Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық тәрбие сағаты "Таза болса табиғат, аман болар адамзат"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«О. Бапышев атындағы жалпы орта мектебі» КММ.
Ашық тәрбие сағаты
Бағыты: «Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие»
Тақырыбы:
«Таза болса табиғат,
Аман болар адамзат»
Сыныбы: 4 «Б».
Сынып жетекшілер: Исаева Г.
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Таза болса табиғат,Аман болар адамзат».
Мақсаты: оқушылардың «табиғат»,
«денсаулық» құндылықтары және «табиғатқа қамқорлық» адами
қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- Табиғат пен адамның үйлесімділігі туралы түсініктерін
қалыптастыру;
- Денсаулығын күту іскерліктерін дамыту;
- Табиғатты, халқын сүюге, денсаулығын сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: слайд, табиғат туралы даналық сөздер, плакат.
Әдісі: әңгімелесу, сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, топтық
жұмыс.
Мұғалімнің сөзі:
-Құрметті оқушылар бүгінгі өтетін ашық тәрбие сағатының тақырыбы Фариза Оңғарсынованың «Таза болса табиғат, Аман болар адамзат» деп жырлағандай табиғат жайында болмақ. Табиғатты аялау – әрбір адамның абыройлы да азаматтық парызы. Табиғитты сүйе білген, оны аялап, күтім жасаған адамның жаны да, ары да таза болады. Жер – сенің аяулы бесігің. Осы жер үстінде сендер тіршіліктің есігін аштыңдар. Бүкіл тіршілікке жер үлкен қара шаңырақ іспеттес. Сондықтан да өз туған жерлеріңді таза ұстап қорғай біліңдер.
-Жердің пішіні қандай?
Оқушыларды шар тәріздес ортаға тұруға шақырамын.
Ал, жерге жылу шашып, тіршілікке нұр құятын не? Шаттық шеңбері.
Мұғаліммен бірге шеңберге тұрып, хормен:
Армысың, шапағатты күніміз,
Армысың, мейірімді жеріміз.
Армысың, табиғат анамыз,
Келді сізге өзіңіздің балаңыз.
Күнді ортаға шақырамыз.
Күн: Жылытып, қыздырып,
Нұрыма жүзіңдер.
Алтындай шуағым,
Сырқатты қуамын.
Әңгімелесу.Табиғат ана бір күні ұлдарын шақырып алып: - Адамдарға
көп қызмет еткен ұлдарыма сый тартамын, - деп уәде береді. Сонда
ұлдары анасының айтқанына қуана келісіп, адамдарға жақсылық жасауға
келіседі. Ұлдары жан-жаққа кетіп, адамдарға көп игілікті іс
жасайды. Күндердің күнінде ұлдары қайтып оралғанда анасының
бұрынғыдан да көріктене түскеніне риза болған ұлдары: - Апатай
мұның сыры неде? – дегенде Табиғат –ана: Аяулы ұлдарым менің, мұның
сыры сендердің адамзатқа жасаған қайырымдылықтарыңда, деп жауап
береді. Содан бері Жер, Су, Ауа, Ағаш аналарының сұлулуғын сақтап
қалу үшін адамдарға адал қызмет етіп келеді екен. – Енді балалар
осы Табиғат ананың балаларының аты бойынша төрт топқа
бөлінеміз.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деп аталатын ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы мақаласы жайында ой бөлісе отырайық. Елбасымыз: мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс деді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі басымдықтарын айтайық.
-
Бәсекеге қабілет
-
Прагматизм
-
Ұлттық бірегейлікті сақтау.
-
Білімнің салтанат құруы.
-
Қазақстанның ревалюциялық емес, эволюциялық дамуы.
-
Сананың ашықтығы.
-
Бәсекеге қабілет басымдығы бойынша оқушылар білгенін ортаға салады.
Осы бөлімде берілген тапсырмаларды орындауда білімдерімізді көрсету үшін бәсекеге қабілеттілігімізді көрсетеміз. Елбасымыз туған жер табиғатын қорғай отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру біздің басты міндетіміз екенін айтып өткен. Сондықтан ауылымызды көркейтіп, гүлдендіруге, табиғатты қорғауға қатысу керектігі айтылған. Ол үшін біз не істейміз? Табиғат туралы әңгіме қозғайық.
Жер тобы: «Күте білсең жер жомарт».
Су тобы: «Су бар жерде ырыс бар».
Ағаш тобы: «Ағаш ексең аялап, басыңда болар сая бақ».
Ауа тобы: «Ауа – өмір тынысы».
-
Прагматизм басымдығы бойынша оқушылар білгенін ортаға салады. Ұлттық және жеке байлығымызд ынақты білу, тиімді пайдалану, даңғойлыққа жол бермеу. Ата-бабадан мирас болып қанымызға сіңген қасиеттерді жаңғырту.
Табиғат адам баласының құтты
қонысы, жайлы мекені, ырыс-дәулеті, денсаулығының сенімді
сақшысы.Ал, жас табиғат қамқоршылары жиналған топ «Жасыл ел» деп
аталады. «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары 2005 жылы Елбасы Н. Ә.
Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауы негізінде
құрылған көшбасшы жастар ұйымы. «Жасыл ел» мемлекеттік
бағдарламасын жүзеге асыру бағытында аталмыш Жолдау негізінде 2005
жылы 18 ақпанда «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының Республикалық
штабы өз жұмысын бастады. Штабтың негізгі мақсаты - жастардың
көмегімен елімізді көгалдандыру, абаттандыру, сол арқылы студенттер
мен жұмыссыз жастарды еңбекпен қамтып, жас ұрпақ арасында
патриоттық және экологиялық тәрбиені насихаттау. Біздер «Таза болса
табиғат, аман болар адамзат» деген ұранмен адам жаны сау болып,
салауатты өмір сүру үшін жұмыстар жүргіземіз.
Осы бөлімде берілген тапсырмаларды орындауда топтарға тапсырмалар
беріледі.
- «Табиғаттан ешқашан қаша алмайсың,
Әуел баста егіз боп жаралғансың» деген өлең жолдарынан нені
түсінесіңдер?
- «Ол ауырса сенің де ауырғаның,
Ол сауықса, сенің де сауыққаның» дегенді қалай түсінесіңдер?
- «Табиғаттың қабағы қашан да ашық,
Сезбесе егер адамнан қауіп барын» деген өлең жолдарына
көзқарастарың қандай?
- «Аяласаң жаныңа шуақ тамар,
Қажығанда бойыңа қуат болар» деген өлең жолдарынан нені түсінуге болады?
3. Ұлттық бірегейлікті сақтау басымдығы ұлттық сананың кемелденуі.Ұлттық салт-дәстүріміз, тіліміз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз бойымызда мәңгі қалуы тиіс. «Сөз мәйегі мақал». Мақалдың жалғасын табу.
Жер тобы:
1. Жер тағдыры - ... ....
2. Барша байлықтың анасы - ....
3. Гүл жердің көркі, ... ... ....
4. Су бар жерде ... ....
5. Табиғат тазалығы, .... .....
6. Туған жердей жер болмас, ... ... ... .....
7. Жер байлықтың анасы болса, .... .....
8. Жер қазына, ... .....
Су тобы:
1.Бір тал кессең, ... .... ....
2. Көлдің көркі құрақ, ... .... ....
3. Атаңнан тал қалғанша ... ....
4. Сөз сағасы – құлақ, ... .... .....
5. Жер қазына, ... ....
6. Жер байлығы, .... ....
7. Таулы жер бұлақсыз болмас, ... ... ... .....
8. Орман – тоғай жер сыны, .... .... ... .....
Ағаш тобы:
1.Орман көп болса, ... ....
2. Ағаш ексең аялап, .... ... ....
3. Бағбан болсаң бақ өсір, ... ... .... ....
4. Табиғаттың тәні – жер, қаны - ... , жаны - ....
5. Орманды жерде отын көп, .... .... ..... ....
6. Судың кепкені, .... ....
7. Өлкенің көркі мал болар, ... .... ... ....
8. Табиғат – алтын ....
Ауа тобы:
1.Дала көркі мал, ... ... ...
2. Жер тойынбай, ... ...
3. Жаңбыр жауса жер ырысы, ... ... ... ....
4. Ағаш жапырағымен, ... ....
5. Су бар жерде ... ....
6. Мал баққандыкі, ... ....
7. Су табиғаттың ....
8. Ағаш көркі – жапырақ, .... .... ....
-
Білімнің салтанат құруы. Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу қанымызда бар қасиет. Табысты болудың басты фактор білім екенін естен шығармауымыз керек. Себебі: құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.
Көтеріңкі көңілмен әндетіп сергіп алайық. Әр топқа бір шумақ өлең беріледі.
Келді көктем далаға,
Келді сұлу шағала.
Аспандағы ақ құстар,
Айдын көлді арала.
Зеңгір көктем, нұрын төккен,
Ортақ біздің күніміз.
Жайнап өскен, жайдары өскен,
Біз өмірдің гүліміз.
Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп.
Ауылдың маңы терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп.
Саумал бұлақ балдай дәрім,
Салқын самал баурайларың.
Сағындырған беу, туған жер,
Сағындырған Саржайлауым.
-
Қазақстанның ревалюциялық емес, эволюциялық дамуы. Біз кешегі тарихымызды ұмытпауымыз керек және эволюциялық даму ғана ұлттың өркендеуіне мүмкіндік беретініне көзімізді жеткізеді. Бұл басымдықтың тапсырмасы өз тобының атын үш тілде айтып , жазып көрсету. 2017 жылы 27 қазан күні Елбасының қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу туралы Жарлығын қолдау мақсатында Қазақстан, Назарбаев, Астана, Балапан сөздерін латын қарпінде оқып жазу тапсырылады.
Ағаш –дерево –
Су – вода- water
Ауа – воздух- air
Жер – земля- earth
-
Сананың ашықтығы. Адам жер шарында, айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді.Жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістерге дайын болу деген сөз. Бұл басымдықтың тапсырмасы тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
1.Ата-бабаларымыз табиғат құбылыстарына қарап ауа райын қалай болжаған?
2.Табиғат нешеге бөлінеді? Ата.
3.Қазақстанда неше қорық бар?
4. Қазақстанда неше ұлттық парк бар?
5. Қызыл кітап дегеніміз не?
6.Қызыл кітап қай жылы шықты?
7.Халықаралық жер күні қай күн?
8. Қоршаған ортаны қорғау күні қай күн?
Қорытынды. Елбасымыз «Патриотизм бұл өскен ауылыңа, қалаң мен өңірің, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады» - деген. Біздің ата бабаларымыз бұлақтың көзін ашып, айналасына жасыл еккен.Әрбір ұрпақ үшін ата бабаның туған жер табиғатын қорғау дәстүрі — әрі өнеге, әрі асыл мұра. Біз табиғатты аялап, қорғауға міндеттіміз. Әрқашан оны қорғап, ластануына жол бермегеніміз жөн.
Рефлексия. Венн диаграммасын пайдаланып, сабақтан алған әсерін жазу.
Үйге тапсырма: Денсаулық туралы мақал-мәтел, табиғат туралы жұмбақ жазып келу.