жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық тәрбие сағаты. Ынтымағы жарасқан Қазақстан
Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы С. Ерубаев атындағы № 7 мектеп – интернаты тәрбиешісі Ахметова Света
Ынтымағы жарасқан Қазақстан
Мақсаты: Оқушылардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығымен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу. Көрнекілігі: суреттер, шарлар, гүлдер. Сабақ барысы: Бірлік пен ынтымағы халықтың.
1-жүргізуші: Көгімізде жарқыраған жарқын күн!
Ырыс, дәулет бақыты үшін халқымның
Жайнай берсін, жайнай берсін алтын күн,- дей келе Қазақстан халқының бірлігіне арналған 2-4-сынып оқушылары дайындаған « Ынтымағы жарасқан Қазақстан» атты концерттік бағдарламамызды тамашалауға шақырамыз. 2-жүргізуші: Біздің Отанымыз-Қазақстан. Бас қаласы Астана. Бүгінде Қазақстанды дүние жүзі таниды. Отан біздің туған жеріміз. Қазақ топырағында туған-туыстас , дос жарандарымыздың тату тұратын елміз.
1-оқушы: Бауырласқан тәніміз
Бұзылмаған антымыз
Кең даланың ежелгі
Қазақ деген халқымыз.
2-оқушы: Бірінші мамыр
Достықтың ұлы мейрамы
Тоғысар сенде жандардың ізгі ойлары
Татулық пенен бірлікке ынтымақ, адамзат,
Өзіңді сәнмен қошемет етіп тойлайды.
3-оқушы: Назданып бүгін өмір нұрлы күні,
Қыр беттің қызғалдаққа тұнды гүлі.
Мамыр боп, айбары асып асқақтайды,
Еңбек, Бақыт, Береке, Бірлік кү
4-оқушы: Ынтымақ, бірлік, достық, татулық
Бабалардан қалған дәстүр айтулы
Түгелденіп төртеуіміз төрде тұр
Тәуелсіздік туы мәңгі тұғырлы.
5-оқушы: Тілі басқа тілегі бір біргеміз
Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз.
Мақсат ортақ, бейбітшілік ұран боп
Татулықтан бұзылмасын іргеміз.
6-оқушы: Күте тұғын асыға әр күнді біз,
Арналатын ең тәтті ән жырымыз
Мерекелі мерейлі айдың басы
Құтты болсын Бірінші Мамырымыз! 1-жүргізуші: Қазақстан Республикасын мекен еткен 130-дан астам ұлт өкілі бүгінгі күнге дейін ынтымақтастыққа, бір үйдің баласындай тату-тәтті, жарасымды тіршілік кешіп келеді. 2-жүргізуші: жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ел. Ән:«Ақ көгершін» Би:«Қамажай» 3-сынып қыздары 1-жүргізуші: Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. 2-жүргізуші: Елбасы Н.Ә. Назарбаев халықтар достығы бірлік пен жаңа әлемдегі, жаңа Қазақстан болуы керектігін ұлы міндет етіп қойды. Қазақстан халықтары осынау ұлы көштің басында қол ұстасып бірге жүрмек. 7-оқушы: Халқымыз достық ынтымақтастыққа ерекше мән берген «Қырғыз қазақ бір туған», «Өзбек-өз ағам», «Түбі бірге түркімен»- деп қырғыз, өзбек, түркімен және ұлттарды айтқан. 8-оқушы: Народы, как одна семья
Хотя язык их разный
Все дочери и сыновья
Свой страны прекрасной. 9-оқушы: Қазақ жері достықтың гүлстаны
Дархан өлкем мерейлі ырыс бағы
Күрестерде еңбекте, мерекеде
Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады.
Ән:––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
Би: Өзбек биі
Аутен Сұңқар: 4-сынып оқушысы өлең: М.Мақатаев «Үш бақытым» 1- жүргізуші: Қазақта бірлік болмай тірлік болмайды деген ұлағатты ұғым бар, ендеше елімізде бейбіт өмір сүріп, жатқан ұлттармен ұлыстар өкілдерінің татулығы артып, Қазақ елінің нығайып еркіндеуіне өз үлесіңізді қоса берейік. Ән:––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Би: Түрік биі. Ән:––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Би: Үнді биі 2-жүргізуші: Осымен 1-Мамыр Қазақстан Халықтарының бірлігі күніне арналған мерекелік бағдарлама аяқталды. Мереке құтты болсын.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген