Ашық ұйымдастырылған іс-әрекет

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық ұйымдастырылған іс-әрекет

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге арналған ойын түріндегі ұйымдвстырылған іс-әрекет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кіріктірілген ұйымдастырылған іс- әрекет түрлері: Сөйлеуді дамыту, Математика негіздері, Қоршаған ортамен танысу, Жапсыру

Тақырыбы: Тапқыр достар (интеллектуалды ойын)

Мақсаты: Балалардың танымдық қабілеті мен әлеуметтік дағдыларын дамыту.

Міндеттері:

Балаларды өздігінен сипаттау және баяндау әңгімелерін құруға баулу.

Еркін қарым- қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру

Танымдық қабілетін дамыту.

Командада жұмыс істей білуге дағдыландыру

Көркем эстетикалық талғамын дамыту, ұлттық мәдениетке баулу.

Мотивациялық қозғауыш

-Балалар, біз бүгінгі ұйымдастырылған іс- әрекетімізді ойын түрінде өткіземіз. Ойын шарты екі командаға бөлініп жарыс түрінде өткізіледі.

-Балалар, интеллектуалды ойынымызды бастамас бұрын денемізді сергітіп алайық.

Көңілді күнмен тамаша

Сазды әуенмен ілесе,

Би билейміз жараса.

-Балалар, бүгін бастарыңа әдемі тақия киіп келіпсіңдер, жарайсыңдар, тамаша жарасып тұр.

-Енді осы тақия түстерімен екі командаға бөлінеміз. Айя мен Али командасы боламыз.

Ұйымдастыру, іздену

-Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын, жауабын тапсаңдар ойынымызды бастаймыз.

Миға шабуыл әдісі

Шік түсті,

Бүк түсті.

Тәйке тұрды,

Омпа тұрды.

Шеше алады

Ал кім мұны? (Асық)

-Балалар, енді осы асықтың ішінде сендердің білімдеріңді тексеруге арналған тапсырмалар бар. Сол тапсырмаларды екі команда бөлініп, бірге орындаймыз.

Алтын сақа тапсырмалары әр түрлі және қызықты болмақ.

1-тапсырма -Логикалық тапсырмалар Комуникативті дағдыларын дамыту.

Мнемокесте арқылы «Күз» мезгілі туралы тақпақ жаттау

Ребус шешу

2- тапсырма Танымдық және зияткерлік дағдыларын дамыту

Д/о «Түстерді таны»

Д/о «Тура және кері санау»

Д/о «Пішіндер»

3- тапсырма Физикалық қасиеттерді дамыту

Сергіту сәті ( музыка ырғағымен)

4- тапсырма Әлеуметтік –эмоциональды дағдыларды қалыптастыру

Д/о «Сиқырлы қорапша»

-Балалар, ойынның шарты кубизм әдісі бойынша екі командаға кубик лақтыра отырып қай сан шығады сол санға жасырынған суретті сипаттап әңгімелейміз. Суреттер ұлттық құндылықтар туралы.

5 – тапсырма Шығармашылық дағдыларын дамыту

«Ажыратып ата» (жемістер мен көкеністерді ажырату)

Балаларды мақтап мадақтау: жұмыстарын теңгемен бағалау

Қортынды: Балалардың жинаған ұпайлары арқылы жеңімпаз топты анықтау. Кері байланыс. Мақтап- мадақтау. Қоштасу.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.00.2024
449
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі