жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық тəрбие сағаты «Іздегенде табылатын қасыңнан» 1 сынып
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Іздегенде табылатын қасыңнан...»
Тәрбие сағатының мақсаты: Достық туралы жақсы пікір қалыптастыру
Білімділік: Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым-қатынасын нығайту.
Дамытушылық:Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету.
Тәрбиелік міндеті: Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту.
Көрнекілігі: шарлар, нақыл сөздер, дос туралы мақал-мәтелдер, бейнеролик, ребус.
Ұйымдастыру формасы:үлгі – өнеге
Әдіс-тәсілдер: сын тұрғысынан ойлау стратегиясы, сұрақ – жауап, иллюстрация, демонстрация, сұрақ – жауап, талдау, жинақтау
Жабдықталуы: Видео. Аудио, презентация
Құрылымы:
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сабағымызды көңілді өлең жолдарымен бастайық.
Психологиялық дайындық
Достық – әдеп, сыйласым,
Дос – өмірлік қимасым.
Дос арыңдай қимасым,
Достық сезім тым -
тәтті.
Мұғалім: Бүгін «Іздегенде табылатын қасыңнан...» тақырыбында өткізілетін тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Бейнеролик арқылы достық түрлеріне тоқталу
«Данышпан» атаның өсиеті әңгімесінен бастайық. Ертеде бір ақылды қария болыпты. Бір күні ақылды қарияға бір жігіт келіп:
-Ақсақал, мен қандай жігітпін, сынаңызшы, - депті. Қарт жігітке:
- Жолдасыңды көрсет, сонан соң айтамын,-депті. Жігіт жолдасын қартқа жіберіпті. Қарт жігіттің өзін шақырыпты. Жігіт келген соң қарт:
- Шырағым, жаман емессің, –депті.
– Қалайша олай дейсіз? - депті жігіт. Қарт күліп:
- «Жігітті жолдасына қарап бағала» деген сөз бар. Адам көбінесе өзінің мінезіне ұқсас адамдармен жолдас, дос болады. Шын достар бірінің жақсы қасиеттерін екінші үлгі тұтады, бойына сіңіреді. Олар бір –біріне өте жақын, бірін – бірі тез түсінетін болып кетеді, - деген екен. Осындай жолдастық, достық қарым-қатынас арасындағы ең бағалысының бірі – адалдық.
Тақырыпты ашу сұрақтары
1. Дос деген кім?
Шарты: Бір сөйлеммен айту.
Сыр бөлісетін адам
Мені өте жақсы түсінетін адам
Көмекке әрдайым дайын адам
Қандай жағдай болмасын болмасын бірге болатын адам
Сенімді адам
1. Досың бар ма? Ол кім?
2. Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба?
3. Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма?
4. Жақсы дос, жаман дос қандай болады?
5. Досыңыздың басына қиындық түсті не істейсіз?
Дос қандай болу керек?(Топтастыру)
Адал, жомарт, адамгершілігі мол, қарапайым, мейірімді, кешірімді, төзімді, ақылды, сабырлы, салмақты, кек сақтамау, ашықтық, бүкпесіздік
Мұғалім:: Екі дос. Аңыз әңгіме
— Ең әуелі «Достық туралы» ұлы ғұлама, ойшылдардың айтқан сөздерінен үзінділер келтірейік.
Ерте заманның ойшылы және асқан шешен, ежелгі рим мемлекет қайраткері Марк Туллий Цицерон «Достық өз бойына қаншама сан алуан пайдалы нәрселерді біріктірген десеңізші! Қайда барсаңыз да, ол сізге қызмет етеді, ол барлық жерде бар, ол ешқашан да мезі қылмайды, ешқашан да орынсыз килігетін жері болмайды, ол сәттілікке жаңа сәулет береді, ол ортақтасқан сәтсіздіктер де көп мөлшерде өзінің уытын жоғалтады,»-дейді. Достық адамның өмірдің өзіндей сан бояулы, көп қырлы қаситетті, сондықтан бірер сөзбен оның толық анықтамасын беру мүмкін емес. Әйтсе де, ұлы шешеннің жоғарыда келтірілген сөздерінде ұғымның басты мәндері көрегендікпен ашып көрсетілген.
Достықтың негізі – достардың өмірге көзқарастары мен түсініктерінің ұқсастығы, бірлігі.
Мұғалім::Халықта Досыңнан тап!» деген қарғысқа жақын сөз бар. Бұл - достың бәрінің бірдей еместігі, адамға ең ауыры - досыңның арамдығы, екіжүзді опасыздығы екені еске салатын сөз. Шынында да ішек - қарнына дейін түгел білетін адамыңның қасына айналуынан, қарсыласың жаққа шығып кетуінен қауіпті, өкінішті, не бар?!, Бұдан дос- дұшпаныңды айыра білудің қаншалықты маңызды екені көрінеді. Әйтпесе опық жеп, бармақ тістеп қалуың оңай. Сондықтан достықтың белгісі – достың сырын өз сырыңдай сақтау. Даналар айтқан ғой – Сыр сақтау - тіліңнің астына шоқ салып алғаннан да қиын деп. Тіліне ие бола алмайтын жеңілтек пәтуасыз жандарға «Досым ғой» деп сыр ашу жамандыққа апарып соқтыруы мүмкін
Тапсырма:
Бағандағы сөздерден адал достыққа тән қасиеттерді тауып айтыңдар.
Қуаныш, Күлкі,Сараң
Өзара сыйластық,
Көреалмаушылық
Еңбек, Өзара көмек
Арам, Шыншылдық,
Сұлулық, Сараңдық
Сүйіспеншілік, Түсіністік, Қатыгез
Мейірімділік, Қамқорлық
Кешірімділік, Адалдық
Жауапкершілік, Әдептілік,
Қайырымды
Сергіту сәті.
Мақалды жалғастыр
1. «Кемшіліксіз …. іздеген
адам …. қалады».
2. «Дұшпан …. айтады, дос….айтады».
3. «Жаңылмайтын … жоқ, сүрінбейтін тұяқ …….».
4. «…. жаңасы жақсы, … көнесі жақсы.».
5. «……….ақшаң болғанша, көп досың …».
6. «Досы көппен …. , Досы жоқпен … ».
7. «Досы … , өзі де жақсы».
8. «…. басқа қарайды,… аяққа қарайды».
9. «Ақылсыз ….ақылды дұшпан ….».
10. « Досың мың …., … біреу болса да көп».
қайтар».
Жауаптары
1. «Кемшіліксіз дос іздеген
адам доссыз қалады».
2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.
3. «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ».
4. «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы».
5. «Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын».
6. «Досы жоқпен сырлас, Досы көппен сыйлас».
7. «Досы жақсының-өзі де жақсы».
8. «Дос басқа қарайды, Дұшпан аяққа қарайды».
9. «Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық».
10. «Досың мың болса да-аз, Дұшпаның біреу болса да-көп».
Сасқанда ақылың
айтар.
Тапсырма: Суреттер беріледі, сол суреттер бойынша әңгіме құрастыр
Ситуациялық сұрақтар:
1. Бір күні көптен бері
кездеспеген досыңмен жолығып кездесіп қалдыңдар. Әңгіме – дүкен
құрып дәмханада отырғанда кенет анаңның “тез қайт”- деп бұйырғаны
есіңе түсе кетті. Сен осы кезде не істер едің?
2. Достарыңмен табиғат аясында демалып отыр едің, қасыңда енді ғана
таныса бастаған әдемі қыз (жігіт) отыр. Кенет сенің 10 жыл бірге
оқыған сыныптас досың көрші елді - мекенге барып келу керектігін
сенен өтініп сұрап телефон шалды. Сенің осы кездегі әрекетің қандай
болар еді?
3. Поезд жүріп келеді. Сен алып ұшып, сағынып туған ауылыңа 7 - 8
жылдан кейін келе жатырсың. Көптен бері көрмеген сыныптастар мен
дос - жарандарыңды болашақ жарыңа мақтан етіп келе жатқаныңда
алдарыңа бір қайыр сұраған мүсәпір кейпіндегі ұсқынсыз бір адам
келе қалды. Бұл сенімен бірге оқыған, бірге ойнаған, бір нанды
бөлісіп жеген ажырамастай боламыз деп кішкене күндеріңде бір –
біріңе уәде берген қимас досың болып шықты. Сенің оны көргеннен
кейінгі әрекетің қандай болады деп ойлайсың?
Білімсізбен дос болсаң,
Топ ішінде бетің
қайтар».
Мұғалім: Ал енді балалар өзімізге жақсы дос іздейік.
«Дос
іздеймін»
Мұғалім:: Кез - келген адамның өзіне лайықты досы болғанын
армандайтыны белгілі. Сіздің кейбіреуіңіздің, мүмкін осындай шынайы
досыңыз бар шығар. Ал қайсібіреуіңіздің көптеген таныстарыңыз,
жақындарыңыз болса да, олардың арасынан өзіңіздің нағыз досыңызды
таба алмай жүрген боларсыздар? Ал үшіншіңіз, мүмкін, өзіңіздің
тұйық, ұялшақ мінезіңізден өзіңізді жалғыз санап, досыңыздың
болмағына қынжылатын боларсыз. Кез - келген жағдайда да нағыз дос
ешкімге кедергі келтірмейді. Ендеше өзімізге қандай дос қажет
екендігін бейнелейтін газет шығарып, бір сәт ойынға араласайық. Осы
сәттен бастап мен тегін хабарландырулар жариялайтын ерекше газеттің
редакторы рөлін атқарамын. Газет «Дос іздеймін» деп аталады. Бұл
хабарландыруда сөздердің саны мен әріптердің өлшемдеріне ешқандай
шек қойылмайды. Хабарландыру әр түрлі формада болуы мүмкін. Сіз
мысалы үміткер досыңыздың қандай қасиеттерінің болғанын қалайсыз,
тіпті оның суретін салсаңыз да болады. Өзіңіз туралы айтсаңыз да
болады. Бір сөзбен айтқанда хабарландыруды қандай түрде беремін
десеңіз де өз еркіңізде. Тек ұстанатын нәрсе – дос іздеген
хабарландыру өте көп болады, сондықтан сіз өзіңіздің
хабарландыруыңыздың көркем безендіріліп, басқалардың назарын бірден
аударатын жағын ойластырғаныңыз жөн.
Қолдарыңызға қағаз, қалам және сурет салатын болсақ қарындаш алыңыз
да іске кірісіңіз. Бес минут уақыт
беріледі.
Қорытынды:
Ал, сендер достарыңмен әрқашан бірге болу үшін, мен сендерге бір аңыз айтып берейін. Сендер оның кейіпкері боласыңдар.
—Ертеде бір ата болыпты. Бір күні балаларын шақырып:
—Міне, сендерге бір— бір таяқшадан беремін. Оны сындырып көріңдерші. (балалар сындырады)
—Қалай сынды енді, біріккен таяқшаны сындырыңдаршы. Бір— бірлеп жүрсеңдер сендер де тез сынасыңдар, бәрің бірге жүрсеңдер ешкім сендерді сындырмайды. Тату— тәтті болу керек. Бірлік бар жерде тірлік бар. Сендердің достарыңа қуанып, біздің әсем гүліміз одан сайын жайқала түсіпті.
Қорыта келгенде, менің сіздерге айтарым:
Қиын кездерде бір-біріне көмек көрсетіңдер.
Досыңды алдамай, оған адал бол.
Досыңды қорлама.
Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.
Досыңды барда да сына, жоқта да сына.
Досыңның кемшілігін кешіре
біл.
Достық – адамдардың бір – бірінжаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы. Қай кезде, қай жаста болса да, адам өміріндегі достықтың орны бөлек. Сондықтан оған өте жауапкершілікпен, байсалды қарау қажет. Достықтың алғашқы белгілері мектептен, сыныптан басталады. Сондықтан барлық уақытта да достығымызғы адал да берік болып оны мәңгілік сақтай білейік.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген