жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ашық тәрбие сағаты "Ұлыстың ұлы күні- Наурыз"
Ашық тәрбие сағаты: Ұлыстың ұлы күні- Наурыз
Жүргізуші: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар,
Босқа қарап тұрмаңыздар,
Наурыз тойы басталды
Көргендер де арманда,
Көрмегендер де арманда,
Қызықтан тыс қалмандар.
Ата салтын бабамның,
Алып келді Ұлы күн.
Наурыз туын көтеріп,
Жар салайық әлемге.
Жүргізуші: Бір анадан туғандай,
Бір ұядан ұшқандай,
Бір аспанның астында,
Бір дастархан басында.
Береке бірлік болсын- деп,
Көп көжеден дәм татып,
Күшейтейік бірлікті.
Еңбек пенен тірлікті
Жарыса өнер көрсетіп,
Той тойлайық тамаша.
1-ші жүргізуші:Армысыздар құрметті ата – аналар,ардақты ұстаздар, оқушылар! Сіздер бүгін Наурыз мейрамына арналған кешімізге қош келдіңіздер.(бірге айтасыңдар)
2-ші жүргізуші:
Шашу, шашу,шашу!
Көп шашайық шашуды,
Ұмытайық мысық тілеу ашуды
Теріп алған несібелеріңізді
Ару қыздар арнап шашқан шашуды. ( Ортаға шашу шашылып )
1-Жүргізуші: Ортаға аналарымызбен жеңгейлеріміз жасаған Наурыз көже әкелінсін (Наурыз көже ұсынылады) Наурыз көжеден дәм татайық
2-жүргізуші Наурыз көже- Наурыз тойына ғана тән, көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны әр үй жеті түрлі дәмнен: сүт, ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс тағы сол сияқты тағам түрлерінен жасап, оған қазы, шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып, мерекемен кұттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурыз көженің дәстүрлік, мерекелік, ұлттық тағылымы өте зор. Ол барлық адамдарды жомарттыққа, ізгілікке, ұйымшылдыққа, татулықка, бірлікке шакырады.
2-Жүргізуші:Ортаға ауылымыздың ақсақалы ---------- атамыз бата берсін. Ұлыс он болсын,
Ақ мол болсын.
Қайда барса жол болсын,
Ұлыс бақты болсын,
Ұлыс береке берсін.
Төрт түлік ақты болсын,
Бәле, жала жерге енсін.
1-ші жүргізуші : Жер ананың тоң кеудесі жібіп, Самарқанның көк тасы еріген қасиетті Наурыз айы туғанда амандықпен қайта қауышқан күніміз құтты болсын!Наурыз елімізге құт-береке әкелсін!
Келесі сөзімізді мектебіміздің директоры Ермағанбет Әскербай Балғабекұлына береміз.
2-ші жүргізуші:«Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Ұлыс бақты болсын, төрт түлік ақты болсын!» десіп, өткенге салауат айтып, келер күннен берекет тілеп, ақ көңіл, адал жүрекпен дос құшақтарды айқастырып табысатын қасиет күні –Наурыз мерекесі құтты болсын!
Ержан, Аяулым, Ердос
Ақ қар кетіп, қыс өтіп, Ержан
Шырайлы шуақ жаз жетіп.
Шаруаның бұл кенелген
Күн мейрамы ежелден,
Құтты болсын, бұл Наурыз.
Наурыз тойы – береке Аяулым
Наурыз тойы –жыр аңыз.
Қызық думан-мереке
Қызық думан құрамыз
Ұлыстың Ұлы күнінде, Ердос
Бай шығады балбырап.
Қолында жас жеткіншек,
Тұлымшағы салбырап.
(Би Қара жорға)
1-ші жүргізуші: Ұлыстың ұлы күні ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күні.Наурыз мейрамы «Наурыз-көне парсы сөзі. Қазақшаға аударсақ , алғашқы буыны «нау»-жаңа, «рыз»-күн деген ұғымды білдіреді.Жаңа күн, яғни жаңа жылдың алғашқы күні-жыл басы.Бұл біздің халқымызда күн мен түн теңелер мезгіл-наурыз айының 22-не сәйкес келеді.
Хор «Қазақы дастархан»
2-ші жүргізуші: Бұл күні аталарымыз бен әжелеріміз үйді-үйді, ауылды-ауылды аралап, наурыз көжеден дәм тататын.Үлкен-кішіге ақ баталарын беріп, ізгі тілек тілесетін.»Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар»деп н.ақыл айтып, ауыл арасын ауыз бірлікке, татулыққа шақыратын.
Азат,Томирис, Бағдат
Ой қосылып ойыңа Азат
Бой қосылып бойыңа
Аман-есен жетейік
Келер наурыз тойына
Ұлыс күні қар еріп, Томирис
Сай - салалар гүрілдер.
Көк шөбі шығып желкілдеп,
Дүние біткен күлімдер.
Ән қосылып әніңе Бағдат
Сән осылып сәніңе
Ырысты боп жаңа жыл,
Бақ дарысын бәріне
1-ші жүргізуші: Ендеше ортада тамаша әнімен Ұлдарыңыз Биғали мен Алмас ( «Қазақтың баласымын» әнімен)
2-Жургізуші. Енді әдеп-ғұрып, салт – дәстүр туралы әңгімелесейік. Қазақта, әдеп – ғұрып, оның мәдениеттік ерекшеліктері болып табылады. Халық әдептілік пен ілтипаттылықты ұрпағына. Әуелі үйретіп, дағдыландырып, әдепті қалыптастырған. Қалыптасқан әдеп – ғұрыпқа айналып, халықтың санасына сіңіп, салт – сана пайда болған.
1 - жүргізуші: Әдеп – ғұрып негіздері; ырымдар, тыйымдар, әдет, рәсім, дәстүр және салт. Әрбір негіздің тәсілдері мен үрдістері бар.
Ала жіпті алайық, Әжеңе алып барайық. Ер жетті деп айтайық
Шашуын жеп қайтайық. (Корініс тұсау кесер)...........................
Айдос Дильназ Олжас Наргиз Ерхан (Өлең шумақтар)
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен, Олжас
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен Күн-Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.
Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке,
Қастерледік, қадірінді білдік те.
Құтты болсын, Ұлыс күн жұмылдырған,
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке.
Күн ғой бүгін жарылған Наргиз
Ақ түйенің қарыны
Ақ дастархан жайылған
Лаулап ошақ жалыны.
Қуант таныс құрбыны
Бақыт тілеп қол ал да
Не тілесең бұл күні
Орындалар сол алда.
Күреп алтын күрекпен Ерхан
Қарды еріткен Наурыз!
Жатыр көктем түлетіп,
Бүрлеп бақша – бауымыз.
Ұлы күні ұлыстың
Күн мен түнді теңеген
Тітті дәмін ырыстың
Таттық наурыз көжеден.
1-жүргізуші: Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра демекші, домбыра ұстаған қазақ айтыспай кеткен емес. Ортаға айтысқа кезек берсек.
Айтыс
Бала: Мінгені сыпқымдардың берен екен,
Өнері талаптының өлең екен.
Сұрайын, қайыруын айтып берші,
Бірінші жылға кірген немене екен.
Қыз: Дүние ойлап тұрсам дұшпан екен,
Өмірде күнәліні қысқан екен.
Айтайын сұрағыңа анық жауап,
Бірінші жылға кірген тышқан екен.
Бала: Бәйгеден келсе жүйрік жарар еді,
Сүзілтіп жал - құйрығын тарар еді.
Жыл атын өткен жылғы айтып берсең,
Көкейге қонып, өшпей қалар еді.
Қыз: Қонғаны ауылымның ой болады.
Мереке жылда осындай той болады.
Түйіп ал көкейіңе ұмытпастай,
Жыл аты өткен жылғы мешін болар.
Бала: Ауылым қыстап отыр ойқораны,
Мереке күнде осындай той болады.
Биылғы жылдың атын айтып берші,
Білгеннен соң тағы да ой толады.
Қыз: Адамға құдай берер несібені,
Мына дос қалай- қалай көсіледі.
Біліп ал, мен айтайын мұның жайын,
Биылғы кірген жылың тауық болар.
Екеуі: Өлең жыр көп шырқалды қосыменен,
Айтысты аяқталық осыменен.
Сау болып тұрыңыздар апайларым
Сәби де жетіледі досыменен.
1-жургізуші
Би ( Бипыл)
2- жүргізуші: Бүгін барлық ренжіспен өкпені ұмытып кешіретін күн. Бір- бірімізді сыйлап ойнап күліп жүре берейік. Күлкі - өмір айнасы.Ортада әзіл көрініс «Красный абрикос»
Диас Жасұлан, Ерасыл Өлең шумақ.......
Малдар төлдеп, қой қоздап, Диас
Сүттен бұлақ ағызған.
Жаңа жылдың сипаты,
Молшылыққа аңыз боп,
Басталыпты Наурыздан.
Көгіме күн өрлетіп, Жасұлан
Төрт түлігін төлдетіп,
Қаймақ сүтін көлдетіп,
Ырзық - құтын селдетіп,
Келді Наурыз- Ұлы күн.
Жас қосатын жасыңа, Ерасыл
Жыл басы бұл - Наурыз!
Әр кіргізген асыңа
Бал татыған сары уыз.
Наурызбенен құттықтап
Алыс, жақын қауышты.
Көктемдегі жарқын сәт
Көңілдерге ауысты.
Жүргізуші:Бүгінгі күнге жетіп мейрам тойлап жүргеніміз Елбасымыз бен атамекенімізді қорғаған бабаларымыздың арқасында.
Жүргізуші: (Хор «Атамекен»)
1-Жургізуші:Ән (Казак кызға үйленемін) Койшин Алмас
2-жүргізуші: Ұлыстың ұлы күнінде жастар қариялардан бата алады. Қыдыр баба төрімізде болсын. Ұлыс береке берсін!
1-жүргізуші: Берекелі тірлік дамып, мерекелі бірлік орнасын!
Тауық жылы береке, татулық жылы болсын!
2-ші жүргізуші:Құрметті ата- аналар ,ұстаздар, оқушылар!Осымен біздің « Ұлыстың ұлы күні- Наурыз » атты кешіміз аяқталды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген