жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық тəрбие сағаты "Рухани жаңғырудың жарқын жолында" 10 сынып
№ 16 жалпы орта мектеп
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тексерілді: Бекітемін:
ДТІЖО: Мектеп директоры:
____ Б.Ә.Қасымбек _______ Қойшев Б.Р

Рухани жаңғырудың жарқын жолы
10 «Ә» сынып
Сынып жетекшісі: Абдиева Э.Р
2017-2018 оқу жылы
Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: Рухани жаңғырудың жарқын жолы
Сабақтың мақсаты:
-
Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту;
-
Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына , туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру;
Оқыту нәтижесі: Оқушылар рухани жаңғырудың- табысты ел болуымыздың кепілі екенін біледі.
Түйінді идея: Рухани жаңғыру болашаққа бағдар
Сабақтың барысы:
Ән ұран
Сынып жетекші: Қайырлы күн , құрметті ұстаздар, ата - аналар және оқушылар. Бүгінгі 10 ә сыныбының ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер . Ашық тәрбие сағатынан мол ақпарат алып, белсенді қатысып отырасыздар деген үміттеміз.Солай ма?Олай болса сабағымызды ашық деп жариялаймыз.
Жүргізуші:\ Таныстырылым\Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол әлемдегі ең дамыған елдің қатарына қосылу. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз бен ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс.

Жүргізуші: Елбасымыздың бейне ролигімен толықтыра кетейік.
Жүргізуші: Керемет, сыныптастарымыз Ғазиза, Нұрболат, Винера, Орынкүл, Аружан , Сайдты ортаға шақырып , туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімінен бізде бойымызға сіңірейік !
Орынкүл : «Туған жер» М.Жұмабаев

Қошемет !
Сыныптасым Нұрболат:
М.Шаханов «Төрт ана»

Керемет!
Винера :
Мұқағали Мақатев «Үш бақытым»

Бәрекелді, Ғазиза «Қазақ тілі» атты өзінің төл туындысымен жалғастырса:
Қазақ тілім баға жетпес, құндызым
Мәңгі өшпейтін бір жұлдызым
Қазағымның көгіндегі күнісің
Қазағыма күш беретін нәрісің
Қазақ тілі өмірімнің мәнісің
Қазақ тілі қазағымның сәнісің
Шабыт беріп тұрған өмірімде
Қазақ тілім менің мәңгі жырымсың
Қазағымның баға жетпес байлығы
Қазақ тілі қазағымның тағдыры
Күн болып шық қазағымның көгіне
Қазағымның жарқылдаған жұлдызы
Қазақ тілім сен туралы жырлаймын
Әндерімді саған ғана арнаймын
Әлемдердің шоқ жұлдызы тең келмес
Қазақ тілі сені мәңгі сыйлаймын
Қазақ болып өз тілімді білмесем,
Өз тілімнің құдіретін көрмесем
Өзге тілде білгенімнен не пайда?
Өз тілімнің қасиетін сезбесем
Аружан:
Отан дейміз - от жаққан
жерімізді,
Отан дейміз - өсірген елімізді.
Отан дейміз - туған жер, атамекен,
Биік тау, орман тоғай көлімізді.
Отаным менің кең байтақ Қазақстан,
Аман өткен талай дүлей азаптан.
Бар әлемді өз аузына қаратқан,
Кім бар қане артық дейтін Қазақстан?!
Жүргізуші: Керемет , қошемет Аружанға.
Келесі тамашалайтындарыңыз қазақша би қазақы тұрмыстың, ұлттық болмыстың төл туындысы. Ендеше қошеметтеп отырыңыздар.
Мың құбыла билейтін биші қыздарымыз: Ғазиза, Динара, Сымбат, Бақытгүл
Жүргізуші: Керемет, солай емес пе ?
Жүргізуші: Таяуда тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Еуразия жүрегінде» атты кітабын тағы бір қайтара зор қызығушылықпен оқып шықтым. Оқи отыра, «Сарыарқа сауырындағы, ерке Есіл бауырындағы» сәулеті келіскен қазақтың кіндік қаласы Астананы орнықтыру жолында қаншама күш-жігердің, қажымас қайраттың, толассыз еңбектің қажет болғандығын ерекше түйсіндім.
Қазақстан тек қана Еуразия жүрегінде емес бүкіл әлемге таныла алатын құндылықтарымыз, дарынды ұлдарымыз бен қыздарымыз бар екен, ия?
Оқушыларға «Рухани жаңғыру » болашаққа бағдар басымдықтары туралы мәліметтер таратылады.
Жүргізуші: Құрметті, оқушылар қазір сіздерге аяқталмаған сөйлем айтылады , сіздер өз ұтымды ойларыңызбен бөлісу керексіздер, қатысушыларға сыйлықтарымыз бар.
Жүргізуші: Өте жақсы, сыныптастарым Арайлым, Винера, Сымбатқа рақмет.
Жүргізуші: Олай болса , оқушыларды күттірмей «Аяқталмаған сөйлем» кезеңіне берейік :
-
Рухани жаңғыру ............\дәуір талабына сай жаңғыру\
-
Рухани жаңғыру.............\әлемдегі ең дамыған отыз елдің қатарына қосылу\
-
Рухани жаңғыру ...........\табысты ел болуымыздың кепілі\
-
Рухани жаңғыру..........\ұлттық сана сезімнің көкжиегін кеңейту\
-
Туған жер бағдарламасы ..............\\
-
Қазақстан Еуразия жүрегінде ...............\Елбасының кітабы\
-
Прагматизм бұл..........\нақты мақсатқа жету мақсатында әр нәрсені ұтымды пайдалану\
-
Рухани жаңғыру қашан бағдарланды.......\2017 ,сәуір\
Жүргізуші : Тамаша , көп ақпараттар білуге мүмкіндік болды.
Жүргізуші: Абай атамыз
айтқандай, бүгінгі жастардың дүниенің кетігін тауып, қалануды
көздеу, қоғамдық өмірден қол үзбей, өз елін сүюге, өз елінің тұрмыс
– тіршілігін, салт – санасын, әдет – ғұрпын білуге тәрбиелеу –
нарықтық кезеңде маңызы жоғары тұрған зор міндеттердің бірі деп
ойлаймын.
Жүргізуші : Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпы адамзаттық
құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным
белсенділіктерін арттыруға бағыттау. Жалпы адамзаттық,
мәдениетаралық білімдері мен сыни ойлау, зерттеушілік дағдылары
дамыған, отансүйгіш тұлға. Өзінің даму барысында, өмір бойы оқуға
қабілетті, жоғары адамгершілік құндылықтары бар, жоғары білімді,
зияткерлік жеке тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған мектеп
қауымдастығын құру. Қазақстандық патриотизмді әр оқушының бойына
өмірлік принциптері ретінде қалыптасады.
«Оқушылар
сәлемдемесі»
Арайлым : Мәңгілік ел –
Мәңгілік ел ата - бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.
Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем
картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді.
Алтынбек : Ол арман – тұрмысы бай қуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы
ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді.
Сымбат : Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. мәңгілік елдің
іргетасын қаладық.
Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы
мақсаттарға жетелейтін идея бар.
Бәрі: Ол – Мәңгілік ел
идеясы. (бәрі бірге)
Орынкүл : Тәуелсіздікпен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол
жеткізді.
Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – мәңгілік
елордамызды тұрғыздық.
Мәңгілік Ел болу біздің өз
қолымызда. (бәрі
бірге)
Бәрі:
- Біз өз Отанымыздың патриотымыз.
- Мы патриоты нашей старны
- We are patriots of our countries
Сынып жетекші : 21 - ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры».
- Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.
- Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.
- Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.
- Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды
болсын!
- Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол
ашсын! - деген елбасымыздың айтқан керемет сөздері бар.
Қорытынды сөз: Алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар
бар.
Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім, талант пен талап керек. Қазақ елінің абыройын асырып, мерейін үстем етер, әлем таңғалар, талай - талай жаңалық ашар білімділер керек.
Осы Тәуелсіз еліміздің намысын
қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі,
болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді сезінейік.
“Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан!”- деп Ұлы
ақын Абай атамыздың сөзімен сабағымызды
аяқтаймыз.
Роза Әлқожаның «Атамекен» әні қойылады. \Сынып оқушыларының презентациясымен\

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген