Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық ұйымдастырылған іс әрекеттер

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды дамыту танымдық дағдыларын қалыптастыру қаржылық сауаттылыққа баулу жақсы мен жаманды айыра білуге үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әңгімелесу.

«Жақсы мен жаманды салыстыру»

Мақсаты:

Балаларға жақсы және жаман әрекеттерді ажыратуды үйрету.

Дұрыс мінез-құлық қалыптастыру.

Әдепті, мейірімді болуға тәрбиелеу.

Салыстыру, қорытынды жасау дағдысын дамыту.

Көрнекіліктер:

Смайлик карточкалары (жасыл – жақсы, қызыл – жаман), суреттер: көмектесу, ренжіту, ойынды бөлісу, ұрсып жатқан бала, жинап жатқан бала.

Әңгімелесу барысы:

I. Кіріспе сұрақтар:

Тәрбиеші:
– Балалар, біз күнде түрлі істер жасаймыз.
Олардың ішінде
жақсы істер бар, жаман істер бар.
Бүгін соларды бірге салыстырамыз. Кейбіреулеріміз бір - бірімізбен ұрсысып, таласып жатамыз. Ал біреулеріміз бірімізбен біріміз доспыз. Ал енді қай іс – әрекет жақсы, қайсысы жаман екенін ажыратамыз.

Ал сендер жақсы болғыларың келе ме?
Балалар: – Иә!

-Олай болса айтыңдаршы «Жақсы деген немене ? Жаман деген немене?»

1. Тәрбиеші түсіндіреді:

Жақсы іс дегеніміз:

Көмектесу.

Сыпайы болу.

Жинау.

Бөлісу.

Қуантатын әрекет жасау.

Жаман іс дегеніміз:

Ұру.

Жылау, шақыру.

Айқайлау.

Тәртіпсіздік.

Өтірік айту.

2. «Бұл жақсы ма, жаман ба?» суретпен жұмыс.

Тәрбиеші суреттерді көрсетеді:

Сурет 1: Бала досына көмектесіп тұр.

Тәрбиеші: – Бұл қандай іс?
Балалар: – Жақсы!

Сурет 2: Екі бала таласып жатыр.

Балалар: – Жаман!

Сурет 3: Бала ойыншықтарын жинап жатыр.

Балалар: – Жақсы!

Сурет 4: Бала бұзықшылық жасап жатыр.

Балалар: – Жаман!

III. «Салыстыр, айырмашылығын тап» жаттығуы.

Тәрбиеші екі бала әрекетін айтады, балалар салыстырады.

1-мысал

Адиз ойыншықтарын ұқыпты жинады.
– Ал Айбек ойыншықты жерге тастай салды.

Сұрақ: Қай баланың жасаған ісі дұрыс деп ойлайсыңдар?
Балалар: Адиз!

-Ия үнемі жауапкершілікті мойнымызға алып жүруіміз керек. Ол тазалыққа бастайды. Жауапкершілікке бастайды.

2-мысал

Анель үйінен әкелген ойыншығымен бөлісті.
– Ал Досымжан ешкімге бермеді.

Сұрақ: Қайсы бала жақсы іс жасады деп ойлайсыңдар?
Балалар: – Анельдің жасаған ісі жақсы.

-Әрине.Бірақ үнемі біреуден сый күтуге де болмайды.Себебі ол ұят нәрсе және біреудің қолына қарау - ол да болмайды.Жақсысы өзіңде бар ойыншықпен ойна, жоқ болса біреудің ойыншығына көз алартпа.

3-мысал

Айзерені Имран ренжітіп қойды.
– Бірақ Имран дереу Анельден кешірім сұрады.

Сұрақ: --Қай баланың ісі дұрыс?
Балалар: – Кешірім сұраған!

    • Әрине кешірім сұраған. Себебі кешірші сөзі сиқырлы сөз. Егерде сен біреуді ренжітіп алсаң, дереу одан кешірім сұрау керек екенін есіңнен шығарма. Бірақ кешірім сұрай салам ғой деп үнемі ренжітіп жүре беруге де болмайды.Бұл іс қайталана берсе «кешір» сөзінің сиқыры кетіп қалады.Досың саған кейін сенбеуі мүмкін.

«Жақсы, жаман» ойыны.

Тәрбиеші сөйлемдерді оқиды, балалар карточка көтереді.

«Мен досыма көмектестім.» Жасыл.

«Жанель ойыншықты сындырды.» Қызыл.

«Анамның айтқанын тыңдаймын.» Жасыл.

«Досыммен ойнап отырып, оған айқайладым.» Қызыл.

«Кешірім сұрадым.» Жасыл.

Сергіту сәті: «Жақсы баланың қимылы»

Балалар қимылмен көрсетеді:

Жинау.

Көмектесу.

Құшақтау.

Күлімдеу.

Қорытынды : «Мен жақсы бала боламын!»

Тәрбиеші:
– Балалар, жақсы іс әрқашан қуантады екен. Олай болса әрдайым үлкендерді , достарыңды да, жалпы жанымыздағы адамдарға әрқашан көмектесіп, олармен ешқашан ұрсыспай жүрейік. Жарай ма.
Кім жақсы болса – соны бәрі жақсы көреді.

Сұрақтар:
– Қандай іс жақсы екен?
– Жаман іс неге болмайды?
– Сен қандай бала болғың келеді?

Балалар:
– Жақсы!
– Жауапты!
– Көмектесетін!

Тәрбиеші:
– Өте жақсы! Бүгін сендер жақсы мен жаманды ажырата алдыңдар.Сендер барлығыңда жақсы балаларсыңдар.
Сондықтанда мен барлығыңа «Жақсы бала» жапсырмасын беремін.





































Бекітемін:

13 «Шұғыла» б/б

меңгерушісі: ---------

Н.С.Калдыбекова











«Ботақан» ересек тобы.

Әңгімелесу.

«Жақсы мен жаманды салыстыру»







2025 – 2026 оқу жылы.





















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12