400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты: "Ұстаз ұлағатты есім" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
материал алғыс хат алуы үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Ұстаз ұлағатты есім...


Мақсаты:

-ұстаздың балалық шағы, жастық шағы,отбасындағы және ұжымдағы ерекше орны туралы әңгімелеу, баяндау;

-ұстаз мамандығын таңдаудағы қиындықтармен қызықтар туралы балаларға ұғындыру;

-балаларға ұстаздарды құрметтеу, олардың құзіреттілігін сыйлау туралы мағлұмат беру.

Сабаққа пайданылған көрнекіліктер: интер-тақта, таратпа материалдар, плакаттар.

Сабақ жүрісі: Әңгіме- сұхбат

Ұйымдастыру.Мұғалім сөзі.

Шертетін сыры мектеп, жыры бала

Кірісер қайта күзде, тыным ала

Ұстазға асқан байлық керек емес,

Үлкен сый шәкіртінің гүлі ғана.

деп ақын жырлағандай,жас ұрпақтың жүрегіне жол тауып, олардың бойына ізгілікпен мейірбандылықтың нұрын құйып,білімге құштарлығын арттырып,елінің қалаулы азаматы атануға күш салуы мұғалімнің өлшеусіз, мұқалмас жігерлі еңбегі.

Осындай еңбегінің арқасында еңбегі еленіп,«Ұстаз ұлағатты есімге» лайық жандардың бірі,ортамызда отырған ұстаз-ана Нарзан апаймен кешімізді бастайық. Олай болса, бәрімізге сәт-сапар тілейік.

Алдымен, Нарзан апайдың өмір жолдарымен қысқаша танысып алайық.

-Жақсы ,балалар олай болса ,қысқаша апайдың өмірбаянымен таныстық,ары қарай апаймен толығырақ таныссақ дейміз.

Сабағымызды кезеңмен өткізсек.

І кезең. «Балалық шақ»

Апайдың балалық шағымен Жаннат таныстырып өтеді.Азиза «балалық шақ» тақырыбында өлең оқиды.Апайға оқушылар сұрақтар қояды.

Бекзат: Апай,сіз бала кезіңізде қандай бала болдыңыз?

Перизат: Қандай оқушы болдыңыз?

ІІ кезең «Жастық шақ» Осы кезең бойыша апайдың жастық шағы жөнінде Алдияр айтып өтеді. Перизат өлең оқиды.

Асем: Апай, осы мамандықты таңдауға не түрткі болды?

Қуат: Студенттік өміріңіз қалай өтті?

ІІІ кезең «Отбасы және ұжымдағы ерекше орны» деп аталады. Бұл бөлім жөнінде Ақбота апайдың отбасылық өмірі туралы айтып өтеді. Шахмерден апайдың ұжымдағы ерекше орны, жетістіктері жөнінде айтып өтеді.Оқушылар апайға қазіргі жұмысы турал және отбасылық өмірі туралы қызықтар туралы сұрақтар қояды.Асем апайға арнап өлең оқиды.

ІY кезең «Шығармашылық » деп аталады.Бұл кезеңде Азиза өлең оқиды. Және де оқушылардың апайға арнаған буклет, сөзжұмбақтарын шешкізеді.

Y кезең «Ұстазға арналады жыр-әнім » деп аталады.Оқушылардың осы кешке арналған концерттік номерлерін тамашалайық.

Гүлдәрі ән айтады. Шахмерден өлең оқиды.



Көз ілмей атырған таңдары бар,

Мұғалімдер не деген ғажап жандар,

Ғажап жандар, жүрегі таза жандар

Еттен емес, темірден жаралғандар.

Араласып тіршілік тынысына,

Өзінің де өзгенің тұрмысына

Кейде тіпті асығып киімінде

Теріс киіп келуші ед жұмысына

Себебі оның көңілі балаларда,

Себебі бар ойы оның жұмысына,

Таң қалмаңыз, күлмеңіз мұнысына.

Мұғалім ғой қоғамды ұстап тұрған,

Сол қоғамға болатын биік қорған

Тарихтағы құдіретті ханның өзі

Ұзстазымен ақылдасып билік құрған.

Ал қазір ше, қазір ол универсал,

Бірнеше сайыстардың финалісі

Тіпті ауыл әкімінің өзінің де

Ұстаздарсыз өтпеген жиналысы.



Қайда концерт, қай жерде мереке бар,

Ұстаз жүрген жерде береке бар

Жаңбыр жаусын,қар жаусын,бұршақ жаусын

Өкіметтің бұйрығы орындалсын.

Көңілі кең, шалқыған жайықсыңдар

Судан алып өтетін қайықсыңдар,

Сондықтанда ұстаздар сіздер ғана

Әлемнің асылына лайықсыздар!

-дей отыра, Нарзан апайға арналған кешімізді аяқтаймыз!

Тыңдағандарыңызға рахмет!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
8 маусым
1585
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі