Ертегілер еліне
саяхат
Ғажайып
сәт:
Есікті қағып хат тасушы келіп,
үлкен қорап береді. Тәрбиеші қорапты алып ашып хат алады және
сиқырлы таяқша алады.
Тәрбиеші хатты ашып
оқиды.
Сәлеметсіздер ме,
балалар!
Мен сендерді ертегілер еліне
қонаққа шақырамын. Ертегілер еліне келу үшін менің жұмбақтарымның
шешуін тапсаңдар, мен сендерді өзім күтіп аламын. Менің сиқырлы
таяғымды дұрыс қолдана біліңдер.
Сәлем меннен
Маша.
Машаның жазған хатын мұқият
тыңдады.
Ұйымдастырушы
ізденуші.
Тәрбиеші: Балалар ертегілер
еліне барғыларың келе ме? Олай болса Машаның жұмбағын
тыңдаңдар.
Дидактикалық ойын: «Жұмбақтың
шешуін тап»
1. Үйін жинап
ертеңмен,
Миіз тауып
алыпты.
Мысығы мелмегеннен
соң
Ол өкпелеп қалыпты. (Мақта қыз
бен мысық)
2. Атай өзі
салғанын,
Көрді өсіп
қалғанын.
Ары тартты, бері
тартты,
Тарта
алмады.
Бұл қай ертегі?
(Шалқан)
3. Апасынан қашып
кетті,
Атасынан қашып
кетті.
Кездестіріп біраз
аңды,
Біраз жолдан асып кетті.
(Бауырсақ)
Жұмбақтың жауабы тақтадан
суреттерімен шығады.
Музыка ырғағымен, сиқырлы
таяқтың көмегімен балалар ертегілер еліне келеді. Ертегілер елінде
балаларды Маша қарсы алады.
Маша: Сәлеметсіңдерме,
балалар! Ертегілер еліне хош келдіңіздер!
Тәрбиеші: Маша, бізді қарсы
алғаныңызға рахмет. Біздің балаларымыздың сізге арнап дайындаған
ертегісі бар. Біздің балалар «Үйшік» ертегісін сахналап
береді.Отырып көріп тамашалаңыз.
Тәрбиеші: Ерте, ерте, ертеде
жазық далада бір үйшік болыпты. Ол үйшікті ең бірінші болып тышқан
көріпті.
Тышқан: Пи пи пи мен
тықылдауық тышқанмын. Бұл үйшікте кім
тұрады?
Үйшіктен белгісіз бір дауыс
естіледі. Менің тапсырмамды орындағандар ғана кіре
алады.
Терезе алдында тапсырма
жазылған қағаз тур. Тышқан қағазды алып:
-Ой, мен мына тапсырманы
орындай алмаймынғой, балалар маған
көмектесесіңдерме?
Балалар:
-Йа
Тәрбиеші тапсырманы
оқиды.
1-тапсырма:
Тақтадағы мыл мезгілдерін
ретімен орналастыр. Ерекшеліктерін айт.
Тышқанмен бірге балалар
тапсырманы орындайды. Ташқан балаларға рахмет айтып үйшікке
кіреді.
Үйшікке қоян келеді.
Қоян:
-Мына сүп-сүйкімді,
кіп-кішкентай үйшікте кім тұрады екен?
Тышқан: Мен тықылдауық
тышқанмын.
Қоян: Маған кіруге бола
ма?
Тышқан: Жоқ. Үйшіктің
тапсырмасын орында.
2-тапсырма:
Кубиктегі үй жануарларын ата.
Дауысын сал, адамдарға пайдасы қандай?
Қоян тышқан досымен және
балалармен бірігіп тапсырманы орындап үйшікке
кіреді.
Үйшікке түлкі келеді.
Түлкі:
-Мына сүп-сүйкімді,
кіп-кішкентай үйшікте кім тұрады екен?
Тышқан: Мен тықылдауық
тышқанмын.
Қоян: Мен қорқақ
қоянмын.
Түлкі: Маған кіруге
болама?
Бәрі: Жоқ. Үйшіктің
тапсырмасын орында.
3-тапсырма.
«Не артық?» Тақтадағы үй
жануарларының суреттерінің ішінен артығын
тап.
Түлкі қоян мен тышқаннан,
балалардан көмек сұрап бірге тапсырманы орындайды. Солай түлкі де
үйшікке кіреді.
Үйшікке аю келеді.
Аю:
-Мына сүп-сүйкімді,
кіп-кішкентай үйшікте кім тұрады екен?
Тышқан: Мен тықылдауық
тышқанмын.
Қоян: Мен қорқақ
қоянмын.
Түлкі: Мен қу
түлкімін.
Аю: Менде кірсем
болама?
Бәрі: Жоқ. Үйшіктің
тапсырмасын орында.
4-тапсырма.
Достық туралы тақпақ
айт.
Аю балалардан көмек сұрайды.
Балалар тақпақтар айтып береді. Аю рахмет айтып үйшікке
кіреді.
Тәрбиеші: Міне балалар, достық
пен бірліктің арқасында аңдар үйшікке
кірді.
Маша: Иә балалар сендер өте
мейірімді екенсіңдер. Аңдардың білмей қалған тапсырмасына
көмектестіңдер. Олай болса менің сендерге сыйлығым
бар.
Тәрбиеші: Рахмет Маша.
Ертегілер еліне тағы қонаққа келеміз. Біз енді тобымызға барайық.
Қайту үшін 10-нан 1-ге дейін кері санайық.
Қорытындылау:
Тәрбиеші: Балалар, қалай
ойлайсыңдар біз қайда бардық?
Бізді онда кім
шақырды?
Біз қандай ертегіні сахналап
бердік?
Біз қандай тапсырмаларды
орындадық?