«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы
білім бөлімінің №28 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі»КММ

Мектепалды 0 «А» сыныбы
ҰІӘ: Қоршаған әлеммен таныстыру
ҰІӘ тақырыбы: «Жыл мезгілдері: қыс, көктем. Белгілері»
Тәрбиеші: Тыныбай Айгерім Маратқызы
2025-2026 оқу жылы
ҰІӘ: Қоршаған әлеммен таныстыру
ҰІӘ тақырыбы: «Жыл мезгілдері: қыс,көктем.Белгілері»
ҰІӘ мақсаты: Балалардың қыс және көктем жыл мезгілдері туралы білімдерін кеңейту, табиғат құбылыстарын салыстыру арқылы танымдық ойлауын дамыту, жаңа педагогикалық технологияларды қолдана отырып, «Адал азамат» құндылықтарын бойына сіңіру.
ҰІӘ міндеті: Әр мезгілдің маусымдық өзгерістері туралы білімдерін кеңейту.Мезгіл өзгерістеріндегі еңбектің түрлері жайлы ұғымдарын кеңейту. Қыс пен көктемнің негізгі ерекшеліктерін (ауа райы, табиғат, жан-жануарлар, адамдар еңбегі) ажырата білуге үйрету.Табиғатты аялау, жауапкершілік, еңбекқорлық, шыншылдық, қамқорлық сияқты құндылықтарды қалыптастыру. Қоршаған ортаға адал көзқарас пен экологиялық мәдениетке тәрбиелеу.
Құндылық: Табиғатқа мейірімділік – адамның асыл қасиеті.
Білім беру дағдылары: Танымдық дағдылары,шығармашылық дағдылары, әлеуметтік эмоцианалды дағдылар.
Күні: 20.02.2026 жыл
Қолданылатын әдіс- тәсілдер:
-
Жасанды Интеллект (ЖИ);
-
STEM элементтері (тәжірибе, бақылау);
-
Сыни ойлау технологиясы (салыстыру Венн диаграммасы);
-
АКТ (интерактивті тақта, бейне);
-
Ойын технологиясы;
-
Денсаулық сақтау технологиясы;
Көрнекіліктер мен құралдар: Интерактивті тақта, қыс және көктем суреттері, карточкалар, Венн диаграммасы, табиғи материалдар,шар,түрлі түсті қағаз, желім,фетр қағазы
|
ҰІӘ кезендері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс-әрекеті |
|
ҰІӘ басы
Ұйымдастырушы ізденуші
Қызығушылықты ояту
ҰІӘ- жаңа тақырыбы
ҰІӘ қорытындылау
Рефлексия |
Ұйымдастыру кезеңі: балалармен сәлемдесу, оқу құралдарын түгендеу. Шаттық шеңбер:
Білгір қазақ
баласы Балалар қараңдаршы бізге қонақтар келіпті, бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекетіміз ерекше болайын деп тұр. Балалар ортада тұрған үйдің терезесін ашып,ішінде тұрған сурет бойынша топқа бөлінеді.Аққала суреті шықса «Аққала» тобына,бәйшешек шықса «Бәйшешек» тобына, тамшының суреті шықса «Тамшылар» тобына бөлініп отырады. 1 топ - «Аққала» тобы 2 топ - «Бәйшешек» тобы 3 топ - «Тамшылар» тобы
Ал,балалар жыл мезгілі атайдың неше баласы
бар? Жұмбақтар жасыру
Шанамен зырлап
желетін,
Бұлтты айдай
желдеткен,
Балаларға
бүгінгі сабаққа Қыс ата мен Көктем аруы келгенін
хабарлайды.
Сұрақтар: – Қандай мезгілді көрдіңдер? Бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекетіміздің тақырыбы «Қыс» мезгілі мен «көктем» мезгілі екен. Балалар,кім жыл мезгілдері туралы тақпақтар біледі? – Табиғатта қандай өзгерістер бар? Табиғатта үнемі өзгеріс болып отырады. 4 жыл мезгілі ауысып келіп отырады. Жыл мезгілінің ауысуына орай, адамдардың да өмір сүру жағдайы да өзгереді. Аңдар да ұйқыға кетіп, адамдардың да еңбегі мезгілге сай өзгеріп отырады. Әр жылға тән өздерінің белгілері мен ерекшеліктері де болады. Мысалы, қыста қар жауады, аяз болады,қалың киім киеміз, ал көктем келгенде күн жылып, ағаштар бүршік атып, гүлдер шығады, жер жасыл желекке оранады, қар еріп, құстар жылы жақтан келеді. Адал азамат құндылығы:мейірімділік пен қамқорлық. Балаларды біз табиғатты аялауымыз керек. Табиғат біздің анамыз! Гүлдерді жұлмаймыз, қоқысты тастамаймыз! Құстарды атпаймыз! 1 тапсырма – Жұптық тапсырмалар 1 жұптық тапсырма: Қыс мезгілі мен көктемге тән суреттер арқылы жартысын тап ойындары 2 тапсырма: Пазл құрастыру.Сандарды ретімен қою арқылы көктем немесе қыстың суретін дайындайды. 3 тапсырма: Көктемді шақыр! Көктемге тән суреттер (карточкалар) беріледі, Мнемотехника арқылы көктем мезгіліне сөйлем құрастырады Шығармашылық жұмыс. Мақта мен қиындылар арқылы қолғапты сәндейді Сергіту сәті: Асықтар арқылы «Қара жорға» биін ойнау Топтық тапсырма – «Үстел үсті ойыны» 1 «Аққала» тобы –қыс мезгілі мен көктем мезгіліне тән венн диаграманы толтырады.Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажыратады.Фетрдан жасалған ағашқа 4мезгілге тән белгілерді тиісті орынан қойып шығады. 2 «Бәйшешек» тобы- жыл мезгіліне сай киіндіреді.Балаларға 4 жыл мезгіліне тән киімдер мен жыл мезгілдерде орналастырылған бала мен қыздың дайын сұлбасы беріледі 3 «Тамшылар» тобы – фетрдан жасалған гүлдің сұлбасын сандарды қою арқылы жасайды. Дәптермен жұмыс. Жеке жұмыс 1.Тәжірибе алаңы. STEAM элементі: 1)Тыныс алу жаттығуы. Стакандардағы қар ұлпаларын үрлеу арқылы қардың үлпілдек екенін бақылайды 2) Суға түрлі түсті гүлдерді тастап ашылуын бақылайды. 2. ТРИЗ технологиясы (Шығармашылық міндеттерді шешу технологиясы) Егер де... Балаларға проблемалық сұрақ қойылады: «Егер қыста күн қатты ысып кетсе не болады?» «Егер көктемде қар ерімесе, гүлдер не істейді?»
Әр топтың жинаған мадақтама стикерлерін жинап санаймыз. Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіміз өте ерекше өтті. Бүгінгі тақырып түсінікті болса ортада тұрған ағашқа қарды, түсінгім келсе жасыл жапырақтар мен гүлдерді және қиналсаңыздар тамшыларды жабыстырамыз. (Ортада екі жағы екі мезгілге(қыс пен көктемге) тән ағаш орналастырылады).Қыс пен көктем достасты деп педагог ағаштың жоғары жағына «Күн шуағын» қояды Балалар қол ұстасып, шеңберге тұрады. Тәрбиешімен бірге мәнерлеп айтады: Ақ мақтадай қысымызға – алғыс! (Қолдарын жайып, жан-жаққа қарайды) Ақ боранды ісімізге – алғыс! (Иықтарын сәл қусырады) Күлімдеген көктеміміз – қош келдің! (Қолдарын жоғары созады) Нұр шуағын төккеніңе – алғыс! (Қолдарын жүрек тұсына қояды) Біз әдепті баламыз, Табиғатты қорғаймыз! (Бір-бірінің қолдарын қысады» |
Тәрбиеленушілер шаттық шеңберін педагогпен бірге орындайды.
Тәрбиеленушілер сыныпта тұрған үйдің терезесін ашу арқылы 3 топқа бөлініп отырады
Эсмира жауап береді. Балалар, сұрақтарға жауап береді
Тәрбиеленушілер жұмбақтардың шешімін табады
Интерактивті тақтада ЖИ бейнеролигін тамашалайды Тәрбиеленушілер сұраққа жауап бере отырып,әңгімелеседі. Тәрбиеленушілер тақпақтарын айтады
Тәрбиеленушілер өз топтарына берілген тапсырмаларды орындайды
Әр тапсырмада балалар «Күн шуағы» стикерімен мадақталып отырады 2 баладан жұптық тапсырманы орындайды
Тәрбиеленушілер асықтарды соғу арқылы Қара жорға биін орындайды.
Балалар тәжірибе жасап,өзгерістерді бақылайды
Балалар өздігінен шешім шығарып, себеп-салдарды түсіндіреді
Әр тапсырманы орындағанда балалар мадақталып отырады
Кері байланыс жасайды.
Балалар шеңберге тұрып тақпақ түрінде ұоіә аяқтайды. |
Күтілетін нәтиже: Балалар қыс пен көктем мезгілдерін бір-бірінен ажырата алады; Қыс және көктем мезгілдерінің негізгі белгілерін (ауа райы, табиғаттағы өзгерістер) атайды. Маусымдық өзгерістердің себеп-салдарын түсінеді (қардың еруі, күннің жылынуы, құстардың келуі). Табиғатқа деген сүйіспеншілік пен қамқорлық сезімі қалыптасады.Қыс пен көктем көріністерін сурет, қимыл, ойын арқылы бейнелейді. Қиялы мен шығармашылық белсенділігі артады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті

шағым қалдыра аласыз