400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың дыбыс, сөз, сөйлем, буын туралы ойларын тиянақтау. Оларды жеке талдап, жұмыспен дәлелдеп көрсету. Дыбыстарды ажыратып, сөзге дыбыстық талдау жасау. Сөйлем құрастырып, оны талдай білуге дағдыландыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: сауат ашу негіздері

Тақырыбы: «Машаға көмек»

Мақсаты: Балалардың дыбыс, сөз, сөйлем, буын туралы ойларын тиянақтау. Оларды жеке талдап, жұмыспен дәлелдеп көрсету. Дыбыстарды ажыратып, сөзге дыбыстық талдау жасау. Сөйлем құрастырып, оны талдай білуге дағдыландыру. Балалардың ой-өрісін, есту қабілетін, ақыл-ойын дамыту, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Пайдаланылған көрнекі құралдар: әр балаға дыбыстық талдау жасауға арналған фишкалар, бес тор көзге бөлінген карточкалар, «маша мен аю» мультфильмның үзінділері, суреттері, тосаптың суреті, ойыншықтардың қиылған суреттері және сөрелері бар шкафтың суреті, түймедақ гүлін құрастыруға арналған бөліктер Тілдің үштұғырлығы: тосап – варенье – gam (джем)toys, қуыршақ – кукла – (дол) doll, доп – мяч – (бол) boll

Іс әрекет кезендері

Тәрбиешінің іс әрекеті

Балалардың іс әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

.Психологиялық дайындық

-Сәлематсыздар ме, балалар? Бүгін бізде басқа күндерге қарағанда ерекше оқу іс-әрекеті болғай тұр, өйткені бізге қонақтар келіпті. Қонақтармен амандасайық

Шаттық шеңберіне шығып бір-бірлерімен бірігіп

Көңіл күйлерің жақсы ма?

Қорыққанда:-«ой» дейміз.

Таң қалғанда:-«ах» дейміз.

Шаршағанда:-«уф» дейміз.

Кейігенде:-«Ей е»дейміз.

Біліп алып:-«Е-е» дейміз.

Қуанғанда:-«Алақай» дейміз.

Қонақтармен үш тілді амандасады







Шеңберге тұрып, қайталайды

Ұйымдастыру іздестіру

Бұл бәрі емес, тағы бізге қонаққа бір көңілді, бәрін білгісі келетін қыз келіпті. Қалай ойлайсыңдар ол кім екенін? (мультфильмның үзіндісін көрсетеді) Таныдыңдар ма, әрине, бұл Маша екен. Маша қай мультфильмның кейіпкері? (мультфильмның үзіндісі көрсетіледі)

Жаңа ғана мен айтып кеткендей Маша бәрін білгісі келеді. Қалай ойлайсындар, оған бәрін кім үйретеді? Дұрыс, Аю. Бірақ, ол орман тұрғыны емес пе, сондықтан ол Машаға бәрін түсінре алмайды, біз бүгін Аюға көмектесіп жіберейік пе? (мультфильмның үзіндісі көрсетіледі)

Онда, балалар Маша қызға сауат ашу негіздерінің қыр сырын ашып, қиын сұрақтарға жауап беріп көрейік.

- Тек ғана адамдарға тән қасиетті атаңдаршы. Сөйлеу арқылы адамдар не істейді?

- Адамдардың сөйлеу тілі неден құралады? Дұрыс, сөйлемдерден.

- Ал сөйлемдер нелерден құралады? Сөздер бір-бірімен сөйлемде сөздер қалай тұрады, нені білдіреді. Маша болса, сөйлемдерді дұрыс құрайалмай, бәрін шатастырыпты.

«Қатені түзе» ойыны

- Баларар , ойланып, дұрыс сөйлемдер құрастырайық, машаның қатесін түзейік.

Тиінде шырша отырды. (шыршада тиін отырды)

Қызанақ пен қиярда бақша өседі. (Бақшада қызанақ пен қияр өседі)

Балық балықшыны ұстады. (балықшы балықты ұстады.)

Қайықта өзен жүзеді. (Өзенде қайық жүзеді)

Тышқан мысықты ұстады (мысық тышқанды ұстады)

- Машаның қателерін түзедік, енді өзіміз сөйлем құрап көрейік. (Тәрбиеші кезек- кезек заттық суреттер көрсетеді)

- Машаның көп-көп ойыншықтары бар екен, мен ең сүйікті ойыншықтарын көрсетем, ал сендер сөйлемдер құрастырып беріңдер. (1,2,3 т.б сөздерден тұратын)

- Сөйлемдер сөзден құралса, сөздер неден құралады?

- Балалар, сендер қандай дыбыстарды білесіңдер?

- Дауысты дыбыстар қалай айтылады? Қандай түспен белгіленеді?

- Дауыссыз дыбыстыр қалай айтылады? Қай түспен белгіленеді?

«Түймедақ құрастыр» ойыны (Машаның суреті шығады)

Мақсаты: сөздің бірінші дыбысын дұрыс анықтау

- Машаның ең сүйікті гүлі түймедақ екен, қатты жел соғып, гүлдерді ұшыртып кетіпті, Машаға сол гүлдерлі құрастырып берейік.

Сергіту сәті «Прық-скок руки вверх» әнімен өткізіледі

«Тосап» сөзіне дыбыстық талдау жасау

Мультильмнің үзіндісі көтсетіледі

- Балалар, қалай ойлайсыңдар, Аю нені әзірлеп жатыр?

-Дұрыс, тосап дайындап пісіріп жатыр. Өйткені Аюлар да, балалар да тәттіні жақсы көреді.

- Сондықтан, біз бүгін «тосап» деген сөзіне дыбыстық талдау жасаймыз,

1. Неше дыбыстан тұратынын анықтау

2. Сөзді оқыту

3. Әр бала өз орныныда талдайды

4. Бір бала тақтаға шығып, талдайды, басқалары тексереді.

5. Неше дауыссыз, неше дауысты дыбыс бар екенін анықтау.

6. Тәрбиешінің айтуы бойынша кезек –кезек дыбыстарды жинап тастау.

«Ойыншықтарды сөреге жина» ойыны (мультфилмның үзіндесі көрсетіледі)

Мақсаты: сөздерді буындарға бөліп, буындардың санын анықтау

- Машаға ойыншықтарын сөреге жинауға көмектесейік. (тәрбиеші ойыншықтардың суретін көрсетеді, балалар сөзді буынға бөліп, сөренің полкаларына орналастырады)

Ойыншықтырдың атауларын үш тілде қайталайды.

- Жарайсыңдар, ойыншықтарды да жинап тастадыңдар, енді демалып қалайық.


Тәрбиешіні қызыға тыңдайды, кім келетінін білгісі келеді.


Мультфильмның кейіпкерін танып, қуанады






Аюға көмектескілері келеді





Сұрақтарға жауап береді







Шатаскан сөздерден сөйлемдер құрастырады








«доп», «қуыршақ», «қожжық» сөздерді қолданып, сөйлемдер құрастырады. Құрасырған сөйлемдері неше сөзден тұратынын айтады.

Сөздер дыбыстардан құралатынын айтады, дыбыстардың айтылу жолына байланысты дауысты, дауыссыз болатынын және қай түспен белгіленетінін түсіндіреді

Сөздердің бірінші дыбысын анықтайды да, қызыл немесе көк дақтың ортасына құрастырады)

Әннің сөзі бойынша қимылдар жасап билейді



«тосап» сөзіне дыбыстық талдау жасайды















Ойыншықтардың аттарын буынға бөліп, сөреге орналастырады

Рефлексифті түзетушілік

Сұрақтар арқылыы ҮОІӘ қорытындылайды

Сұрақтарға жауап береді

Күтілетін нәтиже:

Білу керек

Дыбыс, сөз, сөйлем туралы түсініктерін бекіту.

Игерді

Сөздердің бірінші дыбыстырын анықтау

Екі, үш, төрт сөздерден сөйлем құрастыруға дағдыландыру

Біледі

Дыбыстарды ажыратып, сөздерге дыбыстық талдау жасай білу.














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
994
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі