жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық тәрбие сағаты :"Тәуелсіздіктің 25 жылдығына 25 тілек "- 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан тәуелсіздігіне – 25 жыл »
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге,еліміздің рәміздерін қастерлеуге,еліміздің бай-қуатты мемлекет екендігін мақтан етуге үйретіп,
туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттырып,махаббат сезімін ояту;
Дамытушылық:Отанын ,туған жерін қорғай білуге,халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата-бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа,атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге,патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Тәрбиелік:Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу,шығармашылықпен жұмыс жасап,мәнерлеп өлең оқып,мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту;
Көрнекіліктер: Мемелекеттік Ту, Елтаңбаның суреттері, Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранының тексті; Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, Шәмші Қалдыаяқов, Жұмекен Нәжімеденов,Тудың жобасын жасаған Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков,Елтаңба жобасын жасаған Жандарбек Мәлібеков, Шота- Аман Уалихановтардың портреттері; Астананың суреттері, Қазақстан картасы, гүлдер,үн таспалар,ноутбук,проектор құрылғысы,сабақ барысында қолданылатын слайдтар.
Сабақтың түрі:әдеби-монтаж
Әдісі:сұрақ-жауап,әңгімелеу,түсіндірмелі,көрнекілік;
Тәрбие бағыты:Азаматтық,патриоттық және полимәдениеттік тәрбие беру
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі .
1.Оқушылар хормен: Күндей күлімдеп,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай таза көңілмен
1-оқушы: - Бүгінгі тәрбие сағатымызды бастаймыз.
2.Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалады.
ІІ.Негізгі бөлім.
1.Слайдта көрсету арқылы сабақтың тақырыбын,мақсатын жариялау
Мұғалімнің кіріспе сөзі:Құрметті қонақтар,ұстаздар,оқушылар!Бүгін біз жерінің асты байлыққа толы,жерінің үсті парасатты халыққа толы Қазақстан елі Тәуелсіздігінің 25 жылдығын зор салтанатпен атап отырмыз.Бүгінгі сабағымызда тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы туралы әңгілімекшіміз.
( Мұқағали Мақатаев «Отан туралы» (үн таспа қойылады))
Мұғалім :-Осы үнтаспаны тыңдаған соң сендерде Отан туралы қандай ойлар туындады?
Аңсар: Отан дегеніміз-адамның туып өскен жері,туған –туысқандарымен,жақындарымен бірге тұратын атамекені.Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны-Қазақстан Республикасы.
Алина: Қазақстан ,сен заңғар биіксің ,кеңсің.Біздің жанымыз өзіңе деген мақтанышқа бөленген. Біз сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіңбіз,тәуелсіздікті мықтап қолға ұстайтын балаларыңбыз!
Аңсар:Кең байтақ Қазақстан менің туған өлкем,оның асқар таулары мен айдын көлдері,жайқалған орманы,жасыл жайлауы - менің ақ бесігім.Сондықтан мен оны анамдай сүйемін.
Мұалім:Тәуелсіздігімізді жариялағаннан кейінгі 25 жылды еліміз көптеген жетістіктерге жетті.Сол жетістіктерімізге атап өтейікші.
ІІ.2.Слайдпен және суреттермен жұмыс (Тәуелсіздіктің жетістіктерінің суреттерін көрсете отырып әңгімелеу,суретті аударғанда бір-бірлеп Қазақстан сөзінің әріптері шығады.
Айерке,Алина,Аңсар,Асқар,Жандос,Даниял,Хадиджа,Сапарбай, Гаухар

1-мәліметҚ- 1991 жылы 1 -желтоқсандағы жалпыхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.Жоғарғы парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1-желтоқсан Қазақстанда алғаш рет –Тұңғыш президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтті .
2-нұсқа.Ел бағына туылған,
Ұлтқа ұран ,ту болған,
Халқы патша сайлаған,Нұрлы Сұлтан-Нұрсұлтан!
Қазақ елін басқарған,
Шекарасын салдырған,
Дербестікке бастаған, Нұрлы Сұлтан-Нұрсұлтан!
Бүкіл әлем таң қалған,
Парасатты ,данышпан,
Мойындаған бар ғалам, Нұрлы Сұлтан-Нұрсұлтан!
Жасты еңбекке баулыған,
Ақсақалын сыйлаған,
Салт-дәстүрді сақтаған, Нұрлы Сұлтан-Нұрсұлтан!
Дін мен ұлтты жинаған,
Мәмілеге шақырған
Бейбіт күнге жол салған, Нұрлы Сұлтан-Нұрсұлтан!
Ұрпақтарға балдырған,
Біліміңмен бағалан,
Өсиетін қалдырған, Нұрлы Сұлтан-Нұрсұлтан! (авторы:Болат Кенішбаев)
8-мәлімет- А Астана туралы.Сөзден соң өлең Алина
Сары арқа төсінде,
Сән беріп Есілге.
Жас қала –Бас қала,
Астана өсуде
Күн болып қарайды,
Шуақ болып тарайды.
Әлемге нұр шашқан,
Астанам арайлы.
Елбасы тілегі ,
Елімнің жүрегі.
Жасанған елорда,
Туған жер тірегі,
Даламның кеңдігі,
Тауымның ерлігі.
Астана ақ қала,
Ақ мәрмәр пәк қала.
Шарықтап ,қарыштап,
Шалқи бер,шаттана.
«Қазақстан» сөзі шығады.
-Бұл композициядан біз өз Отанымыздың оқыдық.Ия,біздің атамекеніміз,туған жеріміз,Отан-Анамыз,ол-Қазақстан.Ендеше балалар елімізге деген зор мақтанышпен оқи алатын өлеңдерің бар ма?Рәміздер,тәуелсіздік туралы да оқуға болады.
Осыдан соң Қуаныш Айерке С.Мәуленовтің «Қазақстан -Республикам менің» атты өлеңін оқиды. Слайдта жазулы болады.

Мәриям: Көк туым көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам төрге әлемге танылды анық.
Шырқадым әнұранды бар дауыспен,
Арманым- Ата Заңым қабылданып.
Ахмет: Жаңа ғана қазағымның таңы атты,
Алу мақсат Ел деп алғыс сауапты.
Әр отбасы,әрбір қазақ,әр адам,
Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты
Әділет: Тас жаратын семсердей тілімдесің
Жүрегімде,дінімде ,ділімдесің.
Байлығым,бақытымсың,ардақты Отан !
Ойым да,түнім де,күнімдесің.
Осыдан соң Гаухар: 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер-Елтаңба,Ту бекітілді.Міне,бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына Тәуелсіз мемлекет.Біздің өзіміздің Туымыз,Елтаңбамыз,Әнұранымыз бар.Егеменді Қазақстанбыз.
Мұғалім:Балалар,рәміздеріміз туралы ұранымыз бар еді ғой.Осы орай да айта кеткеніміз дұрыс шығар.
Бәрі:Қазақстан –Туымен тұғырлы,Елтаңбасымен еңселі,Әнұранымен айбатты.
Мұғалім: Басы аяғы 25 жылда еліміз ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктер биігінен көрінді. Әлемнің өркениетті мемлекеттері Қазақстанды танып білді. Енді сіздердің назарларыңызға әдебиет және дүниетану сабақтар арқылы танысқан Қазақ ақындарының туған елімізге арнап жазған өлеңдер топтамасын ұсынамыз.
Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым»;Дихан Әбілев «Туған тілім» -әр оқушы өлеңнің бір жолын оқиды,соңғы қорытынды жолын бірге оқиды.
Мұғалім: Жарайсыңдар! Осындай жүрекке жылу,мақтаныш сезімін құятын өлеңдердің бірі Мұхтар Шахановтың «Төрт ана» өлеңі.Осы өлеңді ақынның өз оқуында тыңдап көрелік. (үн таспа қойылады)
Мұғалім:Ал,балалар бұл өлеңнен соң қандай түйін жасадыңдар?(балаларды тыңдау) (Адам баласының туған анасынан басқа төрт қасиетті анасы болады.Олар:туған жері,туған тілі,салт дәстүрі,туған елінің тарихы.Егер осы аталғандарды туған жерімізді сүймесек,туған тілімізді білмесек,салт дәстүрлерімізді оқып- біліп ұстанбасақ,тарихымызды танымасақ жақсы азамат бола алмаймыз )
ІІ.3.Қазақстан туралы географиялық мәліметтер. Төменде көрселілген карта бойынша әңгімелеу:
-Біздің Республикамыз қандай мемлекеттермен шектесіп жатыр?(Қазақ жері бір шетінен екінші шетіне дейін құс қанаты жетпейтін ұлан ғайыр кең өлке.Бес мемлекетпен шекаралас.Ол солтүстігінде Ресеймен,шығысында Қытай халық республикасымен,оңтүстігінді Қырғыз,Өзбек,Түркмен елімен шектеседі.Батыста Каспий теңізімен,оңтүстік батыста Арал теңізімен шайылады.)
-Еліміздің жер көлемі қандай? (Республикамыздың жері 2 724,9 мың км2 аумақты алып жатыр.)
-Елімізде қанша халық тұрады? (Жалпы кұрамы жөнінен көп ұлтты мемлекет,ал саны Астана Қазақпарат агенттігінің 2016 жылғы 1 қаңтардағы мәліметіне сүйенсек еліміздегі халық саны 17 млн.671,0 мың адамды құрады.)
-Елімізде қандай қазба байлықтар ,өндіріс ошақтары бар? (балаларға әңгімелету)

ІІІ.Қорытынды бөлім. «Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына 25 тілек» (қабырғаға алдын-ала жасалған Қазақстан табиғаты туралы аппликациядағы көгершіндірдің аузына еліміздің туы түстес конверттермен тілектерін оқи отырып іледі.Оқушылар тілектерін алдын-ала жаттап алады.)
ІІІ.1.Тілектер:Мұғалім: -Балалар,біз осындай алып, қойнауы кен байлыққа толы,халқы дархан , көптеген ұлыстарға құшағынан орын тапқан дербес мемлекетте өмір сүріп жатқанымызды мақтанышпен айта аламыз.Болашақ өркениетті ,әлем таныған елімізге қандай тілектер айтар едік?Енді жүрек жарды тілектерге кезек берейік:
1.Асқар: Отаным - өзегім сен,
От алдым өзіңнен мен.
Жаралдым топырағыңнан
Нәр алдым өзіңнен
Сен үшін өмірді жаңарта алам,
Сен үшін өмірді жалғап қалам
Жаса алға, Қазақстан!
2. Алина Көк аспандай туларың
Желбірейтін күн бүгін.
Елім деген ұлдарың
Елжіресін сен үшін.
3.Аңсар Біз жас ұлан-Отан ана өркені,
Үміт артқан болашағы ертеңі.
Туған елдің даңқын көкке өрлетіп,
Гүлге орап жасартамыз өлкені.
4.Жандос:Тәуелділік кетіп еңсе жаншыған,
Өркендесін жерім менің жайқалып.
Сақтайық біз байтақ Атамекенді,
Бойымызда қалғанша бір тамшы қан.
5.Сапарбай:Туған елім, білім алып, өс енді,
Қадірлей біл ел бастаған көсемді!
6.Мәриям:Желбіресін байрағың желді күнде,
Биіктесін мәртебең елдігің де.
Таныта бер,ұлы Ел,бар әлемге,
Керегеңнің кеңдігін де,теңдігінде!
7.Гаухар: Сәулесі бар нұрыңды таңғы үміттің,
Басын қосқан сан халық,сан ғұрыптың.
Даңқың артсын,егеменді елім менің
Серігіне айналшы Мәңгіліктің!
8. Мәңгілік ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын!
9.Еліміздің Көкбайрағы бейбіт аспан астында желбіреп,әлемге таныла берсін!
10. Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт.Осы қуанышымыз құтты,бақытымыз баянды болсын!
11. Жаңа ғасырда қайта түлеген ,жасарып,түрленген еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болғай!
12. Өркениет көшіне ілескен халқымызға гүлдену мен көркею тілейміз!
13.Баршаңызға аспандарыңыз ашық,көңілдеріңіз шат,еңбектеріңіз жемісті болуын тілеймін!Әрқайсыңыздың қажырлы еңбегіңізбен сүйікті Отанымыз-Қазақстан гүлдене көркейіп,нығая берсін!
14. Әр отбасына татулық пен ырыс-береке ,Отанымыздың игілігі мен жарқын болашағы жолында жаңа табыстар тілеймін!
15.Сіздерге игілік,барлық бастамаларда сәттілік,ертеңге сенімділік тілеймін!
16. Әр ұлт ,әр халық үшін тәуелсіздіктен артық қасиетті де қымбат ештеңе жоқ.Еліміз алып,құқықтық,дербес демократиялық мемлекет ретінде әлемге танылды.Дәйім осы биіктен көріне беруге жазсын.
17. Еліміздің мәртебесі биіктеп,әлемге шарықтай беруіне деген ыстық ықыласымды жеткіземін.
18.Еліміздің дәулеті,жеріміздің сәулеті жолындағы игілікті істеріңіз табысты болсын!
19. Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап,Ұлттық намыымызды оятқан,әлемге қазақты азаттық сүйгіш,рухы биік,намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күні құтты болсын!
20. Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата-баба рухына
21. Бойымызда ән бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс ,бақыт,татулық пен ынтымақ.
22. .Елтаңбамыз ажарлы,әнұранымыз әуенді,асқақ бола берсін.
23. Елбасымыз алысты көрсін,
Ел-жұртымыз табысты болсын
Қыздарымыз сұлу,
Ұлдарымыз намысты болсын.
24. Көршілеріміз тыныш болсын,
Малымыз төлдеп,дастарханымыз мол болсын.
Рудан өсіп,ұл өзін сыйлап,
Ала алсын асылын жинап.
Алаштың азаматтары бір ауызды болсын,
25. Мәдениетіміз мәңгі болсын,
Тұрмысымыз сәнді болсын.
Бәрін айт та,бірін айт,
Дербестігіміз мәңгі болсын!
26. Елбасына мықты денсаулық тілейміз,біз ол кісіге сенеміз!
ІІІ.2. Қортынды сөз.
Гаухар:Біз –тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз.Сондықтан өз жерімізді,өз елімізді әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге ,сүюге,
Қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық.
Бәрі: Бәрі маған байланысты,Бәрі біздің қолымызда!
Мұғалім:-Тәуелсіздігімізді алтындай ардақтап,асылымыздай бағалайық,қымбатымыздай құрметтей білейік
Бәрі:Жасай берсін мәңгілік менің Атамекенім!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген