«Б.Тұрлыханов атвндағы орта
мектебі-бақшасы»КММ Бастауыш сынып
мұғалімі Татубаева
Бакытгуль Муратпаевна Ашық тәрбие
сағаты.
Сабақтың
тақырыбы:Ұрпақтар ұмытпайтын
Жеңіс
Сабақтың мақсаты:
1Ұлы жеңістің мән-маңызы
туралы мағлұмат беру. Оқушыларды Ұлы
Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып,
ой-өрісін дамыту.
2.Оқушылардың тіл байлықтарын
дамыту,сөздік қорын
кенейту.
3.Отан сүйгіштікке,елжандылыққа,батылдыққа шыншылдыққа
баулу. Оларға
патриоттық тәрбие беру. Оқушыларды үлкен адамдарды сыйлай білуге,
оларды қадірлеуге
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:
батырлар суреті,интерактивті
тақта,кітаптар көрмесі,окушылардың
суреттерінің көрмесі, қанатты
сөздер,гүлдер,шарлар.
Мұғалім:
Құрметті ата-аналар,ұстаздар
бүгінгі Ұлы Отан соғысынын 75
жылдығына арналған «Ұрпақтар ұмытпайтын
Жеңіс»
атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Сіздерді 9-мамыр Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтаймыз! Аталарымыздың,
әжелеріміздің ерлігімен келген бұл Жеңіс мерекесі ұрпағымыздың
есінде мәңгі сақталады.
Ұлы Отан соғысында Жеңіске жеткенімізге биыл
75
жыл
толып отыр. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ.Сондықтан Жеңіс күні
әрқайсысымыздың жүрегімізге жақын.Ендеше соғыс даласында
хабар-ошарсыз кеткен,қаза тапқан ер жүрек батыр ата-әжелерімізді
бір сәт үнсіздікпен еске алайық.
1 мин. үнсіздік
Өкінішке орай,уақыт сол ұлы оқиғаларға қатысушыларды біздің
арамыздан алып кетіп жатыр.Олар азайған үстіне азайып барады.Бірақ
ешкім де,ештеңені ұмытпауы тиіс!
Себебі,бұл-біздің тарихымыз,
біздің мақтанышымыз,біздің даңқымыз!Ендеше сол
жылдарға көз жүгіртейік. Слайд
-Балалар Ұлы Отан соғысы қай
жылы басталды?(1941 жылы)
-Қай жылы аяқталды?(1945жылы)
-9 мамыр неліктен Жеңіс күні деп
аталады?
1-
жүргізуші
1941 жылы 22маусым күні,таңғы сағат 4-те таңшапағы жаңа арайлап
келе жатқан кезде фашистік Германия тұтқиылдан Кеңес Одағына
опасыздықпен басып кірді.
2-жүргізуші Бұлт түнеріп аспаннан,
Талай көзден жас тамған.
Тұтқиылдан жау келіп,
Қырғын соғыс басталған.
1-
жүргізуші
Оқ борады күні-түн
Жатты жерді от қарып.
Алға қарай ұмтылды,
Батыр қазақ оқты алып.
2-жүргізуші Туын жықпай қолдағы,
Опат болды елі үшін.
Кеудесімен қорғады,
Азаттықтың жемісі Ән: «Ән сал сарбаз»
1- жүргізуші Соғыстың алғашқы күндерінен-ақ
бүкіл халық жан тәнімен өз Отанын қорғауға аттанды.Солардың
арасында Бауыржан Момышұлы,Талғат Бегелдинов,Рақымжан
Қошқарбаев,Мәлік Ғабдуллин сынды аталарымыз ерлік көрсетсе,Мәншүк
Маметова,Әлия Молдағұлова сынды әжелеріміз Отаны үшін жандарын
құрбан етті.
Көрініс: «Ананың баласымен қоштасуы»
Анасы (Айзере):
-О,құлыным,балам,ұлым! Мені тастап,жауыздардың жазасын беруге кетіп
бара жатырсың! Енді сені қашан көрем,әлде көре алмаймын ба? Не
жаздым саған,қу өмір!
Баласы (Мирас):
-Анам!Сен мен үшін қамықпа!Әрбір секунд сайын менің қалай сені
жақсы көретінімді есіңе ал.Жаман еш нәрсе ойлама. Соғыс біткен
соң,жақын арада оралам. Анам! Жан анам!
Қыз (Ақнұр):
-О,сұм соғыс! Сенің бұл не істегенің? Мынау дала тыныш боп қалды.
Солдат артынан солдатты алдың.Сау болыңдар, жігіттер! Қайтып
оралуға тырысыңдар! Биік боп,еш оқ пен гранатты аямай жауды жеңіп
оралуға тырысыңдар! Видео(Сен білесін
бе? Шығыстың қос
жұлдызы)
2-жүргізуші Мәншүк Мәметова (Жиенғалиқызы)
1922 Батыс Қазақстан қазіргі Орал облысының Орда ауданында туған.
Мәншүктің ата-анасы ерте қайтыс болған.1942 жылы Алматы қаласындағы
медетцина институтында оқып жүрген.Олда өз еркімен сұранып соғысқа
аттанған.Ақырғы оғы қалғанша жауды қырып,ерлікпен қаза
тапқан.
Дана Сонау жылы жер көкті
Соғыс бұлты торлаған
Сонда Мәншүк әпкеміз
Жаудан елді қорғаған.
Үстінде сұр шинелі
Дулығасы болаттан.
Мәншүк әпке күн түні,
Жауға оқты боратқан 1-жүргізуші Қазақтың жауынгер батыр қызы
Әлия Молдағұлова Ақтөбе облысы,Қобда ауданында дүниеге келген. Ол
әке-шешесінен жастайынан айрылып,ағасының тәрбиесінде болады.Кейін
Ленинградқа көшіп ,сол жердегі балалар үйінде тәрбиеленеді.1941жылы
Әлия 15 жаста болған.1942жылы өз еркімен снайпер мектебіне оқуға
түсіп,оны жақсы бітіріп шыққан. 1943 жылы соғысқа
аттанған.1944 жылы 19 жасында соғыста мерт
болған.
Нұрбек Алтын жұлдыз зымырап
Кетті алыс,
Кетті алыс мылтық ап
Бір жап-жас қыз...
Майдан кешті мылтық ап
Әлия қыз,
Өр төсінде жарқырап
Алтын жұлдыз. Видео (Сен білесін
бе? Бауыржан Момышұлы
жөнінде)
2-жүргізуші
Бауыржан атамыз сұрапыл соғыстың басынан аяғына дейін
қатысқан.Бауыржан атамыздың ерлігін сөзбен айтып жеткізу мүмкін
емес,ол соғыста жауынгерлерге басшылық еткен.Батыр атамыз 207 рет
ұрысқа қатысып,5 рет өлімші болып жараланған
екен. Ералы
Қайтпаған дауылдан
Кек алған жауынан
Халқымның қастерлі
Жайсаңы Бауыржан.
Қазақтың қаны үшін
Жүрегі ауырған
Елімнің намысын
Қорғаған Бауыржан 1-жүргізуші Талғат Бигелдинов - Авиация
генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің
иегері. 1922 жылы 5-тамызда Сарыарқаның кең-байтақ даласында,
Ақмола облысының Майбалық ауылында
туған. Кәусар
Батыр Талғат ағамыз
Құртып талай жау мысын
Мейірімді кескін жүз
Ерге біткен мінезі
Кеудесінде қос жұлдыз
Екі рет батыр - бір өзі. Видео (Сен білесін
бе? Рақымжан Қошқарбаев
жөнінде)
2-жүргізуші – Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс
туын тіккен қазақ азаматы, Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаев 1924
ж. 19 қазанда Ақмола облысы Ақмола ауданында
дүниеге келген.1942 ж. әскерге алынған. Соғыс кезінде асқан
ерлік көрсеткен. 1988 ж. 10 тамызда Алматы қаласында қайтыс
болды.
Ернар
Өр тұлғалы келбетті
Қошқарбаев Рақымжан
Сын сағатта ерлепті,
Ер сүйсінген батыр жан.
Би:
«Катюша» (қыздар) 1-жүргізуші
1945 жылы 9-мамырда
бұрын-соңды болмаған мың зеңбірек, 30 дүркін салют атылды.
Ұлы күшке сенген күн
Фашистерді жеңген күн
Қырмызы гүл, қызыл гүл
Құшақтарға енген күн.
Елжан
Жеңіс күні құтты болсын,
Құтты болсын аталар
Ұмытпайды ешқашан да,
Жауынгерді балалар. Алдияр
Саған құрмет – бейбітшілік
сақшысы.
Сен тұрғанда қуырылар жау апшысы.
Саған миллион жүректердің салюті.
Саған сөздің шұрайлысы, жақсысы
Би:
«Салдаттар»
Ақерке
Жеңіс келді далама,
Жеңіс келді ән болып.
Жеңіс келді қалама,
Келді ауылға сән көрік.
Ақнұр
Күн көзін бұлт баспасын
Енді соғыс болмасын!
Қабаққа қайғы қонбасын,
Жер бетін өрт шалмасын. Айзере
Әр күні бейбіт таң атып,
Әлпештеп жұртты оятып,
Әр күні көкке күн шықсын!
Күрсінбесін аналар!
Күле берсін балалар!
Мирас
Есігіне әр үйдің
Бесігіне сәбидің
Мәңгілік бақыт орнасын
Болмасын соғыс болмасын!
Ән: «Әр қашан күн сөнбесін»
Хор
Жеңісті қолдан бермеген батыр
ата-әжелеріміздің көпшілігі жеңіске жеткендерін көрген жоқ,бірақ
қасық қаны қалғанша Отаны үшін,болашақ ұрпақ үшін шайқасты, бүгінде
солардың арқасында
тыныш та бейбітшілік заманында өмір сүріп жатырмыз. Төбемізде
Тәуелсіздіктің көк туы желбіреп тұр. (Балалар қолдарына ту
ұстап)
Ән: «Көктудың
желбірегені». Ерасыл Бейбітшілік жасасын! (
Қолдарына ақ көгершіннің макетін ұстаған
балалар) Ән: «Ақ
көгершін». Мұғалім Құрметті ата-аналар, ұстаздар
осымен «Ұрпақтар ұмытпайтын Жеңіс» атты тәрбие сағатын аяқтай
отырып, баршаңызға бақыт, бірлік тілейміз. Әрқашан еліміз аман,
жұртымыз тыныш болсын