400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тарбие сағаты "Туған жер" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Яғни бұл тәрбие сағатын өткізе отырып елбасының рухани жаңғыру бағдарламасының аясында "100 жаңа есім" жобасы бойынша әр өлкенің мақтан тұтар ұлы азаматы болатындыңын айту, ұғындыру. Каспий теңізінің мағыздылығында атап өту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Рухани жаңғыру. Туған жер.

Мақсаты:Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту; Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына туған халқына, жеріне деген құрмет құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру. Туған жерге еңбегі сіңген ұлы азаматтардың еңбегімен танысу.

Түрі: бейне сабақ

Жүрісі:

  1. Құрметті балалар елбасымыздың биылғы рухани жаңғыру атты мақаласыны жарияланған болатын. Елбасымыз болашақ жастардың қолында деп есептейді, яғни мына сіздердің. Болашаққа нық қадаммен бару үшін сіздер жан –жақты, білімді болу керексіздер. Ең бірінші туған жер туралы ақпараттарыңыз мол болу керек. Сонымен қатар экономикалық тарихы туралы білуіміз керек. Ол қалай өркендеді? Өркендеуіне үлес қосқан азаматтарымызды білуіміз керек.

Сондықтан туған өлкеміздің тарихын білу мақсатында Каспий теңіз жағалауына саяхат жасап отырмыз.

Каспий теңізі – Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл. Үлкендігіне қарап оны теңіз деп атайды. 16-ғасырдың аяғында осы теңіз жағасында қоныстанған Каспи тайпаларына байланысты аталып кеткен.

Каспий теңізінің жалпы аумағы 376мың км2. Каспий теңізіне 130-дан астам өзендер мен ағынды сулар құяды. Бұл теңіздің қалыптасуы ұзақ мерзімде өткен. Осы уақыт ішінде теңіз суы бірде жағалауды басты, бірде суы кейін қайтып отырды. Қыс айларында Каспий теңізінің тек солтүстік таяз бөлігі ғана қатады. Мұзың қалыңдығы 2м- ге дейін жетеді.

Каспий теңізі балыққа бай, итбалықта көп кездеседі. Каспий жағалауында қазіргі кезде құстардың 260 түрін кездестіруге болады. Кей жылдары суда жүзетін 3мил-дай құс қыстап шығады.

- Соның ішінде сіздер қандай құсты көріп жүрсіздер?

-Аққу

-Дұрыс айтасыздар. Аққу құсы қыстап қалатын жалғыз осы Каспий теңізі.

Каспий теңізінде мұнай – газ өндіру мен қатар ақтас өндірісіде жолға қойылған.

Балалар, қараңыздарш теңіз жағасындағы топырақ құмға да, сазға да ұқсамайды. Неге ұқсайды деп ойлайсыздар?

-Бұл, теңізді мекендейтін ұлу жәндіктерінің қабығы. Бұл қабыршақтар көптеген жылдар бойы теңіз астында жатып қатты тасқа айналады. Осы ұлутасты қазіргі таңда құрылысқа пайдаланамыз. Айналамызға қарасақ ұлутастардан салынған үйлерді, әдемі ғимараттарды көруге болады. Осы ұлутасты құрылысқа пайдалану керек деп биыл мектебімізге есімі берілген Оңдасынов Нұртас Дәндібайұлы ұсынған екен. Осы кісінің идеясын айналасындағылар қолдап, дамытып кеткен екен. Олай болса бірінші атаның ескерткішіне гүл шоқтарын қойып тағзым етейік.

2) Балалар, барлығымыздың біелетініміздей 2-қыркүйекте облыс әкімі салтанатты түрде атаның ескерткішін ашып, есімін мектебімізге берген болатын. Оңдасынов Нұртас Дәндібайұлы мемлекет, қоғам қайраткері болған. Атамыздың біздің өңірге қосқан үлесі зор. Нұртас атамыз туралы толық мәліметті мектебіміздің ішінде орналасқан музейден білеміз.

3) Музей қызметкерлері 3 тілде оқушыларға ақпарат береді.

Қорытынды: Ал, балалар, бүгінгі саяхатымыз аяқталды. Маңғыстау өңіріне мол үлес қосқан Қазақстандағы «жүз жаңа есім»жобасы бойынша Оңдасынов Нұртас Дәндібайұлымен «туған жер» бағдарламасы бойынша Маңғаз Маңғыстау тарихынан шағын мәлімет алды деп есептеймін. Балалар, әліде біздерді талай саяхаттар күтіп тұр. Өйткені өлкеміздің тарихы шексіз.

Сау болыңыздар!!!







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
603
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі