жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық тәрбие сағаты Тәуелсіздік тірегі - білімді ұрпақ 5 сынып
«Тәуелсіздік тірегі – білімді ұрпақ»
Тәрбие
сағатының мақсаты:
Білімділік:
Оқушылардың ел тарихын, салт - дәстүрді
қаншалықты білетіндіктерін
тексеру.
Дамытушылық:
Оқушылардың ой - өрісін, тіл байлығын
дамыту, шапшаң ойлауға, ойын жинақтап
жеткізе білуге үйрету, сөйлеу тілін, ой
жүйелеу шеберлігін дамыту.
Тәрбиелік:
Ұйымшылдыққа,
адамгершілікке, жауапкершілікке, ел
тарихы мен мәдениетін, салт - дәстүрін
ұмытпай, қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың
көрнекіліктері:
слайдтар, сұрақтар, қима қағаздар, түрлі
- түсті конверттер, шағын екі киіз үй,
ұлттық нақыштағы оюлы себет.
Сабақтың
әдісі:
сұрақ - жауап.
Сабақтың
түрі:
интеллектуалды ойын - сайыс
Пәнаралық
байланыс:
Қазақстан тарихы мен халықтық
педогогика
Сабақтың
барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
-
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен
оқушылар. 16 желтоқсан – Тәуелсіздік
күніне орай сыныптағы оқушылар арасында
ұйымдастырылып отырған «Тәуелсіздік
тірегі – білімді ұрпақ» атты сайысымызға
қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік
жолында
Талай – талай тер төккен.
Билігім
өз қолымда
Еркіндігім Елтаңбам.
Көк
байрақтың бетінде
Қыран құстың
бейнесі
Сол қырандай еркіндеп,
Бала
өседі талапты, - дегендей, сіздерді
бүгінгі Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын.
Асылбектің сөзі:
Тәуелсіздік
– ең алдымен қазақ халқының бостандыққа
ұмтылған асқақ армандары мен қайсар
рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін
Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн.
Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес
мемлекет ретінде әлемге танылды.
Елбасының «Қазақстанның тәуелсіздігі
қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес,
өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді
бастап кешу арқылы қол жеткен өз
мемлекттілігін құруға деген заңды
құқығү бұл даусыз және саяси фактіге
ешкім күмән келтірмеуі тиіс», - деп атап
көрсетуінде үлкен мағына жатыр. Осы
жылдар ішінде елімізде қыруар істер
атқарылды. Атап айтсақ тарихи жеріміздің
шекарасы халықаралық шарттарға сай
бекітілді. Мемлекеттік рәміздеріміз,
Ата заңымыз, ұлттық валютамыз және
Сарыарқаның кең жазық даласында барша
елдің өзінің тез көркейіп өсуімен таң
қалдырып, жаңа Астанамыз дүниеге келді.
Әлемдік қауымдастық алдында «Қазақстан
Республикасы» деген асқақ рухты елдің
екенін мойындаттық. Ел экономикасы да
жылдан-жылға нығайып, мәдени, рухани
даму деңгейі белеске көтерілуде. Өзіне
тәң барлық институттары бар, әлемдік
қауымдастықтың ықпалды мүшесі болып
табылатын тәуелсіз мемлекет құрылды.
Сайыстың
талаптары:
сайысқа әр топта 8 оқушыдан қатысады.
Сайыстың
кезеңдері:
1.
«Сәлем – сөздің анасы»
2. «Жеті
қазына»
3. «Мақал – сөздің мәйегі»
4.
«Тәуелсіздік жылнамасын білесің бе?»
5. «Мен тәуелсіз елдің ұрпағымын»
Сайысымызда төрелік айтатын қазылар алқасымен таныстырып өтейін:
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Бәйгеге
түсіп
жарыспай,
Жүйріктің
бағы
жанар
ма?
Білім
мен
өнер
жарысып,
Тәрбие,
тәлім
табар
мән.
Бұл
бәйге
ойдың
бәйгесі,
Кім
жүйрік
ойға,
сол
алда,−
дегендей,
бүгінгі
сайысымызға
қатысушыларды
таныстырып
өтейін:
«Бірлік» тобы, «Бейбітшілік» тобы,
«Егемендік» тобы.
Олай болса, «Сәлем − сөздің анасы» деп аталатын бірінші кезеңімізді бастаймыз. Әр топ атауы мен ұранын айтады да өздерін таныстырып өтеді.
«Бірлік» тобы - Ақылды Айжан, білімді Балжан, нұрлы Нұржан, парасатты Перизат, дарынды Дастан, пейілді Перизат Т. дидарлы Ділназ, арманшыл Айдана.
«Бейбітшілік» тобы – ажарлы Ажар, мейірімді Мақпал, данышпан Диана, рахымды Руслан, адал Асылбек, айдай Арайлым, гүлдей Гүлім Т., мықты Мақсат
«Егемендік» тобы – сабырлы Санжар, ерке Еркежан, Маржан,
Гүлім Ж., қайырымды Қымбат, жайдарлы Жадыра, дана Данил, Аружан.
Сайысымыздың
ІІ кезеңі «Жеті
қазына»
деп аталады. Бұл кезеңде сайысқа
қатысушылар ел тарихы мен салт - дәстүрге
байланысты сұрақтарды ұлттық нақыштағы
оюлы себеттен таңдап алып, сұрақтарға
жауап береді.
1. Ел билеудегі ең
лауазымды тұлға (президент)
2. Үш
қуаныш (алғыс алу, өзіңді көптің іздеуі,
ісіңнің өшпеуі)
3. ҚР тәуелсіздігін
қай жылы алды? (1991 ж)
4. Қазақстан қандай мемлекет? (құқықты, зайырлы, көп ұлтты, біртұтас, әлеуметті, егеменді, тәуелсіз).
5. Желтоқсан оқиғасы тарихта қандай атпен қалды? (Құйын-86)
1. Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік елтаңбасы қашан қабылданды?
(1992 жылы 4 маусымда)
2. Бес асыл іс
(талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)
3.
Жеті қазына (ер жігіт, сұлу әйел, ақыл -
білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен
мылтық, жүйрік тазы)
4. Астана қаласы
қай жылдан бастап еліміздің астанасы
болды? (1998)
5.
Тәуелсіздік несімен қымбат?
1.
Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары (Шота
Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков)
2.
Бес қару (садақ, мылтық, найза, қылыш,
айбалта)
3. Ұлттық музыкалық аспаптар
(домбыра, қобыз, жетіген, сыбызғы,
дауылпаз, адырна, керней, шертер)
4.
Тәуелсіздікті сендер қалай сезінесіңдер?
5. Елбасының биылғы халыққа Жолдауы қалай аталады? (Нұрлы жол – болашаққа бастар жол)
1.
Мемлекеттік тудың авторы (Шәкен
Ниязбеков)
2. Үш байлық (денсаулық, ақ
жаулық, қорадағы бес саулық)
3. Төрт
мұрат (дау мұраты – біту, саудагер мұраты
– ұту, жол мұраты – жету, қыз мұраты –
кету )
4. Ең
алғаш Н.Ә. Назарбаев қай жылы президент
болып сайланды? (1991)
5. Биыл Ата Заңға неше жыл болды? (20 жыл)
1.
Мемлекеттік Гимннің авторлары (Жұмекен
Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, Шәмші
Қалдаяқов.)
2. Ұлттық ойындар (Ханталапай,
қыз қуу, бәйге, аламан, күрес, көкпар,
тоғызқұмалақ, дойбы, асық)
3. Үш дана
(Абай, Шоқан, Ыбырай)
4. Келесі жылы
Ұлы Жеңіске неше жыл толады? (70 жыл)
5. Қазақтың тұңғыш ғарышкері (Т. Әубәкіров)
1.
Шығыстың қос шынары (Әлия мен Мәншүк)
2.
Жеті жоқ (Жерде өлшеуіш жоқ, аспанда
тіреуіш жоқ, таста тамыр жоқ, тасбақада
талақ жоқ, аллада бауыр жоқ, аққуда сүт
жоқ, жылқыда өт жоқ)
3. Киіз үйдің
құрылысы (шаңырақ, уық, кереге, иіні,
түндік, туырлық, ши, т. б.)
4. Қазақтың
жеті кереметі (таңбалы тас суреттер,
алтын адам, қазақтың киіз үйі, домбыра,
Яссауи кесенесі, Маңғыстау жерасты
мешіті, Астана-Бәйтерек).
5. Желтоқсан көтерілісіндегі жастардың ұраны қандай болды? (Ешқандай артықшылық жоқ, әр республиканың өз басшысы!)
1. Үш арсыз (ұйқы, тамақ, күлкі).
2. Тәуелсіздік монументін орнату туралы қаулы қай жылы қабылданды? (1995 ж. 13 шілдеде)
3. 20 жылда күллі әлемге танылған ел (Қазақстан).
4. Қазақстанды алғаш тәуелсіз деп таныған ел (Түркия).
5. Астана қаласының бұрынғы атауы (Целиноград)
Сайысымыздың
ІІІ кезеңі «Мақал
– сөздің мәйегі»
деп аталады. Сайысымызға қатысушылар
киіз үйлердің ішінде жасырылған
мақалдардың жалғасын табуға тиісті.
1.
Ел ағасыз болмайды,...
(Тон жағасыз
болмайды)
2. Адам көркі шүберек,...
(Ағаш
көркі жапырақ)
3. Қоянды қамыс
өлтіреді,...
(Ерді намыс өлтіреді)
1.
Елу жылда ел жаңа,...
(Жүз жылда қазан)
2.
Тау тауға қосылмайды,...
(Адам адамға
қосылады)
3. Талапты ерге...
(нұр
жауар)
1. Ел іші...
(алтын бесік)
2.
Жаңылмас жақ болмас,...
(Сүрінбес тұяқ
болмас)
3. Ит тойған жерін іздейді,...
(Ер
туған жерін іздейді)
1. Елдестірмек
– елшіден,...
(Жауластырмақ - жаушыдан)
2.
Айтулы достың малы бір,...
(Кемедегінің
жаны бір)
3. Жаңбырмен жер
көгереді,...
(Батамен ел көгереді)
1.
Басқа елде сұлтан болғанша,...
(Өз
еліңде ұлтан бол)
2. Кісідегінің
кілті...
(аспанда)
3. Баста ақыл жоқ
болса,...
(екі аяққа күш түсер)
1.
Сөз сүйектен өтеді,...
(Таяқ еттен
өтеді)
2. Бірлік болмай,...
(тірлік
болмас)
3. Тісі шыққан балаға...
(шайнап
берген ас болмас)
IV кезең. «Аялдама»
Тәуелсіздік жылнамасы
1991 жыл. 16 желтоқсан.Бұл күн – біздің тәуелсіздігімізді дүниежүзі мойындаған күн. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Ата заңы қабылданды.
1992 жыл. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды. Маусым айында Тәуелсіз Қазақстан ел рәміздері: Туын, Гимнін, Елтаңбасын қабылдады. Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубакіров ғарышқа ұшты.
1993 жыл. Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясы қабылданды.15 қараша Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық теңгесі айналымға енді.
1994 жыл. Мемлекеттің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді. 30 маусым ұшқыш Талғат Мұсабаев аспан көгіне көтерілді. Қазақстан ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа қосылды.
1995 жыл. 30 тамыз. Референдумда ұсынылған жаңа Ата Заң бір ауыздан қабылданды.
1996 жыл. Алматыда Тәуелсіздік монументі ашылды.
1997 жыл. Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы және қуғын-сүргіндерді еске алу жылы. Білім заңы қабылданды. Тіл туралы заң қабылданды.
1998 жыл. Халық бірлігі мен Ұлттық тарих жылы деп жарияланды. Ел астанасы Ақмолаға көшірілді.
1999 жыл. Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы.
2000 жыл. Мәдениетті қолдау жылы. Шежірелі Түркістанның 1500 жылдығы тойланды.
2001 жыл. Тәуелсіз Қазақстанға 10 жыл. Қазақстандағы Ресей жылы.
2002 жыл. Денсаулық жылы.
2003-2005 жылдар. Ауыл жылдары.
2006 жыл. Тәуелсіздікке 15 жыл. Желтоқсанға 20 жыл. 7 қаңтарда жаңа гимн қабылданды.
2007 жыл. Қазақ тілін қолдау жылы.
2008 жыл. Халық санағы болды. Астанаға 10 жыл.
2009 жыл. Қазақстанның Украинадағы жылы.
2010 жыл. Астана қаласында Еуропа Қауіпсіздігі мен Ынтымақтастық ұйымының саммиті.
2011 жыл.7 қысқы Азияда олимпиадасы Астана мен Алматы қалаларында болып өтті.
3 сәуір кезектен тыс Президенттік сайлау. Халық қалауы Елбасы Н.Ә.Назарбаев болды.
16 желтоқсан Тәуелсіз Қазақстанға 20 жыл.
2012 жыл. Лондон Олимпиадасында Қазақстан құрамасы 7 алтын алып, жалпы командалық есепте 12 орынға ие болды. Қазақстан астанасының EXPO-2017 көрмесін өткізуге байланысты конкурсты жеңіп алды.. Алғаш рет қазақстандықтар Тұңғыш Президент күнін атап өтті. «Қазақстан 2050» стратегиясы. 14 желтоқсан күні Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасын жариялады.
2013 жыл. «Әділет» және «Руханият» партиялары бірігіп жаңа бір саяси партия құрды және оның аты «Бірлік» болып аталды. «Нұр Отан» партиясының маңызды саяси оқиға деп бағалауға болатын жаңа саяси доктринасы қабылданды.
2014 жыл.
Астана күні қарсаңында елордада жаңадан салынған Ұлттық музей ашылды. Үстіміздегі жылдың қазан айында Елбасы Астана қаласының белсенділерімен кездесу кезінде 2015 жылы қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығы атап өтілетіні жайлы мәлімдеді.
2014 жылдың ең негізгі саяси оқиғасы атанған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында Президент әлем дағдарыс салдарынан жаһандық сынақ уақыты болатынын атап өтіп, осындай қиын кезеңнен тиімді шығудың тетіктерін жариялады. Нақтырақ айтқанда, тәуелсіз тарихымызда екінші рет Ұлттық қор қаражаты ел мүддесі үшін жаратылатын болып шешілді.
– Білсең
дағы біле бер, тағы тіле:
Мақсатыңа
жетерсің біле‐біле!
– деп дана, ойшыл Жүсіп Баласағұн айтып
кеткендей, білімді, ізденімпаз
оқырмандарымызбен әрі қарай сайысымызды
жалғастырайық.
Сайысымыздың төртінші кезеңінде сайысқа қатысушылар «Мен тәуелсіз ел ұрпағымын» тақырыбында эссе жазады.
– Бар
байлығым – өлең‐жырым
қолда бар,
Өн бойымда құпия жоқ
таңқалар.
Көріп жүрген көп адамның
бірімін,
Көңілімде қиял да бар, ән де
бар, – деп ақын Мәлік Аяпов жырлағандай,
келесі кезекті ән‐шашуға
береміз.
(эссе жазып жатқанда
Жексембаева Гүлім мен Тұрысбек Перизаттың
орындауында _________ әні.
Бойларыңда
от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ
бар екен байқадым.
Әрқашанда осы
өнерді сөндірмей,
Біліміңмен шарықтай
бер әрдайым.
Бүгінгі сайысымыз өз
мәресіне жетті. Жеңімпаз топты анықтау
үшін сөз кезегі әділ - қазылар алқасына
беріледі.
Ту
тігілді халқымның бүгін бағына
Жас
өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға
жалғастырып елдікті
Дақ
түсірме ата баба рухына
Үлгі
бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты
өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік
туын ұстап жоғары
Бүгінгі
ұрпақ болар елдің ертеңі

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген