жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық тәрбие сағаты:Аттандық бала шақтан болашаққа!
Мақсаты:
Білімнің сара жолы бастауышта
басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатынына көз
жеткізу.
Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен
қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр
баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт-сапар тілеу. Білім берер
ордасы – мектепті ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын
арттыру.
Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, қадірлі қонақтар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн, оның ерекшелігі сол –
4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балғындар еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш білім сатысынан орта буынға ұшқалы отыр.
Бесіктегі баланың, күлгенін көрген бір мұрат.
Алдына түсіп ананың, жүргенін көрген бір мұрат, -
дегендей, бұл да бір қуанышты күн.
Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады.Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да, ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.
«Талаптарыңа нұр жаусын!» деп «Аттандық бала шақтан болашаққа!» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.
Мұғалім: Бүгін міне жақсы күн жарқыраған,
Көңілдер қуаныштан сарқыраған.
Қоштасатын күн келді бастауышпен,
Қиындау болып тұр-ау бүгін маған.
Кеше ғана алдыма келген еді,
Именіп ұлы ұяға енген еді.
4 жыл бойы сусындап біліммен,
Ұшатын қанат қағып келді кезі.
Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп мектеп табалдырығын қуана аттаған ұл-қыздарымыз ойлары толып, бойлары өсіп бастауыш сатысымен қоштасқалы отыр.
Олай болса 4 «Ә» сыныбының « Аттандық бала шақтан болашаққа!» атты бастауышпен қоштасу салтанатына қош келдіңіздер.
Бұл салтанат қуаныш баршамызға,
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
4 «Ә» сыныбын ортамызға. (Оқушылар ортаға шығады)
Мұғалім: Мен үшін бәрің бірдей қарақтарым,
Орындалсын арман тілек талаптарың.
Ақ парақтай келдіңдер сәби болып,
Ұғындым, әрбіріңді парақтадым.
Өткіздік талай күнді, талай айды,
Уақыт сырғып артқа қарамайды.
4 жыл бойы сендермен бірге болдым,
Өткіздік талай қызық, талай жайды.
Ірге тасын қаладым, білім бердім,
Саналы ұл-қыздарым бүгін менің.
Ортада тұрған осы шәкірттердің,
Көрейік тамашалап өнерлерін.
1-жүргізуші: Аманкелді Ақманат
Армысыздар, ұстаздармен оқушылар, ата-аналар мен ақ жаулықты апалар!
2-жүргізуші: Исман Мәдина
Бүгінгі «Аттандық бала шақтан болашаққа!» ертеңгілігіне қош келіпсіздер. Әр жанұяға береке, бірлік, табыс тілей отырып ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
1-жүргізуші: Аманкелді Ақманат
Армысыздар, мұғалімдер - әз жандар
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
Би билеп, ән де бүгін шырқалар.
2-жүргізуші: Исман Мәдина
Қош келдіңіздер ақ жаулықты аналар мен әкелер,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр төгілер
Бүгін міне, бастауышпен қоштасады
Азамат боп, ержеткен сіздің түлектер!
Шекербек Бекарыс:
Армысыздар, ардақты ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар. Бүгін біз бастауышпен қоштасып, үлкен өмірге аттанғалы отырмыз. Көз салып қараңызшы бойымызға, Ортақ боп бүгін өскен ойымызға. Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар, Бастауышпен қоштасу тойымызға.
Мұратхан Шерхан:
Бала шаққа болашақты жырлатып, Шәкірттерге ой түзетін сымбатты. Күн нұрындай сәуле құйған көңілге Армысыздар ұстаздарым, қымбатты.
Әмірхан Нұрлыбек:
Армысыздар, әжелер мен аналар, Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар. Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп, Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.
Курманай Диас:
Армысыздар өр тұлғалы әкелер, Қыран құстай балапанын мәпелер. Бүгін міне бастауышпен қоштасады, Азамат боп, кешегі сәби – еркелер.
Муханов Бағдәулет:
Армысың сен, алтын ұя мектебім, Саған айтар жыр алғысым көп менің. Жүректерге жаққан білім шырағым, Мектебіме арналады бұл әнім.
1-жүргізуші: Аманкелді Ақманат:
Біз бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан, білім нәрімен сусындатып, ілімнің ірге тасын қалаған бастауыш мектебімізбен қоштасамыз.
2 жүргізуші: Исман Мәдина:
Бүгін біз сауатымызды ашып, , алғашқы қолымызға қалам ұстатып, оңымызбен солымызды танытқан ұстаздарымызбен қоштасқалы отырмыз.
1 жүргізуші:Аманкелді Ақманат:
Тарыдай болып кіріп, ақыл
ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді
үйренген шәкірттеріңіздің ұйымдастыруымен өткізгелі отырған
«Аттандық бала шақтан болашаққа» атты қоштасу мерекесін бастауға
рұқсат етіңіздер!
1-жүргізуші: Аманкелді
Ақманат
Армысыздар жас достар
Болашаққа жол бастар.
2-жүргізуші:Исман Мәдина
Білім деген ғажаптың
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден.
Сабитхан Ақдидар:
Қоштасу тойын бастайық,
Ән мен биге басайық.
Өнерімізді көрсетіп,
Құрметіне бұл тойдың.
Ән мен шашу шашайық.
Шекербек Мерей:
Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мақтан етем сені мәңгі мектебім.
Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені.
Балтабай Таңшолпан.
Мектебім – білім берер алтын ұям,
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулыған 4 жыл бойы ата –анамдай,
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл,
Өзіңе борыштармын өмір бойы
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.
Төлеп Нұрғаным:
Есігіңді ашқан балаңа,
Құшақ жайдың мектебім сен қуана.
Сол бір сәтті мәңгі ұмыта алам ба,
Сенен артық дүниені таба алам ба?
Мектебім – мәңгі бапкерім
Қарызбыз саған бәріміз
Өзіңе деген парызды,
Ақтаймыз талай әлі біз.
Ән : Мектеппен қоштасу
Көрініс: (ортаға қария мен 5 оқушы шығады)
1- оқушы
- Ата, ата, арман деген не? - депті жігіт
- Арман дегеніміз - ақыл-ойдың шындығы. Құс ұшсам дейді, бала өссем дейді, қыз көрікті болсам дейді, ұстаз шәкіртіне үлгі болсам дейді. Арманына адаспаған жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді депті қарт.
2- оқушы
-
Дос табу оңай ма? - депті қарт.
-
Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын.
- Жоқ, балам, өмірде дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Есіңде болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың, досың бала болса, өзің шала боласың, депті қарт.
3- оқушы
- Үйдегі алтын қазығың кім? – депті қарт.
- Ата, үйдегі алтын қазық - бала, депті жігіт.
- Жоқ, балам, үйдегі алтын қазық - ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана — ақылшың, әке - қамқоршың, ағаң — қорғаушың, інің — сүйенішің, қарындасың -қанатың. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем, - депті қарт.
4 - оқушы
-
Өмір сүру үшін не қажет? - депті қарт.
-
Ата өмір сүру үшін алтын, ақша, нан, мал қажет, - депті жігіт.
-
Жоқ балам, адамның өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су — тіршілік, от - өмір, тұз - дәм, қыз - сән, ақыл өмірдің нәрін береді.
5-оқушы
- Адамға ақыл беретін кімдер? - депті қарт.
- Ата, ана тілі ғой ақыл беретін, -депті жігіт.
- Жоқ, балам, адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз, досы. Ата — ана ақылын баласына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады. Достықтың көзі ақылдан басталады, - депті қарт.
І-жүргізуші: Аманкелді Ақманат
Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі – ұстаз. Өйткені оның көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп, қиялға қанат қақтырады.
ІІ-жүргізуші: Исман Мәдина
Дұрыс айтасың:
Ұстаз еңбегі - ұлы еңбек.
Сондықтан да ұлы ақын Абайдың:
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға, - деп айтуында терең ой жатыр.
І-жүргізуші:Аманкелді Ақманат
Олай болса, келесі өлең жолдарын ұстаздарымызға арнаймыз
Болысбек Сұлушаш:
Адамдықтың шегінен аспайтұғын ұстазым!
Адалдықтың жолына бастайтұғын ұстазым!
Қылығына шаланың саспайтұғын ұстазым!
Құпиясын баланың ашпайтұғын ұстазым!
Қиындықты жеңуден қашпайтұғын ұстазым!
Әзіл-қалжың айтып та тастұғын ұстазым!
Көңіл-күйін әркімнің көре білген ұстазым!
Бойында бар білімін бере білген ұстазым!
Ізгілікті нұрларын төге білген ұстазым!
Әр жүрекке гүл сезім еге білген ұстазым!
Шапағатын балаға себе білген ұстазым!
Баянына бақыттың сене білген ұстазым!
Игі ниет арнасы тола берсін ұстазым!
Жүрегіңіз елім деп соға берсін ұстазым!
Жадыңызда жақсылық қала берсін ұстазым!
Ұрпағыңыз ұлылық ала келсін ұстазым!
Әр уақытта денсаулық бола берсін ұстазым!
Басыңызға бақ құсы қона берсін ұстазым!
Шыназбекқызы Үміт:
Есімде алғаш ұстаздың қарсы алғаны
Айқара есік ашып тасталғаны.
Бір мереке думан болып осы маңда,
Жетелеп бір сыныпқа апарғаны.
Енді, міне сағымдай боп өте шықты
4 жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті.
Ұстаз – ана жасады мына бізден
Ел таң қалар азамат бір – бір мықты.
Рахматулла Әлия:
Әлі есімде мектепке келгеніміз,
Келгеніміз, сыныпқа енгеніміз.
Жасқаншақтап, таңырқап тұрған шақта.
Өзің болдың ұстазым сенгеніміз!
Ұқсаттың ба сіз бізді балаңызға,
Ұқсатып ек, біз сізді анамызға.
Жақын тарттың, біртіндеп бауыр бастық.
Жүргеніңді ұнатып арамызда.
Кешегі тосырқау қайда қалған.
Шықпаушы едік бір елі айналаңнан.
Мейірің бе, ұстаздық жүрегің бе.
Жан дүниесін баланың жайлап алған.
Рахматулла Ғалия:
Ұстазым ғой әліпбиді үйреткен,
Көкейіме көрік беріп, гүл еккен.
Мені оқытып, өркенімді өсіріп,
Жалындатып, жанарымды нұр еккен.
Жадыраған жаздай жылы жаны бар,
Жақсылықтың шырағы боп жағылар.
Қадірлі ұстаз гүлмен бірге жолдаған
Шәкіртіңнің жүрек сөзін қабыл ал.
Ұстаздарға арнау:
Аманкелді Ақманат:
Сезілмеген қасиеті өзгеден
Сырын білем көкіректегі көзбенен
Ұстаздарды мектептегі сипаттап
Жыр жаздым мен жүрек жарды сөзбенен
Бала бидей ауылдың даналары
Талай талай асуларды алар әлі
Мектептегі жеті жүзге жуық оқушысы
Бәрі Мұрат ағайдың балалары
Мамытхан Аягөз:
Өсе келе диретордың ізін басар
Жақсы ағай үлгілі етіп ісін жасар
Директордан кейінгі Нұрбол ағай
Біздермен жас балаша сырласар
Төлеп Нұрғаным:
Кезі оның аз болар күлімдеген
Бар баланы жақын тұтып інім деген
Сейдуали ағай мектептің ұлы ұстазы
Бірімізге тәрбие тәлім берген
Әмірхан Нұрлыбек:
Айтқан сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды үғып.
Оразбай ағай ұстаздардың ұлысы,
Бар жұмысы есте қалар мәңгілік.
Сөздерінен жылы лебіз таралғандай,
Бәрімізге де әке бола алғандай.
Ешқашанда кек сақтап ренжімейді,
Мейірім мен шапағаттан жаралғандай.
Болысбек Сұлушаш:
Бала десе ойламайды өз қамын,
Көрсем дейді күнге де қол созғанын.
Данияр ағай әрқашан да қалайды,
Шәкірттері өзінен де озғанын.
Мұхан Бағдәулет:
Шармайды қанша сұрақ сұрасақ та,
Кетіп қалды кетпегенін қаласақ та.
Қанша жыл бауыр басқан Гүлбайраш апайымыз,
Бізге жол көрсетеді болашақта.
Балтабай Таңшолпан:
Өткізіп өз алдынан талай бала,
Бойына құйды ақыл мен ой мен сана.
Ақзия апай сарп етіп күш қуатын,
Ақылшы тәрбиеші болды ана.
Мұратхан Шерхан:
Жұмыс істер ынталана, талаптана,
Ойлайтыны ылғи да кітапхана.
Кітап қорын басқарған Гүлнәр,Халида апай,
Үйі оның екінші кітапхана.
Сабитхан Ақдидар:
Біздерді тек алға қарай жетелеген,
Риза болам Салтанат апайға мен.
Анамыздай әрқашан жанымызда,
Жүреді жарқыраған жүзіменен.
Мусабек Гүлсезім:
Ұпытпаймын сізден алған тәлімімді,
Жүрегімде сақтаулы тұр әр үлгі.
Сізден білім алғаннан соң,сізге ұқсап,
Өсу үшін салам енді барымды
Қағазға өлең толтыра алмай, тола алмай,
Қиналамын қымбат теңеу таба алмай.
Өз баласын тастап кетіп үйіне
Ел баласын оқыады ,ой Алла ай.
Жан түсінбес бұл апайдың сырларын,
Үйретеді білімнің сан қырларын
Тәрбиелейді Ұлбала апай мектепте
Бір үй толы қыздары мен ұлдарын.
Шекербек Бекарыс:
Жанұя мен мектебін ол ұлықтаған
Жүзінен мейірімі шашыраған
Жібек апай әлемдегі ең жақсы апай
Қайырымды алтын адам асыл адам
Шекербек Мерей:
Әрқашанда сабаққа асықтырар
Келбеті де білім нұрын шашып тұрар
Маржан,Айгүл апай тілімізді жатықтырып
Ағылшынның бай тіліне ғашық қылар
Рахматулла Ғалия:
Әрбір оның сөзі ерекше дара шың
Тоздырды жолын үй мен мектеп арасын
Мені қашан көрсе дағы айтады
Басың барда оқымайтын баласың.
Алтынбек Оразалы:
Көрмеден жұрттар оның ісін көрер
Шеберліктің сырларын түсіндірер
Бізден шыққан керемет қолөнер
Ұлбике апайдың қолынан мүсінделер.
Шыназбекқызы Үміт:
Информатика миға кірер білінбей
Пернақта оркестрдің үніндей
Жанна апай білімді де ұлы ұстаз
Отырады анда санда күлімдей.
Курманай Диас:
Дене шынықтыру әр кезде керек ертең
Нұрмахан ағайымыздың көңілі өте көркем
Ашық жарқын жанары қашан көрсең
Барлық жандар осындай болса екен.
Хор:
Пендесіне Аллам да жақ болады,
Уақытылы болмаса да бақ қонады
Қолымыздан бір де көмек келмесе де,
Сіздерге әркез ниетіміз ақ болады,
Атағымыз Алатаудай болып биік
Тұрса да төбеміз өсіп көкке жетіп
Алдарыңызда әрқашанда тағзым етіп
Тұрамыз Ұстазым деп басты иіп.
Алтынбек Оразалы: Маған ұстаз үйретті, Әліппесін өмірдің. Жан жүйемді билетті, Күйі шалқып көңілдің. Қиялымды кездірді, Таптым ойдың тұрағын, Маған ұстаз сездірді, Алдағы өмір шырағын.
Жолбарыс Ербол: Басса бұрыс, жол сілтеп, қате дейсің, Әр балаға сен ана әкедейсің. Болашақтың көктеген жас шыбығын, Бағбанындай аялап, мәпелейсің.
Мусабек Гүлсезім: Қоссаңдар бірді екіге үш болады, Деуші едік біліммен күш толады. Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол, Ақылмен іс істесең, оң болады. Беруші ең бізге айтып өлең, тақпақ, Таласып алушы едік біздер жаттап. Өзіңіз баға қойған күнделікті, Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.
Айхын Ерсұлтан: Білім алған өзіңнен, Дәрігер, ұшқыш, бар ғалым. Саған ыстық сезіммен, Қарайды жұрт мұғалім.
Мамытхан Аягөз:
Қалмахан Ақниет:
Пайыз Аянат:
Күмісбек Асылжан:
Ән: Шыназбекқызы Үміт:
Рахматулла Әлия:
Мейлі жас,мейлі кәрі бол,
Дана деп сені пана деп сені ұғамын
Көктемсің нұр мен нәрі мол
Диқансың және кеншісің және мұғалім!
Қалыпшы деп те айта алам
Құрыштай құйып,шыңдайсың балғын жас жанды
Мектеппен түлеп майталман
Батырдың жолы бақыттың жолы басталды
Анадай бесік тербеткен
Түн қатып сансыз дәптерге қанша түнейсің
Суарып білім шәрбатпен
Дүниеден бізге жақсылық қана тілейсің!
Шекербек Мерей:
Тәрбиелеп әрбір шәкірт санасын
Көңілдерін бірден жаулап аласың
Анамдайсың көңілімді қимайтын
Біліп тұрсаң тасқын судай сыймайсың
Білсін дейсің көрсін дейсің әлемді
Қызық емес бұның бәрі өзіңі
Отырасың бір кітапқа тесіле
Қарамайсың жан жағыңа әлемге
Шәкірттерім білмей қалар дейсің бе?
Сусындатып әрбір білім санасын
Жүректерді бірден жаулап аласың
Ренжімейсің шәкіртіңі балам деп.
Сабитхан Ақдидар:
Ұстаз деген биік тұлға байсалды
Талай шәкірт жүрегіне ой салды
Бар ғұмырын ізденіспен еңбекпен
Білім деген ұлы көшке жол салды.
Ұстазымды теңер едім анаға
Білімменен шуақ берген балаға
Шәкірт үшін қылқаламын тербетіп
Түн ұйқысын бөлген білім арнаға
Ұстаз деген қазақтың кең даласы
Ілім деген ен байлықтың панасы.
Балтабай Таңшолпан:
Ұстаз деген жарық күні ғаламның
Ұстаз деген анасы ол адамның
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін
Сен де одан адам болып жаралдың
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен
Бар әлемге еңбегімен еленген
Сенің бағың өрге қарай өрлесе
Ол да бірге қуанышқа кенелген
Сол арқылы сен де өмірді жалғадың
Ізгі іс қой ұстаз тілін алғаның
Ол өзіңнің орындалған арманың
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып
Ұстаз деген ұлылардың ұлысы
Қасиетті бас иелік мәңгілік.
1-жүргізуші:Аманкелді Ақманат
Болмасаң да, ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз, - деп Абай атамыз айтқандай ұлы ғұламалар, ұлы адамдар өнегелерін бойымызға сіңірдік.
ІІ-жүргізуші: Исман Мәдина:
Бас иіп, шексіз алғысымызды ақ жаулықты аналарға және қадірлі әкелерге білдіреміз.
1-жүргізуші: Аманкелді Ақманат:
Біздің қуанышымыз бен жеңісімізге ортақ болған, бізбен бірге уайымдаған — ата-ана. Олар бізге дүниедегі ең жақын қадірлі адамдар.
2-жүргізуші: Исман Мәдина:
Құрметті ата-аналар, біз сіздерге алғысымызды білдіре отырып келесі әнді өздеріңізге арнаймыз.
Ән: Аяулы мектебім : Орындайтын: Төлеп Нұрғаным
ІІ жүргізуші: Исман Мәдина
Достар, осы бізді болашаққа не бастайды?
1 жүргізуші: Аманкелді Ақманат
Ата- ананың ақылы
Болашаққа деген сенім
Ұстаздың көрсеткен жолы
І жүргізуші: Аманкелді Ақманат
Достар, біз бастауышпен қоштасып тұрмыз. Алғашқы ұстаздарымызбен қоштастық.
ІІ жүргізуші: Исман Мәдина
Иә, бізді болашақта не күтіп тұр екен? Қандай асулар бар алда?
1 жүргізуші: Аманкелді Ақманат
Оқу білім, ізденіс жолдары. Жаңа ұстаздар күтіп тұр.
ІІ жүргізуші: Исман Мәдина
Бастауышым – бал
бұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып , білім алып,
Рахметімді жаудырамын.
І жүргізуші: Аманкелді Ақманат
Өтті сенде қызық шағым
Бастауышым балбұлағым
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын
Ән: Курманай Диас
І жүргізуші: Аманкелді Ақманат
Мың бұрала билейтін,
Биді жақсы көретін.
Қыздарымыз бар біздің
Гүлдер биін билейтін деп ортаға бишілерімізді
шақырайық.
Хормен:
Қош бол, балғын балалық
Қош бол, сүйікті бастауышым !
І жүргізуші: Аманкелді Ақманат:
Осымен «Аттандық бала шақтан болашаққа!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға көп- көп рахмет. Қош, сау болыңыздар
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген