Кіші: «» тобы
Ашық Ұйымдастырылған іс- әрекет тақырыбы: «Ормандағы достарым»
Ұйымдастырылған іс-әрекет: Қорщаған ортамен танысу,тіл дамыту,жапсыру.
Мақсат, міндеттері: Жабайы аңдарды танып білуге үйрету (аю, қоян, қасқыр, түлкі). Дыбыстарын, қимылдарын салып ойнауға дағдыландыру. Табиғатты, жануарларды қорғауға тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: Ойыншық жабайы аңдар,аңдар суреттері,макеттері,балық,қармақ,ағаштар.
АҰІӘ бөлімдері
Кіріспе бөлім: алаларды дөңгелекке тұрғызып, көңілді әуен қосылады. • «Қайырлы таң, балалар!» – жылы амандасу.
Тәрбиеші: «Балалар, қараңдаршы, орманға саяхатқа келдік. Мына ағашта кокостар өсіпті. Бірақ олар жай кокос емес сияқты… ішінде біреу жасырынған секілді. Қалай ойлайсыңдар, не болуы мүмкін?» Балалар кезекпен «кокосты» ашып, ішінен аңның суретін табады.
Тапсырма:
Әр аң шыққанда, балалар оның дауысын қимылын салады.
• Аю – «У-у-у» (қолын көтеру)
• Қоян – секіру
• Қасқыр – «Ұ-ұ-ұ»
• Түлкі – жүгіріп жүру
«Бұл жерде орман бар. Онда аю, қоян, түлкі, қасқыр тұрады. Бірақ оларға жету оңай емес. Біз картаға қарап, жер жолымен саяхаттап жетуіміз керек»
Негізгі бөлім:
1-бекет – Аю
• Жол: балалар картада орман соқпағымен жүріп аюдың тапсырмасына барады.
• Тапсырма: «Балық аула» ойыны
2-бекет – Қоян
• Жол: картада көпірден өту (еденге лента/сызық қойып, үстімен жүру).
• Тапсырма: «Сәбізді қоянға жеткіз» ойыны
3-бекет – Түлкі
• Жол: картада шалшықтан өту (еденге қағаздан «тас» қойып, үстімен секіріп өту).
• Тапсырма: « Түлкінің әдемі тоны» ойыны
4-бекет – Қасқыр
• Жол: картада таудан асу (кілем үстіне «қадам тас» қойып, өрмелеп өту).
• Тапсырма: «Жануарларды тамақтандыр» ойыны
5-бекет-Маймыл
• Жол: картада көлшіктен өту(еденге қағаздан «көлшік» қойып, үстімен секіріп өту).
• Тапсырма: «Маймылға тәтті банан» ойыны
Қорытынды:
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, орман жануарлары бізге ренжулі сияқты. Неге дейсіңдер ме?
– Олардың бастары орындарынан адасып кетіпті!
– Ал біз аңдарға көмектеспесек, олар орманды таба алмайды.
– Балалар, сендер аңдарға көмектескілерің келе ме?
– Олардың бастарын тауып, денелеріне қосайықшы!
Балалар: ияяяя
Ойын: «Аңдардың басы өз орнын іздейді»
Әр аңның басы орнына қойылғанда, балалар сол аңның қимылын жасайды
(қоян секіреді, аю ауырлап жүреді, маймыл өрмелейді, қасқыр ұлиды, түлкі аяқтың ұшымен жүреді).
Тәрбиеші: «Жарайсыңдар, балалар! Сендер аңдардың бастарын орнына тауып бердіңдер. Енді олардың барлығы орманда бақытты өмір сүре алады және сендердің достарың болады. Сендер өте ақылды әрі епті дос бола білдіңдер!»
Ашық ұйымдастырылған іс-әрекет
«Ормандағы достарым»
Кіші тобы
2025-2026 оқу жылы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық ҰІӘ: "Ормандағы достарым" кіші топ
Ашық ҰІӘ: "Ормандағы достарым" кіші топ
Кіші: «» тобы
Ашық Ұйымдастырылған іс- әрекет тақырыбы: «Ормандағы достарым»
Ұйымдастырылған іс-әрекет: Қорщаған ортамен танысу,тіл дамыту,жапсыру.
Мақсат, міндеттері: Жабайы аңдарды танып білуге үйрету (аю, қоян, қасқыр, түлкі). Дыбыстарын, қимылдарын салып ойнауға дағдыландыру. Табиғатты, жануарларды қорғауға тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: Ойыншық жабайы аңдар,аңдар суреттері,макеттері,балық,қармақ,ағаштар.
АҰІӘ бөлімдері
Кіріспе бөлім: алаларды дөңгелекке тұрғызып, көңілді әуен қосылады. • «Қайырлы таң, балалар!» – жылы амандасу.
Тәрбиеші: «Балалар, қараңдаршы, орманға саяхатқа келдік. Мына ағашта кокостар өсіпті. Бірақ олар жай кокос емес сияқты… ішінде біреу жасырынған секілді. Қалай ойлайсыңдар, не болуы мүмкін?» Балалар кезекпен «кокосты» ашып, ішінен аңның суретін табады.
Тапсырма:
Әр аң шыққанда, балалар оның дауысын қимылын салады.
• Аю – «У-у-у» (қолын көтеру)
• Қоян – секіру
• Қасқыр – «Ұ-ұ-ұ»
• Түлкі – жүгіріп жүру
«Бұл жерде орман бар. Онда аю, қоян, түлкі, қасқыр тұрады. Бірақ оларға жету оңай емес. Біз картаға қарап, жер жолымен саяхаттап жетуіміз керек»
Негізгі бөлім:
1-бекет – Аю
• Жол: балалар картада орман соқпағымен жүріп аюдың тапсырмасына барады.
• Тапсырма: «Балық аула» ойыны
2-бекет – Қоян
• Жол: картада көпірден өту (еденге лента/сызық қойып, үстімен жүру).
• Тапсырма: «Сәбізді қоянға жеткіз» ойыны
3-бекет – Түлкі
• Жол: картада шалшықтан өту (еденге қағаздан «тас» қойып, үстімен секіріп өту).
• Тапсырма: « Түлкінің әдемі тоны» ойыны
4-бекет – Қасқыр
• Жол: картада таудан асу (кілем үстіне «қадам тас» қойып, өрмелеп өту).
• Тапсырма: «Жануарларды тамақтандыр» ойыны
5-бекет-Маймыл
• Жол: картада көлшіктен өту(еденге қағаздан «көлшік» қойып, үстімен секіріп өту).
• Тапсырма: «Маймылға тәтті банан» ойыны
Қорытынды:
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, орман жануарлары бізге ренжулі сияқты. Неге дейсіңдер ме?
– Олардың бастары орындарынан адасып кетіпті!
– Ал біз аңдарға көмектеспесек, олар орманды таба алмайды.
– Балалар, сендер аңдарға көмектескілерің келе ме?
– Олардың бастарын тауып, денелеріне қосайықшы!
Балалар: ияяяя
Ойын: «Аңдардың басы өз орнын іздейді»
Әр аңның басы орнына қойылғанда, балалар сол аңның қимылын жасайды
(қоян секіреді, аю ауырлап жүреді, маймыл өрмелейді, қасқыр ұлиды, түлкі аяқтың ұшымен жүреді).
Тәрбиеші: «Жарайсыңдар, балалар! Сендер аңдардың бастарын орнына тауып бердіңдер. Енді олардың барлығы орманда бақытты өмір сүре алады және сендердің достарың болады. Сендер өте ақылды әрі епті дос бола білдіңдер!»
Ашық ұйымдастырылған іс-әрекет
«Ормандағы достарым»
Кіші тобы
2025-2026 оқу жылы
шағым қалдыра аласыз













