400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық ұйымдастырылған іс әрекет

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика еліне саяхат ересек топтарға арналған ұйымдастырылған іс әрекет.
Материалдың қысқаша нұсқасы

46 «Балбұлақ» бөбекжайы МКҚК


«Келісілді»

әдіскер _______Кобланова.А.Р











ІІ-ші тоқсандық есеп беру оқу іс-әрекеті

Тақырыбы: «Математика еліне саяхат»

11 «Ақжелкен» ересек тобы









Өткізген: Мұратова Д.А


















Ақтау қаласы, 2026 жыл

«Математика еліне саяхат»

Мақсаты: 1–5 дейін санауды бекіту. Геометриялық пішіндерді ажырату (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, тіктөртбұрыш). Кеңістікті бағдарлау,логикалық ойлау қабілетін дамыту. Ұжыммен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.

Ұйымдастыру кезеңі

Тәрбиеші:
– Балалар, бүгін біз ерекше елге саяхатқа шығамыз. Ол қандай ел деп ойлайсыңдар?

-Саяхатқа немен шығамыз?

Жарайсыңдар, балалар. Пойызға отырмас бұрын, қолдарыңыздағы геометриялық пішіндері бар білезіктерді берілген QR-кодтармен сәйкестендіріп, өз орындарыңызды дұрыс анықтап, ретімен орналасуларыңыз қажет. Балалар барлығымыз отырдықпа? Ал ендеше, саяхатқа жол жүреміз.

Негізгі бөлім

Балалар, назар аударыңыздаршы, біз Математика еліне саяхатқа келдік. Қандай ғажап өлке!

Математика еліне кірмес бұрын, қолдарыңыздағы геометриялық пішіндері бар білезіктеріңізге сәйкес кілемше үстіндегі геометриялық пішіндерді басып, секіріп өтуіңіз қажет.

Жарайсыңдар, балалар! Тапсырманы өте жақсы орындадыңдар.

Енді көріп тұрғандарыңыздай, әрқайсыңыз өз білезіктеріңіздегі пішінге сәйкес орындарыңызға барыңыздар.

1. Дөңгелек аялдамасы

Дидактикалық ойын: «Сандар мен түстер»

Мақсаты:
1–5 дейінгі сандарды және оларға сәйкес түстерді сәйкестендіру арқылы балалардың сандық түсініктерін қалыптастыру, зейінін, есте сақтау қабілетін және логикалық ойлауын дамыту.

Ойын мазмұны:
Балалар 1–5 дейінгі сандарды тиісті түстерімен сәйкестендіреді. Екі бірдей түспен белгіленген сандарды табу арқылы балалар салыстыру, талдау дағдыларын жетілдіреді және логикалық ойлау қабілетін дамытады.

2. Төртбұрыш аялдамасы

Тапсырма: «Кинетикалық құм арқылы санды шығар»

Мақсаты:
Кинетикалық құмды ағаштан жасалған сан трафаретіне салу арқылы 1–5 дейінгі сандардың бейнесін дұрыс құрастыруға үйрету; балалардың ұсақ қол моторикасын, кеңістіктік ойлауын, зейінін және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3.Тіктөртбұрыш аялдамасы

Тапсырма: «Роботты құрастыр»

Мақсаты:
Геометриялық пішіндер арқылы берілген үлгі бойынша робот бейнесін құрастыруға үйрету; пішіндерді түстеріне сәйкес дұрыс орналастыру дағдыларын қалыптастыру; балалардың кеңістіктік ойлауын, зейінін, түстерді ажырату қабілетін және шығармашылық белсенділігін дамыту.

Тапсырманың мазмұны:
Балаларға геометриялық пішіндерден (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, тіктөртбұрыш) құрастырылған роботтың үлгісі ұсынылады. Балалар берілген пішіндерді түстеріне сәйкес таңдап, роботтың бейнесін қайта құрастырады. Тапсырма барысында пішіндердің орналасу ретін, көлемін және түсін сақтауға назар аударылады.

4. Шаршы аялдамасы

Тапсырма: «Кеңістікті бағдарлау» (Кубик арқылы ойын)

Мақсаты:
Балалардың кеңістікті бағдарлау дағдыларын (жоғары–төмен, ішінде–сыртында, алдында–артында, жанында) қалыптастыру; зейінін, ойлау қабілетін және сөздік қорын дамыту.

Ойын мазмұны:
Балалар кезекпен кубикті лақтырады. Кубиктің қырында бейнеленген суретке сәйкес тапсырма орындалады. Бала кубикте түскен суретті тақтайшадағы суреттердің ішінен тауып, оның орналасуын сипаттайды.

Мысалы:

  • «Ит үйшіктің ішінде»

  • «Мысық себеттің астында»

  • «Құрт саңырауқұлықтың алдында»

  • «Тышқан асқабақтың артында»

Балалар суретті тауып қана қоймай, оның кеңістіктегі орнын толық сөйлеммен айтып береді.

Тапсырма балалардың кеңістіктік түсініктерін бекітіп, байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіруге бағытталған.



Ұжымдық тапсырма.

Ойын-жаттығу: «Кім жылдам?»

Мақсаты:
Балалардың 1–5 дейін санау дағдыларын бекіту; заттарды санына және түсіне қарай сәйкестендіру білігін қалыптастыру; ұжыммен жұмыс жасау, ұйымшылдық, жылдамдық және жауапкершілік қасиеттерін дамыту; зейінін, ептілігін және ұсақ қол моторикасын жетілдіру.

Ойынның ұйымдастырылуы:
Барлық тапсырмаларды орындағаннан кейін балалар екі топқа бөлінеді. Әр топта 8 баладан болады. Ойын жарыс түрінде өткізіледі.

1-топтың тапсырмасы:
Балалар фасоль дәндерін санап, таяқшаның көмегімен белгіленген сан ұяшықтарына сәйкес орналастырады. Әр бала сандарды дұрыс сәйкестендіріп, өз жұмысын ұқыпты орындайды. Тапсырманы бірінші болып дұрыс әрі толық аяқтаған топ қоңырауды басып, жеңіске жетеді.

2-топтың тапсырмасы:
Балалар берілген түске сәйкес таяқшаларды жинап шығады. Әр бала таяқшаларды түсіне қарай сұрыптап, толық жинақтайды. Барлық таяқшаны бірінші болып дұрыс жинаған топ қоңырауды басып, жеңімпаз атанады.

Қорытынды:
Ойын соңында тәрбиеші балалардың бірлескен әрекетін, жылдамдығын және тапсырманы дұрыс орындауын атап өтіп, мадақтайды.
Ойын балалардың ұжымдық әрекет дағдыларын қалыптастыруға және математикалық түсініктерін бекітуге бағытталған.

Осылайша, Математика еліндегі қызықты тапсырмалар мен ойындарды сәтті орындадық. Сіздерге не ұнады? Балалардың жауабы. Барлық аялдамалардан өтіп, өз білімімізді, ептілігімізді және ұйымшылдығымызды көрсеттік.Енді пойызымызға отырып, балабақшамызға қайта оралайық.
Саяхатымыз аяқталды.


Қорытынды бөлім

Балалар 1–5 дейінгі сандарды қайталап, сан мен түсті сәйкестендіру, заттарды санау, геометриялық пішіндерді ажырату, кеңістікті бағдарлау және логикалық ойлау дағдыларын жетілдіру бағытында түрлі тапсырмаларды орындады.Дөңгелек пішін бойынша «Сандар мен түстер» дидактикалық ойыны арқылы балалар сандарды түстерімен сәйкестендіріп, зейіндерін шоғырландырды және логикалық ойлау қабілеттерін дамытты.
Төртбұрыш пішінінде кинетикалық құммен жұмыс жасау барысында сандардың бейнесін дұрыс құрастырып, ұсақ қол моторикасын жетілдірді.
Тіктөртбұрыш пішінінде геометриялық пішіндерден робот құрастыру арқылы түстер мен пішіндерді ажырату, үлгі бойынша жұмыс жасау дағдылары қалыптасты.
Шаршы пішінінде кеңістікті бағдарлау ойыны арқылы балалар заттардың орналасуын дұрыс анықтап, толық сөйлеммен жауап беруге дағдыланды.
Ұжымдық ойын-жаттығу барысында балалар санау, сәйкестендіру, жылдамдық және ұйымшылдық қабілеттерін көрсетті.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.08.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12