Ашық тәрбие сағаты "Ұлттар достығы"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "Ұлттар достығы"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағаты 1 мамыр күніне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты:

1-мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні мерекесінің мәнін оқушыларға түсіндіру ,ынтымаққа, достыққа, бірлікке, еліне деген сүйішпеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

Сабақ барысы:

1.Кіріспе.

Армысыздар құрметті қонақтар .Бүгінгі « 2015 жылы – Қазақ Елінің бірлігі жылы» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Расул:

Біз,қазақ – мал баққан елміз,

Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.

Басымыздан құт береке қашпасын деп,

Найзаға үкі таққан елміз.

Ешбір дұшпан басынбаған елміз.

Басымыздан сөз асырмаған елміз.

Достықты сақтай білген елміз,

Дәм-тұзды ақтай білген елміз.- деп тебіренген Қазақ елінің қамын ойлаған Қаз дауысты Қазыбек би болатын .Ата – бабамыз аңсаған сол тәуелсіздікті алғанымызға 23 жыл толып отыр.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен 2015 жыл – Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияланды. Ассамблея жылы – « ҚР Конституциясының 20 жылдығы », «Қазақ Хандығының 550 жылдығы», «Ұлы Жеңістің 70 жылдығы» сынды маңызды шараларға толы жыл. Қасиетті қазақ жерін татулықтың талбесігі етіп , бейбітшілікке бөлеген Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына биыл 20 жыл толды. Халқымыздың бірлігі мен ынтымағы паш ететін мерейлі мереке. Қазақстан көптеген ұлттардың басын бір шаңырақ астына біріктіріп отырған тұғырлы мекен.Кезінде тағдырдың жазуымен қасиетті қазақ даласына сан түрлі ұлт өкілдері қоныс тепті.Бүгінге олар тегі басқа болғанымен теңдігі бір , қаны бөлек болғанымен жаны бір,арманы бір ортақ бір тұтас халыққа айналды.Туған елінің туының астында бірігіп , туған жердің тұғырын биік етуге бел шешкен азаматтарды бір тағдыр күтеді әр уақытта.Осылай елдігіміздің ертеңі ошақтың ұштағаны секілді «бір халық, бір ел ,бір тағдыр»деген үш сөзге сыйып отыр, деді Назарбаев .Халқымыз «тар жерде табысқан, кең жерде келіседі» демейтін бе еді?! Ең тар замандарда қазақ құшағына өзге этнос өкілдері бүгінге өз бауырларымыз атанып ,бізбен бір халыққа айналды.

Қазақстан бір тұтас жер , біртұтас халық, біртұтас болашақ. Сондықтан да біз бір халықпыз – бір елміз – бір тағдырмыз !

2. Достық – ынтымақ пен бірліктің туы.

Қазақстанның кең байтақ өлкесінде жүзден аса ұлт өкілдері тату – тәтті тұрып жатыр. Әрқайсысы әртүрлі салт – санасымен ерекшеленеді. Енді сіздерге арнайы дайындаған «Ынтымақ қайда барасың?» атты көрнісімізді тамашалаңыздар.

1-оқушы: Бақ,қайда барасың?

Бақ: Мен Ынтымаққа барамын.

2-оқушы: Ынтымақ қайда барасын?

Ынтымақ: Мен Бірлікке барамын.

3-оқушы: Бірлік ,қайда барасың?

Бірлік: Бақ пен Ынтымақ қайда болса ,бірге боламын.

4-оқушы: Енді түсіндім. Ынтымағы ,татулығы жарасқан, бірлігі мен тірлігі достыққа ұштасқан елдің басына Бақ қонады.Басына Бақ қонған ел мәнгі өмір сүреді.

Біздің тәрбие сағатымызға бірнеше ұлт өкілдері келіп отыр.

Оқушылар ұлттық киім киіп өз өнерлерін ,ұлттық тағамдарымен таныстырады.

Ортаға шешен халқын шақырайық.

Ортаға өзбек халқын шақырайық.

Ортаға молдаван халқын шақырайық.

Ортаға украиндар халқын шақырайық.

Ортаға қырғыздар халқын шақырайық.

Ортаға түркмен халқын шақырайық.

Ортаға қазақ халқын шақырайық.

-Рахмет, балалар . «Ұлыстың мерейі - бірлік » демекші ,әрқашан да елімізде тыныштық болып, тату-тәтті достықта өмір сүрейік.

3. Туған жер, Отан, достық, бірлік туралы өлеңдерді айту.



Аңсар:

Достық бізге тым ыстық

Бірлік-байлық ырыс құт

Жарқырасын күніміз

Жаса ,жаса тыныштық!

Кәусар:

Қазақстан дейтін менің елім бар

Жатыр алып жарты дүние әлемін

Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман.

Ерасыл:

Мен қашанда өзім жалғыз жүрмеймін

Жалғыз жүріп, жалғыз өмір сүрмеймін.

Жер- жердегі достарымды санасам,

Аспандағы жұлдызыңмен бірдеймін.

Нұрайым:

Бүгінгі емес ,ертең келер күн де өзге,

Тұра бермес жалын атып нұр көзде.

Жұбымызды жазбайықшы ,достарым,

Жалғыз-жалғыз жатамыз ғой бір кезде.





Расул:

Дән ексем жерге достық егер едім

Бұлт болсам соған тамшы себер едім

Жайнаған гүлден гөрі ыстық құмға

Дос үшін жылда айналып келер едім.

Нұрасыл:

Досыңа достық –қарыз іс,

Дұшпанына әділ бол.

Асығыс түбі – өкініш ,

Ойланып алмақ сабыр бол.

Өлең : Ортақ мекен жер шары.

Әмина:

Дос басына қарайды

Дұшпан аяғына қарайды

Айша:

Дұшпан күлдіріп айтады

Дос жылатып айтады

Жанайым:

Күлме досыңа ,келер басыңа

Гүлсая:

Дос сыртыңнан мақтар,

Дұшпан көзіне мақтар

Өлең:Көк тудың желбірегені.














Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.11.2018
2944
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі