Ашық тәрбие сағаты Темирбаева Гулбагила 9 сынып

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты Темирбаева Гулбагила 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға кәсіби бағыт - бағдар беру мақсатында өткізілген тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемі

Сыныбы:

Күні 27.02. 2024ж

Уақыты:16:00

Тәрбиешілер: Темирбаева Г

Сынып сағатының тақырыбы:

«Мен таңдаған мамандық»

Сынып сағатының мақсаты:

Оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту, мамандық әлемі туралы ақпарат алу .Өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру,



Түзету мақсаты:

Оқушыны өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуге үйрету, дүниетанымын, ой – өрісін кеңейту

Сынып сағатының міндеті:

Оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу,таңдаған өз мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз – өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру

Сынып сағатының түрі:

Интеллектуалдық ойын

Игерілетін дағды:

Айтылым, көрсетілім

Ресурстар:

Мультимедиялық слаидтар

Жүру барысы алдын ала үйлестіру





























































































































































































































































































































































































Соңы (бекіту)














Қайырлы күн құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі біздің «Мен таңдаған мамандық» атты шарамызға қош келдіңіздер! Бүгінгі біздің осы тақырыпқа арналған шарамыз интеллектуалдық ойын түрінде өткелі отыр. Біз қазір екі топқа бөлініп ала қояйық.

(Жапырақ арқылы топқа бөліп аламыз)

1. «Тоқтаусыз жүріп жатырған мамандықтар» тобы

2. «Жаңадан пайда болған мамандықтар» тобы

(Оқушылардан мамандық аттары жазылған жапырақшаларды суырғанда не себепті осы топқа орналасты және сол мамандық туралы сұрау)

Топқа бөлініп болсақ балалар мысалы сіз «тоқтаусыз жүріп жатқан мамандықтар» деген топқа келіп орналастыңыз.

  • Не себепті сіз өзіңіз таңдап алған мамандықты тоқтаусыз жүріп жатқан мамандық деп ойладыңыз?

  • Мысалы сізге қандай мамандық түсті?

  • Маған дәрігер мамандығы түсті ол тоқтаусыз жүріп жатқан мамандықтардың бірі. Сол себептен ол 50-шы, 60-шы жылдардың арасында ешқашан өзектілігін жоғалтпайды.

  • Ал сізге қандай мамандық түсті?

  • Маған мұғалім мамандығы түсті. Тоқтаусыз жүріп жатқан мамандықтардың қатарына кіреді деп ойлаймын. Себебі баяғыдан келе жатқан мұғалімдер оқушыларға білім беріп, қазіргі таңда да түрлі білім орталықтарында білім беріп келеді. Жәнеде елдің дамуына тікелей қатысы бар білім болғандықтан мұғалім мамандығы жойылмайды деп ойлаймын.

Ал келесі екінші топ «Жаңадан пайда болған мамандықтар» тобына жайғастыңыздар иә.

  • Сіздер неліктен өздеріңіз таңдаған мамандықты жаңадан пайда болған деп ойладыңыздар?

  • Сізге қандай мамандық түсті?

  • Маған вебмастер мамандығы түсті. Бұл салада негізінен саиттармен жұмыс жасайды. Бұл жаңадан пайда болған, қазіргі кітаптар, журналдардың бәрін портальдар мен саиттар орнын басып жатыр. Бұл алдағы 50-60 жылда өзекті болады.

  • Келесі сіз қандай мамандықты таңдадыңыз?

  • Мен маркетинг мамандығын таңдадым. Бұл жаңадан пайда болған мамандықтарға жатады. Біздің елімізде жақсы өнімдер көп. Сол үшінде дұрыс жолмен сату үшін сол мамандықты дамыту керек.

Сонымен қатар жойылып бара жатқан мамандықтарда бар. Олар кассир және кондуктор, пошташы мамандығы.

Қағаз мыжу

Әрі қарай шарамызды бастамас бұрын оқушылар сіздерге мамандық туралы мәлімет беріп, түсінік қалыптастырып кетейік.

Мамандық дегеніміз не?

Кәсіп, Сүйікті іс, Шығармашылық, Қызығушылық, Еңбек көзі. «Мамандық» сөзіне анықтама берсек, «профессия» латын сөзінен шыққан анықталған іс дегенді білдіреді. Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

Ал оқушылар екі топқа бөлініп алды, енді біз осы топтағы оқушыларымыздың еңбегін әділ бағалайтын әділқазылар алқасын сайлап алайық.

Әділқазылар алқасының төрайымы:

Әділқазылар алқасының мүшесі:

Әділқазылар алқасының мүшесі:

Әділқазылар алқасының мүшесі, есепші:

Енді әділқазылар алқасына ойынның шарттарын түсіндіріп өтейін.



«Жаңа ғасыр» айдарының сұрақтары

10.Түрлі кейіпкерлердің киімдерін ұсынушы, суретке жан бітіруші.

а) продюсер б) аниматор в) режиссер

20. Түрлі мекемелерді, ғимараттардың ішін әсемдеуші.

а) Декоратор б) Визажист в) Шаштараз

30. Сауда өкілдіктерінің жұмысын қадағалайтын, жаңа бағыттарды айқындайтын маман .

А) Бизнесмен Б) Супервайзер в) Саудагер

40. Сайт жасаумен шұғылданатын маман

а) Программист б) Хакер в) Веб-мастер

50. Жас өнертапқыш,оқушы Әли Сүтемген не ойлап тапты?

а) телефонмен басқарылатын ақылды үй

б) судан жарық алатын құрылғы

В) ұрыдан қорғайтын лазер

60. Ең-ең сирек кездесетін, жалақысы өте жоғары және сонымен қатар өте қауіпті саналатын мамандық

а) мұнарадағы сағатты жөндеуші

б) қылмыскерді ұстаушы

в) президенттің оққағары

«Күлкілі де қызық »

10. Жақын қашықтықта ұшып бара жатқан ұшақтарға қараған кезде пингвиндер шалқасынан құласа, кері өздігінен аударыла алмайды, көмекке қандай мамандар келеді деп ойлайсың?

а) пингвин аударушылар б) құтқарушылар в) мал дәрігері

20. Гольф ойыны аяқталысымен гольф доптарын жинақтайтын маман

А)доп жинаушы Б) гольф ойнаушы В) еден жуушы

30. Олардың міндетіне жеделсатымен жүретіндерге қайырлы күн, сәтті жол тілеу, лифт тоқтайтын қабаттарды хабарлау, қош-сәлем айтысу кіреді

а) лифт жөндеуші б) анықтамашы в) лифт бикеші

40. 365 күн осы жануарлардың қастарында болу, оларды күтіп-баптау, құшақтау, қуаныштары мен қайғыларын бөлісу.

а) панда күтуші б) орманшы в) циркші

50. Бұл кәсіппен айналысатындар шаштан түрлі әшекейлер мен сәндік бұйымдарын әзірлеумен айналысады, мысалы: жабыстырып алатын сақал-мұрт, парик және т.б.

а) Зергер б) Гриммер в) Постижер

60. Бұл мамандық енді сіңісіп келе жатқан, салыстырмалы түрде жаңа болғанымен, жаһанданудың жалпы үрдістері мен күнделікті маркетинг, менеджмент саласында ең қажеті болып отыр

а) мобилограф б) Копитайтер в) Блогер

«Жұмбақтар»

10. Елде сақтап амандық,

Емдеп жұртты аман қып.

Қуантады қашан да,

____________ мамандық

а) Балгер б) Емші в) Дәрігер

20. Үлгілерге қараймын,

Үй іргесін қалаймын.

Өрнектерді оямын,

Терезесін қоямын.

а) Бизнесмен б) Құрылысшы в) Суретші

30. Қуантады халықты,

Асыға оны күтеміз.

Жақсылық хабар әкеліп,

Алыс -жақын туыстан.

а) хат б) Телефон в) Пошташы

40. Оқу- білім арнасы,

Кім ол- оның анасы.

Дамытады ол адамның,

Ақыл- ойын, санасын.

а) Мектеп Б) Ұстаз В) Кітап

50. Елім деп соғады жүрегім,

Ұлы Отанның түлегі.

Ол елінің қорғаны,

Тыным таппай жүреді

А)бақылаушы Б) Күзетші В) Сақшы

60. Өндіріске көптеген

Өрісі мол ток берген.

ГРЭС, ГЭС-тер жұмысын

Мен арқылы өткерген

а) Инженер Б) Экономист В) Сантехник

«Сен білесің бе?»

10. Ұшқыштар ұшар алдында не істегенді ұнатпайды ?

а) тамақ ішкенді б) билегенді в) фотоға түскенді

20. ХІХ ғасырда ең төмен санатқа саналған, бірақ қазір жалақысы жақсы, мәртебесі жоғары мамандық?

А) хирург, акушер Б) мүғалім, заңгер В) мобилограф, копирайтер

30. Дәрігерлер ауыстыруға қорқатын, сәтсіздік әкелуі мүмкін деп санайтын нәрсе?

А) халаттарын Б) кабинеттерін В) кезекшілік кестесі

40. Өрт сөндірушілер кезекшілікте бұл нәрсені жасамайды, жасаса сол бойда өрт туралы хабар түседі деп есептейді екен. Ол не?

а) кезекшілікте ұйықтамайды

б) кезекшілікте аяқ киім тазаламайды

в)кезекшілікте шай ішпейді

50. Балет бишілерінің сахнаға шығарда бір-біріне тілейтін тілектері

а) сәтті күн болсын бәрімізге

б) аяқтарың сынып қалсын

в) биік шыңга бірге шығайық

60. Жапондар жұмыстан ерте кетіп қалса

а)сатқын атанады

б)келесі күні кеңсенің еденін жуады

в) айлығын қысқартады

«Классификация

10. «Адам - Табиғат» деп аталатын мамандықтар

а) Инженер, мұғалім, Жазушы, суретші, ғарышкер

б) тұқым өсіруші, зоотехник, агроном, кинолог, зертханашы, мал өсіруші

в) тәрбиеші, механик, геолог, шаштараз, медбике

20. «Адам- белгілік жүйелер деп аталатын мамандықтар

а) аудармашы, сызушы, инженер, топограф, машинист-хатшы,

бағдарламашы

б) мұғалім, шаштараз, дәрігер, аспаз, саяхатшы , балерина,

құрлысшы

в) заңгер, аудармашы, кинолог, медбике, пошташы, Археолог, спортшы

30. «Адам – техника» белгісіне жататын мамандықтар

А) музыкант, техник, медбике, аспаз, күзетші, дәрігер, мұғалім, спортшы,

Б) Үңгуші, ағаш шебері, инженер механик, сәулетші,

электромонтаждаушы, құрылысшы, радиомеханик, компьютер құраушы, 

в) суретші, биші, тігінші, дизайнер,Мусінші, дүкенші, менеджер,

Ағаш ұстасы, суперайзер, Мобилограф, есепші, сот, кондитер

40. «Адам – шығармашылық бейне». Белгісіне жататын мамандықтар

А) мұражай қызметкері, есепші, Медбике, дизайнер, мүсінші,

Продюссер, аспаз

Б) мұғалім, жазушы, биші, әнші, балықшы,дәрігер, теңізші, құтқарушы,Мұнайшы, өрт сөндіруші

В) әртіс, суретші, музыкант, дизайнер,тас қасаушы, әдеби қызметкер

50. «Адам –адам» белгісіне жататын мамандықтар

А) дәрігер, мұғалім, психолог, шаштараз, менеджер, экскурсия жетекшісі,

Б) агроном, аудармашы, әртіс, Биолог, ғарышкер, Геолог, заңгер, сот

В) Суретші, кинолог, Медбике, саулетші, инженер,

60. Неміс тілінен аударғанда құлыпшы(замочник) деп аталатын маман иесі

а) күзетші б) сантехник в) слесарь

осымен ойынымыз аяқталды. Әділқазылардың есептеуіне сөз берелік.



Қорытынды: марапаттау екі топты және жеке оқушыларды.

Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез – келгеніне икемділік қажет, ал үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін еңбек. Кімде – кім өзінің мамандығын сүйіп, жүрек қалауымен қызмет етсе, өз басына да, қоғамғада үлкен пайда келтірмек. Мамандығымыз мақсатымыз, мақтанышымыз және болашағымыз болсын дегім келеді.














































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.01.2025
137
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі