15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық тәрбие сағаты. "Тазалық-денсаулық кепілі"
«Тазалық-денсаулық кепілі»
Білімділік: Балаларға адам денсаулығының қымбаттылығын,өмір сүру үшін қажеттілігін,басты байлық екенін ұғындыру.
Дамытушылық:Оқушылардың танымдық қәбілеттерін дамыту,сөйлеу шеберлігін жетілдіру.
Тәрбиелік:Тазалыққа,спортқа,еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі.
Адамның денсаулығы-қоғам байлығы.
Ауруды емдеуден гөрі оның алдын-алу керектігін айтты.Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз салауатты өмір салтын сақтау мақсатында «Тазалық-денсаулық кепілі» деп аталады.Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек.Дені сау адамның көңілі көтеріңкі болып,еңбекке әрқашан құлшына кіріседі.Халқымыз «Дені саудың жаны сау» деп бекер айтпаған.Отанымыздың келешегі,көркеюі балалар сіздердің қолдарыңызда.Сондықтанда сендердің таңдауларын-салауатты өмір салтын сақтау.
Балалар сендер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз,шам үйді жарық қылады.Қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең көзің соған түседі.Біздің өміріміз жарық қылатын,жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын,өмірдегі басты байлық не деп ойлайсыңдар?
Әрине,Денсаулық
Балалар қазір қай жыл мезгілі,қәне кім біледі айтыңдаршы? (Күз)
Күз мезгілінде ауа-райы қандай болады? (Салқын,жаңбырлы,бұлтты)
Күн суытқан уақытта қандай киім кию керек? ( етік,қалпақ,жемпір,қолғап)
Балалар,деніміз сау және күшті болып өсуіміз үшін не істеуіміз керек?
Ойын:Менің күн тәртібім.Сурет арқылы балалар күн тәртібінің реттілігін құрастырады.
Балалар: сұраққа жауап береді.
-Иә,дұрыс ол үшін күн тәртібін дұрыс сақтау керек.Уақытымен ұйықтап,ұйқыдан тұрған соң төсек орнымызды жинап,жуынып таңғы жаттығу жасауды әдетке айналдырып,таза жүрсек,өз-өзімізді күте білсек, деніміз сау болады.Әрдайым байланысты ережелерді мұқият орындауымыз керек.Ол үшін:
1.Тісті күніне екі рет тазалауымыз керек.
2.Тамақтан кейін ауызды шаю керек.
3.Ыстық тамақтан соң суық нәрсе ішпеу керек,тәттіні көп жеуге болмайды.
Әркімнің өзінің бөлек тіс щеткасы болу керек.
Аурудың алдын алу үшін видеоролик көрейік.
Балалар деніміз сау болып өсуіміз үшін таза болып жүрумен бірге тағы не істеуіміз керек?
Балалар жауабы:Таңертеңгі жаттығу жасау.
Адамдар әрқашан қимыл-қозғалыста жүрсе біздің ағзамыздағы қан жүрісі де қозғалыста болып,жұмысы жақсарады.Ауруларға қарсы тұра алатын боламыз.Денімізді сақтау үшін зиянды әрекеттерден аулақ болып,үлкендердің айтқан тілін алып жүруіміз қажет.Адам денсаулығына жақын дос та,қас та бар.Балалар адам денсаулығына жақын достар не деп ойлайсыңдар? (тазалық,спорт,таза ауа,дұрыс тамақтану,күн тәртібі)
Адам денсаулығына қас не деп ойлайсыңдар (тазалық сақтамаушылық,жалқаулық,дұрыс тамақтанбау)
Денсаулық болса бәрі болады.Тазалық дене шынықтыру,дұрыс тамақтану.Сонымен бірге денемізді шынықтырсақ ауырмайтын боламыз. Қәне балалар олай болса екі қатарға бөлініп денемізді қыздырып дене шынықтыру жаттығуларын жасайық.
Ғажайып сәт: Ортаға сайқымазақ келіп балаларды ойнатып дұрыс тамақтану мөлшерін көрсетіп,балаларға сыйлық таратады.
Тиімді тамақтану денсаулық үшін маңызы зор.Ет,балық,ұн,сүт тағамдарының әрқайсысының орны бөлек.Сонымен қатар жеміс-жидектерді де көп жеген дұрыс.Олардың құрамында адам денсаулығына қажетті дәрумендер өте көп.Сонымен қатар шамадан тыс тағамдарды жеу де денсаулыққа зиян.(Әртүрлі тағамдардың суреттерін көрсету)
1.Жеміс жидектерді жемес бұрын не істеуіміз керек? (Жеміс-жидектерді жақсылап жуып алуымыз керек)
2.Тамақтанар алдында не істеуіміз керек?
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Қорытынды: 1.Балалар,бүгін біз қандай тақырыпта сөз қозғадық?(денсаулық)
2.Нені ойлап,жадымызда сақтауға тиіспіз?(жаман әдеттерден аулақ болуымыз керек)
3.Сіздер қандай азамат болып өсулеріңіз қажет?(Дені сау,ақылды,білімді)
Ал балалар салауатты өмір салтын дұрыс сақтап,ауырмай тұрып алдын алу,қоршаған дүниенің біздің денсаулығымызға пайдасын меңгердік деп ойлаймын.Тәрбие сағатынан өздеріңе үлкен тәрбие алдыңдар.Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген