Ашық тәрбие сағаты"Бастауышым-балбұлағым"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты"Бастауышым-балбұлағым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, оқушыларға оқу-білім жолына сәт – сапар тілеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бастауышым -балбұлағым» мерекесі

Мақсаты: . Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған  білімнің  негіз болып қаланатынына көз жеткізу, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, оқушыларға оқу-білім жолына сәт – сапар тілеу.
Білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру.Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: шарлар,кілт,фотомонтаж,слайдтар.
Видеоролик «4 жыл бірге...»
Кіріспе сөз: 
Мұғалім:     Қош келіпсіздер , құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі  сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне  аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр. Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен  қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі  отыр.Ендеше қызықты да  ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан ,өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына,ата- аналарына  өз өнерлерін көрсетуге дайын.

Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да 
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда 
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық
4 –сыныптарын ортамызға!

 «Аяулы мектебім» музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.
   Мұғалім:
- «Бастауышым –балбұлағым» атты мерекесін ашу құрметіне арналған алғы сөзді мектебіміздің директоры: Утебаева Сәуле Елшібекқызына береміз.
Мектеп вальсі

1- жүргізуші : Армысыздар өр тұлғалы әкелер!
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп , кешегі сәби- еркелер!

2- жүргізуші :Армысың сен , алтын ұя мектебім 
Саған айтар жыр- алғысым көп менің 
Жүректерге жаққан білім шырағын ,
Мектебіме арналады бұл әнім!

  1. жүргізуші : Иә, бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші.Менің атам да, әжем де , әкем де, анам да , енді мен де мектептен тәлім алудамын.
    2-жүргізуші:Талшын, біз №49 жалпы орта мектебінде 4 жыл бойы білім алдық. Мектебімізде 1700-дей оқушы білім алуда.Мектебіміз қаланың 100  мектептің арасында бірінші ондыққа кіреді.Біз жаңа мектебіміздің алғашқы бастауыш түлектеріміз. Мектебімізбен біз де мақтанамыз.
    1- жүргізуші :Біздің мектеп -жаңа . Бұл мектепті бүкіл ел болып қанша уақыт күттік десеңші. Әсіресе балалардың қуанышында шек жоқ. Елбасымыз Н.Назарбаевтың «100 мектеп , 100 аурухана» бағдарламасы бойынша салынған заманауи көркем мектеп .

Бәрі бірге: Көреген Елбасымыз Н.Назарбаевқа «Мың алғыс!»

  1. жүргізуші : Олай болса , алтын ұя мектебімізге арнап
     Бота Бейсенова апамыздың «Мектебім» әнін шырқайық!
    Хор « Мектебім»

1-жүргізуші, 2-жүргізуші:

- 4 жыл бойы білімнің қиын баспалдағын басып,мыңдаған сабақтар оқыды.
-ондаған ережелер жатталып,жүздеген есептер мен мыңдаған мысалдар шешілді.
- басымызға көптеген ғылыми түсініктер қалыптасып,ал кейбіреуі әлі де сыймай жатыр
- үй тапсырмасын орындауға кеткен уақытты есептемегенде мыңдаған сағатымыз партада отырумен өтіпті.
- 6560 дәптер жазып тастаппыз
- қосымша парақтарды айтсаңшы
-шпаргалканы ма.
-- 4 жылда 6600 қоңырау соғылды. 4жыл еңбектендік. 
-Ал , ол  дегеніміз  - 2 904 сабақ 
- 102 сынып сағаты
- 2 433 шулы, көңілді үзілістер 
- тау-тау оқылған кітап беттері 
- реніштер мен қуаныштар,қызықты  оқиғалар. 
Оқушылар хормен
: Бұған тек  әлділер  ғана  шыдайды. 

1-жүргізуші  : Иә мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық 
1- оқушы : Мектеп деген білім кені , жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға.
Мектеп деген даналардың мекені.

2- оқушы: Мектебім- білім берер алтын ұям.
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулыған 4жыл бойы ата- анамдай.
Әрқашан қасиетті атың маған.
3-оқушы: Мектеп – үйім , ұстазым менің – ата- анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек.
Тамырланып , сан тарапқа тараған.

4- оқушы: Мектеп – кеме , білім – теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Төрт жыл алған білім нәрін ,
Азық етіп ер жетеміз.

Ән «Аяулы мектебім»

1-жүргізуші: Елімізде биылғы жыл- той, мереке жылы . Атап айтқанда Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақ хандығына 550 жыл, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы . Бұл мерекелерді біздің мектебіміз де үлкен дайындықпен атап өтті.

2-жүргізуші: Олай болса, «Мереке» әнін тыңдайық. Ән «Мереке»

1- жүргізуші :Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға , жазуға үйреткен  мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.
2- жүргізуші :Дұрыс айтасың ,ғылым иесі  ғалым да , ел қорғаған батыр да , тілінен бал тамған ақын да , тегеуріні темір балқытқан  жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі- бәрі ұстаздан білім  мен тәрбие алған. 
3- жүргізуші : Иә ,бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді»деген екен. Олай болса келесі арнауларымыз  ұстаздарымызға арнаймыз

Ұзтаздарға арнау
1- жүргізуші Оқушылар тарапынан мектебіміз жайлы көп жақсы ойлар айтылды. Біз өз мектебімізбен мақтана аламыз. Әрқашан мектебіміз бізге сапалы білім, саналы тәрбиемен қатар моральдық қолдау көрсетіп отырады. Мектеп әкімшілігі мен бірге басшылықта мектеп директорымыз Сәуле Елшібекқызының арқасында мектебімізде оқушыларға тәрбиелік маңызы бар көптеген іс-шаралар,мерекелік ,театрланған қойылымдар қойылып , демалыс ойын - сауық орындарына апарылып отырады. Өз кезегінде оқушылар атынан сізге Мың алғыс.!

Ұзтаздарға(пән мұғалімдеріне) арнау

Гүл шоқтарын табыстау.

Ән «Ұстазым»


  1. жүргізуші : Иә осыдан 4 жыл бұрын , біз 6 жастағы сәби -балалар сөмкемізді зорға көтеріп,мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.
    2- жүргізуші: Енді міне  сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.
    1- жүргізуші: Иә, міне сағымдай өте шыққан  4жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.
    2- жүргізуші : Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа !


5-оқушы :Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз.
Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.
Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,
Қайталап атымызды сұрасқанбыз.

6-оқушы: Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,
Ақылға келе алмадық ерте көніп.
Бойымыз бірте- бірте үйренісіп. 
Мектептің ережесін үйрендік  кеп.

7- оқушы: Өмірдегі жолымды бір өзіңнен бастадым,
«А»әрпін  алғаш сеннен бастадым.
Ұстазым естен кетпес мәңгілікке,
Мейіріммен жауырынымнан қаққаның.

8-оқушы:Бірдей біздің  ойымыз да , сырымыз,
Бір мектептің ұлы менен қызымыз.
Бірдей өстік оқуда да еңбекте,
Күліп – ойнап біріміз бен біріміз.

9- оқушы:Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?
Бастауышта алған білім, жырларым,
Азық болар , мәңгі талай жылдарға.

10- оқушы:Бастауышым- бал бұлағым ,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып 
Рахметімді жаудырамын.

11-оқушы: Ойланып есеп шығартып,
Төрт таңбаны білдірген.
Ғылымдардың патшасы,
Математика данасы

12- оқушы: Қазақ тілі пәнінен,
Білім алды балалар.
Сөйлемді, сөз таптарын,
Етістіктің шақтарын,
Жалғаулар мен жұрнақтар.
Ережесін жаттадым.

13--оқушы :Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым- бал бұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.

Сынып жетекшіге арнау( оқушылар)

14- оқушы:Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып , мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.

15- оқушы:Тек үйреттің әділдікті , адалдықты,
Жирендік , ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.

16- оқушы:Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай ,
Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай?
Мейірлене қарап қойып біздерге,
Күн астынан сабақ беріп тұрғандай

17- оқушы: Кеп- кешегі жабырқау қайда қалған,
Шықпаушы едік бір елі айналаңнан.
Мейірің бе , ұстаздық жүрегің бе?
Жан дүниесін баланың жаулап алған.

18- оқушы:Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға дара шың,
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.
Сағына әркез суреттерді парақтап.
Шәкірттерін жиі еске алатын.

19- оқушы:Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз,
Бейнеңіз жүректерде сақталады.
Біз әлі биіктерден көрінеміз,
Үміт пен сеніміңіз ақталады .

Бәрі : Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
          Мың алғыс мына отты жүректерден!

  1. жүргізуші : Қонақ деген ырысың мен мерейің,
    Енді аяңдап қонақтарға келейін.
    Уақыт бөліп бізге тілек білдірер,
    Сөз кезегін қонақтарға берейін.
    2- жүргізуші:Оқуды еткен жан басты ұғым

Іздеген бақытын табады

Өзіңе тапсырдым жас буын

Білімнің кілтін бұл бұлағы(Білім кілтін 1-сынып оқушысына беру рәсімі)

Ән «Алға Қазақсан»

1-жүргізуші:Ыстық- ау кім- кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай, мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген- дегендей әкенің орны бөлек -ау.

20- оқушы:Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.
Ақылды балаларың оны білген.

2-жүргізуші:Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып,елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген .Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін.

  1. жүргізуші : Біз болашақта саналы да, ақылды  бала болып өссек, ананың арманы орындалды деген осы емес пе?
    21- оқушы:Дүниеге әкелген ,ол да сенің анашың,
    Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың.
    Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,
    Мәпелеген баласын,аман болсын анашым!
    Ән «Анашым»

1-жүргізуші: Әзілің жарасса атаңмен ойна деген,

Ал атаң шаршаса(күліп)

Апаңмен ойна деген.

2-жүргізуші:Олай болса, 4 –сыныптар арасындағы КВН тобының өнерлерін қабылдаңыздар. Музыка «Еркем-ай»
Көрініс:КВН

«Есеп»Баласы:Мама , кешегі шығарып берген есебіңіз түп түгел қате екен.

Мамасы : Не дейді? Мүмкін емес!
Баласы:Ашуланбай ақ қойыңыз, өзге балалардың
аналары да сол есепті шығара алмапты.
Музыка «Еркемай»
«Ең қиын сұрақ»
Баласы: Мама, мен бүгін бүкіл сынып  оқушылары  жауап бере алмаған сұраққа жауап бердім.
Анасы:Өте жақсы балам, ол қандай сұрақ?
Баласы:Сынып бөлмесінің терезесін кім сындырды деген сұраққа…
Музыка «Еркемай»
Баласы :біздің сынып оқушылары жаңалық ашты 
Анасы: қандай жаңалық?
Баласы: Ең жақсы сөздер «к»дан «басталады екен .Мысалы, кола,кәмпит,киндер-сюрприз, каникул.
Баласы:
Ал , «ү»ден керісінше  нашар сөздер шығады екен: үй тапсырмасы,үндемеу, үш.
«Қыздар арасындағы әңгіме»
1-қыз:Аружан
Қыздар білесіңдер ме менің қолыма сиқырлы таяқша түссе,мен не істер едім?
-не істер едің?
-мен ұстаздарымды  құнарлы тамақтармен тамақтандырып,ауыздарынан бал ағызар едім.
 2- қыз:ал мен ұстаздарды ағылшын стилінде киіндірер едім.
3 -қыз:мен болсам мектепке келген баланың бәрін вундеркинд қылар едім сонда нашар оқитын оқушы да болмас еді.
Би «Қоштасу вальсі»

1- жүргізуші : Қонақ деген ырысың мен мерейің,
Енді аяңдап қонақтарға келейін
Уақыт бөліп бізге тілек білдірер,
Сөз кезегін ата-аналарға берейін.
2-жүргізуші:Арғымақтай қолына алып бас жібін

Кеудеге тақтың азаматтың ақ гүлін

Ұрпақтар үшін айнымас заңға айналған

Бастайық енді құжат беру дәстүрін-деп

Бастауыш бітірушілерге дипломдарын табыстау үшін сөз кезегін мектеп директорына береміз.

Марапаттау рәсімі

Ән «Атамекен»

Хор «Жаса Қазақстан»

1-жүргізуші:Біз 4- сынып оқушылары, ұстаздар мен ата-аналарымыздың алдында бұдан былай да мейірімді, тәртіпті, шыншыл болуға, бүгінге дейін алған білімізді одан әрі толықтыруға, өзімізге білім берген ұстаздарымызды ұмытпауға, өз Отанымызды сүюге

АНТ ЕТЕМІЗ! АНТ ЕТЕМІЗ! АНТ ЕТЕМІЗ! (Барлығы бірге айтады)

2-жүргізуші: Қол жаяйық халайық

Бата тілеп алайық.

Бастауышпен қоштасып

Орта буынға барайық.

Бата алу. (үлкен кісіден).

Лента қию.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
1121
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі