлдары мен қыздары.

Өтсін мейлі жылдар жылжып, ғасырлар,

Жазылмайды жүректегі сыздары.

Тәуелсіздік – жалғыз кием тәу етер,

Төгілмеді жастар қаны тым бекер.

Ерте солған, үзілген гүл-бәйшешек,

Ерліктерін кейінгі ұрпақ жыр етер.

Шындық іздеп шырғалаңда саспаған,

Рухы биік жастарымыз басқадан.

Азаттықтың ең алғашқы сатысы

Басбалдағы Желтоқсаннан басталған.



Осымен тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағаты аяқталды. Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет. Қазақстанымыздың көк байрағы желбіреп, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
27.02.2019
1970
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12