АШЫҚ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ІС ӘРЕКЕТІ

Тақырып бойынша 31 материал табылды

АШЫҚ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ІС ӘРЕКЕТІ

Материал туралы қысқаша түсінік
3 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН АШЫҚ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ІС ӘРЕКЕТІ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Арнайы педагог пен тәрбиешінің ерекше білімді қажет ететін балаларды түзете-дамыту жұмыс жүргізудегі сабақтастығы.

Ашық ұйымдастырылған іс-әрекет жоспары

Тақырыбы: «Түстер әлеміне саяхат»

Білім беру саласы: Таным, Қатынас, Шығармашылық.

Мақсаты: Негізгі түстерді (қызыл, сары, көк, жасыл) ажырату және атау дағдыларын бекіту. Сөйлеу тілін, ұсақ моториканы және логикалық ойлауды дамыту.

І. Мотивациялық кезең:

Тәрбиеші:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қалдарың қалай?

-Балалар қараңдаршы, сендердің ақылды, тәртіпті, ойшыл екендеріңді естіп, бізге қаншама қонақтар келіп отыр.

Балаларды шеңберге тұрғызып, амандасу.

Шаттық шеңбері

Күнге қарап қолымды,

1,2,3 деп соғайын.

Қарап тұрған көршіме,

Мен қолымды бұлғайын


Ғажайып сәт. (Хабарлама келеді)

Тәрбиеші:

-Балалар, естідіңдерме бізге хабарлама келген сияқты, ашып көрейікші!

Экраннан қолында түссіз шарлары бар көңілсіз қонжық шығады.

Қонжық:

-Балалар, сәлем! Мен қиын жағдайда қалдым. Менің шарларымның түстері жоқ болып кетті. Сендерден көмек сұрап,осы хабарламаны жіберіп тұрмын. Сендер менің шарларымның түстерін қайтаруға көмектесе аласыңдар ма?

Тәрбиеші:

- Балалар қонжықтың көңіл-күйі түсіп, қиын жағдайға қалыпты. Шарлардың түстерін қайтару үшін бізге «Түстер әлеміне» саяхатқа шығуымыз керек. Сендер Қонжыққа көмектесуге дайынсыңдар ма?

Тәрбиеші:

- Олай болса балалар, түстер әлеміне бару үшін бізге тапсырмаларды орындау қажет.

1-тапсырма: «Түстер кілемшесі»

Шарты:Берілген түстер кілемшесін түстерді басу арқылы өтуіміз қажет. Ол үшін бірінші кубикті жерге лақтырамыз, сосын берілген түсті секіріп басу арқылы кілемшеден өтеміз.

-Жарайсыңдар балалар! Біз бірінші тапсырманы сәтті аяқтадық!

-Балалар, екінші тапсырмаға қай жол арқылы баратынымызды білмей тұрғаным. Сендер көріп тұрсыңдар ма? (әр тапсырманың арасында әр түрлі белгілер болады)

2-тапсырма: «Құммен жұмыс»

Шарты: түрлі-түсті пішіндерді құмдардың ішінен тауып,щетка арқылы оларды тазалап, алдымызда берілген қағаздағы бос пішіндерге сәйкестендіреміз.

-Балалар, құмның астында түрлі түсті пішіндер тығылып қалыпты. Сол пішіндерді тауып орындарына қойып, сәйкестендіреміз!

Ғажайып сәт:

Осы сәтте топқа әуенмен Сайқымызақ кіріп, балаларға түрлі қызық сиқыр өнерлерін көрсетеді.

- Уф, балалар, мен шаршап кеттім. Енді бәріміз бірге сергіп алайық.

Сергіту сәті

«Түстер әлемі»

-Балалар, досым Қонжықтың хабарламасын мен де алдым. Сендердің «Түстер әлеміне » саяхатқа шыққандарыңды естіп, менде көмекке келдім. Келесі тапсырмаларды менімен бірге орындайсындарма?

-Балалар, үшінші тапсырмаға өту үшін мына іздерді басып өтеміз. (аяқтың іздері)

3-тапсырма: «Сиқырлы дыбыстар»

-Балалар қараңдаршы! Мына жерде сиқырлы батырмалар бар екен. Бірақ олар ұялып тұр, өздерінің есімдерін ұмытып қалыпты. Көмектесеміз бе?

Батырмамен жұмыс (Интерактив):

Бала келіп, Көк батырманы басады.

Батырмадан шығатын дауыс:

«Сәлем! Мен аспанның түсімін! Менің түсім қандай?»

Баланың жауабы: «Көк!»

Әрекет: Сайқымызық: «Ал енді себеттің ішінен көк түсті затты тауып, жоғары көтерші!» дейді. Бала көк допты тауып көрсетеді.

Сары батырма: «Мен жылы күннің түсімін! Мен қандай түспін?» (Бала сары түсті табады).

Қызыл батырма: «Мен тәтті алманың түсімін! Тауып көрші!» (Бала қызыл түсті табады).

Жасыл батырма: «Мен даладағы шөптің түсімін! Мені танисың ба?» (Бала жасыл түсті табады).

-Жарайсыңдар,балалар! Сендер үшінші тапсырманы да керемет орыңдададындар.

-Міне балалар, біз түстер әлеміне де келдік. Тезірек сандықтан түстерімізді алып Қонжыққа көмектесейік.

-Ой, балалар, мына сандықта құлып тұр ғой!

(сандықтың жанында хат тұрады)

Хатта:

-Құлыптың кілтін төртінші тапсырманы орындап табасыңдар!

4 тапсырма: «Жасырылған кілт»

Шарты: Балалардың жылдамдығына негізделген.

Сайқымазақ:

- Балалар, қараңдаршы! Мына сиқырлы бұлттардың астында сандықтың кілттері қалып қойыпты.Оларды тездетіп тауып,сандығымызды ашайық! Кім бірінші кілтті табады екен?

-Жарайсыңдар, балалар сендер бояуларды таптыңдар!Енді Қонжықтың шарларына түстерін қайтарып берейік.


Шығармашылық кезең

Балалар мен Сайқымызақ қағаздағы шарларды бояйды.

Сайқымазақ:

-Балалар шардағы бояуларымыз кепкенше түстер туралы тақпақ айтып бересіңдер ме?

Балалар тақпақ айтады.

Сыйқырлы сәт

Боялған қағаздарды түрлі-түсті қорапқа салады. Салынған қорапшалардың қақпағын ашқан сәтте ішінен шарлар шығады. Шарларды Сайқымазақ балаларға таратып , рахметін айтады.

Сайқымазақ:

-Осымен, бүгінгі «Түстер әлеміне саяхат» тақырыбында өткізілген тәрбиеші мен дефектолог маманының сабақтастығы көрсетілген ашық ұйымдастырылған іс-әрекетіміз аяқталды.Келіп тамашалағандарыңыз үшін көп рахмет.

Балалар мен Сайқымазақ қонақтармен қоштасады.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі