Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық тәрбие сағаты Тәуелсіздік таңы мәңгілік
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: Тәуелсіздік таңы мәңгілік!
Сыныбы: 3 «Ә»
Мақсаты: Оқушыларға бостандық, теңдік, тәуелсіздік ұғымдарын кеңінен түсіндіру, білімдерін кеңейту. Тәуелсіздік қасиетті ұғым екеніне көз жеткізу, егемендігі, дамуы туралы мәлімет беру, тәуелсіздікке қалай жеткендігін
баяндау. Оқушыларды өз тәуелсіз елін сүюге, қадірлеуге, осы елдің ұланы
екенін мақтан етуге баулу, отаншылдыққа, елжандылыққа, Отанына адал
қызмет етуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Қызығушылықты ояту.
- Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар және оқушылар. Бүгінгі тәрбие сағатымызды бастамас бұрын сөзжұмбақты шешіп алайық.
1) Елордамыз Астананың көрнекті орны, Астана нышаны.(Бәйтерек)
2) орындалатын салтанатты әуен. (әнұран)
3) Әр елдің мемлекеттік нышаны. (ту)
4) Көк байрағымыздың авторы. (Ш. Ниязбеков)
5) Қазақстанның бұрынғы астанасы. (Алматы)
6) Қазақстанның қазіргі елордасы (Астана)
7) Елтаңба авторы. (Ж. Мәлібеков)
8) Қазақстанның тұңғыш президенті. (Назарбаев)
9) Тәуке ханның заңдар жинағы қалай аталады? («Жеті жарғы»)
11) Үш жүздің биін ата? (Төле би,Әйтеке би,Қазбек би)
1.Ән "Қазақстаным Отаным"
2.Тақпақтар
Мөлдір
Тәуелсіздік-елімнің шамшырағы
Тәуелсіздік-халқымның бәйге пырағы
Тұрақты болсын, қуатты болсын әрқашан,
Шырағымен пырағының тұрағы.
Аяла
Любимый Казахстан,
Родина моя,
Тебя с Днем независимости
Поздравляю я.
Аяла
Май флаг из блу
Май флаг из брайнд
Ай лайк ит уери мач
Зе иеллоу сан
Зе блу блу скай
Әнді зе игл из флайнг хайг
Казахстан из мой катри
3.Екі оқушы диалог айтады
-Здравствуйте
-Привет
-Как дела?
-ХОРОШО
-А ты знаешь какой сейчас месяц?
-Да ,сейчас декабрь,скора 16 декабря вес Казахстан отмечает 32 летие День Независимости Казахстана
-Спасибо!Буду знать.
4. Көрініс ,,Атамның әңгімесі,,
1-қыз Қыздармен көшеде келе жатып. Қараңыздаршы, бұл Тәуелсіздік монументі ғой!Кел жанына суретке түсейікші!
3-еуі суретке түседі.Суретке түсіп жатқанда жанынан 3 бала өтіп бара жатады да ,оларға.
-Сіздер не істеп тұрсыздар? Бұл не өзі? Оданда әдемі –әдемі үйлердің, ғимараттардың жанында түспейсіздерме?
2 қыз
-Бұл не дегенің?Сен білесің бе ,бұл ескерткіштің қандай маңызы бар екенін?
3 қыз
-Бұл –Тәуелсіздік монументі!Біздің еліміздің тыныштығын,еркіндігін бейнелеп тұрған бірден бір алып ескерткіш!
1-қыз
-Иә,Тәуелсіздік болмағанда сендер айтқан биік-биік үйлер бүгінгідей әдемі ғимараттар болмас еді.
3- бала
Сендерді түк түсінбедім...Дұрыстап түсіндіріңдерші?!
3-қыз
-Жарайды,жүріңіздерші,менің атама барайық! Нақтысын атам айтып түсіндіріп береді! ( Балдар залды айналып жүріп қыздың атасына барады)
Келсе атасы суреттерге қарап өткенді еске алып отыр екен.
-Сәлеметсіз бе , ата!-деп балалар үйге кіреді?
-Э, балаларым келіңдер,келіңдер!
-Ата,не қарап отырсыз? ( Осы кезде атасы қолына суреттерді ұстап)
-Балаларым 1986 ж Қазақ жастары көтерілді ,оның себебі Жастар наразылығы Қонаевты алып тастап Колбинді президенттікке сайлаған, содан жастарымыз келіспей көтерілді. Неге біздің елді басқа ұлт азаматы басқаруы керек?! мысалы: Өзбекстанда-өзбек,Ресейде-орыс,Қырғыстанда-қырғыз ұлттары басқарады.Керек емес бізге басқа ұлттық адамы!
Тәуелсізімізге күрескендерімізді еске алайық! Бір минут тыныштық!
Қатысушылар Ерасыл-ата,балдары-Қару,Абдулла,Ернар,қыздары- Шұғыла .Аяла,Раяна.Монумент-Әдемі.
Тәрбие сағатымыздың қонақтары 10 сынып оқушылары
5.Тақпақтар
Ақайша: .Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,
Алдымызда барлық үміт ақталсын
Тату-тәтті бірлік болып қашанда
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын
Абдулла: Қазақпын,еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге кергемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді.
Ләйлә:Елтаңбамыз ажарлы,әнұранымыз әуенді,
Асқақ бола түссін!
Еліміздің белгісі-көгілдір туымыз.
Әрқашан желбірей берсін!
Ерасыл: Алтын дәнің даласы бар,
Ақ күмістей даласы бар.
Неткен сұлу ,неткен көркем,
Осы менің туған өлкем.
Һарун :.Отан-атам
Отан-әкем
Осы сөзім қате ме екен
Қате болса неге біздер
Дейміз оны-Атамекен.
Шұғыла: Тәуелсіздік-бодан басқаға
Бұл үлкен сын үлкенге де,жасқада
Тәуелсіздік-әлем білген еліміз
Тәуелсіздік-асқақтаған Астана
Қару:Тәуелсіздік бостандығың еліңде
Желбереді көк тұлпарың көгінде
Жарқын болсын тәуелсіз ел әлемге
Теңесті халқың терезесі тең елге
6. Күй тартылады "Жастар" күйі" "Кеңес"күйі Серикбаева Ләйлә
Әдемі: Тәуелсіздік-бабалардың арманы
Даналардың жасампаздық жолдары
Қазақстан қасиетті мекен боп
Мәңгілік бейбітшілік орнады.
Ернар: Далада думан,қалада думан жыр бүгін
Ғасыр бойыасыға күткен бұл күнім
Жасай бер,жаса қалдырған бақыт бұлбұлым
Тәуелсіз Қазақстаным!
Алинур: Елім,елім,елім деп
Ар-намысын сақтаүан
Бұйырғанда өлімге
Кірпігінде қақпаған.
Айсултан: Тәуелсіз елдің ұлы-өжет
Қызы қайратты,қахарман
Тәуелсіздікті анаңдай ардақта,
Баладай мәпеле, құрметте.
Ойын балдар екіге бөлінеді,бір шарды үрлеп бос шын стакан жинайды.,5 дана пластик стакан
7.Билейді "Тәуелсіздік биі"
8.Ән салады "Көк туым желбіреген"
Қортынды
Құрметті көрермен қауым, еліміз тыныш, жұртымыз аман, көңілдеріңіз көтеріңкі болсын деген игі тілектер жолдай отырып біз өздеріңізбен қоштасамыз. Әрқашан да Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы болып, егемен елдің ұрпағының еңсесі биік болсын!
- Келесі кездескенше, қош сау болыңыздар!