жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық тәрбие сағаты "Тәуелсіздікті аңсаған-қазағым!" 1-4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздікті аңсаған- қазағым!
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының бастарынан кешкен қиындықтар мен күрестер туралы айта отырып, бүгінгінің жеткен жемісі туралы айту. Тәуелсіздік күнінің тарихын ашып көрсету, халық қаһармандарымен таныстыру. Бойларына адамгершілік, отаншылдық қасиеттерін дамыту.
Оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт – бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының түрі: Таным сағаты.
Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының рәміздері, Отан, тіл туралы нақыл сөздер, «Тәуелсіздік туы» буклеті, Қ. Рысқұлбековтың, Л. Аснованың, С. Мұқанмеджан – қызының, Е. Сыпатайұлының портреттері, Бәйтеректің суреті. ҚР 1991- 2011 жылға дейінгі үзінділер бейнеленген слайдтар, плакаттар, бейне фильм, карта, Желтоқсан көтерілісіне байланысты фотосуреттер.
Мұғалім: Құрметті ұстаздар оқушылар! Бүгін біз дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арналған «Тәуелсіздікті аңсаған- қазағым!» Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінің 25 жылдық мерей тойымен құттықтаймыз. «
1-оқушы: Назым
Мұз жастанып азаттықтың жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Жеңіп шықтың, бас имедің, қасардың,
Сойыл таяқ ойнаса да жанында.
Отан үшін жанын қиды ұлдарың,
Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың,
Күйініштен ауырады жүрегім,
Естігенде желтоқсанның ызғарын,
Желтоқсан – ау, ұмытылмайсың жүректе,
Ұрпақ өсер айналатын тірекке,
Егемендік тиді бүгін еншіме,
Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке.
2-оқушы: Сәбит
Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы
Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы!
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!
Мұғалім:
Алматыдағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы Кеңес Одағы халықтарының санасын – тоталитарлық ұйқыдан оятты. Бүгін оған ешкім күдік келтірмейді.Республика басшыларын да өздері тағайындады. Халықтар тағдырын да сол жақтан шешіп жатты. Осы империялық саясатқа наразылық білдірген қазақтың өрімдей ұл – қыздары сол кезде орталық алаңға шыққан еді.
3- оқушы: Ұлдана
Алматыда 1986 жылы желтоқсанның 16-сында
Қастандығын қазақтарға Ресей әлі қоймады,
Теңіз болып аққан қазақ қаннына тоймады.
Келесі қадам тағы да бір қазақтың болды сорына,
Қонаевті алып тастап, Колбинді қойды орнына.
Бұған шыдау нағыз еді мәңгүрттіктің белгісі,
Қазақ ұлтын басқарғаны ұлты орыс бір кісі.
4-оқушы: Өмірбек
Ашу – ыза қайнауының жетті болар шегінде,
Көтерілді бұл жастар жалын болар еліне.
Мың тоғыз жүз сексен алты боялды жастар қанымен,
Желтоқсанның он алтысы есте қалар жанымен.
5-оқушы: Мирас
Алматының алаңында бар студенттер жиналды,
Ақсақалы қазағымның амал таппай қиналды.
Қырылды жастар, аямай ұрды ұл – қызына қарамай,
Апарып тықты абақтыға ешқайсысын аямай.
Рысқұлбеков Қайрат еді ереуілдің басында,
Асанқызы Ләззат пенен Әлия бар қасында.
Аямады ешқайсысын, ереуілді бастаған,
Қанішерлер жастарын қазақ отына ажал тастаған.
Қанды жас болып төгілді
Ата – баба қарғысы, бекер болып жатпады…
7-оқушы: Оралбек
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең, алыңдар!
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар,
Еркек тоқты – құрбандық,
Атам десең, атыңдар!…
8- оқушы: Манас
Жүрегімде мәңгі бақи
Желтоқсан
Намысымды мұзға көмген бұл
Тоқсан
Жазықсыз қанша қанға бөктіріп,
Қазағымды қойша қырған
Желтоқсан
Қазағымды танытқан күн –
Желтоқсан.
Көкірегімді жанышқан күн –
Желтоқсан.
Қайрат сынды хас батырды
Азаптап,
Жан – тәнімен қарытқан күн –
Желтоқсан.
9-оқушы: Нұржан
Мен қазақпен, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім!
Мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске –
Айта бергім келеді, айта бергім!
10-оқушы:Ғанимат
Жас арудың жанарында қалған мұң,
Асылымнан мәңгі ажырап қалғанмын.
Жауыздардың айы туып оңынан,
Тұмшалаған түн – түнегі жалғанның.
Артта қалып ызғары сол азап күн,
Тәуелсіздік таңы атты қазақтың.
Тапталса да қан мен мұзда намысым.
Мен мәңгілік рухы биік қазақпын!!!
11- оқушы:Нұрдәулет
Бірақ – бірақ уақыт бәрін дегенімен жасалады,
Колбин түсіп, орнын Назарбаев басады.
Ереуілге шыққан жастар үміті орнын тапты ғой
Қаншама жан, қаншама қан бұл күн үшін төкті ғой.
Дегенімен, өтті күндер қалыптастық ел болып,
Ту көтердік бірлікпенен тәуелсіз бір жер болып.
Сан ғасырлар төгілген қан зая ағып кетпеді,
Ұлы халық тілеген соң ажал оғы жетпеді.
-
Мұғалім:
18 қыркүйек күні Алматыдағы Желтоқсан және Сәтбаев көшелерінің қиылысында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 20 жылдығына арналған «Тәуелсіздік таңы» ескерткішінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Елбасы ескерткіштің ашылу рәсімінде сөз сөйлеп, былай деді:
– Бүгін Әнұран болған «Менің Қазақстаным» әнімен 86 – жылы осы алаңда еліміз де, тіліміз де, тарих, мәденинетімізді де білмейтін, жаны ашымайтын адамды алып келгеніне намыстанып, жастарымыз алаңға шықты. Кең байтақ елімізді сақтап қалған ата – бабамыздың тәуелсіздікті армандап еркін боламыз, ел боламыз дегенін қолдаған жастар нағыз батырлар еді. Осы жылдардың ішінде біз қазақ өзін – өзі басқара алмайды деген сөзді жоққа шығардық. Сол жастардың аңсаған тәуәлсіздігі келді. Тәуелсіздік өркендеп өсіп, Қазақстан дүние жүзіне белгілі болды. Көш бастап келе жатқан мемлекетке айналдық. Желтоқсан батырларына ескерткіш ашу көптен ойда жүрген шаруа еді. Басты мақсат – татолитарлық жүйеге қарсы күресте төгілген қанды есте сақтау, қастерлеу. Екінші жағынан, болашаққа үлгі ету. Қыршынынан қиылған жастарға көрсетілер құрметтің үлкені де осы болмақ.
12 – оқушы: Жансая
Білген шығар әрбір қазақ тәуелсіздік қадірін,
Зұлым заман, азапты заман, берді ғой Алла ақырын.
Білейік елім, білейік халқым, тарихын ащы қазақтың,
Жол бермейік орнауына тағы да бір азаптың.
Мұғалім: Құрметті қауым, бүгінгі шарамызды « Тәуелсіздікті аңсаған- қазағым» деп атағанымыз жай емес. Ата – заманнан күресіп жатқан халқымыз бүгін тәуелсіздігін алып, бақытты өмірге келіп жатқан осының бәрі өткен күрестердің жемісі.
Ербол Бейсенұлы Спатаев. Ол Алматы облысы, Жаркент ауданы, Еңбекшіқазақ ауылындағы Алшынбековтер отбасында 1964 жылы өмірге келді. Ата – анасы мен туған – туыстары нәрестеге «Ер болсын, батыр болсын» деген ырыммен «Ербол» атты есім берді, Атына заты сай көп Ерболдың бірі болып өсті. Ата – анасының қолын ұзартты. Мал қайырды, отын жарды, су тасыды. Шаруаға пысық, ойға алғырлығын байқатты. Бір күні үй ішінде ол күтпеген жағдай болды. Әкесінің ағасы Мұқажан бір перзентке зар болып жүрген екен. Көңілі Ерболға құлапты. Ол да ата – әжесін өте жақсы көруші еді. Бауырларына арсалаңдай барып, енеді де кетеді. «Атасының аузынан түсіп қалғандай» баласы болады. Оларға жәрдемін тигізіп, қуанышын көбейтеді. Зерек бала ата аманатына адалдығын танытып, темекі тарту, арақ ішу секілді жат қылықтардан бойын жырақ ұстады. Бұған ата – әжесі тәрбиесінің ықпалы аз болған жоқ.
Әскер қатарында да абыройлы қызмет етті. Сан мәрте мақтау қағазымен марапатталды. Елге келген соң атасының ақылымен Алматы энергетика институтына оқуға түсті. Бұл 1984 жыл болатын.
1986 жылғы желтоқсанның 18 – гізі күні алаңдағы көп жастардың ішінде атасының баласы да бар еді. Топ ішінде келе жатқан оны жасақшылардың бірі арматура сойылмен мұрттай ұшырды. Көзінің оты жарқ етті. Ес – түссіз жігіт ауруханаға жөнелтілтеді. 20 – желтоқсанда оның көзіне күрделі операция жасалып, көп ұзамай 22 – желтоқсанда есіл ұл дүниеден қайтты.
Ерболдың ата – анасы 23 – желтоқсанда хабар естиді. 24 – желтоқсанда Қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері батыр ұлдың мәйітін әкеліп, атасы мен әжесінің баласын жер қойнауына берген.
Сәбира Есенқызы Мұхамеджанова. Ол 1970 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Ақмектеп ауылында жарық дүниенің есігін ашқан. Отбасындағы балалардың сүт кенжесі екен. Зерек, өжет, ағыр қыз «ақылды ерке» болады.
1985 жылы сегіз жылдықты үздік бітіріп, Өскемен қаласындағы педагогикалық училищенің бастауыш сыныптарға мұғалімдер даярлайтын қазақ бөліміне оқуға түскен. Бірінші курсты ойдағыдай бітіріп, математика, физика сияқты пәндерді жақсы оқиды. Ол екінші курста оқып жүргенде, яғни 1986 жылы, желтоқсанның 22 – сі күні Өскеменді дүр сілкіндірген көтеріліс басталады. Көтеріліске педагогикалық училищенің, жол – құрлыс институты мен педагогикалық университеттің студенттері қатысты. Көтерілістің бел ортасында қайсар қыз Сәбира мен оның дос қыздары жүрді. Училищенің педагогикалық ұжымы бұл істі назарларынан тыс қалдырмады. Қыздардың көтеріліске қатысқандары үшін кезектен тыс ата – аналар жиналысын ұйымдастырып, шалғай ауылдарға жеделхаттар жөнелтілді.
Жеделхат қолына тие сала Сабираның анасы – Гүлшара Сағидолдина да артынып – тартынып Өскеменге жетті. Ол кісі отыз жылдан астам ұстаздық етіп, зейнетке шыққан жан еді.
26 – желтоқсан күні кешке жоспарланған ата – аналар жиналысы өтеді. Оған студенттер мен педагогтар да қатысқан. Жиналыс барысында мұғалім Шолпан Мұхамедиева Гүлшара апа мен Сабираның намысына тиетін сөздер айтады. Намыстан жылап жіберген Сабира есіктен атып шығады. Сол екпінмен 5-қабатты өз бөлмесіне келіп, терезенің форточкасынан денесін тастайды. Алпыстан асқан аяулы ана он алты жасар сүт кенжесінің жансыз денесін ауылға алып қайтам дегенді еш ойламаған.
Ләззат Алтынайқызы Асанова. Ол 1970 жылы шілденің 27 – сінде Алматы облысы Жаркент ауданындағы Ақжазық ауылында туылған. Ақылды, ажарлы, өнерлі қыз небәрі он алты жасында, яғни 1986 жылғы желтоқсанның 25 – і күні дүниеден өтті.
1985 жылы Алматыдағы П.И.Чайковский атындағы музыкалық училищеге оқуға түскен. 1986 – жылғы Желтоқсан көтерілісінде: «Қазақтар! Кіріптарлық құлдықта өмір сүргеніміз жетеді! Біз еліміздің тәуелсіздігін жеңіп алған кезде ғана азат боламыз!» – деп ұрандайды. Көтерілістен кейін Ләззат та қамауға алынады. Бірақ, 25 – желтоқсанда Ләззаттың мүрдесі өзі оқыған музыка училищесінің ауласынан табылады. Соған байланысты: «Желтоқсанның бесінші қабатынан өздігінен құлап өлген» деген қауесет қасақана таратылады. Солай дей тұра мәйітті Алматы облысы, Жаркент ауданындағы Ақжазық ауылына Ішкі Істер Министлігі мен Мемлекеттік Қауіпсіздік комитететінің қызметкерлері арнайы қарауылдап апарған. Ләззаттың денесін жуған сүйекшілер оның білегіне салынған кісеннің көкпеңбек іздерін, бас сүйегінің шүйдесі ойылып кеткенін көреді. Демек Ләззат құқық қорғаушылардың қолынан қаза тапқан.
Ләззат Алтынайқызы Асанованың анасы ауыл мектебінде кітапханашы еді. Қызының құпия өлімі туралы көп шындықтың ашылуына сол кісі түрткі болады. Ол туралы Баспасөз беттерінде ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің пікірі жарық көрген.

Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков. Ол 1966 жылы наурыздың 13- күні Жамбыл облысында дүниеге келген. Әкесі – Ноғайбай орталау білімі бар мал маманые, шешесі – Дәметкен Сауыншы болатын. Шиеттей сегіз баланы жеткізу үшін қырда мал бақты. Ал балалары Новотройцк ауылындағы шопан балаларына арналған мектеп – интернатта білім алды.
Қайрат мектептегі қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын. Өлең жазуға, сурет салуға жасынан құштар еді. Мектептегі қабырға газетін шығаруды өз міндеті санайды. Орта мектепті аяқтаған соң Алматы құрылыс инсттитутына құжаттарын тапсырады. Бірақ түсе алмай, Әкесіне жәрдем беріп сиыр бағады. 1984 жылы әскер қатарына аттанады. Отан алдындағы борышын адал атқарып, сержант шенімен үйіне оралады. 1986 жылыдың жазында өзі армандаған Алматы сәулет – құрылыс инсттитутына оқуға түсті. Жалынды жастың бірі ретінде көтеріліске қатысты. Қайратқа «жасақшы Александр Савицкийді өлтірді» деп айып тағып, ең ауыр өлім жазасына кеседі. 1988 жылғы 23 – көкекте оған кесілген өлім жазасы жеңілдетілді, яғни 20 жылға абақтыда жазасын өтеуге ауыстырылды. Артынша 21 – мамыр күні Семей қаласындағы түрмеде жұмақ өліммен қайтыс болады.
Марқұмның денесі туыстарына берілмей, Шығыс Қазақстан облысының Абыралы ауданына жерленеді. Жазықсыз батырдың басына мәрмәр тас қойылып, ескерткіш тақта орнатылады. Ақынжанды батыр ұлдың өлеңдері мен хаттары, қиын – қыстау күндерде жазған күнделігі «Еменнің иір бұтағы» атты кітапшаға топтастырылып, баспа бетінде жарық көрген.
Желтоқсан көтерілісінің батырлары туралы нақты деректер осы. Уақыт жылжыған сайын, оқиға көмескілене түседі. Бірақ болған оқиға, ақиқат ақтаңдақтары тарих елегінен сұрыпталып, саналарына мәңгі жатталып қалатыны бар. Олар туралы әңгіме таусылмақ емес.
Сабақтың тақырыбы: «Жол тәртібін сақтайық»
Сабақтың
мақсаты:
1.Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру .
2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің
белгілерімен таныстыру.
3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға
тәрбиелеу.
· Көрнекілігі: Жол ережесіне арналған суретттер. қатырма қағаздан бағдаршам макеті, жас автоинспектордың жол тәртібіне арналып жазылған ұрандар «Жол тәртібін жадыңда ұста!» «Бәріміз бағдаршамға бағынайық». «Көшеде сақ бол!»-деген сөздер
Сабақтың барысы.1. Кріспе әңгіме.
Бүкіл әлемдегі жолдарда, қала көшелерінде жүйткіген автомобильдер, троллейбустер, трамвайлар, мотоциклдер. Жүргізушілер жол апатына ұшырамау үшін, жол ережелерін бұзбайды. Жол қозғалысын көшеде реттейтін, сенің көшеден өтуіңе көмектесетін сиқырлы үш көзді бағдаршам. Ол машиналарға қызыл көзімен қараса: «Тұр! Жүруге рұқсат жоқ!»-дегені. Саған жасыл көзімен қараса: «Жүруге рұқсат, жол ашық! » -дегені.
Армандарға алда күткен асығамыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз.
Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген
Бүгінгі бізге келген қонақтарға
Басталсын жолда жүру ертеңгілік.
І.Оқушыларды жол белгілерімен таныстыру.
1. Жаяу жүргіншілерге арналған жол.
2. Велосипед жүруге болатын жол
4. Велосипедпен жүруге болмайды деген ескертпе
5. Жаяу жүргіншілердің қазғалысына тиым салынады
ІІ. «Жол белгілері» ойынын ойнату. (Мозаика)
ІІІ. Жұмбақтар шешу.
Көзін ашып жұмады.
Бағыт сілтеп тұрады. (Бағдаршам)
Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырығы күшті адам.(Автоинспекция қызметкері)
Арқаным тым ұзын.
Ала алмайсың бір үзім. (Жол)
Сөйлеуді білмейді
Бірақ «Тоқта,жүр»-дейді.
(Бағдаршам)
ІY. Сергіту сәті:
Балалар, қазір бағдаршам ойынын ойнаймыз.
Қызыл жанса – тыныш тұрамыз.
Сары жанса –оң аяғымызды көтеріп, дайындаламыз.
Жасыл жанса –топ-топ басып жүреміз.
Томирис: Жол жүрудің тәртібін
Ережесін білеміз.
Сақтағанда қатерден
Сау саламат жүреміз.
Ү. Сұрақ- жауап:
-Көшеде өтіп бара жатқан автобус, трамвайдың артынан жабысуға, қыста жабысып сырғанауға бола ма?
-Балалар, жаяу қай жолмен жүруге болмайды?
-Қала көшесімен келе жатқанда абай бол! Асықпа! Тек тротуар немесе жол жиегі мен ғана жүр.
-Көшеде жүру тәртібін не басқарады?
-Бағдаршамның- өмірімізді апаттан сақтандыратын көмекшіміз, оның сырын біліп, тілін алу баршамыздың міндетіміз.
Бағдаршам жол элементтерінің ішінде ең ерте пайда бола бастағаны. Қазір бағдаршамның жасы жүзден асып кетті. Әрі оның кескіні- келбеті де, құрылысы да әлденеше рет өзгерді, жаңарды. Ол жол қозғалысына қатысушыларға өз жарығымен бағыт сілтейді.
ҮІ. Бағдаршам көздерін түстерін қарай бояу.
ҮІІ.Диас. Бағдаршам: Көрегенмін, қырағымын.
Үш көзім бар, үш сыншым.
Сақтап халық өмірін
Тәртіпті мен орнаттым.
Ортаға үш көмекшім, үш сыншымды шақырамын,
Қайдасыңдар достарым?
Ақбота. Қызыл көз: Мен көзімді ашқанда,
Ешқашанда баспа алға.
Орнында тұр қозғалма,
Ереже бұл «Сен тоқта!»
Аққу. Сары көзі: Мен көзімді ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жүруге әлі болмайды,
Дайындықты сақтайды.
Диас. Жасыл көзі: Мен көзімді ашқанда,
Көліктер саған тоқтайды.
Ережені білгендер,
Өтуге еш қорықпайды.
Үш сыншы бірге: Жолды кесіп өтерде,
Сол жағына қарайла.
Жарты ортаға келгенде,
Оң жағына қарайла.
Білгенінді басқаға
Үйрете жүр, жарай ма?
ҮІІІ. Сурет бойынша тапсырма : Мына суреттегі жағдайларда қалай ойлайсыңдар қай нөмірге телефон соғамыз
«101»- өрт сөндіруші көлігіне;
«102»- полиция көлігіне;
«103» - жедел жәрдем көлігіне.
ІХ. Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»
ХХ. «Көшеде біз сақ болайық» Ойынын ойнату
«Жас көлік жүргізушісі», «Ең озық көлік жүргізушісі» дипломдарымен марапаттау.
Міне, қалада, ауылда, бағдаршам тұсынан өткенде, көздеріңе қарап жүруге дағдыланыңдар, сонда бәріміз аман боламыз.
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Біз қауіпсіз әлем
үшін»
Мақсаты:
Білімділік:
Төтенше жағдайларда іс - қимылдарын ұйымдастырудағы білімді үгіт -
насихаттауды күшейту мақсатында – болуы ықтимал апат оқиғаларында
өздеріне, төңіректегілерге жәрдем көрсетуге үйретудің қарапайым
жолдарын меңгерту;
Тәрбиелік:
Өрттен, жер сілкінісі, зардап шегушілерге қамқорлық жасап, әдепті
болу, жедел жәрдем келгенге дейін зардап шегушілерге алғашқы көмек
көрсету;
Дамытушылық:
Топпен жұмыстануға дағдыларын
дамыту.
Сабақтың типі:
Топпен жұмыс.
Сабақтың әдісі:
баяндау, сұрақ жауап, көрнекілік, сахналық
көрініс.
Құрал -
жабдықтар: ACTIVBORD интерактивті тақтасы, өрт сөндіру
құралдары.
Сабақтың
барысы:
I. Ұйымдастыру
(амандасу)
II. Сабақтың
тақырыбын, мақсатын айтып
кету.
III. Өрттердің
пайда болу себептері, қауіпсіздік шаралары туралы түсінік беру;
(Слайдпен жұмыс, видео - ролик
көрсету).
ІY. Топпен жұмыс (Сынып оқушылары екі топқа
бөлінеді)
1 -
жүргізуші:
Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев кейінгі жылдары болған оқиғалар табиғи зілзалалар
мен техногенді апаттардың алдын алу мен залал зардаптарын еңсеруде
жан - жақты көмектесу мен келісілген іс - әрекеттерді жүзеге
асырудың қажеттілігін паш
етті.
2 -
жүргізуші:
Осы салада
тұрақта сенім жүйесін қалыптастыру үшін шұғыл ақпараттар алмасуды
жолға қою айрықша маңызды. Кейде қажетті мәліметтердің болмай
жататыны жүздеген мың адамдар үшін қайғы – қасіретке ұласатынын
зерделеу ауыр – деді
Елбасы.
1 -
жүргізуші:
Қазақстан
Республикасының Министрлер кабинетінің «Төтенше жағдайларды ескерту
және іс - әрекеттер бойынша халық пен мамандарды оқыту жүйесін құру
жөніндегі шаралар туралы» 1993 ж 30 қыркүйек № 969 Қаулысында
сейсмо қауіпті аймақта орналасқан барлық нысандарда тоқсан сайын
сейсмо жаттығу өткізу
белгіленген.
2 -
жүргізуші:
Осы мақсатта
біздің ұсынып отырған сабағымыздың тақырыбы «Біз қауіпсіз әлем
үшін» деп аталады.
«Өрт
қауіпсіздігі» атты видео - ролик
тамашаланады.
1 - кезең: Сұрақ - жауап: (Екі топқа сұрақтар
беріледі).
1 -
топқа.
1. 2003 жылы
14000 шамасында өндірістік және тұрмыстық өрт болды. Одан 1000 –
дай адам зардап шегіп, 560 - ы қаза болды. Тұрғын үй секторындағы
өртттің негізгі себептері: электр өткізгіштің тұйықталуы, қараусыз
қалған қыздырғыш приборлары, жылыту пештерінің приборлары, жылыту
пештерінің ақаулығы, балалардың отпен ойнауы... Осы аталған
жағдайларды болдырмаудың жолдары. (Оны болдырмаудың жолдары қандай?
).
2. ҚР ең алғаш
төтенше жағдайлар министрі кім болған? (Заманбек
Нұрқаділов)
2 -
топқа.
1. Өткен жылғы
мәліметтер бойынша автожол үстінде 10500 - дей көлік апаты мен жол
оқиғасы тіркелді, бұдан 14000 – дай адам зардап шекті. Оның ішінде
1900 адам қаза болған. Автожолдардағы апаттылықтың жоғарғы
дәрежесінің негізгі себептері – көлік құралдарының техникалық
күйінің нашарлауы, жүргізушілердің дайындығы мен тәртібінің
төмендеуі.(Оқушылар жауаптарын
береді).
2. Табиғи және
техногендік апаттарға нелер жатады? (жер сілкінісі, боран, сел,
қатты дауыл, бұрқасын ------ жол - көлік оқиғалары, электр
бағандары, газ баллоны
жарылуы)
ІІ кезең: Бақытсыздық жағдайы аяқ астынан
белең алуы мүмкін сондықтан да қандай жағдай болмасын алғашқы көмек
көрсетуге әрбір азамат дайын болуы
тиіс.
Осы орайда
оқушылардың өздерінің тобына байланысты төтенше жағдайға ұшыраған
кезде көрсететін көмектеріне кезек береміз:
(көрініс)
1 - топ.
«Алғашқы өрт сөндірушілік
көмек».
2 - топ. « Өрт кезінде күйген адамға алғашқы
көмек көрсету»
(Көрініс түрінде
көрсетіп, жауаптарын түсіндіріп
айту).
ІII. Тест жұмысы. (Дұрыс жауаптарын
белгілейді)
1. Бүкіләлемдік « Азаматтық қорғау
күні»
а) 1.
01.
в) 1.
02.
с) 1.
03.
2. Егер үйіңде
өрт болып қалса қай номерді
тересің?
а)
102;
в)
103;
с)
101.
3. «02» номерін
тергенде кімге телефон шалып
жатырсың?
а)
дәрігер;
в)
милиция;
с)
газ.
4. Егер иісін
сезсеңіз қай номерді
тересіз?
а)
104;
в)
102
с)
103.
5. Егер жақын
адам немесе өзің күрделі жарақат алсаң қай номерге
хабарласасыз?
А)
101
в)
103;
с)
102.
ІҮ. Ситуациялық
жағдайдан шығу:
Апат айтып
келмейді. Табиғаттың тосын құбылысын болжай отырып алдын алу
шараларын жүргіземіз. Оған сіздің де дайын болуыңыз шарт. Табиғат
апаты кезінде өзіңді де, өзгені де құтқар дегім келеді, - дей
отырып ситуациялық жағдайдан шығу жолдарын
қарастырайық.
1 топқа: 1. Сендердің үйлерің өзен немесе көл
жағасында орналасқан болса, онда көктемде су тасқыны болды делік,
сендердің іс - әрекеттерің?
2. Тауға
саяхатқа шыққанда шатыр, шелек, балта, ыдыс, тамақ, жылы киім алып
шықтың. Сұрақ: нені тастап кеттім деп
ойлайсың?
2 топқа: 1.
Кешкі жаңалықтардан таңғы сағат 4. 00 де жер сілкінісі 6 баллға
болатынын хабарлады. Үйіңде өзіңнен ересек ешкім жоқ, 4 кішкентай
бауырың бар, сендердің іс -
әрекеттерің?
2. Ғимараттың
ішінде отырғаныңда жер сілкінісін байқадың, сендердің іс -
әрекеттерің?
Қорытындылау

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген