400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты «Ұлттық ойындардың бала тәрбиесіндегі маңызы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық тәрбие сағаттың тақырыбы: «Ұлттық ойындардың бала тәрбиесіндегі маңызы» Мақсаты: Қазақтың ұлттық ойындары арқылы балаларды қазақтың салт –дәстүрі, әдет-ғұрпын, туған елге, жерге өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Ойынды ойнау барысында балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін ойын кезінде саусақ қол моторикасын дамыту. Қазақтың ұлттық ойындарын ойнай білуге тәрбиелеу. Көрнекілік: Түркештің күйі «Көңілашар» асық, арқан, қазақи ұлттық киімдері. Тәрбие сағатының барысы: I Кіріспе Сәлеметсіздер ме, ұстаздар және балалар?! Қазақ халқымыздың ежелден келе жатқан «Ұлттық ойындардың бала тәрбиесіндегі маңызы» атты ашық тәрбие сағатымызғы қош келдіңіздер!
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бейнеу психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» мм



Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Ұлттық ойындардың бала

тәрбиесіндегі маңызы»



Өткізген: мұғалім-дефектолог Абдижамиева Айна





2018оқу жылы

Ашық тәрбие сағаттың тақырыбы: «Ұлттық ойындардың бала тәрбиесіндегі маңызы»

Мақсаты: Қазақтың ұлттық ойындары арқылы балаларды қазақтың салт –дәстүрі, әдет-ғұрпын, туған елге, жерге өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Ойынды ойнау барысында балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін ойын кезінде саусақ қол моторикасын дамыту.

Қазақтың ұлттық ойындарын ойнай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: Түркештің күйі «Көңілашар» асық, арқан, қазақи ұлттық киімдері.

Тәрбие сағатының барысы:

I Кіріспе

Сәлеметсіздер ме, ұстаздар және балалар?! Қазақ халқымыздың ежелден келе жатқан «Ұлттық ойындардың бала тәрбиесіндегі маңызы» атты ашық тәрбие сағатымызғы қош келдіңіздер!

Қазақтың ұлттық ойындары қазақ елдің өмірімен тығыз байланысты. Сондықтан оның тәрбиелік маңызы да аса жоғары, әрі құнды. Қазақтың ұлт ойындары шамамен алғанда осыдан бес мың жылдар бұрын ойналған. Ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе.

Ұлт ойындары қоғамның өзгеруі, әлеуметтік- экономикалық жағдай негізінде толығып, тұрмысқа сіңіп, өзгеріске ұшырап отырған. Мысалы, Қазақстан жеріндегі алғашқы қауымдастық құрылыста қалыптасқан «Аң аулау», «Таяқ жүгірту», «Садақ ату», «Қақпа тас», «Қарагие» ойындары келесі дәуірлерде қайталау толығу процесінде «Аң аулау», «Құс салу», «Жамбы ату» болып аттары өзгеріп, мазмұны сақталып қалды.

Неге біз бұл ойындарды ұлттық деп атаймыз?

Қазақтың салт дәстүріне жатады, ұлттық киім киіледі, ұлттық тойларда ойналады.

Би: Қаражорға

Ендеше сол ұлттық ойындарға толығырақ тоқталып өтсек.

II Негізгі бөлім.

«Асық ату» ойыны – қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі. Асықты далада, алаңда ойнайды. Асық ойнап өскен бала мерген, өзгелерден ептілеу, зеректеу, табандырақ, шыдамды болып келеді.

Асық сойылған қойдың, арқардың, ешкінің, киіктің асықты жілігінен алынады. Оны шикідей де, піскен күйінде де сіңірінен тазалап, пайдалана береді. Шикі асық салмақты, берік келеді. Асықты кез келген жерге тастай салсаң, не тұра қалады, не жатады ғой. Тұрса– не алшы, не тәйке, не омпы тұрады, жатса не бүк, не шік жатады. Жолында омпы тұрған асықты көрген қазақ жолым болады екен деп, ырымдап сүйіп алып, сақтап жүрген. Өйткені асық омпысынан өте сирек тұрады. Асықты жақ- жақ болып та, екі бала да ойнай береді. Екіден- алтыға дейінгі балалар ойынды тез бітіреді және қызғылықты болады. Балалар тым көп болса, дау көбейіп мәнін жоғалтады.

Ендеше балалар, сендермен бірге асық ату ойынын тамашалайық! Ортаға Нұрасыл, Диас, Ерасыл, Қажымұқан, Мейіржанды шақырайық.

«Хан талапай» ойыны -Көп асықтың ішінде бір асықты қызыл түске бояап қоямыз. Сол асық «хан» деп аталады. Ойынды бастайтын бала асықтың бәрін қос уысына жинап алып, отырған балалардың алдына шашып жібереді. Балалар ханның қалай түскенін бақылап отырады Ал «хан» алшысыннан түссе, балалар жарыса «хан талапай» деп дауыстап, ханды өз қолына түсіруге тырысады. «Хан» кімнің қолына түссе, сол жеңіске жетеді.

«Арқан тартыс» ойыны Бұл ойынды жаздыгүні көгалда ойнауға болады. Ойыншылардың саны 10 баладан аспағаны жөн. Ойынға ұзындығы 8-10 м екі ұшы түйілген арқан пайдаланылады. Арқанның тең ортасына белгі ретінде қызыл мата байлайды. Ойынға қатысушылар бойларына қарай қатарға тұрады да, ойын жүргізушінің берген бұйрығы бойынша «бір, екі» деп санап шығады. Содан кейін «бір» дегендері бір жаққа, «екі» дегендері екінші жаққа бөлінеді. Арқанның қызыл мата байланған жерін күні бұрын еденге немесе жерге сызылған белгі-сызықтың үстіне дәл келтіреді де, екі жақтың ойыншылары арқанның сол белгісінен бастап бірінің артынан бірі қос қолдап ұстап, тартып тұра қалады. Егер де бәрі бірдей арқаннан ұстауға қолдары сыймаса, онда соңғылары алдыңғылардың белінен ұстайды. Ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша екі команда арқанды екі жаққа қарай тарта жөнеледі. Ойынның мақсаты қарсыластың бір не бірнеше ойыншысын ортадағы сызықтан өз жағына тартып өткізу. Команданың ортаңғы сызықтан өтіп кеткен ойыншысы ойыннан шығып қалады. Қарсылас команданың ойыншыларын қай команда түгелдей ортаңғы сызықтан өз жағына тартып өткізсе, сол команда ұтқан болып есептеледі. Ойнаушылардың өзара келісулері бойынша ойынды қайталап ойнауға да болады.

«Күрес» ойыны – Бұл ойын адамның денесін ширатып, бұлшық еттерді қатайтады, төзімділікке, батылдылыққа, ептілікке, керек кезінде тез ойланып, әдіс таба білуге машықтандырады. Қазақша күрес күш жетілдіретін спорт. Сонымен қатар ол қорғанудың ұлттық өнері («Самбо»). Қазақша күресте адам өзін еркін ұстап, өз бойындағы күшін, әдісін түгел пайдалана алады, мұнда шалу, жата тастау, арқалай тастау, қол байлап күресу, салмақпен басу, тіресу, ашадан алу, аяқтың басымен іліп тастау, жамбасқа алып иіре лақтыру, белінен қысып, тірсектен шалу сияқты әдістердің бәрін де қолдануға болады. Палуандар кілем үстінде; арнаулы жазық жерде, тегістегі қар үстінде белдесіп күресе береді. Ойынның ережесі бойынша қимыл үстінде адамға зақым келтіре күш жұмсауға, дөрекілік жасауға болмайды. Күрес бір жақтың талассыз жығылуымен және жауырыны жерге тигізілуімен аяқталады.

Күресетін палуандар жаңадан енгізілген ереже бойынша жасына қарай 3 топқа, салмағына қарай 8 категорияға бөлінеді. Күрес мерзімі ересектер үшін 10 минут, жас өспірімдер үшін 5 минут. Кейде жығылған адамды басып жатып, жауырынын жерге тигізу шарт емес. Бұл күрестің басты шарты — күшін, әдісін асырып, талассыз жығу. Кейде жыққан адам жығылған адамның басынан аттап «күш алу» деген байырғы жеңіс белгісі жасалады. Қазақша күрес аудандың, облыстық, республикалық спартакиадалардың программаларына кіргізілген, спорттық командалары бар ресми түрде жұрт таныган өнер.

«Қол күрес» ойыны – бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасумен орындалады. 2 бала шынтақтарын столға тіреп қол бастарын айқастырады. Кім білекті столға жықса сол бала жеңіске жетеді.

Қане, балалар осы қол күрес ойынын бірге көрсетейікші. Ол үшін ортаға Рамазан, Қасым, Аян, Русланды шақырайық.

«Тоғыз құмалақ» ойыны –арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі.

Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды. Кейде бастаушы үшін – ақ жағы, қостаушы үшін қара жағы деген тіркестерді де қолданамыз.

Танымал адамдарды қазақтың ұлттық ойындары туралы пікірлерін тыңдасақ:

Яхияева Нұршат: М.Жұмабаев ұлттық ойындарды халық мәдениетінен бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдаған.

Джумагалиев Темирхан: Қазақ ғалымы Б.Төнебаев «Қазақтың ұлттық ойындары» (Алматы, 1994) атты еңбегінде қазақ ойындарын бірнеше топқа бөліп, ойын шарттарын жазып, жастар үшін тәрбиелік мәнін зерделеп, ойын білдірген.

Жақсылық Жайна: Қазақтың белгілі ғалым ағартушылары А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин халық ойындарының балаларға білім берудегі тәрбиелік мәнін жоғары бағалаған.

Болбек Руслан: Ұлы педагог В.Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» деген.

Осылайша, бағзы заманда қазіргі ұлттық ойындардың көпшілігі жауынгерлік рух пен шеберлікті тәрбиелеудің аралық жаттығуы ретінде есептелген. Пысықтық пен асқан қайсарлықты көпшілікке паш ету арқылы бозбалалар әскери өнер машықтарын игерген, жангешті жігіттер мен қарасақалдар өз өнерін шыңдаған.

Ұлттық ойындар бала тәрбиесінде негізгі екі жауапты рөл атқарады: біріншіден, жаттығулар жасап, ұлт ойындарын ойнаған кезде дене дамуы жақсарса, екіншіден, ұлт ойындарының мазмұнын, ойлау тәртібін түсіндірген кезде ұлттық әдет – ғұрпымыздан, өткен өмірімізден хабар алады.

Хор: Елім менің (Б.Тілеуханов)

III Қорытынды

Біз болашақ ұрпағымызға тілімізді ғана үйретіп қоймай, салт-санамызды, дәстүрімізді мирас етіп қалдырып, ұрпақтан – ұрпаққа жалғасуына жағдай жасауымыз қажет. Мектепте оқушыларға ұлттық ойындардың құндылығын насихаттау мен қатар, оларды қолданудың озық тәжірибелерін жинақтау және дамытуларымыз керек.

Сау болыңыздар!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27.02.2019
2608
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12