400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты"Алтын күз"3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал жас мамандарға көмек ретінде ұсынылуға болады. Күздін кереметін оқушыларға түсіндіру,әр түрлі қолдан көкөністерден мүсіндер жасатып ,шығармашылығын арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Алтын күз» 3А класс

Мақсаты: 1. Күз ғажайыптары туралы қосымша мәлімет беру 2. Оқушылардың ойлау қабілетін, ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту 3. Оқушылапрды табиғатты аялап қорғауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Көрнекілігі: Плакаттар, шарлар, қағаз бас киім, киім үлгілері, күз кереметтеу

Мұғалім:

Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар, көптен сағынып күткен «Алтын күз» атты мерекемізге қош келдіңіздер!

Күз – жыл мезгілдерінің бірі. Күзде күн суытып, барлық жан- жануарлар, жәндіктер қысқы ұйқыға кетеді. Егін жиналады. Құстар жылы жаққа ұшады. Жапырақтар сарғайып, жерге түседі емес пе!? Иә, мен бұл мезгілді «Алтын күз!» деп айтар едім. Өйткені жер беті сарғайған жапырақтарды жамылып, алтын түске боялды.

Мұғалім

Жиылған қауым, армысыздар, бәріңіз,

Келіп жетті алтын дәнді сары күз.

Бірге болып қуанышта бәріңіз,

Бізбен бірге шаттық әнін салыңыз.


Күз — мереке, күз — ырыстың белгісі,

Қайтып барады мекеніне жыл құсы.

Әнге ұласып, жырға ұласып даламыз,

Алтын күздің той думаны басталды.

Мұғалім

Бүгінгі біздің мерекеміз шағын сайыс түрінде өтпек.

Бөлімнің бағдарламасы:

1-бөлім: «Өздерін таныстыру»

2-бөлім: «Өнерім бар осындай»

3-бөлім: «Сән үлгісі»

4-бөлім: «Ас-адамның арқауы»

5-бөлім: «Өлеңнің жалғасын тап!»

6-бөлім: «Дәмін ажырат»

Осы кезде вальстік музыка ойнап тұрады.

Сайысқа 10 топ қатысқалы отыр. Олар:...


І -бөлім :­ Өздерін таныстыру

Сайыскерлер келіп жетті танысуға,

Бойындағы бар дарынды дарытуға.

Қорықпастан сахнаға келіп жетті

Әдеппен,ізетпен танысуға-дей келе алғашқы сайыскерлеріміздің өзін-өзі таныстыру сайысын бастайық.


Ал ендеше бұл топтар өздерін таныстыра кетсін.

4 «А» сынып ханзадасы мен ханшайымы

4 «Б» сынып ханзадасы мен ханшайымы

3 «А» сынып ханзадасы мен ханшайымы

3 «Б» сынып ханзадасы мен ханшайымы

3 «В» сынып ханзадасы мен ханшайымы

2 «А» сынып ханзадасы мен ханшайым

2 «Б» сынып ханзадасы мен ханшайымы

1 «А» сынып ханзадасы мен ханшайымы

1 «Б» сынып ханзадасы мен ханшайымы

1 «В» сынып ханзадасы мен ханшайымы

Мереке бүгін, күздің міне келгені

Күздің бізге бақыт-байлық бергені.

Құтты болсын мерекесі «Алтын күз»

Бәрімізді қуаныш күйі тербеді.


2-бөлім: «Өнерім бар осындай»


Алтын күз шаттық алып кел,

Өнерлі жанға шабыт бер.

Адасқан жанға бағыт бер,

Болсыншы біздің бақытты ел.

«Өнерлі өрге жүзер» демекші, қатысушыларымыздың өнерлерін тамашалайық. Өнер сайысы.


3-бөлім: «Сән үлгісі»


Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз,

Әр үйде шығатұғын жаңа таңбыз.

Жан сұлуы мен тән сұлуын тепе-тең ғып,

Еріксіз өзімізге қаратармыз, -дей отыра, келесі кезекті жарнама- «Күздік сән үлгісіне» берелік.


Мұғалім:


Қазір біз сендермен «Күз белгісі неде?» деген ойын ойнаймыз.Мен күз мезгіліне байланысты сөздер айтамын, сендер аяқтайсыңдар

-Күзде жапырақтар ………….(сарғаяды).

-Күзде күн …………………(суып, жаңбыр жауады).

-Күзде құстар …………….(жылы жаққа ұшып кетеді).

-Күзде жемістер мен көкөністер………….(піседі).


4-бөлім: «Ас адамның арқауы»


Күз жомарт дейміз біз

Не деген дәмді көкөністер,

Не деген тәтті жемістер.

Жемісті жесең кемістер.

Болмайды сенің бойыңда

Болсыншы осы ойыңда

«Ас адамның арқауы» демекші, келесі кезеңде дайындап әкелген тамақтарын қорғап, оны тапсырады.


5-бөлім: «Өлеңнің жалғасын тап!»


1. Іші толған шәрбәт,

Дәмі қандай әйбәт!

Үзесің бірдей жүзін,

Оның аты ...(жүзім)

2. Дөп-дөңгелек доптай,

Одан дәмді жоқтай,

Мезгілсіз оны жұлма,

Оның аты ...(алма)

3. Дөп-дөңгелек, сары,

Ішінде бар дәні.

Қызығасын көріп,

Оның аты ...(өрік)

4. Өсіретін бойынды,

Өсіретін ойынды.

Қоян жейтін көкөніс,

Сарғылт-қызыл ...(сәбіз)

5. Бір сабақта көп түйме,

Жей алмайсың көк күйде,

Мезгілсіз оны үзбе.

Оның аты ...(шие)

6. Жапырақты тасалап,

Өсетін жері бақша-бақ,

Күрең қызыл, шіркін-ай!

Оның аты ...(құлпынай)

7. Іші жұмсақ, сырты қатты,

Еті қызыл, сүті тәтті.

Қарнын жарып аламыз,

Дәмді сондай ...(қарбыз)


6-бөлім: «Дәмін ажырат»


- Балалар, ойын ойнайық. Ендеше ойын шартымен таныстырайн. Сендер көздеріңді жұмасыңдар, мен ауыздарына не көкөніс немесе жеміс саламын. Сендер оны дәміне қарай ажыратып атайсыңдар.

- Осы жемістердің барлығы еңбектің арқасында келді. Біз оларды қалай күтіп баптасақ, жемістер бізге сондай мәуесін береді екен. «Еңбекпен келген жемістің дәмі тәтті» деген мақал осыдан шыққан.


Қазылар алқасына сөз беріледі


Қорытынды. Марапаттау


Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір күрес, жеткізе ме мұратын.

Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегім,

Қатысу да бір жеңіс, жаң болсан сен ұғатын.

Осымен біздің шағын мерекелік іс-шарамыз да өз мәресіне жетті.




«Күз ханшайымы» сайысы бойынша аруларға берілген атақтар беріліп кеуделеріне лента тағылды. 1. «Күз ханшайымы» - Назерке .Е. 2. «Әнші ару» - Ақтыныс.М. 3. «Биші ару» - Айда. М. 4. «Сүйкімді ару» - Дильназ.Е. 5. «Шебер ару» - Зылиха.А.






« Дәрумендер денсаулық сақтаушысы» (күзгі байлықтардан жарнама жасау) 1.Назерке (Қызанақ) Тал шыбығым бұралып , Бақшаларда қызарып. Тұрған ол мен-қызанақ, Күнге қарап ұялып. 2.Зылиха:(сәбіз) Өсіретін бойыңды, Дамытатын ойыңды. Қоянға да азықпын, Мен жазықсыз сәбізбін. 3.Айда: (картоп) Мен картоппын,картоппын, Жер жүзінде мен көппін. Тамаққа көп қолдансаң, Пайдамды сонда білерсің. 4.Дильназ:(пияз) Асханадан шықпаймын, Атым-пияз бұқпаймын. Көзден жасты шығарып, Тұмаудан бірақ сақтаймын. 5.Ақтыныс:(қияр) Мен қиярмын,қиярмын, Жесең есті жиярмын. Кетіруге безеуді, Шырыныммен жуарсың. ( мамаларымен бірлесіп дайындаған салаттарын әділ-қазыларға ұсынады)

Источник: http://kaz-refer.at.ua/load/balaba_sha/balaba_shada_y_erte_gilikter/k_z_khanshajymy_ertengilik_k_zge_arnal_an_ertengilik/62-1-0-964








































.

























































































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
2534
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі