Жарайсыңдар балалар! Ендеше сендерге «Кішкентай ақылды
балапан» ертегісін айтып берейін. Автор: Ерте, ерте, ертеде әдемі
ауыл болыпты. Әдемі ауылдағы өзен жағасында кішкентай үйшік
болыпты. Ол үйшікте тауық өмір сүріпті. Көп ұзамай тауық алты
жұмыртқа басыпты. Оның бесеуі балапанға айналса біреуі жұмыртқа
күйінде қалады. Тауық ана бір жұмыртқаны үйшікте қалдырып, қалған
бес балапанын ілестіріп көшеге азық іздеуге шығады. Үйшікте қалған
бір жұмыртқа көп ұзамай жарып шығады. Кішкентай балапан жан-жағына
көз салып анасын іздей бастайды. Алайда ол маңайынан анасын таба
алмайды. Көңілі түсіп кеткен балапан анасын іздеуге бел буады.
Аяқтарын енді ғана басуды үйренген балапан қанаттарын сермей көшеге
шығады. Балапан келе жатып жасыл шөп үстіндегі сиырға жолығады.
Балапан үлкен сиырға таңданып, көз алмай қарап
тұрады.
Сиыр: Сен неге маған таңдана
қарайсың? Балапан: Мен анамды таппай жүрмін. Сен менің
анамсың ба?
Сиыр: Мө-мө деп мөңіредім, Молшылық
төңірегім. Етіммен, сүтіммен Адамға жағып келемін. Менің денемді
қара мен қандай дәумін. Ал сенің анаң менен әлдеқайда
кішкентай.
Балапан: Ой, менің анам сізден кіші ме?
Кешіріңіз.
Автор: Деп балапан анасын іздеуді
жалғастырады. Балапан жолда келе жатып тұштаңдаған ешкіні көріп
қалады. Ол ешкіге жақындап:
Балапан: Сіз сиырдан кіші сияқтысыз, сіз менің
анамсыз ба?
Ешкі: Иә, мен сиырдан кішкентаймын. Алайда
менің төрт аяғым бар. Ал сенің анаңның екі аяғы, екі қанаты
бар.
Балапан: Солай ма?
Кешіріңіз.
Автор: Ешкінің айтқанына көңілі түскен балапан әрі қарай анасын
іздеуін жалғастырады. Ол келе жатып қара қарғаға жолығады. Қақ-қақ
деген дауысты естіген ол ешкінің айтқаны есіне түсіп,мүмкін қара
қарға менің анам шығар деп қуанып
кетеді.
Балапан: Сенің екі аяғың мен екі қанатың бар
екен. Сен менің анамсың ба?
Қарға: Иә, менің екі аяғым мен екі қанатым
бар. Бірақ мен сенің анаңа қарағанда биік ұша аламын. Сенің анаң
менен биік, аяқтары ұзын және мен сияқты
қарқылдамайды.
Автор: Оны естіген балапан одан әрі қайғыра
түседі. Сонда қарға балапанға
Қарға: Балапан, сен қайғырма, тағы да байқап көр. Сен міндетті
түрде анаңды табасың.
Автор: Деп қарға ұшып кетеді. Қарғаның
айтқанына көңілі көтерілген балапан әрі қарай анасын іздеуін
жалғастырады. Сүйкімді аяқтарымен өзенге де жетіп, жүзіп жүрген
үйректі көреді. Айтқан ұқсастықтарға сәйкес келетін үйректі көрген
балапан қуанып кетеді.
Балапан: Анашым,
анашым!
Автор: Кішкентай балапанды көрген үйрек
балапанға таңдана қарайды.
Балапан: Маған неге сонша қарайсыз, анашым? Мен
сіздің балаңызбын ғой.
Үйрек: Жоқ қымбаттым.Мен сенің анаң
емеспін. Автор: Осы кезде балапан анамды ешқашан таба
алмайтын болдым деп жылап жібереді. Жылаған балапанды көрген
үйрек
Үйрек: Сен неге жылайсың,қымбаттым?! Мен
саған анаңды табуға көмектесемін.
Балапан: Қалай
көмектесесің?
Үйрек: Сенің анаң ку-ка-ре-ку деп ән
салады. Балапан: Сонда
қалай?
Үйрек: Ендеше мұқият тыңда. (Үнтаспадан иттің, мысықтың,
бақаның, тауықтың дауыстары
қойылады)
Балапан: Міне менің анамның дауысы. Алақай!
Меніңанам ку-ка-ре-ку депәнсалады. Рахмет саған.
Үйрек: Сен
анаңдыміндеттітүрдетабасың.
Автор:Анамдықайданіздесемекендепбалапанойланыпкетеді. Балапан
кукареку дегендауыстыестіп,
анасыныңдаусынажыратады.
Үйрек:Тоғаның соңына қарай барсаң анаңды табасың. Автор:
Үйректің айтқанына көңілденген балапан жылдамырақ жүре бастайды.
Тоғайға жақындап қалғанда ку-ка-ре-ку деген дауысты естіген балапан
жүгіре кетеді.
Балапан: Анашым,
анашым!
Тауық
ана: Балапаным! Автор: Өз баласын бірден таныған тауық ана
баласын бауырына басып, қанатымен құшақтай түседі. Балапан: Анашым,
сізді іздемеген жерім жоқ. Сізді әрең дегенде
таптым-ау! Тауық ана: Балапаным, мен саған азық әкелу үшін
сыртқа шықтым. Саған қайта оралар едім ғой, балапаным! Сенің
бауырлырыңды шақырайын. Автор: Осылайша кішкентай ақылды балапан өз
анасын тауып, анасының махаббатына бөленіп, тату-тәтті өмір
сүреді.
Балалар қараңдар мынау не
екен?
(Жұмыртқадан жарып
балалапан
шығады.)
(Музыка әуенімен балапан
кіреді)
Балапан:
Балалар сәлеметсіңдерме? Мен кішкентай балапанмын. Анамды іздеп
далаға шығып едім.
(Қарға ұшып
келеді)
Сен неге
жылайсың, қымбаттым?! Мен саған анаңды табуға
көмектесемін.
Сәлеметсіңдерме ? Балалар балапанға анасын табуға
көмектесемізбе?
Олай
болса мына тапсырмаларды орындайық.
1.Балалар балапанның қарны ашқан шығар, балапанға жем
берейік. Кәне ермексаздан жем жасап қораптағы балапан аузына
салу.
Балапан: Рахмет сендерге балалар. Мен анамды
бауырларымды көргім келеді.
Сергіту сәті: «Балапандар
биі».
2. Балалапан сен қамықпа сенің
бауырларыңдай балапандар мүсіндеп берейік. Сары домалақ пішінге
балапан қанаттарын ермексазбен
жапсыру.
3. Ермексаз арқылы балалапан
нүктелерге қою.
Қарға балаларға «Киндер
Сюрпиз» тәттілерін
үлестіреді.
|