400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "Тәуелсіздік мәңгілік елдің тұғыры"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

І – жүргізуші : Құрметті қонақтар, оқушылар! Біз бүгін дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986-ның желтоқсанына арналған «Тәуелсіздік мәңгілік елдің тұғыры » атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз. Тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

ІІ – жүргізуші : 16 – желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы күн еді.

1жургізуші:Міне, осы бір жан тебірентер сәтте Қазақ елінің еркіндігі, бостандық жолына бас тіккен азаматтар, туған елінің тәуелсіз мемлекетболғанын көре алмай өмірден өткен желтоқсан батырлары Қайрат Рысқұлбеков, Ляззат Асанова, Ербол Сыпатаевтардың рухына тағзым етіп, еске алу – ұлттық парызымыз. 1 минут үнсіздікпен еске алу

1 жургізуші: Өмір өзен толқындары бізді әйгілі 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан уақыт өткен сайын алыстатып бара жатса да жүректерде мәңгілік ұмытылмайтын қастерлі бір нәрсе бар. Ол – дүр сілкіндірген сол үш күн ішіндегі Қазақ қыздарымен мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым құрмет. Бұл аға – апаларымыздың аңсаған армандары мен үміті, тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Бір ғана өкініш бар, ол азаттық үшін жан аямай алысқан боздақтардың кейбірінің бүгінгі бақытты сәттерімізді көре алмауы.

Көрініс; Нұрлыбек.Ләззат.Сәкен.Ербай.Ахад.Жеңісбек.

Дидар : Қазақстан! Туды алтын дәуірің,

Алғандайсың жұлдыздардың жарығын

Алтын заңың құтты болсын қымбаттым

Туған күнің құтты болсын алыбым!

Армандарды жақындатқан тым алыс

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс

Егемендік ел бақыты ертеңі

О, халайық құтты болсын қуаныш.

Ақмерей; Міне бүгін айқара ашып есігін

Алды болып келе жатыр көшінің

Сол жылдары жанын қиған ерінің

Ұран етіп айтып жүрміз есімін

1жүргізуші: Желтоқсан оқиғасы... Осы бір ауыз сөзден әлі күнге дейін ызғар есіп тұрғандай.Оны еске алған сайын арқамызды аяз,маңдайымызды мұз,табанымызды сыз қарығандай күй кешетініміз рас.Өйткені ол күллі әлемді дүр сілкіндірген күндер еді.

Нұршат: Ызғарлы қыс тоқсан күн

Желтоқсан деп аталған

Желтоқсанда жастарым

Тәңірінен бата алған.

Азамат: Тәуелсізбін кең дала орманым бар

Ұйқым тыныш,әскерім қорғаным бар

Жаттарға жалбарынып бас ұрмайсың

Уа халқым тағы қандай арманың бар

Мирасбек: Тәуелсіздік достығымыз

Ынтымағы жарасқан

Тәуелсіздік ел бірлігі

Асқақ арман таласқан

Тәуелсіздік өткеніміз

Асулардан сан асқан

Нұрдаулет: Қазақстан менің асыл аймағым

Қуантады күнге құшақ жайғанын

Өзің едің көз таймайтын алтын бақ

Құлпыра бер ,құлпыра бер жарқыра .

Ән: Мен қазақпын. Ербай

1жүргізуші: Туған елдің азаматтығы мен тәуелсіздік жолында құрбан болған Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова,Ербол Сыпатаев сияқты апа-ағаларымыздың аңсаған армандары мен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты.

2жүргізуші: Иә,Қазақстан-Тәуелсіз ел!Тәуелсіздік туымен бірге Қазақстанның тамыры терең тартып жапырағы жайқала бастады.Тәуелсіздік арқасында қазақтың асыл арманы асқақ әнге айналды,өзге дербес елдермен тереземіз теңесіп,керегеміз кеңейді.

Ақбаян: Қазақстан елім бар мақтанарым

Қазақстан жерім бар шаттанарым

Көк аспанда желбіреп көк байрағым

Туып өскен жерімді мақтағаным

Лаззат: Біз қазақпыз ел үшін атқа мінге

Жанып жатқан лапылдап отқа түскен

Бойтұмар қып ар ождан қазынасын

Ерлеріміз ел намысын сақтап өткен.

Асланбек: Тәуелсіздік ертеңіміз

Арайланып таңы атқан

Тәуелсіздік ардагерім

Ұрпақтармен жалғасқан

Тәуелсіздік аға жолы

Болашаққа нық басқан



Тұрбек: Тәуелсізбін айтудан еш жалықпаймын

Шаттанамын,шарықтап ,аспандаймын

Қол жетпестей арманға шындық жетіп

Баспалдақтын 28ін басқандаймын

Өзбек биі: Аружан.Ақмерей

1жүргізуші: 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай өткізіліп отырған «Тәуелсіздік мәңгілік елдің тұғыры» атты өнеге сағатымызды аяқтаймыз.

2 жүргізуші: Елтаңбамыз ажарлы,Әнұранымыз әуенді,көк туымыз әрқашан желбірей берсін!Тәуелсідік тұғыры берік болсын!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
3266
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі