жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық тәрбие сағаты."Мың алғыс -Анашым"
Мың алғыс, Анашым!
Балалар музыкамен залға кіреді
Жүргізуші:Қош келдіңіздер аяулы аналар, асыл әжелер, қызғалдақ қыздар. Көңілдеріңізге көктем шуағындай,сезім мен нұр құйып 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек. Өйткені аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Себебі, ана өмірдің гүлі, көңілдің жыры әр отбасының алтын діңгегі. Ендеше көктемнің алғашқы күндеріне арналған ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Асылжан:Армысың мейірімді аналарым,
Мейірбан ашық көңіл даналарым,
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,
Құттықтайды сіздерді балаларың
Інжу:
Ару ана өмірдің асылдары,
Жайнаған көңілімнің жасыл бағы
Сіздер үшін ән мен би өлең мен күй
Сіздер үшін мереке шашулары
Жүргізуші:Олай, болса асыл аналар, Ақжаулықты әжелер мерекелеріңіз құтты болсын.
Жер әлемді жайнатып,
Әнші құстарды сайратып,
Гүлге бөлеп даланы,
Әнге бөлеп қаланы,
Көрікті көктем келді
(Ортаға музыкамен көктем кіреді)
Айша: Көктем
Мен көңілді көктеммін,
Былтырда келіп кеткенмін
Құшағым гүлге толсын деп
Нөсерімді төгемін.
Жүргізуші:
Ару көктем, қош келдің, төрге шық. Сенің көктемгі жаңбырыңның арқасында айналамыз әсемдікке кенелді. Кең байтақ даламыз гүлге бөленді. Сондықтан ару көктем біз саған ризамыз.
Кәусар Ж:
Біздің халық өнерпазға бай тегі.
Әнші деп те күйші деп те айт оны
Нұртас: Күлімдеген көктемге ана жайлы
Жақсылап бір ән шырқасақ қайтеді
Ән:«Анашым»
Көктем: Айша
Гүлдердің сан алуан,
Түрлерін мен білемін
Сол гүлдерді өсіріп
Аялаумен келемін
(Гүлдер орынан тұрады.)
Бәйшешек: Райана
Көктем гүлі бәйшешек
Мен боламын қараңдар
Наурыз сәуір айында
Мен шығамын жайқала
Қызғалдақ: Кәусар Ө
Қырқалардың төрінде
Қаулап көзге ұрамын,
Құлпыра жайнап өңірде
Қып қызыл боп тұрамын
Жауқазын: Айжанат
Жауқазынмын жайқалған
Сұлу гүлмін жайнаған
Көктемде мен гүлдесем
Құлпыра кетер айналам
Раушангүл: Самал
Әдемімін сұлумын,
Менен қай гүл аса алған
Мен боламын раушангүл
Гүл патшасы атанған
Көктем:Айша
Кең даламды хош иісімен, сұлулығымен жайнатқан менің әсем гүлдерім аналарымызға қуаныш сыйлап би билеп берейік.
Би: Гүлдер
Жүргізуші:Ардақты асыл аналар. Мінекей күлімдеген көктем келіп айналамыз құлпырып кетті. Көрікті көктемнің алғашқы мерекесі аналар күні қарсаңында бүлдіршіндер сіздерді құттықтап, сазды сәлем бағдарламасында қонақта. Енді кезекті сол бағдарламаға берейік.
(Эфирде жүргізуші ұл мен қыз отырады)
Алихан: Армысыздар құрметті теле көрермендер! Эфирде сіздермен бірге «Сазды сәлем» бағдарламасы. Бүгін біздің студиямызда Ақтөбе қаласы Благодар орта мектебінің 1в класс оқушылары қонақта.
Меруер:Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақын жанашыры ақ сүтін беріп аялаған жанын да аямаған ардақтысы. Ендеше бүгінгі хабарымыз аналарға арналады. Сондықтан сазды сәлем хабары арқылы барша аналарды мейрамымен құттықтаймын.
Алихан: Олай болса аяулы аналарын құттықтауға келген оқушылардың ыстық ықыласын таңдайық.
1.Көркем
Ана
дейміз біріміз де аңқылдап,
Ана дейді
жас сәби де жарқылдап,
Ана деген
бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын
қазық алтын бақ.
2.Гүлназ
Анаң
болса қасында
Басқа бақыт не
керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді
ғой керемет.
3.Айару
Мәпелейді,
әлдилейді, бағады.
«Құлыным» деп
құшағына алады
Өзгеге де, өзіне де
жауапты
Барлығына қалай уақыт табады?!
4.Сардар
Айналайын
анашым
Аялайсың, бағасын
Сен үшін
балалармен
Ән шырқайық бәріміз
5.Батырхан
Әлпештеген
аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Сәлем
жазып бүгін саған
Мейрамымен
құттықтаймын
6.Нұрасыл Қ
Мені
жақсы көреді
Күндей күліп келеді
Көп
ертегі біледі
Маған айтып береді.
Жүргізуші:
Құрметті көрермендер сіздер біздің хабарымызға қоңырау шалып, құттықтау жолдай аласыздар. Біздің байланыс телефонымыз 99-47-18. Жақын жандарыңызды құттықтауға асығыңыздар.
(Қоғырау соғылады)
Алихан: Мінекей біздің хабарымызға хабарласып отырған алғашқы көрерменіміз де бар екен. Тыңдайық!
Самир:Алло сәлеметсіз бе? Менің атым Самир. Мен әжемді мерекесімен құттықтаймын.
Алихан:
Әжеңе қандай тілек айтасың?
Самир:
Әжеме тақпақ айтып беремін.
Әжелерді ардақтап қуантатын келді күн.
Құттықтаймын қуанып мейрамымен мен бүгін
Бөбегіңнің тілегі қабыл алшы әжетай
Ұзақ өмір жүз жасап жүрші әже қамықпай.
Енді менің әжеме арнап әдемі әже туралы ән айтып берсеңіздер екен. Сау болыңыздар!
Ортаға
әже киім киген төрт ұл шығады.
Әзіл
ән:
«Әжелер әні»
Бәрі:
Келіннен қорқып саспайық,
Келіңдер
өсек бастайық.
Немеренің әртүрлі
Қылығын
айтып тастайық.
Нұриман:
1-бала:
Немерем менің блатной,
Күндіз тыным
таппайды.
«Видео көру керек
керек»-деп,
Кешкі ұйқыға жатпайды.
Нұрасыл
Б
2-бала:
Немерем менің кір-кір боп,
Үйдің бетін
көрмейді.
«Киндер» сатып әпер деп,
Еш
тыныштық бермейді.
Асанәлі
3-бала:
Немерем менің теңгеге,
Үйір болып
алыпты.
Мың теңгені сағызға,
Аямай
бере салыпты.
Жансерік
4-бала:
Немерем менің ән салса,
Махаббат деп
айтады.
Қызың бар ма деп едім,
«Жоқ»,-деп
басын шайқады.
Бәрі:
Келіндер келіп қапты ғой,
Бізде үйге
кетейік.
Немере шіркін тәтті ғой.
Барына
шүкір етейік
Жүргізуші: Осы бір тамаша әзіл әннен соң біз хабарымызды одан әрі қарай жалғастырамыз.
Ана бір қолымен бесік тербетсе бір қолымен әлемді тербетеді. Ананың көз нұры тастай мұзды да жібітеді екен ендеше асыл аналарды құттықтауға асығыңыздар. Ал біз хабарымызды одан әрі студиямыздың қоржынына келіп түскен мына бір хатпен жалғастырамыз.
«Құрметті сазды сәлем бағдарламасы» деп басталады бұл хат. Менің атым Болат мен сіздердің хабарларыңызды үзбей көремін. Мен әскери борышымды әскерде өтеп жүрген сарбазбын. Сіздерге хат жолдап отырған себебім сіздердің бағдарламаларыңыз арқылы аяулы анамды және әжемді 8 наурыз аналар мерекесімен құттықтаймын! Мен оларға зор денсаулық, мол бақыт, ұзақ өмір тілеймін. Музыкалық сәлем ретінде ән жолдасаңыздар екен.
Ән: «Атам,әжем»
Жүргізуші: балалар сендерде келешекте осындай ел қорғайтын азаматтар боласыңдар! Қане балалар! Сендер үйде аналарыңа қандай көмек бересіздер? Соны айтып беріңдерші. Аналарыңа қандай көмек беретіндеріңді білейік.
1.Асылжан
Қалай көмектесем деп
Ертелі кеш ойладым
Ыдыстар сынып қалар деп
Кір болсада жумадым
Шаңы шығып кетер деп
Үй сыпырып қоймадым
2. Әмірлан
Мектеп болмаса
Дүкенге өзім барар ем
Ақшам көп болса анама
Сәнді көйлек алар ем
Қолымнан келсе от жағып
Ағашты да жарар ем
Қыз болсам ғой қиналмай
Кірін жуып қояр ем
Шәй қайнатып, бала ойнатып
Үйді жинап қояр ем
Тамақ жасай алмаймын
Еденде жуа алмаймын
Анама берер көмегім
Мазасын алмай ойнаймын.
Жүргізуші: Мінекей, ардақты аналар! Біздің балаларымыздың берген жауабы осы болды. Расыменде бұл балалар қанша тырысып көмектескісі келгенімен шамалары келмейді. Себебі, олар әлі ойыны қанбаған ойын баласы емеспе? Сондықтан хабарымызға сәл үзіліс жасап ойын ойнап алайық.
Ойын: «Көңілді сыпырғыш »
Жүргізуші:
Асыл анам жасыл бағым жайнаған
Сол бағымда асыр салып ойнағам
Пәк жүрекпен жыр жазады перзентің
Бар тілегі сізге ғана арналған.
Меруер: Құрметті көрермендер! Хабарымызға тағы бір көрермен хабарласқан екен. Қоңырау қабылдайық.
Алло біз сізді тыңдап отырмыз.Кімді құттықтайын деп едіңіз.
Ата-ана:Сәлеметсіздер ме? Менің атым Жәния « 1 В»класының ата-анасымын. Мен сіздердің бағдарламаларыңыз арқылы осы мектептің басшысы Асель Утегеновнаны және мектеп ұжымын және барша аналарды 8- наурыз халықаралық аналар мерекесімен құттықтағым келіп отыр. Біздің балаларымызға тәлім-тәрбие берумен қатар олардың саналы білімді өнерлі де өнегелі боп өсуіне үлесін қосып орасан еңбек жасап жүрген апайлардың дені сау болсын , бастарына бақ қонсын, ұстаздық деген ұлы жолда талмай шаршамай еңбек ете берсін дегіміз келеді. Апайлардың құрметіне арнап тамаша ән тарту етсеңіздер деймін.
Меруер: Расыменде мектептегі апайлардың арқасында көптеген балалар болашаққа самғап биіктерден көрінуде .
Алихан: Осындай апайлардың құрметіне тамаша ән сұраған екен.
Ән: «Ақ мамам»
Жүргізуші:
Асыл аналар! Мінекей сіздерді әлпештеп аялап отырған балапандарыңыз болашақта осындай беделді азаматтар болатынына біз сенеміз. Әлемнің бастауы мен таусылмайтын қазынасы өздеріңіз.
Жүргізуші:
Біз ғана емес қадыр тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар
Ана деген тіршіліктің тірегі
Мерекеңмен қасиетті аналар
Жүргізуші: Құрметті көрермендер осымен «Сазды сәлем» хабарымыз аяқталып қалды. Аяулы да ардақты аналар! Бүгінгі айтылған әдемі әндер мен әсем билер және жақсы тілектер тек сіздерге арналды. Хабарымыздың соңында оқушылардың өздеріңізге арнаған әсем гүлін қабыл алыңыздар. Ал біздің бағдарламамызды тамаша әуен жалғайды. Келесі эфирде кездескенше қош сау болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген