400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 30 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты.Тақырыбы:Білімді ұрпақ-ел болашағы 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал 3 сынып жетекшілеріне,барлық ашық тәрбие сағатын қолданушыларға керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:  Білімді ұрпақ – еліміздің болашағы

Мақсаты:  Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру; Жас ұрпақтың танымдық көзқарасын, ой-өрісін, дүние-танымын кеңейту, іскерлік қасиеттерін дамыту;

Логикалық ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау, оқушылар бойына ұлттық мәдени құндылықтарды сіңіру.

Сабақ түрі:  танымдық ойын

Мұғалім:  Құрметті оқушылар!  Бүгінгі өткізетін сайысымыз «Білімді ұрпақ – елміздің болашағы» тақырыбында.

Бүгінгі жастар – халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдайтын, білімді жастарды анықтайтын, білімге қызығушылықтарын арттыратын сайысымызды бастаймыз.

Ойын барысына тоқталсақ, сайысымыз 4 айналымнан тұрады. ( интерактивті тақтадан көрсету)

І  айналым  «Таныстыру»кезеңі.Бұл кезеңде екі топ өздерін таныстырып,ұрандарын айтады.


ІІ айналым  « Полиглот ойыны».Бұл кезеңде жұмбақтың жауабы немесе мақалдың жалғасындағы сөзді үш тілде айту.


ІІІ айналым «Іздеген жетер мұратқа» ойын ережесі:  4 пән бойынша сұрақтар беріледі. Қазақ тілі, жаратылыстану, дүниетану, математика. Әр пәннен бір-бір сұрақтан беріледі.


IV айналым «Қиял әлемі» кезеңі.Бұл кезеңде екі топ өздерінің қиялындағы суретті салып қорғайды.

Данельдің орындауында «Менің күнім» әні

Кезеңдермен танысып алсақ,келесі кезекте топтармен танысайық.

1-топ:Рухани жаңғыру

2-топ:Цифрлы Қазақстан тобы

Рухани жаңғыру—адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы,сана-сезімі жаңа өзгерісті қабылдай білуі.Рухани жаңғыруда өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз.Тарих сахнасына көз жүгіртсек өскен ұлтты өрби түсуіне осы «рухани жаңғыру» дәлел.Көне замандағы көрікті қалаларымыз сән салтанатты таласқан озық ескерткіштеріміз мәдени мұраларалымыз бұлғартпас айғақ болып табылады.Елбасымыз рухани жаңғырудың бірнеше принцптерін ұсынды:

Бәсекелестік қабілет

Прагматизм

Ұлттық бірегейлікті сақтау

Білімнің салтанат құруы

Қазақстанның революциялық емес,эвалюциялық дамуы

Ендеше көкжиектен ауытқымай ұлт көшбашшсының өскелең ұрпаққа меңзеген дара жолымен биік шыңдарды бағындырайық.





Цифрлық қоғам – қоғамның тіршілік қызметінің барлық салаларында білім мен ақпарат рөлінің басымдығымен ерекшеленетін, АКТ адамдардың тұрмыс тіршілігіне, олардың білімі мен жұмысына, сондай-ақ мемлекеттің, бизнес пен қоғамның өзара іс-қимылдарына шешуші әсер ететін, өркениеттің қазіргі заманғы даму кезеңі.


2017-2020 жылдарға арналған «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Бағдарламаның міндеттері

1. Цифрлық Жібек жолын іске асыру

2. Креативті қоғамды дамыту

3. Экономика салаларындағы цифрлық қайта өзгерту

4. Белсенді мемлекетке көшу



Ал екі топқа сәттілік тілейміз.

Топтар өздерімен таныстырады.

Жарайсыңдар балалар!Топтар өздерімен таныстырып болса екінші кезең «Полиглот» кезеңіне көшейік.

Полиглот кезеңінің сұрақтары:

1-топқа

1)Жүз теңгең болғанша,

Жүз .......... болсын (Дос,друг,Friend)

2) Көз қорқақ, …. батыр ( қол, рука, hard)

3)Құс сияқты құс емес,

Самғап ұшқан биікте

Қанаты бар қақпайды

Жүрседе сондай биікте (ұшақ,самолет, airplane)

4)Тұмсығымен қозғалар,

Соңынана аппақ із қалар (бор,мел,Chalk)

5)Тісі жоқ өзінде,

Сөзі бар ізінде (қаламсап,ручка,pen)







2-топқа

1)Жеті қазынаның бірі,

Адамды қорғап жүретін досы (ит,собака,Dog)


2)Өзі дана,үні жоқ

Сөйлемейді тілі жоқ

Қолыңа алсаң шешен

Ақылы асқан көсем ( кітап, книга, booк)


3)Сағат сайын қағылады,

Тек мектептен табылады (қоңырау,звонок,bell)


4)Сыртта арқаңда,сыныпта партаңда (мектеп сөмкесі,школьная сумка,school bag)

5)Шәкіртке жанашыр,Мейірман кім?

Жаны асыл (мұғалім,учитель,teasher)

3-кезең ІІІ айналым «Іздеген жетер мұратқа» ойын ережесі:  4 пән бойынша сұрақтар беріледі. Қазақ тілі, жаратылыстану, дүниетану, математика. Әр пәннен бір-бір сұрақтан беріледі


1-топқа

Қазақ тілі:Сөз таптарын ата

Математика:356 мен 248 дің қосындысынан 128 ді азайтып шыққан сан мәнін екі еселе (952)

Дүниетану Организмде пайда болатын газ (көмірқышқыл газы)

Жаратылыстану:Ең алғаш ғарышқа ұшқан адам кім? (Ю.Гагарин)


2-топқа:

Қазақ тілі:Дыбысты ................

Математика:248 бен 448 дің қосындысына 104 қосып оны 2 ге бөл (400)

Дүниетану:Өкпе қайда орналасқан? (баста,ауыз қуысында,көкірек қуысында)

Жаратылыстану: Қазақстандық ғарышкерлер ата


IV айналым «Қиял әлемі» кезеңі.Бұл кезеңде екі топ өздерінің қиялындағы суретті салып қорғайды.

Марапаттау

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 мамыр
2160
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі