Кіріктірілген білім беру
дағдылары:«Қатынас», «Таным», «Шығармашылық»,
«Денсаулық»,
«Әлеумет»
Ұ.іс әрекет: Сөйлеуді
дамыту
Тақырыбы:«Әжемнің ауылына
саяхат»
Мақсаты: Балаларды әңгіме айтуға
үйрету: затты, суретті өз бетінше қарап, сипаттауға, түрлі балалар
әрекеттерінде бейнелеген суреттері бойынша әңгімелер
құрастыруға, ертегілердің қызықты
үзінділерін қайталап айтуға, бейтаныс заттар туралы ақпаратты
талқылауға баулу. Халық ауыз әдебиеті
шығармаларымен таныстыру, жұмбақ шешу. Қарым-қатынас барысында
балаларды қойылған сұрақтардың сипатына сәйкес хабарлы сөйлеммен
жауап беру. Геометриялық
фигуралар. Балаларды геометриялық
фигураларды (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш) және атай білуге үйрету,
геометриялық пішіндерді көру,
заттарды бейнелеу арқылы
сюжеттік композицияларды салу
.
Әдіс-тәсілдер:Табиғи материалдармен
жұмыс,дидактикалық ойындар,сұрақ-жауап,зерттеу
әдісі.
Іс-әрекет
барысы:
Көңілді амандасу
сәті.
Сұрақ-жауап:
Бір топ баланың ішке би
қимылдарымен кіруі.
-Сәлеметсіңдерме балалар!Қош
келдіңдер,жақсы келдіңдер мен сиыр сауғалы жатыр едім,менімен сиыр
саууға қалай қарайсыңдар?Сиыр сауып үйренгілерің
келеме?
(Алдарына сиыр макеті
қойылады)
Ойын:«Кім
епті?»
Мақсаты:Саусақ маторикасын
дамыту.Ептіллікке баулу.
Зерттеу
әдісі: Сүтті
зерттеу.
Шарты: Сүт тағамы мен судың
айырмашылығын зерттеу.
Ойын: «Әжемнің
құрты»
Шарты:Алдарындағы ермексазды қолдана
отырып,құрт тағамын дөңгелектеу немесе ширату арқылы құртты
мүсіндеп шығару.
Шығармашылық орталыққа
бару.
(орталықта сурет салу,жапсыру
дағдыларымен жұмыс)
Ойын: «Сиқырлы өрнектер»
(салфеткамен сурет салу)
Шарты:Су бетінде сыйқырлы өрнектер
шығару. (Салфеткамен)
Ойын: «Өрнектерді
боя» (пипиткамен
бояу)
Шарты:Арнайы пипиткалармен
өрнектерді бояп шығару.
Ойын: «Әжеге арналған
алаша» желімсіз жапсыру. (фетра)
Шарты:Геметриялық пішіндерді қолдану
мақсатында алаша дайындап шығару.
Сергіту сәті: «Асық
ату»
Дидактикалық ойын:
«Пішіндерді тап»
Ойын
шарты: Жерде шашылып жатырған асықтар
арқылы түстеріне қарай пішіндерді табу.
Қорытынды
Тәрбиеші: Балалар,сендерге
әженің ауылына қонаққа келген ұнадыма?
1.Біз әженің ауылында қандай жануарды
көрдік?
2.Сиыр жануарынан не алдық?Ол сүттен не
дайындап үйрендік?
3. Ұлттық ою өрнектерді немен бейнелеп
үйрендік?
4.Қандай ұлттық бұйымдарды
білеміз?
5. Бүгінгі іс әрекет
ұнадыма?
-Ендеше бәріміз бірге әжемен қош
айтысайық.Сау болыңыз!
Әженің балалармен қоштасуы,балаларға арналған
сый сияпаты..
Ән: «Әжемнің
шәйі»