15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық тәрие сағаты Тәуелсіздік - арманым, сыйымды саған арнадым
Ашық тәрбие сағаты: Тәуелсіздік - арманым, сыйымды саған арнадым
Тәрбие
сағаттың мақсаты:
1986 жылдың желтоқсанындағы адал да, аңғал
Қазақ жастарының бодандыққа қарсы
жойқын бұлқынысы, бейбіт шеруге шыққан,
тұңғыш рет Кеңес империясының зорлықшыл
тас қамалына тайсалмай қарсы шыққан
желтоқсан құрбандарының ерлігін, жалынды
жырларын оқушылар көңіліне ұялату.
Оқушылардың тіл байлығын, сөйлеу
мәдениетін дамыту.
Оқушыларды
адамгершілікке, Отанын сүюге, сыйластыққа,
ұлтшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:
Желтоқсанға шыққан жастардың фотолары
салынған
буклеттер,
шарлар.
Жүру барысы:
Мұғалім сөзі: Қайырлы күн,құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін біз сіздермен «Тәуелсіздік - арманым, сыйымды саған арнадым» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Биыл үлкен мереке.Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толды.
- Отан деген не?
Отан дегеніміз –адамның туып өскен жері,туған-туысқандарымен ,жақындарымен тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны-Қазақстан Республикасы. Қазақстан Республиксының Тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялайды. Тәуелсіздік біздің ең басты бақытымыз және тарихтағы ұлы күн. Бұл күн Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялайды. Тәуелсіздіктің қалыптасу жылдарында Қазақстан Республикасы көптеген жетістіктерге жетті. Тәуелсіздік біздің ең басты бақытымыз, байлығымыз.
Азаттық үшін күресте талай қиындықты бастан кешірді.Бірақ, ешқашан да мойымады,күресе білді. Тәуелсіздіктің бізге бергені ұшан-теңіз,әліде берері тіпті мол.
Әр елдің өзіне тән рәміздері болады.Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз бе? Оларды атаңдар!(Әнұран,Ту,Елтаңба)
- Қазақстан Республикасының Рәміздерін білесіндер ме?
- Ту Елаңба Әнұран
-Туда не бейнеленген?
- Елтаңбада не бейнеленген?
- Әнұранды жазған кім балалар?
Жақсы балалар.
Оқушылар кәне бәріміз орнымыздан тұрып, оң қолымызды жүрегімізге қойып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранын айтайық (үнтаспа).
1986 жылы 16 желтоқсанда қазақ халқын дүниежүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рұсқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Есімбекқызы, Ербол Сыпатаевтарды еске алып, олардың рухына тағзым ету парызымыз. 1986 жылдың желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғар шашып кетті, бостандық үшін өрімдей жап-жас қыз-жігіттер құрбан болды. Біз әрдайым Қайраттың от жүрек үніне, қыздардың намысын қорғаған ерлігіне, күнәсіз күйіп кеткен келбетіне бас иеміз.
Бұл күн – қазақ халқының ұлттық тарихында алтын әріппен жазылған күн.
Ал енді балалар Тәуелсіздігімізге , желтоқсанымызға арналған тақпақ өлендер білесіндер.
Оқушы
Желтоқсандық ерлерді есте сақтаймыз,
Ерлік ісін, аманатын сақтаймыз.
Отан үшін отқа түссең күймейсің,
Ізбасары болмай елге жақпаймыз.
Оқушы
Сол бір сәтте бұлт торлады аспанды,
Алатаудың көзінен де жас тамды.
Тәуелсіздік желтоқсанмен бітпейді.
Тәуелсіздік күресі енді басталды.
Оқушы
Намыс үшін күрессең мазақтар кім?
Құлға айналу азабы азаптардың.
Қаны төгілді желтоқсан алаңында,
Бодандыққа көнбеген қазақтардың.
Оқушы
Еліңнің сен намысы үшін
Құрбан еттің жаныңды
Мазақ қорлай алмас.
Ешкім сенің арыңды.
Оқушы
Желтоқсанның
қанды суық ызғары,
Қалың
әскер қазағымды қорлады.
Тәуелсіздікті
қолдаған жастардың
Отан
үшін табандары тозбады.
Оқушы
Күнадан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Бозтоғайдай жаным бар,
Алам десең алыңдар,
Қайрат деген атым бар.
Ән: Желтоқсан
Оқушы
Шалқы қазақ, шалқитын заман келді
Текке қанын төккен жоқ Амангелді
Кең далаңды керіліп, атаңды атап
Жырла қазақ, жаңа күй жаңа ән келді.
Оқушы
Армандарды жақындатып тым алыс
Біздің жаққа жеткен екен жылы алыс
Егемендік – ел бақыты, ертеңі
О, халайық
Құтты болсын қуаныш
Оқушы
Қаймықпаған қиындықтың жүзінен
Өздерін сыйлап қырдың гүлінен
Бүгінгі ұрпақ – бақытты ұрпақ атынан,
Құттықтаймыз! Тәуелсіздік күнімен
Оқушы
Атты бүгін азаттықтың ақ таңы
25 жыл Тәуелсіздіктің арайлы таңы атқалы
Елі текті, киелі, қасиетті жерімнің
Құтты болсын еркіндігі, ата - баба арманы
Би: Қамажай
Оқушы
25 жыл, тәуелсізбін, дербеспін
Күмәндана қоймас бүгін енді ешкім
Бодандығым ғасырларға жалғасқан
Қазір, міне артта қалды келмес күн
Оқушы
Құтты
болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты
болсын елімнің керегесі.
Татту-тәтті
боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған
жердің берекесі.
Оқушы
Тәуелсіздік биік, болсын тұғырың,
Тарылмасын терең алған тынысың
Бұдан алған күндеріміз құрысын,
Ұзақ болсын, ұзақ болсын ғұмырын.
Оқушы
Тауелсіздік тұғыры ғой бұл елдің,
25 жасың құтты болсын нұр елім.
25 жылда шықтың талай белеске,
Қазақстан жасай берші гүл елім
Ән: Атамекен
Қорытындылау.
-Тәуелсіздік алған 25 жыл ішінде сайын даланың төбесінен бой көтерген бас қаламыз қай қала балалар?
-Астана қаласы.
Астана біздің мақтанышымыз.
- Балалар біздің ел басы қай қалада тұрады?
Астана қаласында.
- Астананың символын көрсететін қандай ғамараттарды білесіңдер? Бәйтерек, Ханшатры бар.
Мұғалім
Мазмүны мен өрнегі жарасқан
Тәуелсіздіктің Қасиетті туы
Мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін!
Тәуелсіздік шаттығы, тәуелсіздік қуанышы, тәуелсіздік тойы тұғырлы баянды болсын.
Бүгінгі «Тәуелсіздік - арманым, сыйымды саған арнадым» атты сынып сағатымыз аяқталды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген