жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық тәрбие сағаты "Тәуелсіздік көк туын көкке ұста!"
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
№109 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП
Авторы: Халмуратова Шахло Шухратовна
Тақырыбы: "Тәуелсіздік көк туын көкке ұста!"
Тақырыбы: «Тәуелсіздік көк туын көкке ұста!»
Тәрбие сағатының мақсаты: Елін, жерін, тілін құрметтейтін, өз отанын сүйетін азамат қалыптастыру, от жүректі, өжет мінезді ұл-қыздардың ерлік істеріне мәңгі құрмет көрсетуге баулу; Тәуелсіздік мерекесінің маңыздылығын оқушы бойына ұғындыру; Оқушыларды өз тәуелсіз елін сүюге, қадірлеуге, осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу, отаншылдыққа, елжандылыққа, Отанына адал қызмет етуге тәрбиелеу;
Көрнекілік: интербелсенді тақта, баннер, безендірілген сахна;
Тәрбие сағаттың барысы
Мұғалімнің сөзі:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 29 жылдығына арналған «Тәуелсіздік көк туын көкке ұста!» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Тәрбие сағатын ашу үшін сөз кезегі: ____________________________________
Шайқалмасын
ешкімнің шаңырағы
Бақыт көрсін
Отанның сан ұланы
Енді ағайын көгінде
қалықтасын
Қазағымның қастерлі –
Әнұраны!
Қазақстан
Республикасының мемлекеттік әнураны
орындалады.
Қуанышқа орай бұл жылы мектебімізде
екі бірдей мереке қатарынан өтіп жатыр.
Яғни, ел сүйген ұлы ақын, жазушы, қоғам
қайраткері "Абай Құнанбаевтің 175
жылдығы", "Тәуелсіздігіміздің 29
жылдық" мерекесі.
2011 жылы наурыз айының басында Елбасы Оңтүстік өлкесін аралап, қасиетті Түркістанда зиялы қауыммен бас қосқанда: «Біздің ұлттық рухани үш тірегіміздің біреуі Абай ойлары» деп еді. Рас, қазіргі қолымыз жеткен ел егемендігін ұлы Абайдың қалай аңсағанын, оның қалай зарыға күткенін шығармаларынан анық байқауға болады.Ұлы ақынның соңында қалдырған мол мұрасы – толық бір халықтың болашағына, бүгінгі тұрмыс-тіршілігіне жетерлік сарқылмас қазына. Қазаққа қажет ағартушылық ойды Абайдан терең айтқан ақын
жоқ.
Яғни бір Абайдың өзін терең түсінуге
ден қойсақ, бұл – бір дүниетаным.
Ақынның
ағартушылық, тәлім-тәрбиелік ой-пікірлері
қазақ педагогика ғылымының қалыптасуына
ықпал етіп және бүгінгі ұлттық рухани
негіздегі тәрбиені толықтырады.
Бұл дегеніміз - Тәуелсіздік – ата-бабамыздың аңсаған арманы!
Өлеңдер:
Отан - жерім, Отан-суым,
Отан қуат, нәр береді.
Отан ұран, Отан туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
Сүйемін мен Отанымды
Гүл жайнаған жерімді,
Сүйемін мен ата-анамды,
Мені өсірген елімді.
Отан деген атамекен
Отан деген туған жер,
Отан ана, Отан пана,
Қазақстан туған ел
Отанды біз атамекен,
Деп аялап атаймыз.
Өйткені оны мекен еткен ,
Бабамыз мен атамыз.
Отанды жас кәріміз де ,
Туған жер деп сүйеміз.
Өйткені онда бәріміз де,
Туып өсіп жүреміз
Отан -менің өзегім
Қиының болса төземін.
Алдағы бақыт шақтары
Жүрегіммен сеземін
Бақытты
боп жүргенім,
Сенің
арқаң, Ұлы Отан.
Елім
менің тірегім,
Құшағыңда
гүл атам.
Ата, әже, әке, анам
Төртеуі де Отан маған
Төртеуі дже Ботам дейді
Ер азамат атан дейді
Би: "Алға Қазақстан!" (2-3 сынып оқушылары)
Хормен ән: "Тәуелсіз елім" (3 - "Б" сынып оқушылары)
Өлеңдер:
Біз жас ұлан, отан ана өркені,
Үміт артқан болашағы, ертеңі.
Туған елдің даңқын көкке өрлетіп,
Гүлге бөлеп, жасартамыз өлкені.
Азамат бүгін байлыққа тұнған жерім,
Азап жүгін ел жауын қуған ері.
Әділет пен бірлікке жанын қиып,
Әділ өткен билердің туған жері.
Ел тарихы, жер тарихы өзіміз,
Болашақтың қасиетті көзіміз.
Барлық ұлтпен бауырласып жетелеу,
Ақ қараны тіліп тұрса тіліміз.
Қазақстан көк байрақты елім менің,
Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.
Өзің менің мақтанышым, тірегім,
Өзің менің қуанышым, бақытым.
Би: "Адай" (2 - 3 сынып ұл балдары )
Би: "Я, ты, он, она вместе целая страна" (3-"Б" сынып қыздары)
Өлеңдер:
Отан
деген берекелі отбасы,
Сүйер оны
адамзаттың баршасы.
Мен бақытты
бүлдіршінмін бүгінде,
Жоқ қой оған
ешкімнің де таласы.
Бұның бәрі
татулықтың арқасы,
Тәуелсіздік—елдігімнің
бастауы.
Кұтты
болсын тәуелсіздік мерекеміз!
Мықты
болсын еліміздің керегесі.
Жүректе
намыс оты лапылдаған,
Күш-жігері
жастардың сарқылмаган.
Жиырма
сегіз жыл, жиырма сегіз жыл азаттық,
Өзімізді
құрсаудан да босаттық.
Ақтадық біз
ата-баба үмітін,
Қолда қазір көк ту
менен бостандық.
Болмасам
да сол кезде мен сеземін
Жүректе
намыс оты сөнбегенін,
Ызғарына аяздың
төзгендерін,
Бұл күннің оңайлықпен
келмегенін.
Желтоқсанның
қанды суық ызғары,
Қалың әскер
қазағымды қорлады.
Тәуелсіздікті
қолдаған жастардың
Отан үшін табандары
тозбады.
Тәуелсіздік –
тартуы ол тәңірдің,
Тәуелсіздік –
маңдайдағы бағым бұл.
Тәуелсіздік –
сыбағасы халқымның,
Тәуелсіздік –
таймайтұғын тағым бұл.
Тәуелсіздік –
бабам берген аманат.
Тәуелсіздік келешектің
кепілі.
Тәуелсіздік жүрмін
сені бағалап,
Тәуелсіздік өткен
күннің өтілі.
Хормен ән: "Нұр Отан!" (2-"Ә" сынып оқушылары)
Мұғалім сөзі: Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ.Тәуелсіздіктің жолында талай қазақ жастарымыз құрбан болды. Еркіндікке жету үшін, қаншама қиын кезеңдерді бастан кешірді. 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.
16-желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Қаншама қазақ жастары қыршыннан қиылды. Олар әділдік үшін күресті. Желтоқсан құрбандары Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанова, Ләззат Асанова, Ербол Спатаев секілді ағаларымыз ерен ерліктерімен көзге түсті. Олардың жасаған ерлігі мен қайрат-жігері мәңгілік біздің есімізде қалады. Желтоқсан оқиғасы – ұмытылған емес, ұмытылмайдыда.
Қойылым: "Желтоқсан оқиғасы" (3-"Б" сынып оқушылары)
Өлеңдер:
Тәуелсіздік –
тәубе екен бүгінде.
Тәуелсіздік –
тәубе сенің барыңа,
Тәуелсіздік әр
сәбидің үнінде.
Тәуелсіздік әр
қазақтың жанында!
Аралаймын
алаңды
Тәуелсіздік күні мен.
Батыр
Қайрат ағамның
Суретіне үңілем.
Бабамның
да арманы,
Осы еді ғой
аңсаған,
Тәуелсіздік таңдары
Бақ
береді баршаға.
Көк
туымды қолыма
Бүгін берік ұстадым
Түсті
бақыт жолыма
Менің Қазақстаным!
Мұғалім сөзі: "ҚАЗАҚСТАН" сөзіне шығарылған өлең:
Қанат қағар көк аспанда қос көгершін,
Аңсаған армандардың әуенімен,
Зымыран уақыт қарт-қария төгер шын,
Адамзаттың сөйлеп тарих әуенін.
Қазынам бұл-Отаным туған мекен,
Сансыз байлық, байтақ жер, сұлу өлкем!
Тәуелсіздік ең қымбатты алтын деген,
Азат елдің табиғаты ғажап көркем.
Неткен бақыт - сол отанда туып өскем!
Би: "Шашу" (3 - "Ә" сынып қыздары)
Мұғалім сөзі: Құрметті балалар осындай тыныш Отанымызда өмір сүріп, білім алып жатқанымызға мың да бір шүкір етейік. Бізге Тәуелсіздік бақытын сыйлап кеткен Қайрат ағаларымыз, Ләззат әпкелеріміз сияқты ержүрек, батыр, Отаны үшін жанын да аямайтын нағыз азамат болып: - Тәуелсіздік көк туын көкке ұстап, желбірете берейік!
Ән: "Көк тудың желбірегені" (Барлық оқушылар сахнада көк туын биік ұстап, желбіретіп тұрады!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген