Бекітемін:
Тақырыбы: Елін сүйген, елі сүйген
– Елбасы!
Мақсаты:
Білімділік: Еліміздің тұңғыш президенті Н.
Ә. Назарбаев туралы кең түсінік беру. Жас ұрпаққа Нұр ағамыздың сан
қырлы талант иесі,құдіретті тұлға екенін
таныту.
Дамытушылық:Елімізге еңсе
тіктетіп,мемілекетімізді мығымдап берген,халқымызды әлемге
танытып,алаш баласының абыройын ақсақтатқан Елбасының кісілік
келбетін меңгеру
Тәрбиелік:Оқушыларды Отан сүйгіштігіне,
адамгершілігіне, Отанына, халқына адал қызмет етуге, президент
өмірін үлгі етуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:
Елбасының суреттері мен нақыл
сөздер.
Барысы:
І. Ұйымдастыру
кезеңі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
орындалады.
Тәрбиеші: Балалар
бүгінгі біздің «Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы»
атты тәрбие сағатымыз
мынадай кезеңдерден тұрады:
Кезеңмен таныстыру.
I-кезең. «Менің балалық шағымның
аспаны»
II-кезең. «Біздің тұңғыш
Президентіміз»
III-кезең. «Жырым саған арналады,
Елбасы»
1–кезең «Менің балалық шағымның
аспаны»
-Біз қай елде тұрамыз?
(Қазақстан)
–
Біздің елордамыз қай қала?
(Астана)
Сөзжұмбақ шешу.
-
Қыстың бірінші айы \желтоқсан\
-
Мемлекеттік Рәміздеріміздің бірі
\Әнұран\
-
Көмір шығатын кен орны, қазақстанның ірі
қалаларының бірі \Қарағанды\
-
Елордамыз қай қала? \Астана\
-
Қазақстанда шығатын ең басты қазба байлығы,
қоймалжың, сұйық зат. \мұнай\
-
Еліміздің бұрыңғы астанасы,
\Алматы\
-
Қазақстанның мемлекеттік Рәміздерінің бірі
Әнұранның авторы \Жұмекен\
(жауабы: Нұрсұлтан Назарбаев.
Бүгінгі сабағымыздың негізгі
кейіпкері)
–
Біздің елбасымыз кім?
(Н.Ә.Назарбаев)
Тәрбиеші: – Ендеше, балалар,
Біздің бүгінгі сабағымыздың негізгі кейіпкері – Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев жайлы өз білетінімізді ортаға салайық. Сонымен
елбасымыздың балалық шағына саяхат
жасайық!.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы
Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық
шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің
мал бағуына, бау-
бақша өсіруіне көмек көрсету
керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген
аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек
жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің
керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім
алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның
саяси өмірбаяны басталады.
1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп
сайланды.
Топтастыру;
–Негізгі кейіпкерімізге мінездеме беріп көрейік.
Елбасымыз қандай адам?
Ақылды, білімді, қайсар, қайратты, мәдениетті,
өнегелі, тәрбиелі, жігерлі, батыл, ақын, сауатты, аңшы, спортпен
шұғылданады, т.б.
-Балалар, еліміздің Рәміздері туралы не
білеміз?
1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер
Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.Елтаңба авторлары:Жандарбек
Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов.
Шаңырақ –Отан
отбасынан басталады.ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген
мағынаны, ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла
танытқан елшілес ел жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді
білдіреді.Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ-арыстанның
жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің қара күшін, еліктің
шапшаңдығын,
қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін
білдіреді.Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай
берсін» деген асыл арманды арқалап тұр.
Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып,
6-маусымда күшіне енді.Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында
қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, ішкі бұрышты көгілдір матаның сол
жағында қызыл өрнегі бар.Жалаудың ұзындығы -2 метр, ені-1метр.
Жалаудың жобасын жасаған –суретші Шәкен Ниязбеков.
2006 жылы 7-қаңтарда әнұран қайта қабылданды.
Егемен елім әнұраны жанарды,
“Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды
1998 жылы 10-маусымда жаңа
астананың ресми тұсау кесері болды.Қала Есіл өзенінің оң
жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде
орналасқан.
Көтереді шаңырақ Астанам
асқақ,
Жаңарып қалам, жасарып далам!
Басыңнан серпі бодандық жүгін,
Кетпейді ойдан Отандық ұғым.
Арыстан жүрек, айбынды елім,
Таниды сені бар әлем
бүгін.
III–кезең
«Жырым саған арналады, Елбасы»
1)
Тақпақтар:
Бірлігі жарасқан елміз міне
бүгінде
Артқа тартып халқым енді
шегінбе
Дағдарыстан шығып алға бет
алдық
Мұның бәрін өз көзіңмен көрдің
де.
Даңғыл жолды салып берер Нұр
аға
Енді халқым ешқашанда
құлама
Барлық жерден жиып-теріп
қазақты Кенжегужина Айнара
Халқы үшін жанын салған
ғұлама.
Жаңа кезең бастауыңа
сендіңдер
Астананың бәйтерегін
көрдіңдер
Халқымыздың саны өсіп
бүгінде
Әрбір жылды мерекелеп
келдіңдер.
Мұның бәрі Нұр ағаның
жемісі
Әрқашанда алда жүрді
жеңісі
Бүкіл әлем тыныштықты
тіледі
Себебі бұл Нұр ағаның
жемісі.
2.Елін сүйген,елі сүйген –
Елбасы
Қазақстан елінің де басшысы
Қанатқали Темірлан
Қолға алды қиын-қиын
жоспарды
Аман сақтап қалу үшін
ұрпақты
Елін сүйген, елі сүйген
Елбасы
Қазақстан елінің де
тұлғасы
Президент боп қабылданды бір
жылы
Тұңғыш болды қазақтың ел
басшысы.
3.Елбасымыз
жолдайды
Халқы оны
қолдайды
Ешқашанда
орынсыз
Шешімдері
болмайды.
Елбасы елді қорғайды
Жолдасқали Бейбарыс
Халық қамын
ойлайды
Осындай жақсы
адамның
Жақсылығы
тарайды.
Тәуелсіздікті елге
сыйлайды
Бейбітшілікті
қалады
Орындалып
арманы
Халқымызда
ажарлы
Осының бәрі
әрине
Елбасының
арқасы.
3) Музыкалық
номер.
«Атамекен» әні
орындалады.
«Жасыл жайлау»
әні.
. Сабақты
қорытындылау:
-
Балалар , бүгін біздер
елбасымыз жайлы сабақтан толық мәліметтер алдық деп және оны
өмірлік қажеттіліктерімізге пайдалана аламыз деп ойлайсыңдар
ма?
-
Мемлекет басқару ісі –
машақатты да, мәртебелі міндет. Елбасымыз басқарған ел – ең бай
мемлекет, халқы ең бақытты халық. Өйткені, елімізді басқарар
білімді басшымыз барда, қой аузына бозторғай жұмыртқалаған осындай
керемет заманда өмір сүріп жатқан біздің қандай арманымыз бар?
Елбасының бастауымен Отанымыз әлемге танылды. Елім елдігін
көрсетті, ерлігін танытты. намысты ту еткен ағаларымыздың аянбай
еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді. Еліміз дамыған елдер
қатарынан көрініп, елбасымыз қолға алған стратегиялардың арқасында
мемлекетіміз қарқында дамып, өркендеп келеді. Мұның бәрі
елбасымыздың арқасында. Елбасымызды құрметтеп, қолда барда алтынның
қадірін білейік, дей отырып,бүгінгі тәрбие сағатымызды
аяқтаймыз
Жаңақала
мектеп-гимназиясы
Тәрбие
сағаты:
«Елін сүйген, Елі сүйген
Елбасы!»
(Мектеалды даярлық
топ)
2016ж