400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "Тәуелсіздікке - 24 жыл!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздіктің 24 жылдығына өткізген тәрбие сағаты.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Тәуелсіздікке – 24 жыл!

Сабақтың мақсаты: Тәуелсіздік туралы мағұлмат беру. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту мерекесі қарсаңында ел татихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білгендерін тереңдету. Ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: бейнежазбалар, суреттер, слайд.

Тәрбие сағатының түрі: таным сабағы

Барысы: І.Кіріспе "Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих алдында жүзіміз жарқын! Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік!" деген елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен сабағымды бастағым келіп отыр. Әнұран орындалады.

Ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру

Туған жердің қорғайтын әрбір талын,

Әнұранмен қарсы алған әрбір таңын.

Құрметтейтін тіпті оның көбелегін,

Біз боламыз, о, Отан жас қыраның!

/оқушылар бәрі бірге айтады/ Топқа бөлу "Бірлігіміз жарасқан - Егемен Қазақстан", "Тәуелсіз елім - Қазақстан" /сөздер жазылған кеспе қағаз алу арқылы/ ІІ. Тұсаукесер

"Қазақстанның тәуелсіздік күні"

/бейнеролик көру арқылы сабақтың тақырыбын ашу/

ІІІ. Негізгі бөлім

Бейнежазба "Ата - бабам тарихы - менің тарихым"

Бүгінгі Қазақстан әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін жері бай, халқы бай ел. Бүгінгі тәуелсіздікке халқымыз оңайлықпен жеткен жоқ. Ата - бабамыз өз жерін, Отанын, халқын қорғаймын деп тарихи оқиғаларды бастарынан кешірді.

"Тарих қойнауына көз жүгіртейік"

1/ 1465 жылы қазақ хандығы құрылды. Хандықтың іргесін қалаған қазақтың алғашқы хандары Керей мен Жәнібек.

2/ Тарихта аты шулы "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" деген қаралы атқа ие болған 1723 жылғы жоңғар шапқыншылығы қазақ жерін ойсыратты.

3/ Бұдан кейін Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық көтеріліс, ішкі Бөкей ордасындағы көтеріліс, Сырым Датұлы бастаған көтеріліс, 1916 жылғы Амангелді бастаған ұлт - азаттық көтеріліс болды.

4/ 1918 жылы Қазақстанда Кеңес үкіметі құрылды.

5/ 1925 - 1933 жылдары Голощекиннің "Кіші октябрь" саясатының салдарынан негізгі күн көрісі болған малдан айырылып, миллиондаған (2млн 200 мың) қазақ аштықтан қырылды. Көптеген (1,5 млн) қазақтар әлемнің төрт бұрышына босып кетті.

6/ 1936 - 1938 жылдары қазақ халқының зиялы қауымының өкілдері қуғын - сүргінге ұшырап, халқым, елім деп жүріп "Халық жауы", "Ұлтшыл" деген жаламен атқанын атып, қалғанын азаптап өлтірді. (А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин, Ж.Аймауытов)

7/ 1941 - 1945 жылғы Ұлы Отан соғысында фашизммен күресіп, қаншама есіл ерлеріміз көз жұмды. Ә.Молдағұлова, М.Мәметова, Б.Момышұлы, Т.Бегелдинов т.б. 100 - ге тарта қазақ хаһарманына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

8/ Семей полигонында сыналған 600-ден астам ядролық жарылыстардың кесірінен 1949 - 1950 жылдары осы өңірдегі 500 мыңнан адам уланды.

Осындай қиындықтарды басынан кешірсе де, қазақ халқы мойыған емес. Бұған дәлел қазақ халқының ең соңғы өліп тірілуі біздің халқымыздың қайғы - қасіретіне, сонымен бірге мақтанышына айналған 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы.

Жанартаудай бұғып жатқан ұлттың ыза - кегі сыртына бұрқ етіп, қазақ жастарының көтерілісі басталды.

"Желтоқсан тағылымы" сол кезең туралы айту.

18-ақ минутқа созылған Қазақстан Орталық Комитетінің V пленумінде елімізді ширек ғасыр басқарған Д.А.Қонаевтың орнына Колбиннің сайлануы халық ызасын тудырды.

Еліміздің тәуелсіздігін аңсаған жастар "Тәуелсіздік керек, қазақ халқының өз көсемі болсын" деген ұранмен алаңға шықты. Пленум шешіміне қарсы шығып, ұлт намысын ту еткен қазақтың өрімдей ұл - қыздарының бейбіт шеруін "жүгенсіздік", "ұлтшылдық", "нашақорлық", "маскүнемдік" деп әдейі бұрмалап түсіндірді.

Бұл күні Ләззат Асанқызы, Сәбира Мұхамеджанқызы, Ербол Сыпатайұлы, Қайрат Ноғайбайұлы сынды жүздеген қыршындарымыздың қанатын қиған еді.

КСРО Халық депутаттарының І съезінде Мұхтар Шахановтың бастамасымен желтоқсан оқиғаларына байланысты түпкілікті баға жөнінде комиссия құрылды. 1996 жылы Желтоқсан оқиғасына қатысқандарды ақтау туралы жарлық шықты. 17 желтоқсан Демократиялық жаңару күні деп жарияланды. Халқымыздың егемендігі жолында құрбан болғандарын дәлелдеп, оларды ақтау үшін барынша күрескен қайсар азаматтарымыз: Мұхтар Шаханов, Хасен Қожа-Ахмет сынды ағаларымыз көп еңбек етті.

Иә, төрткүл дүниені дүр сілкіндірген әйгілі желтоқсанның арман тілегі орындалып, елімізде тәуелсіздік таңы атты. Желтоқсан оқиғасы туралы жазбаған ақын, жазушы жоқтың қасы. Келесі кезекте Жұмаш Кенебеавтың өлеңін тыңдау.

"Желтоқсан желі ызғарлы..."

/слайдтан көрсету, желтоқсан құрбандарының ерлігіне тағзым етіп, 1 минут үнсіздік/

"Суреттер сөйлейді"

/оқушыларға суреттер беріледі, суретке қарап қай оқиғадан көрініс екенін жазып шығады/

Сергіту сәті

/Әли мен Айя Тәуелсіздік туралы ән/

"Тәуелсіздік белестері"

Осы жылдар ішінде талай белестен астық, Қазақстанды әлем таныды.

Желтоқсан көтерілісінің арқасында 1991 жылы еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш Тәуелсіз ел дүниеге келді.

Халықаралық қатынастарда қалыптасқан қағидалар бойынша өзге елге кіріптар болып отырған елмен ешкім төте байланыстар жасамайды. Тікелей келіссөздер жүргізіп, халықаралық шарттар жасау тек бірін - бірі өзгеден тәуелсіз, өзін - өзі басқаратын, еркін мемлекеттер деп танылған елдер ғана арасында жүреді. Қазақстанның тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып Түркия мемлекеті таныды.

Бейнежазба көрсету "Сен білесің бе?"

Тәуелсіз Қазақстанның саяси тарихы: Оқиғалар жылнамасы

1991 - 2015 жылдар аралығында елімізде болған маңызды оқиғаларға шолу

1991 жылы 16 желтоқаснда - "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" ҚР Заңы қабылданып, мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды.

1991 жылы 1 желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республиканың Президенті етіп сайлады.

1991 жылы қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.

1994 жылы 30 маусымда қазақ халқының екінші қыраны-ғарышкер Талғат Мұсабаев ағамыздың аспан көгіне 6 айлық сапарға аттанғанын мақтанышпен айта аламыз.

1993 жылы, 13 қарашада төл теңгеміз дүниеге келді. Ал,2006 жылы қарашада қолданысқа жаңа үлгідегі теңгелер енгізілді.

1995 жылы ақыл – ойдың данышпаны, қазақ халқының дана ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толғанын ЮНЕСКО көлемінде атап өттік.

1995 жылы 30 тамызда Ата Заңымыз қабылданды.

1996-жылы 9 желтоқсанда Президент жарлығымен Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбекке "Халық қаһарманы" атағы беріліп, айрықша, ерекшелік белгісімен "Алтын жұлдыз" тапсырылды.

1996 жылы 16 желтоқсанда Алматыда Тәуелсіздік ескерткіші ашылды. Ал, 2001 жылы Тәуелсіздіктің 10 жылдық мерекесі атап өтілді.

1997 жылы Астана Ақмола қаласына көшірілді.

1998 жылы мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы үкімет қаулысы шықты.

1997 жылы "Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы" болып белдгіленді

1998 жыл "Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы" болды.

1999 жылы тұңғыш Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев қайта сайлайды, ал 2005 жылы желтоқсан айының төртінші жұлдызында болған сайлауда ел қалауымен Н.Ә.Назарбаев тағы жеті жылға сайланды

1999 жыл "Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы" болып белгіленді.

2000 жыл "Мәдениетті қолдау жылы" болды.

2002 жыл "Денсаулық жылы" деп белгіленді.

2003-2004 жыл "Ауыл жылы" болып саналды.

2005 жыл Дүниежүзі қазақтары үшін құрылтай болды.

2006 жылы Қазақстандағы Пушкин жылы болды.

2006 жыл Ресейдегі Абай жылы деп саналды.

2006 жылы 6 қаңтарда әнін Шәмші Қалдаяқов, сөзін Н.Ә.Назарбаев жазған "Менің Қазақстаным" атты ҚР жаңа мемлекеттік әнұраны бекітілді.

2010 жылы ҚР ҰҚЫҰ Саммитіне төрағалық етті.Осы саммитте Астана декларациясы қабылданды.

2011 жылдың басты оқиғасы – бұл әрине сәуір айының басында өткен кезектен тыс Президент сайлауы. Орталық сайлау комитетінің мәліметі бойынша, сайлаушылардың 99,5 % өз дауысын Нұрсұлтан Назарбаевқа берді. Сайлаудың кезекті тыс өтуіне себеп болған ҚР Парламентінің референдум ұйымдастырып, сол арқылы Президенттік уақытты одан әрі ұзарту туралы ұсынысы. Президент Н.Назарбаев бұл ұсыныстан бас тартпады, сайлау өткізу туралы шешім қабылдады.

Сол жылы еліміздің тәуелсіздігіне 20 жыл толды және Парламенттің төменгі палатасы таратылып, келесі жылы 15 қаңтарда, кезектен тыс Парламент сайлауы өтетіндігі белгілі болды.

2012 жыл Қазақстан үшін спорт саласында үлкен жетістіктерге толы болды. Лондон Олимпиадасында Қазақстан құрамасы 7 алтын алып, жалпы командалық есепте 12 орынға ие болды.

2013 жыл "Әділет" және "Руханият" партиялары бірігіп жаңа бір саяси партия құрды және оның аты "Бірлік" болып аталды.

2014 жыл Астана күні қарсаңында Елордада жаңадан салынған Ұлттық музей ашылды. Салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан Н.Назарбаев "Бұл – замануи сәулеттің үздік туындысы, ол қалалық ландшафтты өзінің бірегейлігімен толтырады" – деп атап өтті.

2015 жыл - Қазақ тарихының жылнамасында ерекше есте қалады Қазақстан Халқы Ассамблеясы мен "Конституциямыздың 20 жылдығы", "Қазақ хандығының 550" және "Жеңістің 70 жылдығы" мемлекеттік деңгейде атап өтілді.

Тамыз айында Елбасы Елбасы Ұлытау жерінде сұхбат беріп, еліміздегі негізгі мәселелерге байланысты көзқарастарын білдірді. Оның ішінде, қазақ ұлтының тарихы, діні, тілі, сондай-ақ еліміз үшін аса маңызды саналатын Еуразиялық экономикалық одақ жайлы тақырыптар қамтылды.

Осы жылы қазақтың 3-ші ғарышкері Айдын Айымбетов ғарыш көгіне самғады.

Қазақ поэзиясының алыбы ұлы Абайдың 170 жылдығы ел көлемінде тойлануы да осы тәуелсіздік жемісі.

2015жыл 30 қарашада Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына кезекті жолдауын жолдады.


IV. Қорытынды бөлім

Рефлексия

"Қазақстан - тәуелсіз ел" тақырыбында шағын шығарма жазу

/шығармада ата - бабалар, тәуелсіздік, аңсаған, дамыған, сол себепті, сондықтан, көк туымыз, желбіреген сөздерін пайдаланыңдар/

"Бес жолды өлең" әдісі арқылы "тәуелсіздік" тақырыбына өлең құрастыру.

Зат есім(1)...

Сын есім (2)...

Етістік (3) ...

Сезімді білдінетін сөз (4) ...

Синоним (1) ...

Білімдіден шыққан сөз-

Талаптыға болсын кез.

Нұрын, сырын көруге

Көкірегінде болсын көз, - деп Абай атамыз жырлағандай талапты, көкірегі ояу, білімді де еңбекқор ұрпақ болу біздің міндетіміз!

Ендеше, Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын!

"Тәуелсіздікке 24 жыл!"

/құттықтау сөз бейнероликтен көрсету/

Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!





































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
1144
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі