Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "Ұстаз- ұлық емес, ұлы қызмет" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға тәрбие сағатына керек деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ұстаз – ұлық емес, ұлы қызмет »

Сабақтың   мақсаты:

Оқушыларды айналасына білім, тәрбие беріп, адамгершілік нұрын төккен,  Қазақстанның тұңғыш Еңбек ЕріҚазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,  Қазақстан Республикасының Білім Беру ісінің Құрметті қызметкері Алматы қаласының Құрметті азаматы  Миразова Аягүл Төреқызының өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.

Сабақтың түрі: Әдеби-музыкалық бағдарлама. (Тоқ шоу)

Әдіс-тәсілі: Өлеңдер оқу,ән шырқау.күй

Көрнекілігі: «Ұстаз» туралы жазылған нақыл сөздер, суреттер, өлеңдер,гүл шоғырлары, шарлар.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Қ,Р мемлекеттік Әнұраны.

1-жүргізуші:

Ұстаз ... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз.
2-жүргізуші

Дұрыс,айтасың,Динара.
«Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған » немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер « ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.

Мұғалім:

Мұғалім: Ендеше  «ұстаз»  сөзінің  формуласы  қандай ? (сол  сәтте  бес  оқушы  шығып «ұстаз»  сөзінің   формуласын  көрсетіп  айтады)

Ұ – ұлағатты

С – салмақты

Т – тапқыр

А – ардақты

З – зиялы

Мұғалім:

Ендеше, балалар бүгінгі тәрбие сағатымыз сондай ұлағатты, салмақты, тапқыр да, ардақты, Қазақстанның тұңғыш Еңбек ЕріҚазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,  Қазақстан Республикасының Білім Беру ісінің Құрметті қызметкері Алматы қаласының Құрметті азаматы, зейнеткер ұстазымыз Миразова Аягүл Төреқызына арналады.

Аягүл Төреқызы 1948 жылы 15 желтоқсанда Жамбыл облысы, Берікқара ауылында дүниеге келген.

1972 жылы Жамбыл педагогикалық иниститутының математика факултетін бітірген.

Аягүл Төреқызы Ыбырай Алтынсарин атындағы №159 гимназияның 1991 жылы тамыз айында жалпы орта білім беретін мектеп болып ашылған бірінші күнінен бастап оның директоры қызметінде.

Аягүл Төреқызының барлық оқытушылық қасиеттері мұғалімдер мен оқушылар көмектесуге бағытталған. Баланың жоғары интеллектуалды тұлға ретінде қалыптасуына септігін тигізу оның негізгі борышы деп есептейді.

Аягүл Төреқызы Ыбырай Алтынсарин атындағы №159 гимназияның 1991 жылы тамыз айында жалпы орта білім беретін мектеп болып ашылған бірінші күнінен бастап оның директоры қызметінде осындай жетістіктерге жетуде:

1992 жылы мектепке ұлы педагог Ыбырай Алтынсариннің есімі берілді.

1992 жылдан мектепте «пилоттық мектеп» информатикалық бағдарламасымен оқыту жүйесі іске қосылды;

1996 жылы Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастырлуымен өткен «Алматы қаласының үздік ұйымдастырушы – ұстаздар» байқауында мектеп ұжымы жеңілімпаз атанды;

1997 жылы Республикалық «Әдістемелік бейне» байқауында 1ші орын иеленді;

1997 – 1998 жылдары мектепке «Гимназиялық мектеп» атағы берілді;

2001 жылы Республикалық үздік мектеп аталымын жеңіп алды;

2004 жылы «Үздік мектептің әйел басқарушысы» республикалық байқауда Аягүл Төреқызы жеңіске жетті;

1-жүргізуші:

Аспандағы жұлдыздардай жанды үміт,

Арайлап ата берсін таң күліп.

Жақсы ойлары жүректерді жаңғыртып,

Ұстаз ісі жасай берсін мәңгілік.

Күй « Кеңес күйі»

5 «В» сынып оқушысы Халманов Ерсұлтан

2-жүргізуші:

Құрметті ұстазымызды алда келе жатқан туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Хор.5 «В» сынып оқушылары

 Хормен барлығы:

Құрметіне ұстаздың тік тұрайық!

Алаңдап басқаға біз бас бұрмайық.

Аяулы  да, ұлағатты Аягүл Төреқызын

Барлығымыз  шын жүректен туған күнімен құттықтайық.!

1-жүргізуші:

Ұстаз кім?Ол - зергер, дәрігер, қайраткер.

Ойында оның ел болашағы сайрап тұр.

Бүгінгі ұлан ұстазымыздан үлгі алған.

Ертеңгі ғалым,президент,не маман,

Ғарышкер де,қаламгер де,әртіс те

Мұғалімге де нарық салып салмақты

Мойымайтын дархан тұлға

Ұстаз ғана емес пе? 

2-жүргізуші:

Иә, Динара дұрыс айтасың « ұстаз -ұлы тұлға». «Жақсы  мұғалім—мектептің  жүрегі»— деп Ыбырай .Алтынсарин  атамыз айтып кеткен болатын. Жүрексіз  өмір  болмаса ,мұғалімсіз білімнің,тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар,қарапайым еңбеккерлер,тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бәрі ұстаздарға қарыздар. Енді оқушылардың ұстазымызға арналып жазылған шағын эсселеріне, ой толғауларын өлеңдеріне , құттықтау сөдеріне кезек берейік.

1-топ (эссе)

«Ұстаз - ұлық емес,ұлы қызмет»
Бауыржан Момышұлы

2-топ

Құттықтау .Тілек

Миразова Аягүл Төреқызына арнап тілектерін, құтықтауларын оқиды.

3-топ

«Ұстаз-ұлытұлға » (Эссе)

Мұхтар Әуезов

1-оқушы :

Ұстаздарға мың алғыс
Алғыстарым көп менің, 
Асыл анам, мектебім!
Үйреткені адалдық, 
Ұсынғаны адамдық, 
Текті мінез, даналық
Бар ұстазға тілейміз: 
Бақыт, табыс, амандық!


2-оқушы

Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

3-оқушы

Ұстаз деген бес әріптен құралған,

Ұстаздарым шәкірт үшін жаралған.

Ұстаз мәңгі ұлағатты бір арман.

Ұстаздарға ешбір адам жетпейді,

4-оқушы

Ұстаз бізден еш жамандық күтпейді,

Ұстаздарым мәңгі естен кетпейді. ,

Мәз-мейрам боп қуаныңдар әрқашан.

Ұстаздарды,құрметтейміз мәңгілік!


1-жүргізуші:

Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,

Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.

Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,

Қасиеті бас иелік мәңгілік!

Ән « Ұстазым» Орындайтын: Қызайбай Айда



2-жүргізуші:

Ұстаз бізден еш жамандық күтпейді,

Ұстаздарым мәңгі естен кетпейді. ,

Мәз-мейрам боп қуаныңдар әрқашан.

Ұстаздарды,құрметтейміз мәңгілік!

Хор 5 «В» сынып оқушылары «Ұстазым»










1-жүргізуші:

Ұстазға тілек

Данышпан да,дана да оқып сенен,

Атақ – даңқың асырды бар әлемнен.

«Ұстаз» деген аяулы,асыл жанды,

Жақсы көрем, арнаймын жақсы тілек.



Алғы күннен күтер әркім жақсы үміт,

Келе берсін сізге ылғи бақ күліп.

Шаттықпенен көріп таңның арайын,

Жаратушы төксін сізге игі жақсылық!



Оқу -білім– еліміздің тірегі,

Ұлағатты ұстаз мектеп жүрегі.

Ауырмаңыз ардагер ұстазымыз,жүзге келсін жасыңыз!

Менің сізге шын жүректен айтар тілегім!

2-жұргізуші:

«Ұстаз –ұлық емес, ұлы қызмет» атты тоқ шоуымыз өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!











Алматы қаласы, Алатау ауданы

151 ЖББ мектеп















Ашық тәрбие сағаты















Тақырыбы: «Ұстаз - ұлық емес, ұлы қызмет»













Алматы 2019ж























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.05.2020
1991
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12