Ашық тәрбие сағаты: Тәуелсіздік тәу етер жалғыз кием

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты: Тәуелсіздік тәу етер жалғыз кием

Материал туралы қысқаша түсінік
Елтаңбаның көктемдік шешімі :шаңырақ,жұлдыз,сондай ақ аңызға айналған қос пырақ . «Қазақстан» деген жазуы бар.Қанатты пырақ биік самғайды,болашақ жайлы армандауды білдіреді.Ширатылған мүйіз –қайсарлық , қайраттылықты меңзейді.Сонымен егемен еліміздің елтаңбасында қазақ елінің бостандық пен құт берекеге ұмтылысы бейнеленген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік тәу етер жалғыз кием

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға тәуелсіздік туралы ұғындыру ,туған жерін ,елін құрметтеуге тәрбиелеу,патриоттық сезімдерін ояту.

Көрнекілігі: ҚР-ның рәміздері ,елбасы суреті,Астана ,Алтын адам ,Хан шатыры , Бәйтерек,Медеу мұз айдыны ,Желтоқсан құрбандар және теңге суреттері.

Сабақтың барысы:1 Ұйымдастыру.

Әнұранды орындау

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Жаңа сабақ

А)Отан,отан

  • Отан дегеніміз не?Оны қалай түсінесіңдер?

  • Біздің Отанымыз –Қазақстан.

  • Біз қай ұлтпыз?

  • Қандай Республикамыз?

  • Біздің ана тіліміз қандай тіл?

  • Елбасымыз кім?

  • Сонымен қатар біздің рәміздеріміз бар.Кәне рәміздерімізді атап шығайықшы.(Әнұран,көк байрақ,елтаңба)

  • Жақсы енді осы рәміздерімізге сипаттам берейік.

Әнұран

1-оқушы: Жан азығым ,қалықтай бер ,шарықтай бер ,Әнұран!

Салтанатты асқақ саз ,гүлдене бер кең далам !

Жүректерде жаңғырады кудені кернеп әнұран,

Елімізде рух ,мән берген иесі оның мен балаң

Қазақстан Республикасының Әнұраны –бірлікке ,ынтымаққа ,достыққа қызмет етті.Жастарды ерлікке ,қайсарлыққа ,еліміздің тәуелсіздігін қорғауға шақырады.

Көк байрақ.

2 –оқушы; Зеңгір көк түс –бұл Қазақстан байрағы

Желбірейді көгімде азаттықтың айғағы

Аспанменен жатыр астасып алтын күні айбарлы,

Бейбіт күннің болашағы ,ұланбыз біз жайдарлы

Көк байрақтың ортасындағы шұғылалы күн ,оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген ,тік бұрышты көгілдір мата,матаның сол жағына өрнегі бар.Ұзындығы 2 м,ені 1 м.Жалаудың жобасын жасаған Шәкен Ниязбеков.

Елтаңба.

3 –оқушы:

Қатар шапқан қос тұлпар,

Ай астанда қазақ үй.

Қалықтаған жас жас сұңқар

Шарықтаған таза күй

Қара шаңырақ ел күйі

Асқақтатып тұр мұны

Елтаңбасы елдігім

Елдің тыныш тірлігі.

4-оқушы: Елтаңбаның көктемдік шешімі :шаңырақ,жұлдыз,сондай ақ аңызға айналған қос пырақ . «Қазақстан» деген жазуы бар.Қанатты пырақ биік самғайды,болашақ жайлы армандауды білдіреді.Ширатылған мүйіз –қайсарлық , қайраттылықты меңзейді.Сонымен егемен еліміздің елтаңбасында қазақ елінің бостандық пен құт берекеге ұмтылысы бейнеленген.

5-оқушы:Тәуелсіздік!Қандай киелі сөз.Осы бір құдіретті сөздің тереңіне көз жіберіп,ой елегінен өткізсек ,ата –бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл арманы,азаматтарын қалдырған аманаты екені сөзсіз. «Өткенсіз болашақ жоқ» дейді дана халқымыз (16 желтоқсан құрбандары туралы айту).Қазақ халқы «Бейнет түбі -зейнет»деген қағиданы естен шығармай бүгінгі тәуелсіздікке қол жеткіздік.

6-оқушы: Біз тәуелсіз елміз. Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды.Ал қазіргі дүние жүзінің көптеген елдермен достық байланыс орнатқан,бүкіл әлем таныған елге айналдық.Тәуелсіздік символы Алтын адамды барлығы біледі. «Медеу» мұз айдыны халқымыздың мақтанышы болып саналады.

7- оқушы: Талай белестерді өткізген қазақ халқы егемендік алды.1991 жылы 1 желтоқсанда ҚР-ның тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтің басшылығы кезінде халқымыз азаттық алып, Қазақстан егемендікке, сосын тәуелсіздікке қол жеткізді.

1993 жылы 5 қарашада ұлттық валюта енгізілді.

1997 жылы 20 қазанда Ақмола ел астанасы болып жарияланды.ҚР –ның астанасы Астана қаласы болып аталды.Астанымыз күннен күнге кеңейіп келе жатыр.Оған Хан шатыры,Бәйтерек дәлел бола алады.

8-оқушы: Бабалардың көзіндей,

Даналардың сөзіндей

Ұлы дала тұрғызды

Ұлы қала өзіндей

Отанымның төрінде

Сарыарқаның өрінде

Ту ұстаған Астанам

Әсем қалам,бас қалам.

9-оқушы: Арайлап атқан бейбіт таңы бар,асу бермес асқар-асқар тауы бар кең жазиралы мекенді,қонақжай,жомарт халқы бар менің елім Қазақстан.Біз 21 жылда үнімі даму,қарқындау үстіндеміз.

Хор: «Отаным-Қазақстан»

Қорытынды.

Мұғалім:Сонымен балалар,бүгін біздің дербес ел болып,уығымызды қадап,шаңырағымызды көтеріп ерікті еркін мемілекетімізді құрып Қазақстан Республикасы атанып ,көк байрақ туымызды желбіретіп әлемге әйгілі болуымыздың өзі-осы тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы.Олай болса тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай оны ең қымбат бұйымымыздай етіп құрметтеп,келер ұрпақтар қолына аманатпен тапсыруға тиіспіз.Еліміздің ішкі-сыртқы дұшпандардан қорғауға міндеттіміз.Сонда ғана тәуелсіздігіміз мәңгілікке мирас болмақ.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2019
964
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі