Асық терапиясы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Асық терапиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Асық терапиясы туралы түсінік.Балабақшада балалардың жас ерекшелігіне байланысты асықпай ойналатын әр түрлі ойындар туралы ақпараттар бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Асық  ойыны -қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойыны. Халқымыз асықты қастерлеген.

Асықты бар ынта жігерімен ойнаған балалар жан-жақты дамыған. Асықпен ойнаған баланың  зейіні тұрақталады, логикалық ойлау қабілеті  дамиды, бала еңкейеді, тұрады, үздіксіз қозғалыста болады.

Жанындағы өзі қатарлы балалармен бірге ұйымшылдығы мен тіл байлығын дамытады.

Асықты ойыннан бөлек балаларды жан-жақты дамыту мақсатында  оқу іс-әрекетінде пайдаланылды. Балалардың саусақ буындарына өте пайдалы, ұсақ моторикасы дамиды. Саусақтармен жұмыс жасау арқылы саусақтары иілгіш болып жаттығады. Мұның бәрі баланың қиялы мен ойын ұшқырлығын, зейінін жан-жақты дамытады.

Асық терапеясы балалардың қимыл-қозғалысын реттеуге, кеңістікті бағдарлай білуге, сөздік –логикалық ойлауды сатылай қалыптастыруға, шығармашылық ойлауға, сабырға, бірлесе әрекет етуге тәрбиелейді. Сондықтан мазмұнды ойындар, жаттығулар құрастырып, оқыту барысында қолданамыз.

 

Асықтың түрлері мен атаулары

Алшы –асықтың иірілгенде табаны жерге тиіп, тұрық түсуі.Ойын кезінде оған аса мән беріледі.Ол — бірінші дәрежелі асық.

Тәйке— асықтың иірілгенде табаны үстіне қарап,тұрық түсуі.Ол — екінші дәрежелі асық.

Бүге ( Бүк ) -асықтың иірілгенде дөңес жоны үстіне қарап, етпетінен жатық түсуі. Ол үшінші дәрежелі мәнге ие.

Шіге ( Шік ) — асықтың иірілгенде шұңқыр құрсақ жағы үстіне қарап, шалқасынан жатық түсуі.Ол төртінші дәрежелі мәнге ие.

 

Асық терапиясының мақсаты: асық терапиясында балалардың терапиясында балалардың қиымыл-қозғалыстарын реттеу, кеңістікті бағдарлай білу, көрнекі іс-әрекеттік, көрнекі – бейнелік және сөздік – логикалық ойлауды сатылай қалыптастырып, шығармашылық тұрғыда және сын тұрғысынан ойлауды дамыту, шыдамдылық, сабырлық, бірлескен әрекетті қолдана білуге тәрбиелейді. Сондықтан да біз, ересектер, асық ойындарының жаңа мазмұнды ойындарын, жаттығуларын құрастырып, оларды оқыту және дамыту, ұйымдастырылған оқу қызметінде қолдана аламыз.

Асықты пайдалана отырып санау, құрастыру, асық үстінен жүру, математикалық логикалық тапсырмаларды шешу сияқты әртүрлі оқиғаларды ойлап тауып, біз бала үшін әлдеқайда қызықты түрде өзіміздің біліміміз бен өмірлік тәжірибемізді, қоршаған әлемнің заңдылықтары мен оқиғаларын көрсете аламыз. Балаларды ұлттық ойындарды ойнау барысында шапшаңдылыққа, ептілікке, бір-бірін сыйлауға, өз ойын еркін жеткізе алуға баулимыз. Асық ату ойыны арқылы көз жітілігін, мергендікті дамытып, ұстамдылық пен шыдамдылыққа тәрбиелейміз. Асықтан құрастырылған инновациялық тақтайшалар мен массажды қолғаптар арқылы бала денсаулығын шыңдаймыз.

Асық терапиясы Ф.Фребель, М.Монтессори технологияларын негізге ала отырылып жасалынды, ол балалардың жас ерекшеліктері ескеріліп, көп функционалдылығымен, көп нұсқалылығымен ерекшеленеді.

Бірінші кіші топ Асықты жіпке тізу (Асық арқылы балалардың сенсорлық моторикасын дамытатын жаттығулар) Балалар боялып, тесілген асықтарды жіпке бір түстен соң екінші түске тізбектеп тізеді. Бұл тізбекті тізу арқылы бала түстермен танысып, бір – бірінен ажырата алады. Қолмен жұмыс жасау барысында баланың ұсақ моторикасы дамиды. Саусақтарымен жұмыс жасауда баланың саусақтары иілгіш болып, жұмыс жасауға жаттығады

Екінші кіші топ Асықпен із салу Балалар түрлі – түсті бояуларды асықты қолдану арқылы пайдаланады. Бұл жерде балалар санына байланысты төрт – төрттен бірнеше топқа бөлінеді, әр топқа тиесілі түс пен шеңбер сызылған парақшалар беріледі. Балалар парақшада берілген шеңбердің ішіне асықты бояуға малу арқылы парақша бетіне нүктелер түсірулері тиіс. Бұл әрекет осылайша бірнеше рет қайталанады. Нәтижесінде парақ бетінде әр балада әртүрлі бейне пайда болады.Балалар үшін бұл жасырын пайда болған бейне, қызықты әрі сиқырлы сәт болады. Мұндай әдісті қолдану балалардың саусақ  моторикасын дамытумен қатар, баланы берілген тапсырманы таза әрі ұқыпты орындауға баулиды. Қағазда қанша тор, сонша асық Бұл әдіс асық және фетр қағазын қолдану арқылы жасалынады. Фетр қағазы торкөз дәптер беттері сияқты шаршыларға теңдей бөлінген. Балалар фетр қағазында қанша дөңгелек, шаршы немесе үшбұрыш тізілсе сонша асықты тізе білуі тиіс. Тапсырмаға мұқият мән бере отырып, ойланып орындайды. Тапсырма бойынша фетр қағазындағы әр шаршының ішіне асықты дұрыс орналастыра білуі шарт.

Орта топ Асықпен құмда сурет салу. Балалар құмның үстіне асықпен түрлі мазмұнды суреттер сала отырып, нені бейнелегендерін айтып береді. Ойнай отырып құмға асықпен сурет салу бала үшін қызықты, әрі пайдалы. Баланың ұсақ моторикасымен қатар бейнелеуге деген қызығушылығы артады, қиялы дамиды және өзінің ойымен салынған бейнені өз сөзімен түсіндіру барысында сөздік қоры молаяды, өз ойын еркін жеткізуге дағдыланады.

Ересек топ Мозаика Балалар жеке – жеке отырғызылады. Оларға асықтан жасалған белгілі бір бейнеленген пішін беріледі. Пішінді балалар дәл сондай қалыпта боялған асықтармен құрастырып шығулары тиіс. Бұл тапсырма балалардан ұқыптылық пен мұқияттылықты талап етеді.Тапсырманы орындау барысында балалар пішіннің көлемімен қатар, оның ішінде берілген түстерден жаңылмауы тиіс. Ересек топтары үшін тапсырма қызықты әрі өте пайдалы. Баланың логикалық ойлауы, көзбен көру арқылы есте сақтау қабілеттері артады және бір – бірімен бәсекелесіп орындау барысында шапшаңдылыққа тәрбиеленеді. Тақтайшаны әсемдеу Балаларды үш-үштен топқа бөліп отырғызып, мозайка тақтайшасына әр түрлі түске боялған пішіндер, ал қасына түрлі түсті бояулардағы асықтар беріледі. Балалар осы берілген пішіндерге боялған асықтардың ішінен пішінді ашатындай түс таңдап, көлеміне сәйкес тізіп шығуы тиіс. Тапсырманы орындау барысында баланың эстетикалық талғамы мен шығармашылық қабілеті дамиды. Ересек топтағы балалар үшін бұл оңай тапсырма болмағанымен, балалар бұл тапсырманы қызыға орындайды.

Балалар түрлі жаттығуларды жасау барысында шыдамдылыққа, төзімділікке, ұқыптылыққа тәрбиеленеді.

Асықты тақтайшамен жүру.

Денсаулық білім беру саласында да асық терапиясын пайдалануға болады.Дене шынықтыру оқу іс-әрекетінде тақтайшалармен жүру арқылы балалардың аяқ, қол еттері қатаяды, жұмысқа қабілеттілігі артады. Қимыл-қозғалыс координациясы артып, қол мен аяқтың бірлескен қимылы дамиды. Табандағы жүйке нүктелері арқылы ойлау қабілеті дамып, психикалық процестердің дамуына әсерін тигізеді. Жалпақ табанның алды алынып, ең бастысы балалардың дұрыс жүру дене бітімі артады.

Асық терапиясын таным білім беру саласы бойынша математика оқу іс-әрекетінде  кеңістікті бағдарлау мақсатында қолдануға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің балабақшада өзім асықты  жиі қолданамын. Қазіргі таңда аяғын дұрыс баспайтын, жалпақ табан балалар өте көп. Табан астында мидың жұмысына әсер ететін нүктелер бар. Осы мәселені шешу үшін асықтаң жасаған арнайы денсаулық жолақшасын жасауға болады. Баланың аяқ өлшемін алып, оған асықты орналастырамыз. Бала асықтың үстінен өткенде табан нүктелеріне тиіп, тітіркенеді. Денсаулық жолақшасы барлық топта бар. Асықты таңғы жаттығу барысында тиімді қолдануға болады. Асықты ойыннан бөлек балаларды жан-жақты дамыту мақсатында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде пайдаланамын. Балалардың саусақ буындарына өте пайдалы, ұсақ моторикасы дамиды. Саусақтармен жұмыс жасау арқылы саусақтары иілгіш болып жаттығады. Мұның бәрі баланың қиялы мен ойын, ұшқырлығын, зейінін жан-жақты дамытады. Асық терапиясы балалардың қимыл-қозғалысын реттеуге, кеңістікті бағдарлай білуге, сөздік – логикалық ойлауды сатылай қалыптастыруға, шығармашылық ойлауға,сабырға,бірлесе әрекет етуге тәрбиелейді. Сондықтан мазмұнды ойындар, жаттығулар құрастырып, оқыту барысында қолданамыз.
Асықты пайдалана отырып санау, құрастыру, асық үстінен жүру, математикалық логикалық тапсырмаларды шешу сияқты әртүрлі оқиғаларды ойлап тауып, біз бала үшін әлдеқайда қызықты түрде өзіміздің біліміміз бен өмірлік тәжірибемізді, қоршаған әлемнің заңдылықтары мен оқиғаларын көрсете аламыз. Балаларды ұлттық ойындарды ойнау барысында шапшаңдылыққа, ептілікке, бір-бірін сыйлауға, өз ойын еркін жеткізе алуға баулимыз.
Денсаулық білім беру саласында да асық терапиясын пайдалануға болады. Дене шынықтыру оқу іс-әрекетінде тақтайшалармен жүру арқылы балалардың аяқ, қол еттері қатаяды, жұмысқа қабілеттілігі артады. Қимыл-қозғалыс координациясы артып, қол мен аяқтың бірлескен қимылы дамиды. Табандағы жүйке нүктелері арқылы ойлау қабілеті дамып, психикалық процестердің дамуына әсерін тигізеді. Жалпақ табанның алды алынып, ең бастысы балалардың дұрыс жүру дене бітімі артады.
Қорыта келгенде, ойнай бiлген балаға асықтың пайдасы орасан зор. Асық ойыны балаларды мергендiкке, ептiлiкке баулиды. Бұған қоса аяқ-қолдың қимылын жақсартып, денсаулыққа көп пайдасын тигiзедi. Асық ойыны балалардың ойлау қабілетін дамытады, жаң-жақты дамуына ықпал етеді, адамдармен тез тіл табыса білуге үйретеді.


Балабақшадағы  асық  ойнай  бастаған  баланың бойындағы өзгерістерді ата – аналар күн сайын байқауға болады. Яғни, бала еңкейеді, тұрады, үздіксіз қозғалыс дене сымбатына көмектеседі. Сонымен қатар, кәсіпкерлік қабілеті дамиды, ұтып алған асығы көбейген сайын қуа­нады. Жанындағы өзі қатарлы балалармен бірге ұйымшылдығы мен тіл байлығын дамытады.

Асықты ұяшықтарға салу баланың саусақ буындарына өте пайдалы. Балалар боялып, тесілген  асықты бір түстен кейін екінші түсті жіпке өткізіп, тізбектейді. Тізу арқылы бала түстерді бір – бірінен ажырата алады, қолының ұсақ моторикасы дамиды. Саусақтарымен жұмыс жасау арқылы, саусақтары иіл­гіш болып жаттығады. Мұның бә­рі баланың қиялы мен ойын, ұш­қырлығын, зейінін жан – жақты дамытады. Асық терапиясы балалардың қимыл – қозғалысын реттеу­ге, кеңістікті бағдарлай білуге, сөз­дік-логикалық ойлау­ды сатылай қалып­тастыруға, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауға, сабырға, бір­лесе әрекет етуге тәр­­­­биелейді.   

Балабақша тәрбие­шілері асық арқылы санау, құ­рас­тыру, асық үстінен жүру, мате­матикалық логикалық тапсырмаларды шешу, түрлі оқиғаларды ойлап тауып, бала танымына қор­шаған әлем заңдылықтары мен оқиғаларын қызықты түрде жет­кізуге тырысады. Асық ату ойыны арқылы  балалардың мергендігін дамытуға, асықпен ойнайтын сан алуан ойындар арқылы бала денсаулығын шыңдауға болады. Ересек топтар үшін тапсырма қызықты әрі пайдалы. Баланың логикалық ойлауы, көзбен көру арқылы есте сақтау қабілеті артады, эстетикалық тал­ғамы дамиды және бір-бірімен бәсекелесіп орындау барысын­да шапшаңдыққа үйренеді. Асық­тан құралған тақтайшалармен жү­ру арқылы балалардың аяқ, қол еті қатаяды, қабілеті артады.­ Табандағы жүйке нүктелері арқы­лы ойлау қабілетінің дамуына, жалпақтабанның алдын алуға болады. Бұл – асық терапиясының бас­тапқы нұсқасы.

 

«Денсаулық» саласы бойынша асықты дене шынықтыру оқу қызметінде қолдану арқылы ұлттық ойындарымызды жаңғыртамыз.

«Коммуникация» саласында суреттер арқылы «Сурет бойынша әңгіме құрастыру» ойыны.  Шарты: жыл мезгілдерінің табиғат ерекшеліктерін  асық түстеріне қатысты сәйкестендіреді. Бұл жерде де бала асықты ойын құралы екенін біледі.

Таным саласы бойынша асықтан жасалған түрлі танымдық ойындар яғни санамақ, сияқты санау құралдарын қолдану арқылы оқу қызметінде «Моншақ жасаймыз» ойыны. Шарты: жіптерге түрлі-түсті асықтарды тізбектеп моншақ құрастыру. Балалар  боялып, тесілген  асықты бір түстен кейін екінші түсті жіптерден өткізіп, тізбектей тізеді. Бұл тізбекті тізу арқылы баланың түстерді есте сақтай отырып, бір-бірінен ажырата алу дағдылары қалыптасады.

«Пішінді санды асықпен  құрастырамыз» ойыны. Шарты:  дөңгелек, шаршы немесе үшбұрыш пішіндермен  сандарды асықпен құрастыру. Яғни, балалар бұл тапсырманы мұқият мән бере отырып, ойланып орындайды.

«Түсін тап» ойыны. Шарты: асықтарды түстерін ұяшықтарға сәйкестендіріп орналастыру.

«Луллия шеңбері» ойыны. Шарты: сан арқылы асыкпен сәйкестендіріп қою.

«Ханталапай» ойыны. Шарты: асықтар шашылып, асықтағы сандарды айтады.

«Шығармашылық» саласында асықты музыкалық ұрмалы аспап ретінде қолдансақ болады. Сурет салу оқу қызметі  «Мен суретшімін» ойыны. Шарты: түрлі-түсті бояуларға   асықты малу арқылы парақша бетіне нүктелер тусіріп  сурет салады. Балалар қолымен жұмыс жасау барысында, қолының ұсақ мотори­касы дамиды, саусақ­тары  иілгіш болып жұмыс жасауға жаттығады. Асықпен  жұмыс сәл күрде­лілеу, Осылай бір­неше рет қайталап жасайды. Нәтижесінде парақ бетінде әр балада әртүрлі  бейне пайда болады. Балалар үшін бұл жасырын пайда болған бейне қызықты әрі сиқырлы сәт болады.

«Мен шебермін» ойыны. Шарты: құмда мазмұнды бейне салу. Балалар құмның үстіне асықпен түрлі мазмұнды суреттер сала отырып, нені бейнелегендерін айтып береді. Яғни, бұл әдіс бала үшін қызықты әрі пайдалы. Баланың ұсақ моторикасымен қатар бейнелеуге деген қызығушылығы артады, қиялы дамиды және ең бастысы, өзі­нің ойындағындай етіп салынған бейнені өз сөзімен түсіндіру барысында сөздік қоры молаяды, өз ойын еркін жеткізуге дағды­ланады.

«Әлеумет» саласы бойынша оқу қызметтерінде асықпен ойналатын ойын түрлерімен өткіземін. Тәрбие­ші  асық арқылы санау, құ­рас­тыру, асық үстінен жүру, мате­матикалық логикалық тапсырмаларды шешу, түрлі оқиғаларды ой­лап тауып, бала танымына қор­шаған әлем заңдылықтары мен оқиғаларын қызықты түрде жет­кізуге тырысады. Асық ату ойыны арқылы  балалардың мергендігін дамытуға, асықпен ойнайтын сан алуан ойындар арқылы бала денсаулығын шыңдауға болады. Балалар  үшін тапсырма қызықты әрі пайдалы.

Балалардың бойындағы жасырын қабілеттерін ашу және дамыту, рухани жан-дүниелерін байыта түсуге негіз.

Қазақтың ежелден келе жатқан ұлттық ойыны асық соңғы кезде ұмыт бола жаздады. Мен соны жаңғыртуды мақсат еттім. Асық ойнаған баланың жылдамдығы, мергендігі дамып, алыстан көру қабілеті артады, аяқ-қолы ширақ қимылдап, епті бола түседі. Асық ату үшін балаға логикалық ойлау да қажет, бұл бүлдіршіндердің ой-өрісін дамытады»,

«Талапай-ау, талапай, табылды ойын алақай» — деп қоржындағы асықтарды балалар алдына тастай отырып, әрбір ойындар арқылы бала бойына ұлттық кодымызды  дарытамын.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.03.2025
165
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі