400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты Тәуелсіздік тірегім

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік туралы сынып жетекшілерге арналған ашық тәрбие сағатының сценарийі
Материалдың қысқаша нұсқасы

№ 49 жалпы орта мектеп











Shape1

(Ашық тәрбие сағаты)





Мерзімі: 15.12.2017жыл

Өтілетін уақыты: 13-00

Сыныбы: 6"Ғ"

Сынып жетекшісі: А.Байханова

Өтілетін орны: Мәжіліс залы













2016-2017 оқу жылы



Тақырыбы: Тәуелсіздік- тірегім

Мақсаты: Тәуелсіз елін шексіз сүюге баулу, ынтымағы мен бірлігі жарасқан елдің ұланы екенін мақтанышпен сезіну, тәуелсіздікті аңсаған ата-баба аманатына адал болуға,ұлтының салт-дәстүрін, өнері мен мәдениетін, тілін сүйе білуге баулу.

Көрнекілігі: ҚР туралы слайдтар, көрме, күй ойнап тұрады.

Барысы:

Кіріспе (слайд)

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады

І – жүргізуші: Қуанышбек Әсет

Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар Тәуелсіздікке- 25 жыл толу мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған «Тәуелсіздік-тірегім» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды ашып беру үшін сөз кезегін мектебіміздің басшысы:Утебаева Сауле Елшібекқызына береміз!

ІІ – жүргізуші: Аманқұлова Индира

Қандай бақыт, қуанышты күн бүгін,

Дәлелдеуде Қазақстан елдігін,

Арман еткен, қыршын кеткен ағалар,

Елің алды егеменді теңдігін.

ІII – жүргізуші: Нұршаев Дамир

Тәуелсіздік,тәуелсіздік – жыр-әнім,

Ел іргесі берік болсын –ұраным.

Тәуелсіздік-өзіңді еркін сезіну,

Салт-дәстүрім - қолдан түспес құралым

ІV – жүргізуші: Асан Милана

Қазақстан республикасы – біздің туып өскен жеріміз, біздің Отанымыз. Бұл жерде қазақ халқы ертеден тұрып келеді.

Қазақтар мал өсіріп, жер игеріп, өз Отанын жаудан қорғаған, жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған, яғни біз үшін.

Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған

Бұл далада өскен жанда жоқ арман

І – жүргізуші: Қуанышбек Әсет

Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді.

Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды.

Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.

16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.

Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.

ІII – жүргізуші: Нұршаев Дамир

Алдарыңызда 5 "Ғ"сынып оқушыларының "Тәуелсіздікке тартуларын"

қабыл алыңыздар!

1- оқушы: Исенбек Мәдина

Мерекең құтты болсын егемен ел,

Терезең барлық елмен тең ерен ел.

Бабалар мәңгі бақи арман еткен,

Теңдікті бостандықты иеленгендер.

ІІ – оқушы: Тазабек Бағжан

Бостандық құтты болсын ерікті ел

Айдын көл, көк майсалы, көрікті жер

Бостандықты аңсаған батырлардың

Әруағына бас ұрып, тәу еткен жер.

ІІІ – оқушы: Тілеуберген Олжас

Егемен елімнің ертеңі деп,

Елбасы баға берді жастарыма

Оқу оқы білім ал, елің үшін

Еңбек ет тыным таппай, жан ая ма

ІҮ – оқушы: Мұхаметжан Ерхан

Халқымның мақтанышы – алып тұлға,

Әлемнің назары ауды Ақ ордаға

Бәйтерек – көкке қолын созып тұрған,

Ұқсайды менің асқақ арманыма.

Ү- оқушы: Рамат Фарида

Ел болдық егеменді, теңдік алып,

Бар әлем қазақ елін болды танып.

Қайнауы кенге толы Қазақ елі,

Жыл сайын келеді өсіп қанат жайып

ҮІ – оқушы: Әнапия Даулет

Ел болдық ерік алдық астаналы,

Енді кімнен қазағым жасқанады?

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,

Нұрсұлтанның атымен басталады

ҮІІ – оқушы: Аскербекова Аида

Көз қуанып күн сайын көркеміне,

Көңіліміз сенеді ертеңіне

Қазақстан – алып ел, төрі Астана,

Таңым ғана лайық ел төріне

ҮІІI – оқушы: Кең даласы , кең пейілді қазақпыз,

Құл емеспіз еркін жанбыз, азатпыз!

Ел намысын ешбір жанға бермейміз,

Өмірді алға бастырамыз, өрлейміз

Бейсебай Жібектің орындауында "Тәуелсіздік" әні

ІII – жүргізуші: Нұршаев Дамир

"Тәуелсіздік қуанышы"тақырыбында қысқаша сахналық көрініс тамашалаңыздар!

(Сахналық көрініс) Тәуелсіздік ақ тоңы әжесі жүн түтіп отырады. Немересі далада ойнап жүреді.

Әжесі: Мұратбекқызы Гүлсезім: Тәуба, Бергеніңе шүкір! (Немересі үйге жүгіріп келеді)

Немересі: Тазабек Бағжан: Әже, әжетай! Далада керемет болып жатыр, Аспанға жарқылдаған салют атып, адамдар қуанышқа бөленіп жатыр. Жүріңіз көрейік!

Әжесі: Е,...е; жарығым, бұл қуаныш! Тәуелсіздіктің мейрамына арналған керемет қой! Жақсылығымыз ұзағынан болсын!

Немересі: Әжетай, тәуелсіздік деген не?

Әжесі: Тәуелсіздік деген еркіндігің, бостандығың, бақытың, балам. Біздің кезімізде мұндай еркіндік болған жоқ.

Немересі: Сол өміріңіз туралы айтып беріңізші.

Әжесі: Әй, балам-ай, өткен өмірді көз алдыма елестетсем шуылдап, басым айналады. Аздап тынықпасам болмас. (Әжесі немересімен қисайып жата кетеді)

Немересі: (көзін уқалап тұрады) Әже, жап- жарық күнді көрдім. Көп түс көрдім.

Әжесі: Е, ол сенің бақытың, балам. Тәуелсіздігіңнің мәнгі жарық күні.

Немересі: Ендеше мен ұстаздарымнан, жолдастарымнан сүйінші сұраймын. Алақай, сүйінші! Тәуелсіздіктің ақ таңы атып келеді!(Немересі сахнадан жүгіріп шығып кетеді)

Әжесі: Тәуба! Бергеніңе шүкір! Өмірі қыршыннан қиылған, елі үшін жанын берген Қайрат, Ербол, Ляззат сынды боздақтарымның арман тілегінің орындалғаны ғой. Беу- беу сырлы боздақтар-ау.Осы күнді қуанышпен қарсы ала тын сендер едіңдер ғой. Беу -беу боздақтарым.

(көзінің жасын жаулығының ұшымен сүрте береді, сахнадан шығады)

Ән. "Қазақстан бақытты" орындайтын: Нұршаев Дамир

ІІ – жүргізуші: Аманқұлова Индира

Тәуелсіздікке-25 жыл толу мерекесіне арнау оқитындар:

Қалдарбекова Аселхан,Есеркепова Алина, Кенжебек Мерияна қабыл алыңыздар!

Жиырма алты жыл тәуелсіз еліміз!

Бұл көп асу,

Өзің үшін болашаққа жол ашу.

Өзге елдермен терезең тең болмаса,

Тар кезеңде бекер болар,

Тәуекел деп таласу.

Жиырма алты жыл тәуелсіз еліміз!

Бұл көп асу,

Өзің үшін болашаққа жол ашу.

Алыс-жақын мемлекеттермен жарасу.

Құдай өзі қоңсы қылған елдермен,

Барлық мемлекеттермен, Тең жағдайда санасу.

Жиырма алты жыл тәуелсіз еліміз!

Бұл көп асу,

Болашақтың ірге тасын қаласу.

Халқымызға хақ тағала жар болса,

Ұлы тарих көшімен,

Қол ұстасып әрі асу.



(Флешмоп) "Жаса Қазақстан" 6"Ғ" сынып оқушылары

"Көк тудың желбірегені" Хор



































1-Жүргізуші:

Қандай бақыт, қуанышты күн бүгін,

Дәлелдеуде Қазақстан елдігін,

Арман еткен, қыршын кеткен ағалар,

Елің алды егеменді теңдігін.

2-Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар!

1-Жүргізуші: Армысыздар, сөз өнерін құрметтеуші, жыр сүйер, ән сүйер қауым!

2-Жүргізуші: Тәуелсіздіктің 20 жылдығының 20 жұлдызды күніне арналған «Тәуелсіздік! Не деп оны түсіндік?» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіз.















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
671
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі