400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты.Қызық екен...

Материал туралы қысқаша түсінік
4 орыс сыныбына арналған интелектуалды сайыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: Қызық екен... (интеллектуалды ойын)


Мақсаты: Оқушылардың жан-жақты білімін толықтыру, қазақ тілінде сөйлеуге, ол тілді жетік білуге талпындыру. Топпен жұмыс жасауда ауызбіршілікке шақыру.


Жүргізуші: - Қайырлы күн, қатысушылар, қонақтар!

Жүргізуші: - Қазақ тілі пәнінен 4-сыныптар (орыс сынытары) арасында «Қызық екен...» интеллектуалды ойынға қош келдіңіздер!


Жүргізуші: «Қызық екен» үш команда арасындағы интеллектуалды жарысқа арналған. Ойын ережесі өте қарапайым, яғни, сұрақтарға дұрыс жауап беру бағытталған. Жүргізуші командаларға сұрақ қойып, сайысты қорытындылап отырады. Ойынға үш команда қатысады, әр команданың өз капитаны бар. Капитанның қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беруіне көмектесетін ойыншылары мен жанкүйерлері жиналған. Ойын барысында қатысушылар 12 сұраққа жауап беруі тиіс. Сұрақтың 4 жауап нұсқасы бар. 12 сұрақтан кейін соңғы шешуші 13 сұрақ болады. 13-інші сұраққа жауап беру үшін ұпай тігіледі. Егер сұраққа дұрыс жауап берсе, сол тіккен ұпай саны екі еселенеді. Ал егер бұрыс жауап берсе, ұпай саны шегеріледі. Қай топтың жинаған ұпай саны көп болса, сол топ жеңіске жетеді.

  1. Ең...

Ең табиғаты әдемі қала

А) Астана Ә) Алматы

Б) Көкшетау + В)Талдықорған

2. Бұл кім?

А) А.Құнабаев + Ә) Ы.Алтынсарин

Б) М.Мақатаев В) А.Байтұрсынов

3. Аударма

Орфография сөзінің қазақша мағынасы

А) дұрыс айту Ә) дұрыс оқу

Б) дұрыс жазу + В) дұрыс күлу

4.Жалғастыр...

Тіліңмен жүгірме ... (біліміңмен жүгір)

А) біліміңмен жүгір + Ә) досыңмен жүгір

Б) көзіңмен жүгір В) оқумен жүгір

5.Жасырын ұяшық

Ахмет Байтұрсынов кім?

А) әдебиет зерттеуші +

Ә) ғалым +

Б) суретші -

В) түркітанушы +

Г) жазушы -

Ғ) публицист +

Д) педагог +

Е) саясаткер -

Ё) аудармашы +

Ж) тәрбиеші -

З) қоғам қайраткері +

И) ақын +

6.Жұлдызды жан

«Алматының түндері ай» әнін орындаушы әнші

А) Димаш Құдайберген Ә) Қайрат Түнтеков

Б) Қайрат Нұртас + В) Ернар Айдар


7.Не туралы?

Менің атым – Кітап. Мен адамның досымын. Мені адамдар жақсы көреді. Мен де адамдарды жақсы көремін. Мен адамдарға білім беремін. Сен мені күт, жыртпа, таза, ұқыпты ұста. Сонда ғана екеуіміз дос боламыз.

А) Дос туралы Ә) Кітап туралы +

Б) Сынып туралы В) Мен туралы

8.Қашан?

А.Байтұрсынов қашан дүниеге келді?

А) 1845 Ә) 1873

Б) 1937 В) 1875

9.Логика

Сиыр неге жатады?

А) жануарға Ә) шаршаған соң

Б) күле алмаған соң В) отыра алмаған соң +

10. Талдықорған

Талдықорған қаласының мәдениет және демалыс саябағында кімнің ескерткіші бар?

А) А.Құнанбаев Ә) М.Мақатаев +

Б) Д.Қонаев Б) І.Жансүгіров

11. Алфабит

Қазақ алфабитіндегі 15 әріп

А) Л Ә) О

Б) К В) Қ +

12.Жануар

Ешқашан ауырмайтын жануар

А) кенгру Ә) піл

Б) акула + В) арыстан

Жүргізуші: 13 сұрақта жинаған ұпайларыңды тігетін боласыңдар. Қанша ұпай тігу, өз еріктеріңде.Егер 13 сұраққа дұрыс жауап берсеңдер, ұпайларың екі еселенеді. Ал егер дұрыс емес жауап берсеңдер, тіккен ұпайларың шегеріледі. Шарты түсінікті болса, соңғы 13 сұрақты бастаймыз.

13 сұрақ

Тілдер күні қашан?

А) 5 қыркүйек

Ә) 22 қыркүйек

Б) 24 қыркүйек

В) 15 қыркүйек

Жүргізуші: Ұпай сандарын қарап, сұраққа жауап бергендеріңе қарай

І орынды 4Д сынып

ІІ орын 4Г сынып

ІІІ орынды 4В сынып иеленді. Қызық екен... интеллектуалды ойынға қатысқан оқушылар сыйлыққа ие болады.


Жүргізуші: Осымен «Қызық екен...» интеллектуалды ойынымыз аяқталды. Қатысушыларға көрермендерге көп рахмет!


Бойларыңда от бар екен байқадым,
Жүректеріңде шоқ бар екенін байқадым.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым.
Өрендер, өрлей берсін өнерлерің
Айналаң, бәрі сенің көрерменің.
Тілеймін, дәл осылай барлығыңның
Тек қана биіктерден көрінгенін, - деп бүгінгі интеллектуалды ойынымызды осымен аяқтаймыз.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 ақпан
1766
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі