Ашық ҰІӘ: "Мақта қыз бен мысық ертегісі"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық ҰІӘ: "Мақта қыз бен мысық ертегісі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ертегі балаларды адалдыққа,еңбексүйгіштікке,қателікті мойындап,түзете біліге үйретеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: ____________


Тақырыбы: Мақта қыз бен мысық ертегісі


Мақсаты: Ертегілер туралы білімдерін кеңейту.
Сөйлеу мәдениетін, еркін сөйлеп, өз ойларын дұрыс жеткізу.
Баланың сөздік қорын дамыту, сөз өнеріне деген құрмет.
Балаларды еңбекке, татулыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: Ортада үстел үстінде ыдыстар, қатық, сыпырғыш, инеағаш, ертегі желісі бойынша дидактикалық ойындар, ертегі кейіпкерлері тантамареска ширмалар, ағаш, шелек, дүкен ширмасы, сиыр, мейіз, тауық.

Әдіс –тәсілдер: сахналау, ойын әдісі, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Ертегі желісі бойынша сахналау.

Әже балаларға ертегі кітабын ашып, мақта қыз бен мысық ертегісін айта бастайды.
Ерте, ерте, ертеде,
Ешкі құйрығы келтеде,
Мақта қыз бен мысық өмір сүріпті.

Мақта қыз үстел үстін реттейді. Ыдыстарды жиыстырған кезде мейіз тауып алады.

Мақта қыз (Мысығын шақырады)
- Мысығым менің, қайдасың?
- Тарғылым менің, келе ғой, мен саған мейіз беремін (мысық келмейді)
- Келмесең, келмей –ақ қой, өз обалың өзіңе,- деп (мейізді қыз жеп қояды)
Осы кезде үй артынан «мяу» деген дыбыс шығады.
Мақта қыз ыңылдап ән салады, мысық шығады.

Мақта қыз:
Мысығым-ау, мысығым,
Тарғылы жақсы түсінің.
Таңертең де, кеште де,
Бетін жуған пысығым.
Піш - піш десем, келе ғой,
Айтқаныма көне ғой.
Шақырғанда піш-піш деп,
«Мяу! -деп дыбыс бере ғой.


Мысық:

Менің атым мысық,
Екі көзім қысық.
Тышқан аулап отырамын
Сүт-көжемді ішіп –дейді
Мақта қыз, сен мені неге шақырдың?
Мақта қыз: Айтпаймын!
Мысық: Ендеше, мен сенің қатығыңды төгемін.
Мақта қыз: Ой,ой. Сен не істедің? Сол үшін мен сенің құйрығыңды кесіп аламын! (құйрығын кесіп алады)
Мысық: Берші, құйрығымды!
Мақта қыз: Бермеймін! Қатығымды қайтарып бер!
Әжей: Сөйтіп, мысық сиырға келеді.

Сиыр :
Менің атым сиыр,
Өрісім алыс қиыр.
Етім үшін, сүтім үшін,
Адамдар маған үйір - дейді.
Мысық: Мяу, сиыр, сиыр, сен маған қатық берші!
Сиыр: Сен маған жапырақ әкел, менің қарным ашып тұр.
Әжей: Сөйтіп, мысық ағашқа барады.

Ағаш:
Мен жасыл ағашпын,
Күтсеңдер гүл ашам,
Жолыңа нұр шашам,
Жапырағым азық,
Бұтағым қазық.
Саяма сағаларсың,
Салқындап дем аларсың.
Мысық: Ағаш, ағаш, маған жапырақ берші!
Ағаш: Маған су әкеліп бер мен шөлдедім, мен саған жапырақ беремін.
Әжей: Сөйтіп, мысық су іздеп келе жатса, алдынан су тасып жүрген қыздар шығады.

Қыздар:
Су - тіршілік негізі,

Онсыз өмір сүрмейсің.
Тазалықтың негізі,
Су деп және білгейсің –деп әндетіп жүреді.
Мысық: Мяу, қыздар маған су беріңдерші.
Қыздар: Сен бізге дүкеннен сағыз әкеліп бер.
Әжей: Сөйтіп, мысық дүкеншіге келеді.
Мысық: Мяу, дүкенші, дүкенші маған кәмпит берші.
Дүкенші: Маған жұмыртқа әкеліп бер, мен саған кәмпит берем.
Әжей: Мысық әбден шаршады жұмыртқа іздеп тауыққа барады.

Тауық:
Мен ақ тауықпын,

Өзім қақсауықпын -деп әндетеді.
Мысық: Мяу, тауық, тауық маған жұмыртқа берші.
Тауық: Сен менің балапандарыма дән әкеліп бер.

Әжей: Мысық ойға батып, басын ұстап не істерін білмей отырып қалады.
Осы кезде бір тышқан жүгіріп шығып, інді қаза бастайды.

Тышқан :
Мен тышқанмын,
Өзім дән екпеймін.
Егістен ұзап кетпеймін,
Айналам толы ән,
Қоймам толы дән,
Дәнді тастап кетпеймін - деп ән салып жүрген тышқанды мысық бас салып ұстап алады.
- Айт, үйіңде не бар? Жаныңның барында айт, тез, әйтпесе, қазір жеп қоямын.
Тышқан: мысық мені жемеші кел екеуміз ойнайық.


Ойын: «Кел санайық»

Шарты: балалар 1ден 5-ке дейін тауықтың жұмыртқаларын санайды. Сандарды ретімен санайды. Үй құстарына қамқорлық жасауға баулу.

Әжей: Тышқан мысыққа рахмет айтып, бір қап тары береді.

Мысық тарыны алып тауыққа келеді.

Тауық: -тауық кел мысық менің балапанымның қарны ашып тұр балапанымды тамақтандыруға көмектесесің бе?





Ойын: «Балапанды қоректендір»

Шарты: қолға арналған нейрожаттығу ойыны арқылы балапанға дән беру. Мақсаты: жолақ жолмен қасыққа дәнді салып алып, кедергі жолмен төкпей балапанды қоректендіру.


Тауық: -Рахмет, мысық балапанымды тамақтандырып бергеніңе міне саған менің жұмыртқаларым...

Мысық: Жұмыртқаны алып мысық дүкеншіге келеді.

Дүкенші: Кел мысық екеуміз ойнайықшы. Мына жұмыртқаларды санайықшы. Дүкенші мен мысық жұмыртқаны саны бойынша ретімен санайды.

Дүкенші мысыққа кәмпит береді.

Мысық: мысық кәмпитті алып қыздарға келеді.

Қыздар: Кел мысық отыра ғой екеуміз шаш өрейік....


Ойын: «Шаш өру» шаш өріп болып қыздар мысыққа су береді.

Мысық: суды алып мысық талға келеді.

Тал: Кел мысық екеуміз әсем бояулармен ойнайық.


Ойын: «Ағашты бейнелейік»

Шарты: шығармашылық білім беру дағдысы бойынша ертегідегі ағашты бейнелеріне қарап ретімен талды бейнелеу.

Тал: жарайсың мысық сен талды өте әдемі жасадың саған жапырақтарымды берейін...

Мысық: жапырақты алып сиырға келеді.

Сиыр: -мен жайлауда жүрмін менің сүтімді сауып алыңдаршы.


Ойын: «Жайлауда»

Шарты: ұлттық құндылық негізінде жайлау туралы түсінік беру, сиыр саууды үйрету.

Сиыр: -сиыр мысыққа риза болып қатық береді.

Мысық: Мысық қатықты Мақта қызға береді.
Мақта қыз, қатығың міне мен енді бұзық болмаймын, айтқаныңды тыңдаймын,- деп қатықты қызға береді.
Әжей: Сөйтіп Мақта қыз қатығын ,мысық құйрығын қайтарып алып, екеуі тату-тәтті өмір сүрген екен.
Балалар менің ертегімді тыңдай отырып ертегі кейіпкерлерін жақсы сомдағандарың үшін көп-көп рахмет!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі