400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық тәрбие сағаты "Ұлы халықтың -ұлы Абайы" 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандарға көмегі болар
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қызылорда қаласы
№8 П.Д.Осипенко атындағы орта мектебі
Сынып жетекші: Дүйсенова Әсия

Тақырыбы: « Ұлы халықтың –ұлы Абайы »

Мақсаты:

1. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың « Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласының түйінді жерлерін оқып,танысу

2.Оқушыларды ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаев шығармаларымен таныстыру. Ақынның өлеңдері мен қарасөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу. Білімге деген құштарлығын арттыру.
3. Оқушылардың сөйлеу, мәнерлеп оқу қабілеттерін, тіл байлықтарын, сөздік қорларын дамыту.
4. Мейірімді, адал болуға, адамгершілікке, жаман әдептерден бойларын алыс ұстауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Абай Құнанбаев суреттері, интерактивті тақта, кітап көрмесі.


Барысы:«Ата толғау» күйі қосылып тұрады.


1-жүргізуші: Алина (өз шығармасы оқылады)

Біреулерге болғанмен айдала,
Басын иіп тәу етеді бар дана.
Ұлы Абайды дүниеге әкелген,
Құдіретіңнен айналайын, сардала.


 2-жүргізуші:Ержан

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың « Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласында ұлтымыздың ұлы ойшылы Абай мұрасын мына жаһандану заманында халқымызды,әсіресе жастарды тәрбиелеуге қалай пайдалануға болады деген сұраққа бүгінгі уақыт пен заман талабы тұрғысынан жауап берілген.Біз Абай өсиеттерін басшылыққа алып, Абай жолымен жүретін болсақ,ұлтымыздың рухы да, ұяты да,намысы да жоғары болады.Біз ұлттық сананы жаңғыртамыз және бәсекеге қабілетті ұлт боламыз десек,Абай шығармаларын оқып,түсініп оны санаға сіңіруіміз керек. Абай шығармаларындағы адам бойындағы қасиеттер адамгершілік тәрбиесі,еңбек ету,білім және ғылым,адамгершілік рух пен әділеттілік жайлы жазылуы,еңбектерінің өшпес мұра екендігіне кепілдік береді.Абай қалдырған ілімді тану арқылы біз өз болмысымызды танып,болашағымызды бағдарлай аламыз.Абайды тану-адамның өзін-өзі тануы.Адамның өзін-өзі тануы және үнемі дамып отыруы,ғылымға,білімге басымдық беруі-кемелдіктің көрінісі, ал бұл дегеніміз интеллектуалды ұлт болу деген.Біз елді, ұлтты Абайша сүюді үйренуіміз керек. Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды. Абай мұрасы – біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық. Жалпы, өмірдің қай саласында да Абайдың ақылын алсақ, айтқанын істесек, ел ретінде еңселенеміз, мемлекет ретінде мұратқа жетеміз.Абай арманы – халық арманы. Халық арманы мен аманатын орындау жолында аянбағанымыз абзал. Абайдың өсиет-өнегесі ХХІ ғасырдағы жаңа Қазақстанды осындай биіктерге жетелейді.






1-жүргізуші:

«Ұлы Абай жерінде» атты таныстырылым.(Мұратова Алина)


  2-жүргізуші: Ержан     

Абайдың 1890-1898 жылдар арасында жазған шығармалары «қарасөз» деп аталады. Жалпы саны қырық бес бөлек шығарма. Абай өзінің қарасөздерінде адамзат баласына ортақ мұраларды дәріптей отырып,рухани биікке құлаш сермеп,алысқа қанат қаққанын көрсетеді.Оның қара сөздерінің арқауы-кісілік,мәдениет,ізгілік.Абай қара сөздерінің басты миссиясы-ойлану,өзгеге ой салу,мақсатты ұстанымға айналдыру.Демек,ұлы ойшылдың қара сөздері-аса құнды еңбек. Олай болса, Абай қарасөздерімен танысайық.

Оқушылардың қарасөздерін оқуы.

Он жетінші сөзі. Жүсіпбек Арсен

Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті. Қайрат айтыпты: «Ей, ғылым, өзің де білесің, дүниеде ешнәрсе менсіз кәмәлатқа жетпейді, әуелі,ғылым, өзіңді білуге, ерінбей,жалықпай ізденіп, үйреніп,орнына келтірмек менің ісім, құдайға лайықты ғибадат қылып, ерінбей,жалықпай орнына келтірмек те - менің ісім. Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абұйыр,мансапты еңбексіз табуға болмайды. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтұғын, күнәкәрліктен, көрсеқызар жеңілдіктен, нәфсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады?» - депті.

Ақыл айтыпты: «Не дүниеге, не ахиретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын - мен, сенің сөзіңді ұғатұғын - мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, ғылымды ұғып үйрене алмайды екен, осы екеуі маған қалай таласады? Менсіз өздері неге жарайды?» - депті.

Онан соң жүрек айтыпты: «Мен - адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тірлік жоқ. Жұмсақ төсекте, жылы үйде тамағы тоқ жатқан кісіге төсексіз кедейдің, тоңып жүрген киімсіздің, тамақсыз аштың күй-жәйі қандай болып жатыр екен деп ойлатып, жанын ашытып, ұйқысын ашылтып, төсегінде дөңбекшітетұғын - мен. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын - мен, бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп еритұғын - мен, жаманшылықтан жиреніп тулап кететұғын - мен, әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады?» - депті.

Сонда ғылым үшеуінің сөзін тыңдап болып, айтыпты:

- Ей, қайрат, сенің айтқаныңның бәрі де рас. Ол айтқандарыңнан басқа да көп өнерлеріңнің бары рас, сенсіз ешнәрсенің болмайтұғыны да рас, бірақ қаруыңа қарай қаттылығың да мол, пайдаң да мол, бірақ залалың да мол, кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман, - депті.

-Ей, ақыл! Сенің айтқандарыңның бәрі де рас. Сенсіз ешнәрсе табылмайтұғыны да рас. Жаратқан тәңіріні де сен танытасың, жаралған екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен тұрмайсың, амал да, айла да - бәрі сенен шығады. Жақсының, жаманның,

екеуінің де сүйенгені- сен; екеуінің іздегенін тауып беріп жүрсің, соның жаман, - депті. - Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ - менің ісім, - депті. Бірақ сонда билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп қырыңа жүрмейді. Жақсылық айтқаныңа жаны-діні құмар болады. Көнбек түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Ермек түгіл жиреніп, үйден қуып шығарады.

- Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін де жүрекке билет, - деп ұқтырып айтушының аты ғылым екен.

- Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам - сол. Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп кітаптың айтқаны осы, — депті.

Отыз екінші сөзі: Сансызбай Жанел

Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек, білмей іздегенмен табылмас.

Әуелі - білім-ғылым табылса, ондай-мұндай іске жаратар едім деп, дүниенің бір қызықты нәрсесіне керек болар еді деп іздемекке керек. Оның себебі білім - ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дәулет білсең және әр білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рахат хұзур хасил болады. Сол рахат білгеніңді берік ұстап, білмегеніңді тағы да сондай білсем екен деп үміттенген құмар, махаббат пайда болады. Сонда әрбір естігеніңді, көргеніңді көңілің жақсы ұғып, анық өз суретімен ішке жайғастырып алады.

Егер дін көңілің өзге нәрседе болса, білім-ғылымды бір-ақ соған себеп қана қылмақ үшін үйренсең, ондай білімге көңіліңнің мейірімі асырап алған шешеңнің мейірімі секілді болады. Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байқайды.

Екінші - ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек. Бахасқа бола үйренбе, азырақ бахас көңіліңді пысықтандырмақ үшін залал да емес, көбірек бахас адамды түземек түгіл, бұзады. Оның себебі әрбір бахасшыл адам хақты шығармақ үшін ғана бахас қылмайды, жеңбек үшін бахас қылады. Ондай бахас хусідшілікті зорайтады, адамшылықты зорайтпайды, бәлкім, азайтады. Және мақсаты ғылымдағы мақсат болмайды, адам баласын шатастырып, жалған сөзге жеңдірмекші болады. Мұндай қиял өзі де бұзықтарда болады. Жүз тура жолдағыларды шатастырушы кісі бір қисық жолдағы кісіні түзеткен кісіден садаға кетсін! Бахас - өзі де ғылымның бір жолы, бірақ оған хирслану жарамайды. Егер хирсланса, өз сөзімшіл ғурурлық, мақтаншақтық, хусідшілік бойын жеңсе, ондай адам бойына қорлық келтіретұғын өтіріктен де, өсектен де, ұрсып-төбелесуден де қашық болмайды.

Үшінші - әрбір хақиқатқа тырысып ижтиһатыңмен көзің жетсе, соны тұт, өлсең айрылма! Егерде ондай білгендігің өзіңді жеңе алмаса, кімге пұл болады? Өзің құрметтемеген нәрсеге бөтеннен қайтіп құрмет күтесің?

Төртінші - білім-ғылымды көбейтуге екі қару бар адамның ішінде: бірі - мұлахаза қылу, екіншісі - берік мұхафаза қылу. Бұл екі қуатты зорайту жаһатінде болу керек. Бұлар зораймай, ғылым зораймайды.

Бесінші - осы сөздің он тоғызыншы бабында жазылған ақыл кеселі деген төрт нәрсе бар. Содан қашық болу керек. Соның ішінде уайымсыз салғырттық деген бір нәрсе бар, зинһар, жаным, соған бек сақ бол, әсіресе, әуелі - құданың, екінші - халықтың, үшінші - дәулеттің, төртінші - ғибраттың, бесінші - ақылдың, ардың -бәрінің дұшпаны. Ол бар жерде бұлар болмайды.

Алтыншы - ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты болады. Сол мінез бұзылмасын! Көрсеқызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады. Онан соң оқып үйреніп те пайда жоқ. Қоярға орны жоқ болған соң, оларды қайда сақтайсың? Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегенінде тұрарлық мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын! Бұл беріктік бір ақыл, ар үшін болсын!

Қырық төртінші сөзі: Әбдіржан Аружан

Адам баласының ең жаманы - талапсыз. Талап қылушылар да неше түрлі болады. Һәм талаптың өзі де түрлі-түрлі. Һәм сол талаптардың қайсысының соңына түссе де, бірінен бірі өнерлі, тұрлаулырақ келеді. Уа, ләкин адам баласы я талапты, я талапсыз болсын, әйтеуір «бәрекелдіні» керек қылмайтұғыны болмайды. Әрнешік, орынсыз ба, орынды ма, «бәрекелді» деушіні көңіл іздеп тұрады. Адам баласы өзі қай жолда, қай майданда жүрсе, сол майдандағы кісімен сырлас болады. Оның үшін өзге жолдағылардан «бәрекелдіні» оңды күтпейді. Маған «бәрекелді» десе, осы өзімменен серіктес, сырлас осылар «бәрекелді» дер дейді.

Талаптың ішінде адам баласы көбінесе басына қадір іздеп, сол талапта болады. Біреу мал қуып жатыр. Сараңдықпен, арамдықпен, әйтеуір мал тапсам, «Мал тапқан ердің жазығы жоқ» дейтұғын, «Малдының беті жарық» дейтұғын мақалға сеніп, халықтың түріне қарай, ит те болса, малдыны сөге алмайды деп, бұл мал һәм пайда, һәм қасиет болады бойыма дейді. Мұнысы рас, қазақтың өз құлқына қарағанда. Бірақ адамдыққа, ақылға қарағанда, қазақ түгіл, көңіл жиіркенетұғын іс. Осыған орай біреу ер атанамын, біреу қажеке атанамын, біреу молдеке атанамын, біреулер білгіш, қу, сұм атанамын деп, сол харекетте жүр. Әрқайсысы қазаққа яки бірі бар, бірі жоқ болса, бағанағы екі бұлдамақ та болып, басына «осыным бірсыпыра елеу азық болар» деген талаппенен қылып жүр. Мұнысы қазақтың тамырын ұстап-ұстап қарайды дағы, «мынаны алып келіп берсе, қымбат алғандай екен, осы күнде мына бір істің біраз пұлы бар екен» деп, қазақтың өз бетінен оқып, ізденген талап болмаса, кітап бетінен оқып іздеген талап емес. Оның үшін кітап сөзіменен ізденген талап болса, әуелі көкіректі тазалау керек дейді, онан соң ғибадат қыл дейді. Қазақтың бетіне қарап, содан оқыған болса, ол талабыңды қыла бер, көкіректі тым тазалаймын деме, оны кім көріп жатыр, ішінде қатпар көп болмаса, құт-берекеге жағымды болмайды дейді. Енді осыған қарап, қайдан оқып, біліп, ұмтылған талап екенін білерсің.

1-жүргізуші: Алина

Ойшыл Абайдың өлеңдерінің маңызы өте зор,онда ақынның бүкіл өмірі бейнеленген.Абайдың шығармаларынан таңғажайып күш,керемет тереңдік пен жан жақтылықты көре аламыз. Енді осыны өлең шумақтарынан тыңдап көрелік.

Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен (Өтеш Ақбота)

Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен

Мен-мен, кердең, қайғысыз ер көңілмен,

Жазғытұрым жасырып жердің бетін,

Жасыл шөппен, бой жеткен егінмен тең.

Сонан бері рахымсыз көп жыл өтті,

Орақ келер, орылар мезгіл жетті.

Жылы менен суықтың бәрін көріп,

Қайран көңіл қайыспай қайрат етті.

Ауыр ойды көтеріп ауырған жан,

Қайғы, қасірет жүзіңе белгі салған;

Дәні толық, басы үлкен егіндей-ақ,

Сенің де басың имек жерге таман.

Өлейін деп өлмейді өлерлік жан,

Әсте өлмейді білгендей қылық қылған.

Ажал келіп бас салса, жанды ұрласа,

Өмір қайда, сен қайда, соны да ойла.

Адамзат_— бүгін адам, ертең топырақ.

Бүгінгі өмір жарқылдап алдар бірақ.

Ертең өзің қайдасың, білемісің,

Өлмек үшін туғансың, ойла, шырақ



Жүрек— теңіз, қызықтың бәрі — асыл тас (Аружан)

Жүрек— теңіз, қызықтың бәрі — асыл тас,

Сол қызықсыз өмірде жүрек қалмас.

Жүректен қызу-қызба кете қалса,

Өзге тәннен еш қызық, іс табылмас.

Достық, қастық, бар қызық—жүрек ісі,

Ар, ұяттың бір ақыл — күзетшісі.

Ар мен ұят сынбаса, өзге қылық.

Арын, алқын — бұл күннің мәртебесі.

Қартаң тартқан адамнан от азаймақ,

От азайса, әр істің бүрі тайғақ.

Шаруаң үшін көрінген ақыл айтып,

Жолың тайғақ, аяғың тартар маймақ





Білімдіден шыққан сөз (Сая)

Білімдіден шыққан сөз

Талаптыға болсын кез.  

Нұрын, сырын көруге

Көкiрегінде болсын көз. 

Жүрегі — айна, көңiлі — оят, 

Сөз тыңдамас ол баяу. 

Өз өнері тұр таяу,

Ұқпасын ба сөзді тез? 

Әблет басқан елерме

Сөзге жуық келер ме? 

Түзу сөзге сенер ме

Түзелмесін білген ез? 

“Айтшы-айтшылап” жалынар, 

Ұққыш жансып шабынар. 

Ұқпай жатып жалығар

Ұйқылы-ояу бойкүйез.

Жас баладай жеңсікқой, 

Байлаулы емес ақыл ой, 

Ойлағаны — айт пен той,

Ыржаң-қылжаң ит мінез„

Сұлу қыз бен я батыр 

Болмаған соң, тәңрі алғыр, 

Шығып кетер, я қалғыр,

Оған ақыл — арам без.

Жақсыға айтсаң, жаны еріп, 

Ұғар көңіл шын беріп, 

Дертiң ішіне ем көріп,

Неге алтынды десін жез.

“Ой, тәңір-айшыл” кер есек, 

Қулық, сұмдық не өсек 

Болмаған соң, бір есеп —

Мейілі қамқа, мейілі бөз.

2-жүргізуші: ержан

Абай атамыздың жыл мезгілдеріне байланысты өлеңдеріне салынған Динаның шығармашылық жұмыстарымен танысып көрейік.

(«Қыс», «Жазғытұры», «Жаз», «Күз»). Өлеңін оқитын : Саин Дінмұхаммедәли

1-жүргізуші:Алина

«Абай ата»

Ата сөзі- қазақтың бойтұмары,
Оқысаң, ашылады ой тұманы.
Қиналсаң, ақыл қосып ақылыңа,
Жырларында жанашыр ой тұрады.
Қазаққа бөлек екен Абай орны,
Талапшыл, қанағатшыл, терең ойлы.
Өнер- білім, ғылымды қадірлеумен
Қазақ елін ақиқат жолға қойды.


Хор. Көзімнің қарасы


2-жүргізуші:Ержан

Парасатты болып туған,
Шыңғыстаудың Абайы.
Ән мен жырын мұра қылған,
Сарыарқаның Абайы.
Нақылымен сана құйған,
Қазағымның Абайы.
Ақылымен дана болған,
Бүкіл әлем Абайы,- деп ақын Жұмағазы Алмабаев жырлағандай, Абайды жаңа Қазақстанның бренді ретінде әлем жұртшылығына кеңінен таныстыру біздің міндетіміз.


Ән .Қазақстан






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
24 желтоқсан
1997
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі