жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық тәрбие сағаты Ұлттың ұраны-ұлы Мәңгілік ел 11класс
№8 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Бишенова А.А
Сабақтың тақырыбы:Ұлттың ұраны-Ұлы Мәңгілік ел
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға «Мәңгілік ел» ұғымын түсіндіріп, елбасының жолдауын насихаттай отырып, алға қойған мақсат міндеттер туралы айтып, елге қызмет етуге тәрбиелеу.
Білімділік: Қазақтың тарихы бүгіні туралы білімін қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың Отанын құрметтеу дағдысын, тарихын білуге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелілік: Елін құрметтеуге, тәуелсіздікті бағалауға, бірлікте болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Мәңгілік ел» монументі,слайдтар.
Тәрбие сағатының барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
1-жүргізуші Қайырлы күн құрметті ұстаздар,ата-аналар және оқушылар.Еліміз тәуелсіздік алғалы бері, ел болып есімізді жинап,жоғын жоқтап барын базарлаған,асылын ардақтаған ұлы елге айналдық.Ұлы елдің ұландары ретінде «Ұлттың ұраны- мәңгілік ел» тақырыбындағы тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Біздер
-
Бейбіт елдің ұланымыз
-
Зайырлы елдің болашағымыз
-
Ынтымағымыз жарасқан
-
Нұрлы жолға ұмтылар
-
Рухтылық бар қанымда
-
Азаматпыз айбынды
-
Ырысты елдің ертеңі
-
Іргелі елім тірегім
-
Мақтан тұтар өз ұлтын
-
Намысты қолынан бермес
-
Сұңқардай биік самғар
-
Рәміздеріммен мақтанам
-
Мұратымыз - мәңгілік ел
-
Мәңгілік мақсат мұраттарымыз
-
Мәдени рухани құндылықтарымыз
-
Болашағымызды баянды етеміз
1 жүргізуші. Қазақстан! Қазақ халқының атамекені, ұлы ордалы, киелі ошағы. Осы тұғырлы орданың айбарлы есімін естігенде сан қилы күй кешемін. Асқар таудың биік белесінен жарқылдай жайнап, бүкіл әлемге қуаттана қарап, өзін мәңгілікке хабарлап тұрған «Қазақстан» атты жазуды байқап, оның мәртебесі аса жоғары, мерейі өте үстем, тұғырын тот баспайтынын мақтанышпен сезіп мәз-мейрам боламыз..
2 жүргізуші. Қазақстанның басты әрі өрісті байлығы халқы шын тебіреніп, ұмтыла алға адымдап барады. «Қазақстан» атты ұлы есім және осы елдің бейбіт келешегі адамзатты ұйыта ойландырады. Біздің қазақтың жүрегіне мықты намыс, айбарлы арыстандай қайратты күш-жігер жиналған. Сондықтан да олар Қазақстанның айбынға толы келешегі үшін ауызбіршілігін молайта бірлесіп, күресе, атсалыса біледі. Болашақта жұлдызды Қазақстан әлемдік аренаның басты орнына ие болады деп нық сенеміз.
3-жүргізуші.Әркімнің өз жері – мысыр шаһары - Мен өз елімді мақтаныш етемін.Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап Қазақ елі – аз уақыт ішінде тарихта бұрын-соңды болмаған табыстарға қол жеткізді. Бүгінгі Қазақстанның басты мақсаты - экономикасы дамыған, бәсекелестікке қабілетті, ең дамыған 30 елдің қатарынан көріну.
4-жүргізуші. «Мәңгілік Қазақстан» жобасы осы мақсатқа жеткізетін Ұлы бастама.. «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті.Бұл орайда елең еткізген жаңалық — тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясы. «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру әрбір Қазақстандық азаматтың міндеті екенін білеміз.
1-жүргізуші.Ұлы дала ұландары,тәуелсіз елдің болашағы жастар барлығымыз «Мәңгілік ел» монументін жасауымыз керек. Ол үшін берілген сұрақтарға жауап беру арқылы, монументті құрастыруымыз керек.
Сұрақтары:
-
Қай ғасырда ежелден Жетісу өңірін мекендеген түркі тайпалары бір этникалық топқа біріге келе, қазақ халқын құрады? (XV ғасырда)
-
Қазақ хандығын құраған алғашқы хандар? (Керей мен Жәнібек)
-
Біріккен қазақ жоңғар басқыншылығына қарсы жүз жылдық азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі жеңісі қай шайқаста болы? (Аңырақай шайқасы)
-
Шабуыл жасаспау туралы (1939 ж. 23 тамыз) Кеңес Одағымен жасаған келісімді фашистік Германия бұзып, соғыс жарияламастан КСРО аумағына аяқ астынан басып кірді. Бұл қай күн, қай жыл? (1941 жылы 22 маусымда)
-
КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, ядролық полигон ашылды. Бастапқысында адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық объекті? (Семей полигоны)
-
Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылатын, Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары қалай аталды және ол қай жылы болды? (1986 жыл, 16-17 желтоқсан)
-
1991 ж.16 желтоқсанда Қазақстан республикасы Жоғары Кеңесінің жетінші сессиясында парламент депутаттары Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң қабылдады. Заңның бірінші бабында не жазылған? (Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. Ол өзінін жеріне, ұлттық табысына жоғары иелік ету құқы бар, тәуелсіз сыртқы және ішкі саясатын жүргізеді, басқа шет мемлекеттерімен халықаралық құқықтың принциптері негізінде өзара байланыс жасайды деп көрсетілді.)
Монументті құрастыруда 7 қадам жасадық, енді «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының 7 қағидасын айтып кетейік.
«Мәңгілік ел» - ұлттық идеясының 7 қағидасы:
1. Қазақстан мен Астананың тәуелсіздігі
2. Ұлттық бірлік, біздің қоғамымыздағы бітім мен келісім
3. Зайырлы қоғам және жоғары руханилық
4. Индустрияландыру мен инновациялар негізіндегі экономикалық өсім
5. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы
6. Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы
7. Ұлттық қауіпсіздік және біздің еліміздің жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық ат салысуы
1-жүргізуші.Осы құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық, ұлы жетістіктерімізді еселедік. Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі осы мемлекет құраушы, жалпыұлттық құндылықтарда жатыр.
2-жүргізуші.Енді Тәуелсіз Қазақстан туралы сұрақтарға жауап беріп, «Мәңгілік елімізді» құруды жалғастырайық.
Сұрақтар:
-
Қазіргі кезде Қазақстан дүниежүзілік экономикалық форумда нешінші орын алады? (51 орын)
-
Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы нешеге өсті? (70 жасқа)
-
5 жылдық ішінде халық саны неше есеге өсті? (2 – ге)
-
Қазақстанның білім алуын жақсарту мақсатында Президент степендиясының атауы? («Болашақ»)
-
ОБСЕ-ге басшылық жасаған жыл? (2010 жыл)
-
БҰҰ бас ассамблеясы Н.Назарбаевтың ұсынысын қолдады және ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күн деп жарияланды. Бұл қай күн? (29 тамыз)
-
Қазақстан халықтары Ассамблеясы қашан құрылды? (1 – наурыз, 1995 жыл)
1-жүргізуші.«Мәңгілік ел» құрудың жартысынан көбін құрдық. Енді, алдағы жасалар қадамдар сіздердің, яғни ел болашағының қолында. Ендеше сіздер «Мәңгілік ел» тақырыбында шығармашылықтарыңызды көрсетіп, монументімізді аяғына дейін жеткізейік.
2-жүргізуші.Қақпаның сол жағына қазақ ұлтының санасында ертеден қалыптасқан - даналықтың, данышпандықтың, ғұламалықтың нышаны, халықтың рухы мен ойының қорғаушысы - Ақсақалдың мүсіні орын тепті. Оның нағыз қазақтың Ақсақалы екендігін ұлттық киімі көрсетіп тұрады.
1-жүргізуші.Қақпаның оң жақ бетінде, ойшықтың ішіне отбасының ұйытқысы - Әйел-Ананың бедерлі мүсіні қойылды. Себебі, біз Отанға, туған жерге деген махаббат сезімдерімізді білдіру үшін қашан да «Ана» сөзін қолданамыз, яғни «Отан-Ана», «Жер-Ана», «Ана -Тілі» деп айтып жатамыз.Осы аталған әрбір мүсіннің астында қазақтың шежірелі - «Мәңгілік» белгісі бар.
2-жүргізуші.Ендігі кезекте «Мәңгілік Ел» сөзін терең тарихи тұрғыдан зерттейміз.
1-оқушы. Түрік шежіресінде «мәңгі» сөзі «Тәңір», «Құдай», «Алла» сөздерімен мағыналас қолданылды. Осыдан кейін, «Мәңгілік Ел» «Алла Тағаланың елі, халқы» дегенді білдіреді және мемлекет пен ұлттың уақытпен шектелмеген тұмары болады деуге толық негіз бар.
2-оқушы. «Мәңгілік ел — түрік жұртының данагөйі, үш бірдей қағанның кеңесшісі болған атақты Тоныкөк (Тұй-ұқық) негізін қалаған идея...» . Мәңгілік ел — мақсаты түрік елінің билігі деп осыдан 13 ғасыр бұрын мәңгілік идеясын ұсынған. Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін геосаяси және ішкі, сыртқы қорғаныс шеңберін жасап, мәңгілік ел саясатын Көк Түріктер іске асырды. Сол идея, сол мұрат бүгінгі қазақ елінің бас ұранына айналуда.
3-оқушы. «Мәңгілік ел» идеясын нық бекемдеген. Ғұлама ойшыл, сазгер, қобыз жасаушы Қорқыт бабамыздың өлімге қарсы тұрып, мәңгі өмірге ұмтылуы, тек Қорқыттың ғана емес, сол замандағы билеушілердің елдің мәңгі өмір сүруін қалағандығын білдіреді
4-оқушы. Қорқытты мәңгі өмірді іздеген, бақилық болғысы келмеген деген түсінікті, халқына жерұйықты іздеген Асан Қайғымен түсіндіруге болады. Асан Қайғы өз халқы үшін ең қолайлы, ең құнарлы жерді іздегендігі белгілі. Асан қайғының жерұйықты іздеудегі мақсаты, халқының жайлы жерге қоныстанып, болашақта мәңгі ел болуын қалаған
1-жүргізуші.Ендеше Ұлттың ұраны- Мәңгілік Ел дей келе,
«Мәңгілік ел» слайдта
көрсету,түсіндіру
Ø Мәңгілік ел атабабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.
Ø Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан
ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді.
Ø Ол арман – тұрмысы байқуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен
қарайтын бақытты ел болу еді.
Ø Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. мәңгілік елдің іргетасын қаладық.
Ø Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға
жетелейтін идея бар.
Ø Ол – Мәңгілік ел идеясы.
Ø Тәуелсіздікпен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді.
Ø Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – мәңгілік елордамызды
тұрғыздық.
Ø Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге
арналады.
Ø Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті.
Ø Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – мәңгілік ел!
Ø Мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан 2050»
стратегиясының түп қазығы.
2-жүргізуші.Ұлттың ұраны- Мәңгілік Ел дей
келе, Қазақстанның бүгінгі жетістіктерін
еске түсірейік.Слайдта көрсету
-
1991 жылы желтоқсанның 16-сында Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады.
Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды.
Оның тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. -
1992 жыл.Бүкілхалықтық талқылаудан кейін 1992 жылғы маусымда Жоғарғы Қеңестің сессиясы Республиканың жаңа мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. Ту авторы — суретші Шәкен Ниязбеков, Елтаңба авторлары — сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков, ШотАман Уәлиханов.
-
1992 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мемлекеттік Әнұранның мәтіні бекітілді.
-
1992 жылы Алматы қаласында Дүниежүзі қазақтарының І Құрылтайы өтті.
-
1993 жылғы қаңтардың 28інде Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды.
-
Төл теңгеміз 1993 жылдың 15 қарашасында айналымға түсті.
-
1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды . .
-
1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды.
1-жүргізуші.Келесі кезекті әдебиеттік бөлімге береміз
Өздеріміз білетін,дайындап келген өлеңдерімізді, әндеріміз бен рухты сөздерімізді айтуға рұқсат етіңдер
1.«Менің Қазақстаным!»әнін орындайды
2.«Елбасына»!
Ауыр
күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады - ау кісілік!
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен - кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.:
Ел тарихы, жер тарихы өзіміз,
Болашақтың қасиетті көзіміз.
Барлық ұлтпен бауырласып жетелеу,
Ақ, қараны тіліп тұрса сөзіміз!:
3.Қазақстан әні
Таң қалдырған Қазақстан бар әлемді
Берекелі кең байтақ, жалпақ елді
Қазастан адымдап бара берді
Көрінер көкжиектен далам енді
Кім танымас айтсаңшы айтыңдаршы
Қазақстан егемен менің елімді
Кім танымас тербелген тал бесікті
Болашаққа айқара аштық кең есікті
Барша ел аузын ашып тамсанумен
Қандай ғана егемен ел десіпті
4.Күй.Көреғұлы»
Қорытынды: «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Елбасының «Мәңгілік ел» идеясы баршамызды бір мақсатқа, ортақ мүддеге жұмылдыратын ұранға айналуы тиіс. Осыдан әрқайсымыз ой түйіп, Тұңғыш Президентіміз айтқандай Қазақ елінің мәңгілік болуына аянбай еңбек етуіміз керек.
Елбасы
белгілеп берген «Қазақстан-2050» стратегиясы ұлттың ұлы бағдары.
Мәңгілік ел біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы
алға ұмтылуымыз керек.
1.Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз, бір халықпыз.: Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтеріміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты.:
2. Біз
бәріміз бір атаның – қазақ халқының
ұлымыз.
3.
Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы. Бұл
дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз
Қазақстан.
4. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық.-
5. Мен
21 - ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына
сенемін.
6. Бұл
бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры
болады.
7.
Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға
лайық.
8. Біз
көздеген мақсатымызға міндетті түрде
жетеміз.
9.
Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды
болсын!
Хормен:Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа
дәуірлерге жол ашсын! - деген елбасымыздың қорытынды сөзімен
сабағымызды аяқтаймыз

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген