Ашық тәрбие сағаты. "Тұтынушылардың құқығын қорғау"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты. "Тұтынушылардың құқығын қорғау"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық тәрбие сағаты өз дәрежесінде өтті. Оқушылар белсене қатысып, сабаққа жақсы араластты. Мұғалімдер қатысып, өз бағаларын берді. Оқушыларды смайлик, шапалақ әдісі арқылы бағаланды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТАҚЫРЫБЫ: «Тұтынушылардың құқығын қорғау»

МАҚСАТЫ:

● адам құқықтарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындық қабілеттілігін қалыптастыру;

  • әр адам өз бостандығы мен құқықтарын қорғауға құқылы екенін дәлелдеу

  • құқықтық сауаттылықты қалыптастыруға және адамгершілік құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу;

  • өз болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;

  • оқушылардың логикалық ойлау мен өзіндік түйін жасау, ой қорыту дағдыларын дамыту;

  • оқушыларға өз құқықтары мен еркіндіктерін шектеп ұстау міндеттілігі туралы түсіндіру.

ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: слайд, дөңгелете қойылған столдар; стол үстінде фломастерлер, ромашка гүлі салынған қағаз беттері, ромашканың ортасы әр түрлі түстен (топтардың санына байланысты); тапсырма салынған конверттер

Міндеттер:

Оқушыларға адам құқығы, бала құқығы, құқықтық алаң, оқушының құқығы мен міндеті ұғымдарын меңгерту. Проблемалық жағдаяттарды құқықтық тәсілмен шешуге үйрету.

Кіріспе сөз.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы – «Тұтынушылардың құқығын қорғау».

Бүгін біз адам дүниеге келгеннен бастап, тұлға боп қалыптасқанға дейін қандай құқықтарға ие болатынын білетін боламыз, яни сіздердің құқықтарыңыз жайлы әңгіме қозғайтын боламыз.

Сөздікпен жұмыс.

1. Кәне, анықтап алайық, құқық дегеніміз не?

Құқық- қоғамдағы адамдардың өзара қарым- қатынасын реттеп отыратын мемлекет белгілеп, қорғайтын нормалар мен ережелер жиынтығы, осы нормаларды зерттейтін ғылым

Міндет – адамдар бұлжытпай орындауға тиісті тәртіп пен

қарым-қатынасқа қойылатын талап

Моральадамның іс-әрекетін қайырымдылық пен зұлымдық, әділдік пен әділетсіздік және т.б. тұрғысынан реттеп отыратын нормалар мен принциптер жүйесі.

Конституция - конституциялық құрылысты бекітетін, адам мен азаматтың құқығы мен еркіндігін бекітетін, мемлектеттік биліктің федеральдық органдарын тағайындайтын негізгі құрылтайшы саяси- құқықтық акт

Декларация - тараптар мақұлдаған жалпы принцитер мен мақсаттарды

қалыптастыратын салтанатты акт. 

Әңгіме.

Оқушылар адамға қатысты барлық құқықтарға ие. Бірақ ересектерге қарағанда өз құқықтарын қорғау мүмкіндіктері аз болғандықтан ерекше құқықтық қорғауды қажет етеді. Қазақстанда балалардың құқықтық жағдайы мына заңдарда көрініс тапқан:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы

  2. Бала құқықтары туралы Конвенция

  3. Бала Құқықтары туралы Декларация

  4. Азаматтық Кодекс

  5. Неке және отбасы туралы Заң 


2. Топтарға сұрақ

- Осы құжаттарда бала деп көрсетілгендер кімдер, неше жастағылар деп ойлайсыңдар?

(Кәмелеттік жасқа толмағандар). 


3. Шағын топтармен жұмыс. «Бала ма, бала емес пе?» ). 

  • Кененбаев Мұрат әке-шешеден жетім қалды, өзі күтім тілеп отырған кәрі әжесінің қолында тұрады. Бірден-бір күнкөріс көзі – асыраушысынан айырылған адамға берілетін зейнетақы. Бала әжесін күтеді, кейде машина жуып табыс табады, кешкі мектепте оқиды.

  • Сәбитова Ира 16 жасында сәбилі болды. Ол кешкі мектепте оқиды. Ата-анасымен бірге тұрады.

  • Киркорова Ася 11 жаста, соның төрт жылын ол үй астындағы жертөле қабатта өткізіп келеді. Ата-анасы әуелі оны таяқтан көз ашырмады, ақыры өздері үйден кетіп тынды. Содан бері хабар жоқ.

  • Александр Ким мен Саша Малинина 17 жаста үйленді.

  • 17 жастағы Тимур Қанатбаевты Орал қалалық соты ұрлық жасағаны үшін соттады. Бұған дейін ол бұзақылығы үшін түрмеде отырып шыққан еді.


4. «Құқықтық алаң» ұғымын анықтау


Құқық ұғымын анықтадық. Ал енді «құқықтық алаң» дегеніміз не? (Оқушылар жауап береді. Қиналған жағдайда мұғалім жауап береді).

Құқықтық алаң – адам құқықтарының жиынтығы


5. Шағын топтармен жұмыс

Сіздердің столдарыңызда түймедақ гүлдері жатыр. Алаңқайда өскен бұл гүлдер сіздер үшін құқықтық алаңқайдың символы іспеттес болсын.

Тапсырма. Әр топ өзінің құқықтық алаңқайын жасап шығару керек. Гүлге өздерінде бар деп есептейтін құқықтарын жазу керек.


«Құқық алаңқайы» жобасын құру және талқылау. (3-5 минут).

Әр топ өздерінің жобасын қорғайды да, тақтаға іледі.


Баланың құқықтық алаңымен танысу. 

(Бұл слайдта баланың тұтас конституциялық құқықтары берілген. Ол үлкен алаң болып безендірілген. Яғни бөлек-бөлек түймедақ гүлдерінен әр түрлі түсті алаңқай құрастырылып шықты.)

Ал енді шын мәнінде біздің құқықтық алаңымыз қандай екен? Соған назар аударайық. Сіздердің алаңқайларыңыз бұл алаңмен сәйкес келе ме екен, тексерейік. (Тақтада «Құқықтық алаң». Сәйкес келетіндеріне белгі қоямыз. Ал оқушылар көрсетпеген құқықтарды қызыл фломастермен қоршаймыз). 


«Кім жылдам»

Қазір сіздер слайдтар көресіздер. Слайдта баланың қандай құқығы бейнеленгенін шапшаң айту керек.

«Әрекетқабілеттілік пирамидасы» ). 

Оқушылар , құқық бар жерде міндет те бар. Енді соған тоқталайық. Сіздердің құқықтарыңыздың шектелетін кездері де болады. Құқықтарыңызды кім шектей алады?

  • Сенің ар-ұятың

  • Жалпыға ортақ нормалар мен әдеп ережелері

  • Заңдар


ҚР балалардың міндеттері:

  • білім алуға

  • тәртіп сақтауға

  • мектеп мүлкін сақтауға;

  • үлкендерді сыйлауға;

  • ана тілдің тазалығын сақтауға;

  • әрдайым таза, ұқыпты жүруге;

  • темекі шекпеуге, спирттік ішімдіктер ішпеуге, т.б.


Мектепте кездесетін жағдаяттарды талқылау


Шешім қабылдау:

«Біз сабақ үстінде ұялы телефон ұстамаймыз. Бұл – біздің шешіміміз. Және мұны біз орындаймыз» 


Қорытынды:

Оқушылар! Құқық үлкен адамдарда да, кішкентай балаларда да болады. Бірақ құқықтан басқа адамдарда қоғам алдында өз міндеттері мен жауапкершіліктері де барын ұмытпау керек.

P.S.Егер сен бүгінгі сабақта айтылған барлық ұсыныстарды орындасаң, онда сенде ешқандай проблемалар болмайды.




4


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.12.2021
2003
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі