400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты, "Ұрпақтар ұмытпайтын жеңіс"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы Жеңіс күніне арналған тәрбие сағатының тәрбие орынбасарларына, сынып жетекшілерге көмегі тиеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұрпақтар ұмытпайтын жеңіс

Мақсаты:

  1. Ұлы жеңісті дәріптеу, жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін нығайту,өз Отанына, еліне жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

  2. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ерлік-істерін қастерлеп,үлгі-өнеге тұту.

Көрнекілігі: мәңгі алаудың макеті, белгісіз солдат ескерткіші, шарлар, нақыл сөздер, батырлар галереясы, оқушылардың салған суреттері, АКТ мәліметтер

Барысы:

Сахнада әскери киім киген оқушылар «Соғыстан қайтқан солдаттар» әнінің әуенімен ыңылдап тұрады.

Мұғалім:

Болмасын соғыс!

Тілегі солай ата-ананың.

Жарақат алып қорғаған елін, Ұлы Отанын,

Көшеде егер балдақты кісі кездессе

Жүрегім соғып ойланып бара жатамын.

Бақтарды басып, танктің тажал табаны,

Қандарға бөгіп бала-бақшалар алаңы.

Жауынгер болып оқ атып жап-жас жігіттер,

Атпаса екен шашынан сүйреп Ананы.

Хор «Соғыстан қайтқан солдаттар»

(Көрініс) Әнді орындау барысында сахнаға соғыстан жараланып қайтқан солдаттар бір-бірін жетектеп шығады. Соғыстағы жалғыз ұлын тосқан ана алдарынан шығып, ұлын іздеп шарқ ұрады. Жарының хатын қолына ұстаған жас келіншек және әкесін тосқан бала шығып, жауынгерлердің аяғына оралады, жылап сахнаның шетіне кетеді.

Мұғалім: 1941жылы 22 маусымда фашистік Германия Совет Одағына шабуыл жасады. Бұл халық үшін ауыр кезең болды. Отанымызға қатерлі күн туды. Отанымызды қорғау үшін еліміздің көптеген ер-азаматтары майданға аттанды. Еңкейген кәрі, өрімдей жас, еңбектеген балаға дейін елі, жері Отаны үшін арпалысты.

1-оқушы:

Бұлт түнеріп аспаннан
Талмай көзден жас тамған
Тұтқиылдан жау тиіп
Қырғын соғыс басталған

2-оқушы:

Солдаттың көкірегі толы арманы,

Оқ жаңбыр астында да жоғалмады,

Отан мен анасы үшін «Алға» деді

Амал не, көпшілігі оралмады

3-оқушы:

Қаһарлы күндер өттің арпалыста

Құныққан қан құмарлар қанша қысса.

Мызғымай болат қорған армиямыз

Бір адым бастырмады алты ай қыста.

4-оқушы:

Тойтарып анталаған жаудың бетін

Көрсеткен батырлықтың құдыретін

Жиырма сегіз батырын туған елі

Ардақтап, мәңгі жасар құрметін.

5-оқушы:

Оқ борады күні-түні

Жатты жерді от қарып.

Алға қарай ұмтылды,

Батыр қазақ Тоқтаров.

6-оқушы:

Отанға жаулар қаптады,

Опасыз жаулар тапталды.

Қасиетті жері үшін

Қастерлеп батыр елі үшін.

Әлия, Мәншүк, Төлеген,

Жаулардың көзін жойды олар.

«Журавли» әнінің ырғағымен ақ көйлекті қыздар биі орындалады. Әннің әуенімен ілесе екі оқушы сахнада өлең оқиды.

1-оқушы:

Болмасын соғыс!
Жасасын Жеңіс – мамыр – ай!
Қозы – лақ шапсын енесін еміп жамырай,
Тау азаматтар жарақат алып жатпасын,
Ажалын тауып қорғасын оқтан тарыдай.
О, мейлі, қарын ашығып қалса сәл ғана,
Жаралы елді артпай – ақ қойдық арбаға,
Күн күліп, гүл өсіп тұрсын далада
Қан қызыл оқтан жараланбасын ақ дала.

2-оқушы:

Жасасын Жеңіс!
Еңбегі барлық солдаттың,
Болашақ ұрпақ ерлігін айтар жалғап мың.
Қанша ма адам ерліктер жасап майданда
Қазақтың атын, халықтың атын самғаттың!

3-оқушы:

«Көк түтінге көмемін деп көгімді

Ес жидырмай еземін», - деп елімді.

Келді фашист-жеңе алмады бірақта,

Бақыт үшін қаншама қан төгілді.

4-оқушы:

Көрші үйіне қара қағаз келіпті,

Қайран аға қан майданда өліпті.

Ерлігіне ескерткішті орнатып,

Ұрпақтары басына гүл қойыпты.

Мұғалім: Ер есімі-ел есінде. Кір жуып, кіндік кескен жері үшін жанған отқа түсіп, жалын кешкен ата-апаларымыз естен шықпайды. Олар тарихта өшпес із қалдырды. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен, ата-бабаларымыздың ерлік істерін құрмет тұтып, еске алып, бас иеміз. (ұлдар соғыс ардагерлерінің суреттерін ұстап шығады, қыздар белгісіз солдат ескерткішіндегі мәңгі алау макетіне гүл шоқтарын қояды) Қасым Қайсенов, Талғат Бигельдинов, Нүркен Әбдіров, Мәлік Ғабдуллин, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы, Төлеген Тоқтаров, Рақымжан Қошқарбаев сияқты аты аңызға айналған ағаларымыз бен апаларымызды тарих бетінде «Батыр» деп жазды. Олар тыныштық үшін, бақыт үшін күресті. Сондықтан да әділетсіз соғысты бастаған фашистік Германияны жеңіп шықты.

Ән «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген»

Би. Соғыс кезіндегі әндерден үзінді алынып, билер билейді.

«Синий платочек», «Смуглянка», «День Победы!» Ең соңында ұлдар қызыл жалауларын көтеріп шығады.

Мұғалім:

Арылтып жерден жауымды

Табанға жаншып өлімді

Жеңіспен желпіп өмірді

Десеңдер бұл қай күні?-9 май күні!

Кептерлер қалқып көкте ойнап,

Қызыл ту шалқып, көк бойлап

Мәре-сәре мәз-майрам,

Отанымыз той тойлап.

Десеңдер бұл қай күні?-9май күні!

1-оқушы:

75 жыл – бейбіт көктем таң атқан,
75 жыл – шуақты күк таратты әнін
Есімде сонан бері 75 рет
Ашылды жеңіс күнінің парақтары.
75 жыл – үзілмейді құстар әні
Кетті енді сұм соғыстың қыспағы әрі
75 жыл – жауымыздың ажал оғы
Біздің ел үстінен ұшпағаны.


2-оқушы:

Барша халық жеңіс күнін тойлайды,
Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтардың амандығын ойлайды.
3-оқушы:

Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен – аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!
4-оқушы:

Қуантамыз ән сап жұртты,
Келе берсін бақыт таңы.
Жеңіс күнің болсын құтты,
Батырлардың ұрпақтары.
5-оқушы:

Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Осы тілекпен барша халайық түрегел!


Ән «Әрқашан күн сөнбесін!»








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
1201
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі