Шымкент қаласы С.Көбеев атындағы № 56 жалпы орта
мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Қаныбек Халия
Ашық
сабақ Тәртіпке
бағынған құл болмас
Сыныбы: 3”Г”
Тақырыбы: Тәртіпке
бағынған құл болмас
Мақсаты: Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді
сыйлауға, кішіге қамқор болуға, көмектесуге үйрету, жақсы
қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жиренеді,
адамгершілікке, қарапайымдылыққа, әдептілікке, сыпайылыққа баулу,
көпшілік орындарда өзін-өзі ұстай білуге
дағдыланады
Әдісі: сұрақ-жауап,
ізденушілік жұмыс, сын тұрғысынан ойлауды
дамыту.
Көрнекілігі: слайдтар, қанатты
сөздер
Ұйымдастыру
кезеңі.
Шаттық
шеңбері
Топқа
бөлу
«Әдеп» тобы
«Мәдениет»
тобы
«Тәртіп» тобы
Бес
саусақты қолғап таратылады. Балалар оған өз бойларындағы жаман
қасиеттерін жазады.
Әр топ
өздерінің аттарына байланысты тақпақ, нақылсөздерді айтып
шығады
Эсмира: Әдептілік
дегеніміз-адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының, жүріс-тұрысының
ережесі.
Қарақат: Адам болатын бала –
барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, жаман әдеттерден
аулақ болуға тырысу керек.Иманды адам ұлтына, нәсіліне, жынысына,
дініне қарамастан иманды болып туады. Иманды бала дөрекілікке
бармайды.Имандылық бар жерде рухани тазалық бар, сенім
бар.
Мирас: Әдептілік- деп үлкенді сыйлауды,достарды,айналадағы
адамдарды құрметтеуді айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым
күтпей-ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі,көпшіліке
өзінің әдептілігін
көрсетеді.
Назгүл: Әдептілік белгісі-иіліп
сәлем бергені,сәлемдесу- бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі,
мінез-құлықтың нормасы.
Мая: Әдептілікті біз үлкендерден үйренеміз. Ата-әжелеріміздің,
ата-аналарымыздың, ұстаздарымыздың ақылын тыңдап, айтқандарын
орындағанда ғана тәрбиелі адам болып
өсеміз.
Балнұр:
«Адамға ең бірінші білім емес,
тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы»
- деп Әль-Фараби айтып тәрбиені бірінші орынға
қойған.
Жазира: «Адамға ең бірінші білім емес,
тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас
жауы»
«Тәртіпсіз
ел болмайды,тәртіпке бас иген құл
болмайды»- деп Бауыржан атамыз бізді тәртіпті болуға
шақырған.
Шойрат:
Тәртіпті бала
сүйеніш
Төбең бір көкке
жетеді
Ұрыншақ бала
жанында
Ұрыс пен керіс айқай
шу
Ұстамды бала
маңынан
Ұнамды қылық
байқайсың
Асылхан:
Әділ болу –адамшылықтың асыл
белгісі. Әділетті қоғам адамдар имандылық қағидаларын қатаң
сақтағанда ғана құрылады. Әдет-ғұрып дәстүрлеріне қалыптасқан
қағидаларға, құқықтық нормаларға, заңға сүйенгенде ғана әділдік
жеңеді.
Мерей:
Барлық адамдар тең құқықты,
ерікті, қадірлі. Азаматтар нәсіліне, жынысына,тіліне, тегіне,
дініне, мүліктік және лауазымдық жағдайына қарай заң алдында
бірдей. Өмір сүру құқығы, адамның бас бостандығы мен жеке өмір сүру
еркі қасиетті болып табылады.
Жазира: Қазақ халқының ерекше
қадір-қасиеттерінің бірі-ұрпағының иманжүзді, адал да өжет,батыл да
табанды, еңбекқор болуы үшін, обал мен сауапты білуі үшін олардың
іс-әрекетін бақылап кейбір жаман қылықтардан,істерден тыйып
отырған. Мұндай тәрбиеге мән беру адамдық қасиетті арттырып,
жаманшылықтан сақтайды.
Аман:
Ашу шақырғанда, ең алдымен,
тоқтау салатын – сабырлылық. Сабырлылық- адам бойына екі жолмен
дариды, бірі туа біткені де,екіншісі адам өзін-өзі тәрбиелеу
жолымен келеді. Сабырлылық адамның өз мінез -құлқына ие бола
алатынын көрсетеді.
Шойрат: Қайырымдылық – адамдарға жақсы
іс жасау. Қайырымды бала қашанда ата-анасының
мақтанышы.
Мұғалім: Ал, балалар, тәртіпті,
тәрбиелі болу – бәрімізге ортақ
қағида. Енді сұрақтар қояйық.
-
Қазіргі кезде адамның бойынан
қандай қасиеттерді көп байқауға
болады?
-
Кей адамның жаман әдетке үйір
болуының себебі не деп ойлайсың?
-
Адам бойындағы ар, намыс, ұят
дегенді қалай түсінесің?
Жауап:
Шапағат: Қазіргі
кезде адам бойынан көбінесе тәртіпсіздік, бірін-бірі сыйламау,
адамдарға деген дөрекілік,өтірік айту, сабақтан
қашу,ұстаздарды,ата-ананы сыйламау сияқты жаман қасиеттерді көп
байқауға болады.
Ескендір: Кей
адамдар өте жалқау болып келеді. Еңбек еткісі келмейді.
Ата-анасының тапқанын шашса болды,бос уақыттарын тиімді
пайдаланбайды.Сол себептен де жаман әдеттерге үйір болып
келеді.
Балнұр: Әр
адамның бойында ары-таза, намысы-берік, ұяты-күшті болуы керек.
Егер осы үшеуі де адам бойында қалыптасқан болса, онда нағыз
тәрбиелі де тәртіпті адам.
Айсана:
Мәдениеттілік-адамның айнасы
іспетті. Мәдениетті болу айналаңдағы адамдармен дұрыс қарым-қатынас
жасай білу.
Айсана:
Адам тумысынан жамандыққа үйір
емес.Ол жылдар өте келе өніп шығады.Жақсылық өнімнің шыққаны немесе
оны жамандықтың арам шөптері басып кеткені сонда ғана белгілі
болады. Ізеттілік пен сыпайылық сияқты мәдениеттілік түрлері
отбасынан басталады.
Серікжан:
Адам қандай лауазымды қызметте
жүрсе де ізеттілікті жоғалтпауы тиіс.Үлкен адамдарға қоғамдық
көліктерде орын беру, сұрақтарына дұрыс жауап
беруқажет.
Мерей:
Кешірімді болу, рұқсат сұрау,
кешікпеу,ізеттілік көрсету – адамды мәдениетті болуға
жетелейді.
Мерей
: Рұқсат сұрау- адамдар
қарым-қатынасындағы ішкі мәдениетті айғақтайтын этикалық
қағидалардың бірі. Адамның меншік құқығын құрметтеу және оған қол
сұқпау.
Мерей: Кешікпеу- бұл дағдыны
адам өзіне бала жастан дарытқаны жөн.Кешігу адамдарды сыйламау.
Жұмысқа немесе туған күнге, кештерге кешігіп бару барып тұрған
мәдениетсіздік.Уәделі жерге ерте бару керек, кешіккен жағдайда
кешірім сұрау керек.
Мұғалім: Ал, балалар, мәдениетті
болу – өзіңді сыйлы ету екенін түсіндік. Енді сұрақтар
қояйық.
1)Адамгершілік қасиеттерді
қаншалықты бағалаймыз?
2)Сен өзің жіберген
қателіктеріңді мойындай аласың ба?
3)Адам адамнан несімен
ерекшеленеді?
Жауап:
1)Адамгершілік қасиеттерді
дұрыс бағалай білуіміз керек. Адамгершілікке барлық қасиеттер
саяды. Адамгершілік – адам бойындағы ең асыл
қасиет.
Мерей
2)Өзіңнің жіберген қателігіңді мойындау – ол үлкен
ерлікпен тең қасиет. Қателігіңді мойындау ешкімге зияныңды
тигізбеу, ешкімнің обалына
қалмау.
Айдын
3)Адам
адамнан білімімен, тәрбиелілігімен, әдептілігімен,
мәдениеттілігімен әдемі мінезімен
озады.
Көрініс: Бала арасындағы
кикілжің
Жалғасын
тап...
(мақалдардың жалғасын
табу)
Әдепті
бала-
Әдептілік
белгісі-
Тәрбиелі
адам-
Атаңа не қылсаң
–
Жақсы бала
сүйік-
Әдепсіз өскен
адамнан-
Жеті атасын білмеген-
Ұяда не көрсең…
Ұлық болсаң –
Ашу
– … , ақыл -…
Көрініс: Әке
ақылы
Ән: Әке,
ана
Ән: Алға,
Қазақстан!
Шығармашылық
жұмыс
Әр
топ өз атауларына байланысты постер
қорғайды
Т-
әрбиелі
Ә-
демі
Р-
иясыз
Т-
ілалғыш
І-
зетті
П-
атриотпыз
Ә-
депті
Д-
арынды
Е-
рекше
П-
ысықпыз
М-інсіз
Ә-діл
Д-
анышпан
Е-
ржүрек
Н-
амысшыл
И-
набатты
Е-
рікті
Т-
алаптымыз
Мен өз кемшілігімді түзеп,
жұлдыз боламын.
Жұлдызшалар
таратылады.
Балалар сабақтан кейін өз
кемшіліктерін түзеп, қандай жұлдыз болатындарын жазып, оны плакатка
іледі.