Материалдар / Ашық тәрбие сағаты "Ұстаз,сізге мың алғыс!"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық тәрбие сағаты "Ұстаз,сізге мың алғыс!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдер күніне арналған ашық тәрбие сағаты "Ұстаз,сізге мың алғыс!" 10 сыныпқа немесе 1 курс студенттеріне арналған дайын сценарий.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Сәуір 2022
1475
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Ұстаз, сізге мың алғыс!»
Тәрбие сағатының мақсаты: Ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтай отырып,ұстаздарға қошемет көрсету, ұстазды сыйлау, адамгершілікке тәрбиелеу, ата-ана, ұстаз, СТУДЕНТ арасындағы байланысты нығайту.
Сабақтың түрі: әдеби- музыкалық бағдарлама 
Әдіс-тәсілі: мәнерлеп тақпақ айту, ұстаздар жайлы әндер,билер орындау,топпен жұмыс 
Ресурстар: Ұстаздарды құттықтап жазылған қабырға газеті «Ұстаз, сізге мың алғыс!» , шарлар, слайдтар.

1 — жүргізуші:
Армысыздар, аса қадірменді ұстаздар ұжымы!
Міне, жадырап жаз өтіп, алтын күз де келіп жетті. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін әркім-ақ сыңғырлаған жез қоңырау үнімен, мұғалімдер мен студенттердің қарбалас, сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестетеді. Жаңа оқу жылымен қатарлас келетін Мұғалімдер күні де күздің үлесіне тиіпті. 

2 — жүргізуші:
Акнұр, Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.

1 — жүргізуші:

Құрметті ұстаздар қауымы! Сіздерді төл мерекеңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бала көңілдеріңіз əр студенттің жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. «.Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілей отырып, :Бүгінгі кешіміздің шымылдығын ашып беру үшін сахна төріне «Каспий педпгогика және салалық технологиялар» колледжінің директоры Абиұлы Исенбай Қалдаманов мырзаны шақырамыз!(ағай сөйлейді)

1-2 жүргізуші: Ендеше Ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаз, сізге мың алғыс» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

2 — жүргізуші:

Ұстаз, ұстаз!!!
Осы сөзде жатыр қанша ұлылық,
Осы сөзде таусылмайтын жылылық.
Әль — Фараби, Ыбырай мен, Ақаңды
Осы сөз ғой қойған бізге ұлы — қып.

Ұстаз шебер қисықтарды жөндейтін,
Тентектерді ақылменен емдейтін,
Болса -дағы малға кедей өмірде.
Бар байлығым шәкірттерім сен дейтін!

Құрметті ұстаздар! Сіздерге арналған өлең-шумақтарымызды қабыл алыңыздар.





  1. Фон. (слайд қосу)
    Фанфар ( Ортаға жеті оқушы шығады қолдарында әріптері бар)
    М — мейірімді
    Ұ — ұлағатты
    Ғ — ғазиз
    А — ақылшы
    Л — лайықты
    І — іскер
    М — маман

мерекелеріңіз құтты болсын! (бәрі бірге)

2.Оқушылар сахнаға шығып, арнау өлеңдер оқиды

Маржанай (мәнерлеп оқу) Ф.Онгарсынова

Заводта болсаң, күнбе-күн
көрінер еді табысың.
Дәрігер болсаң, түрлі емің –
сырқаулы жанның бағы шын.

Ал сенің еңбек жемісің
өзгеше тіпті басқадан:
ол - өзін арнап ел үшін
осынау жүрген жақсы адам.

Жақсы адам – елдің тірегі,
байлығы туған халықтың,
шапағын шашар үнемі
көгінде тұрған жарық күн.

Сан жастың қамын шертесің,
тағдырын ойлап толғанып.
Әр үйдің бір-бір еркесін
үйреттің өзің қолға алып.

Ұстазсыз жанда сөнбек күн,
шәкіртсіз өмір – сусыз жер.
Көрінбес ғажап еңбектің
бейнетін кешіп жүрсіздер.

Жүректе тұрар жалқы үнің,
жанымнан жалын жігер күт.
Ұстазым, сенің әр күнің,
әр сәтің тұрған бір ерлік!


Директор Самат

Бала Бидей ауылдың даналары

Талай-талай асуларды алар әлі

Колледждің мыңға жуық студенті

Бәрі-Исенбай ағайдың балалары!


Завуч Айнур А.

Директордың ізін басар,

Жақсы апай,үлгілі етіп ісін жасар

Директордан кейінгі Гүлсім апай

Мейірім мен шапағаттан жаралғандай!


Кітапханашы Сара

Жұмыс істер ынталана, талаптана

Ойлайтыны ылғи да – кітап, бала

Білім қорын басқарған Ақжарқын апай

Үйі оның екінші - кітапхана



Ақниет: ТЖО

Әр адамға құрметпенен қараған,
Өз бойынан мол ізгілік тараған.
Талап пенен тәртіпті тек ту етіп
Гүлшат апай сіздей қайда бар адам?!


сель: ҚАЗАҚ ТІЛІ
Қазақ тілім, өз тілім, ана тілім,
Мұхтар, абай сөйлеген дана тілім.
Осы тілдің ұқтырған терең сырын,
Аружан апай, Назгүл апай,
Әрқашан да біздерге берген білім.



Үміт: ОРЫС ТІЛІ
Жас ұрпаққа жалынды
Сөз маржанын дарытқан.
Алдындағы баламен,
Тіл арқылы табысқан
Орыс тілін меңгерген
Үйретуді жөн көрген
Аманбике, Базаргүл,
Ұстаздарымыз әрқашан,
Ұрпаққа жаңа өн берген!



Табиғат-АҒЫЛШЫН ТІЛІ

Ағылшын 3 тіл білген орасан зор талабы,
Әрқашанда ашық - жарқын қабағы.
Акерке апайдың әрбір берген сабағы
Мәңгі, мәңгі, мәңгі есімде қалады.

«Good morning, teacher» деп бастаймыз әрбір сабағын,
Бақылаймыз кейде біраз түйіп келген қабағын.
Ағылшын оқып ескеріп заман талабын

Мадина апай сізге де алғыс айтамын.

Динара: ТАРИХ

Тарих деген түп қазығым тамырым

Тамырымды білу менің парызым

Бұл ғылымды аянбай жүріп үйреткен

Маржанай апай көп қой сізге алғысым



Аружан: МАТЕМАТИКА
Қосып, алып, бөліп тағы көбейткен,
Шаршы ауданын тауып, санды теңейткен.
Күләш апай, Үзіл апай мың алғыс,
Есептеуді бізге талмай үйреткен!



Фатима: ФИЗИКА
Дүниемен танысуға берген талай көмегін,
Физиканы ең маңызды пәннің бірі дер едім.
Оны үйреткен біздің Күләш апайдай,
Сіз барда физикамен сусындап мен келемін.



Гүлнұр: ХИМИЯ
Мейрамгүл апай – мектепте орны бөлек,
Сүйеді шәкірттеріңіз сізді ерек.
Тамыры тереңге тартқан нәрлі ағаштай,
Әр қашан аман болып жүрсін дер ек.

Мадина: ГЕОГРАФИЯ
Сізбенен біз бар әлемді қиялменен шарлаймыз
Тест орындап, зерттеу жасап, сабақтардан қалмаймыз.
Сіз кіргенде дәу картаны қолға алып есіктен,
География, Гүлжазира апай келді деп біз жайнаймыз.



Нұржанат: БИОЛОГИЯ
Ген, рнк, днк деп тіл қатқан,
Дүние деген тұрады екен шешілмеген жұмбақтан.
- сен әкеңе ұқсағансың, балам – ау, - деп біздерге
Гүлнұр апайымыз биологиядан үн қатқан!

Альбина: ДШ
Студентке қатаң тәртіп қоятын

Тобында тәртіпсізді жоятын

Ұмытсаңыз әкелуге форманы

Дәулетбай,Мақсат ағай тұрғызып қоятын



ТОП ЖЕТЕКШІ О,Динара
Ұстазым екінші анам аялаған,
Біздерден бар білімін аямаған.
Жетекші Гүлдерай апай

сізге ерекше көп алғыс,

1 — жүргізуші:
Айта берсек ұстазға тіл жетпеген.
Кімге ұстаз білім нәрін төкпеген?!
Айтыңдаршы, адам бар ма Өмірде,
Ұстаздарға қарыздар боп өтпеген?
Ұстаздар, ұлағатты зиялылар,
Сендерде ғалымдардың қиялы бар.
Ағайын, тойларыңа тарту етем,
Шәкірттердің сәлемін қабыл алыңыздар!

2— жүргізуші:

Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең, менше сүй деп сахнаға «Ұстазым саған мың алғыс» әнін орындайтын қыздарымызды шақырамыз! Гүлжан мен Эльмира

1 — жүргізуші:

Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте! -демекші студенттер жылы лебізі мен шәкірттік асқақ махаббатын

3 тілде жеткізгісі келеді екен

Маржанай қазақша

Құрметті ұстаздар.Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Еңбегіңіз жемісті, жұмысыңыз табысты болсын. Алға қойған жүйелі жоспарларыңыз жүзеге аса берсін. Сізге және отбасыңызға мықты денсаулық, жайдарлы көңіл күй тілейміз. Ұстаздар күні құтты болсын!


Нұрай орысша
Дорогие учителя поздравляем вас профессиональным праздником. Мы желаем вам осуществления задуманных планов, благополучия и успехов в работе! Крепкого здоровья, отличного настроения Вам и Вашим родным. С днем учителя!



Айнұр - ағылшынша

Dear teachers, We congratulate you on your proffecional day! We wish you implementation of your creative plans, fruitful work and proffecional success. Good health to you and your families, great mood! Happy teacher’s day!



1 — жүргізуші: Құрметті ұстаздар, сіздер салып кеткен сара жол — ұстаз жолы – ұлы жол. Өткен жолдарыңызға көз жіберіп, еске ала отырып, өздеріңізге бірнеше сұрақ қоюға рұқсат етіңіздер. Ортаға білім саласына зор еңбегі сіңген көп жылдық тәжірибесі бар аяулы ұстаздарымыз Зоя апай, Күләш апай, Үзіл апайларды шақырамыз

1 — қонаққа сұрақ: Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немесе бір жағдай болды ма?

2 — қонаққа сұрақ: «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз?

3 — қонаққа сұрақ: Бүгінгі студенттерге, яғни болашақ мұғалімдерге айтар кеңесіңіз және тілегіңіз?



2 — жүргізуші

Сіздерге көп рахмет, аяулы да мейірбан ұстаздар.

1 — жүргізуші

Қазақ қызы күлімдер күн көзіндей,
Дөңгеленіп билейді ай жүзіндей.
Жұлдыздардай өрнекті аспандағы,
Биші қыздар бұрала билейді би.
Сахна төрінде «өзбек» биімен сұлу қыздарымызды қарсы алаңыздар

(Ділдә, Ақбота)



2 — жүргізуші

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек

Сіздерге арнап өз көріністерін ұсынатын студенттерімізді ортаға шақырамыз

Көрініс «Ұстаз бен оқушы»


1-жүргізуші:Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы былай деген:“Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солай ардақтауға міндеттіміз” Ендеше тобымыздың атынан «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар (Хор)


2 — жүргізуші

Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім.

Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.

Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз.



1-2 жүргізуші: Мерекелеріңіз құтты болсын! Ұстаздар мерекесіне арналған салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз! Ұстаздар, сізгдерге мың алғыс!



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!